Дюздодан Қазақстан құрамасының көсбасшылары Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынов бастаған балуандар Гонконгта өтетін Азия чемпионатында сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы мен қыздар арасындағы жүлдегері Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова бастаған Қазақстан құрамасы 20-22 сәуір аралығында өтетін сары құрлықтың басты додасына қатысады. Қытайдың Гонконг қаласында өтетін Азия біріншілігіне еліміздің ең үздік балуандары барады. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

Ерлер:

60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали

73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

100 келі. Нұрлыхан Шархан

+100 келі. Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі. Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

57 келі. Бахыт Құсақбаева

63 келі. Эсмигуль Куюлова

70 келі. Екатерина Токарева

78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.

+78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазына рейтингте 700 ұпай, күміс жүлдегеріне 490 ұпай,ал қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 ұпай қосылады.

 

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.