Қазақстанда жеке тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың бірыңғай мерзімі белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. 

"250.00 нұсқадағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны "Салық төлеуші ​​кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталы, "e-salyqAzamat" мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

“Жаппай тексеру болмайды”: Вице-министр Қазақстандағы табысты декларациялау туралы айтты

Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз күйінде пошта арқылы немесе қолма-қол тапсыруға құқылы", — делінген мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Ержан Біржанов карта арқылы жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартқан сатушылар қалай жазаланатынын айтты. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.