Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ



жүктеу 3.09 Mb.
бет11/31
Дата20.04.2019
өлшемі3.09 Mb.
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ


      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік 
                кепілдіктер

      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 


      1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
      2-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға
      5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге; 
      6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға; 
      7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; 
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға
      9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге; 
      10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей ұйымдарда жағдай жасауға; 
      11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына; 
      12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді. 
       Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы 


                құқықтары

      Азаматтардың: 


      1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға; 
      2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға; 
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.

      147-бап. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі 


                құқықтары мен міндеттері

      1. Жұмыс берушінің: 


      1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға; 
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар. 
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға
      1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталарданкемінде екі ай бұрын; 
      2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын; 
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде; 
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
      3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы ақпаратты ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      148-бап. Еңбек делдалдығы

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету; 
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету; 
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама беру; 
      4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру
      5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу; 
      6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету; 
      7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет