Бүгін, 7 наурызда Алматыда “Әйелдердің лайықты өмірі үшін!” деген ұранмен митинг өтті. Жергілікті билік рұқсат еткен шараны ұйымдастырушылар Қазақстандағы ажырасу мәселесін көтеріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Қаланың орталығында өткен басқосуда “көп балалы аналарға баспананың қолжетімсіздігі” мен “көп әйел алуға қарсылық ұрандары” да айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Махатма Ганди атындағы паркте өткен митингіге келген азаматтардың ішінде қоғам белсенділері мен БАҚ қызметкерлері болды.

Кейбір келушілер қолдарындағы плакаттарға “Маған қалай киінудің орнына оларды зорлық жасамауға үйрет”, “Әйелдің орны кез келген жерде”, “Сенің өмірің – сенің бостандығың” деген ұран сөздер жазып алған. Ал басқаларының қолында елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің портреттері бар. Мәселен бір келуші 2022 жылы Грузияда зорлыққа ұшырап, өзін-өзі қорғауы үшін 9-қабаттан секіріп қаза тапқан Әсел Айтпаеваның суреті бар. Екінші бір азамат болса күйеуінің қолынан қаза тапты делінетін Салтанат Нүкенованың фотосын алып шыққан. Оның өліміне күйеуі экс-министр Қуандық Бишімбаев күдікті деп танылғанын қоса кетейік. Олар суреттің астына “Бұлай жалғаса бермеуі тиіс” деп жазған.

Алаң ортасында темір конструктор орнатылып, оның ішіне ақ қағаздан көгершін жасап іліп қойған. Мұны ұйымдастырушылар “бостандыққа ұмтылыс” деп сипаттайды.

Жиынды ұйымдастырушы Бибінұр Шералиева митингіде сөйлеген сөзінде алимент туралы заңдарға түзетулер енгізу арқылы ажырасқан әйелдердің құқығын қорғауды талап етті. Әкелер табысына қарамастан белгіленген соманы төлеуі тиіс екенін айтқан ол “ажырасу кезінде әйелдер мен балалардың мүлкі ескерілетіндей неке шартын міндетті түрде енгізу” қажет деді.

Митингіде сондай-ақ ұлттық статистикаға сәйкес тұрмыстық зорлық бойынша 60 мың өтініш келіп түскені айтылды. 

“Бұл тек ресми тіркелгені ғана. Күн сайын әйелдер психологиялық, физикалық және сексуалды қысымға ұшырайды. Ешнәрседен қорықпай керек, тек алға жүріп өз құқығың үшін күресу маңызды”, – дейді мінберде сөйлегендер.

Митингіге сонымен қоса "Мен феминизм мен ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң шығаруды талап етемін" деген плакат ұстаған азамат келді. Өзін журналистерге Павел деп таныстырған азамат ЛГБТ-ны “ауру” деп атап, қазақ феминистерінің қоғамға “репрессиялық заңдарды жапсарлап” жатқанын жеткізді. Алайда келушілердің ішінде азаматтың пікірімен келіспейтіндер де табылды.

Кейін сахнаға бір әйел сөз сөйлеп, ол өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай зардап шеккені туралы айтты. Оның сөзінше, қайын енесі оны ұрып-соғып балаларымен бірге қуып шыққанының кесірінен төрт баласымен бірге тұрып жатқан үйінен айырылған. “Ал зорлықшыны ешкім жауапқа тартпады”, – деді ашынған ол.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.