Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі ақпарат 1 2016 жылғы қорытындылар



жүктеу 91.31 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі91.31 Kb.


Қазақстан Республикасының

индустриалды-инновациялық дамыту

жөніндегі ақпарат
1 2016 жылғы қорытындылар:


    1. Сандардағы индустриалдық даму


2016 жылғы қорытындылар бойынша 2015 жылымен салыстырған өнеркәсіптің құлдырауын көрсетіп отыр (98,9% НКИ), оның ішінде тау-кен өндіру секторы – 97,3%, сумен жабдықтау – 95,6%, өндіруден бөлек (100,6% НКИ) және электрмен жабдықтау (100,5%).

Өңдеуші өнеркәсіпте ИИДМБ басым секторларының өсуі есебінен бірінші кезекте 2016 жылға 0,6%-ға өсу байқалады.

Сондықтан, металлургиялық өнеркәсіптің көлемі 6,7%-ға өсті (қара 3,6%-ға, түсті 8,5%-ға); жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру 4,8%-ға өсті; тамақ өнімдері 4,2%-ға; қағаздар және қағаздық өнімдері 4,1%-ға; фармацевтика өнеркәсібі 3,8%%-ға; электр жабдықтарды өндіру 3,1%-ға; машина мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары 3,2-ға%; мұнай өнімдері 0,1%-ға; резеңке және пластмасса бұйымдары 0,7%-ға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2016 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жалпы ағыны 20,6 млрд. АҚШ долларын құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті.

Бұл ретте, өндеуші өнеркәсіпте ТШИ 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 48,3%-ға артқан және 3,8 млрд. АҚШ долларын құрады.



Негізгі капиталда инвестицияның көлемі 2016 жылы 7 762,3 млрд. теңгені (+2,0%) құрады.

Өндеуші өнеркәсіптің негізгі капиталында инвестицияның көлемі 877,9 млрд. теңгені (+1,8%) құрады. Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон (12,7 есеге), автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштарының бөлшектері мен керек-жарақтарын (12,5 есеге), теңіз кемелері мен қайықтарды (10,7 есеге), былғары және оған жататын өнім (8 есеге) өндіруде Инвестициялық қосылымдардың барынша жоғары нақты өсуі белгіленеді.

2016 жылы өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға төмендеп, 12,9 млрд. АҚШ долларын құрады,

Негізінен әлемдік бағаның төмендеуінен түсті металлургия (94,3% немесе 231,3 млн. АҚШ долларына), мұнай өндеу (63,1% немесе 753,2 млн. АҚШ долларына), мұнай-газ химия (66,3% немесе 17,2 млн. АҚШ долларына) және өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру (79,1% немесе 92,9 млн. АҚШ долларына) салаларында кейбір қысқаруға әкелген.

Мысалы, 2016 жылы катодты мыстың экспорты 40,3 мың тоннаға өсті, заттай көріністе 14%-ға өсу, алайда экспорттық түсім ақшалай 53,5 млн. АҚШ долларына, минералды тыңайтқыштардың экспорты физикалық көлемде 22,3 мың тоннаға өскен, алайда құндық мәнде 0,66 млн. АҚШ долларынан артық болатын төмендеді.



Өндеуші өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

Бұл ретте, елдің экспортындағы өндеуші өнеркәсібінің үлесі жалпы көлемде (36,8 млрд. АҚШ доллары) 4,5 пайыздық тармаққа өсті – 2015 жылы 30,6%-дан 2016 жылға дейін 35,1%-ға. Елдегі өндеуші өнеркәсібінің экспорт құрылымындағы басым секторлардың үлесі 1,0 пайыздық тармаққа өсті – 74,0 %-дан 75,0%-ға дейін, тиісінше, оның ішінде қара (18,2%-дан 21,9%-ға дейін) және түсті металлургия (38,9%-дан 39,5%-ға дейін).

2016 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі1 өнімділік деңгейі 38,9 мың АҚШ доллары./адам. құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты көріністе 1,3 есеге өсті, құрылыс материалдарын өндіруден бөлек (-14,4%), барлық басым секторларда өсумен байланысты, оның ішінде мұнай-газ машина жасау 3 есеге, ауыл шаруашылығы 2,3 есеге және тау-кен машина жасау 2,2 есеге, тамақ өнімдерін өндіру мен автомобиль өнеркәсібі 1,8 есеге.

Өндіріс тұрғысынан мұнай өңдеу өнімдерін өнімділігі (120,1 мың АҚШ доллары./адам.) және түсті металлургия (119,6 мың АҚШ доллары./адам.) жетекшілік етеді.

2016 жылға (101,3%) арналған өнімділікті арттыру жоспары 30,4 пайыздық тармаққа асыра орындалды.

2014 жылдан 2015 жылға2 дейін өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы 3,6%-ға төмендеді. 2015 жылға арналған жоспар (99%) 2,6 п. т. асыра орындалды. 2015 жылы нақты көріністе 0,2%-ға индикаторлардың қысқаруы өндеуші секторының ЖҚҚ өсуімен негізделген, сонымен қатар шикі мұнай өндеуші өнеркәсіпте 8,2%-ға, тас көмір 7,9%-ға және электр энергия 2,8%-ға тұтынудың төмендеуімен. Өндеуші өнеркәсібі энергия сыйымдылығының төмендеуі арқасынан экономикада тас көмір 3,9 млн тоннаға немесе мұнай 2,7 млн.тоннаға немесе табиғи газ 2,9 млрд. текше метрге үнемделді.



Елдегі өңдеуші өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны (өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды қоспағанда) 2016 жылғы қорытындысы бойынша 2015 жылғы мәнді (515,3 мың адам.) 1,5%-ға және 2016 жылға арналған жоспарды (515.3 мың. адам.) 1,5%-ға асырып, 522.9 мың адамды құрады,

Индустриялық-инновациялық даму мақсатында 2016 жылы келесі жұмыстар жүргізілді.



1.2 Инвестициялар
ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес елдің инвестициялық климатын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді.

2016 жылы «бір терезе» қағидаты аясында 5500 астам өтініштер келіп түсті және шамамен 8000 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Инвесторлармен 150-ден астам кездесулер өткізілді, оның ішінде General Electric», «GALANZ Bottlers» ЖШС, «Cremonini», «COFCO», «China National Petroleum Corporation», «NYK Line», «Tenaris», «Jac Motors», «Carmeuse Group», «IBM», «Hikma Pharmaceuticals» және тағы да басқалар.

Қазақстандық және шетелдік бизнес-қауымдастықтар (Болгария, Польша, Қытай, Грекия, Жапония, Корея, Сербия, Чехия, Түркия, Голландия, Израиль, Иран, Испания, Сенегал) қатысуымен 14 бизнес-форумдары өтті. Шетелде (Ұлыбритания, Қытай) Қазақстан Республикасының АЭА инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру бойынша 2 роуд-шоу өтті.

2016 жылы «CNBC» (АҚШ), «Sky News» (Еуропа), «РБК» (Ресей) телеарналарда инвестициялық тақырыпта видеороликтер трансляциялау туындады.

Сондай-ақ, «Emirates Airlines», «Singapore Airlines» әуе журналдарында Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық модульді орналастыру жүзеге асырылды.

Ұлттық инвестициялық интерактивті онлайн-ресурсты (www.invest.gov.kz) қолдау бойынша 12 тілде жұмыс жүргізілуде. Басталған сәттен бастап, 150 елден 830 000-нан астам кіру тіркелді. Интернеттегі ресурстар арқылы әлеуетті инвесторлардан 560 сұраныстар келіп түсті.

2016 жылы Инвестициялық омбудсмендінің мекен-жайына шетелдік және отандық инвесторлардан шамамен 50 өтініш келіп түсті. Инвесторлардың 20-дан астам өтініші әзірленді, оның ішінде: «SEMYUNG CORPORATION» (Оңтүстік Корея), «SICPA» (Швейцария), «Lanzatech» (АҚШ), «Cofco Tunhe Co.» және басқалар.



1.3 Индустрияландыру картасы
2016 жылы 878 млрд. теңге сомасында Индустрияландыру картасының 130 жобасы енгізіліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2016 жылы Картаның жобаларымен 2,2 трлн. теңге сомасындағы өнімдер өндірілді.

Барлық енгізілген Карталар жобаларының арқасында 2016 жылға жалпы өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен 18,5%-ын өндірді.

2016 жылы енгізілген негізгі жобалар:

- «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (құны – 528 153 млн. теңге);

- «Алтай полиметаллы» ЖШС (құны – 63130,0 млн. теңге);

- «Конденсат» АҚ (құны – 45287,0 млн. теңге);

- «Караганда энергоцентр» ЖШС (құны – 31958 млн. теңге);

- «GLB» ЖШС (құны – 12037,0 млн. теңге).



1.4 Инновациялар
2016 жылы, ТҰК атынан қосымша анкерлі инвесторларды тартумен 5 құзыретті орталықтарын құру бойынша «100 нақты қадам» 63-ші қадамын іске асыру аясында «ИТП» ДҚҚ құзыретті орталығы бойынша тау-кен металлургиялық кешенінде жұмыс жүргізілді. Кеніштерде және шоғырланатын зауыттарда бірқатар пилоттық жобалар іске асырылатын болады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық гранттар беру аясында 2016 жылы 1 млрд. 996 млн теңге сомасындағы 66 шартқа қол қойылды.

Халықаралық технологиялар трансферті орталығы тау-кен металлургиялық кешенінде, ауыл шаруашылығында, энергетикада және басқа да технологияларды жүзеге асыру бойынша 15 қазақстандық кәсіпорынға көмек көрсетілді.

2016 жылы конструкторлық бюро кәсіпорындардың өтініштері бойынша 55 техникалық құжаттаманың жиынтығы әзірледі. Жаңа өнімдердің конструкторлық бюроларының қатысуымен кәсіпорындардың игерілген жалпы көлемін іске асыру 8 млрд. теңгеден асты.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласының әкімдігі «ИТП» АЭА (142 га) объектісі екінші кезегінің инфрақұрылымдық және инженерлік желілері құрылысы аяқталды. 2012 жылдан бастап, Министрлікпен екінші кезегінің құрылысы 12,8 млрд. теңге көлемінде Алматы қ. бюджетіне нысаналы трансферті жүзеге асырылды.

2016 жылы жер қойнауын пайдаланушылар компанияларымен 1 156 млрд. теңге сомасындағы шарттарға қол қойылды. Бұл ретте, «ИТП» ДҚҚ осы қаражаттарды игеру мақсатында 2016 жылы 791.4 млн. теңге сомасындағы 24 жобасы қаржыландырылды.



1.5 Экспорт
Астана және Алматы қалаларында оқыту өтті, онда 40-тан астам қазақстандық кәсіпорын оқытылды. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері арналған экспорттық қызмет мәселелері жөнінде 700 қатысушыны қамтитын 14 вебинар (онлай-семинарлар) өткізілді.

Мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, сыртқы нарықта 3-4 қазақстандық экспорттау брендтерін ілгерілету механизмін әзірленді. Белгіленген критерийлерге сәйкес іріктелген брендтердің тізімі қалыптастырылды: «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (алкогольсіз сусындар және шай), «Рахат» АҚ (кондитерлік бұйымдар және шоколад), «Баян Сұлу» АҚ (кондитерлік бұйымдар және шоколад), «Евразиан Фудс» АҚ (май өнімдері мен маргарин), «Шымкентмай» АҚ (май өнімдері), «Маслодел» ЖШС (май өнімдері).



Ұйымдастырылды және өткізілді:

- 14 жарнамадық-таныстыру іс-шаралары, 135 компания (Қытай, РФ, Өзбекстан, Италия, АҚШ, Германия, Бразилия, Монғолия және Украина);

- 10 сауда миссиясы, Латвия, Беларусь, Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан сияқты елдерде тауарлар мен қызметтерді 128 қазақстандық өндірушілердің қатысуы;

- Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркменстан, Иран елдерінде 12 халықаралық көрмелерге 40 қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың қатысуын ұйымдастырылды;

- Қытай, РФ, Өзбекстан, Италия, АҚШ, Германия, Бразилия, Монғолия және Украина сияқты елдерде 135 қазақстандық компаниялардың қатысуымен 14 жарнамалық-таныстыру іс-шаралары;

- Вьетнам, Түркменстан, Ресейде 23 қазақстандық кәсіпорынның қатысуымен 4 ұлттық стенді. Жылдың соңына дейін тағы бір ұлттық стенд өтеді.



1.6 Стандарттау және техникалық реттеу
2016 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың 40 техникалық регламенті бекітілді, оның 35-і күшіне енді.

Үдемелі индустриялық даму, стандарттау жөнідегі жоспарға сәйкес қауіпсіз және сапалы өнімді өндіру үшін 747 ұлттық стандарттары әзірленді.

Өндірісті жетілдіру және өнім өнімдерді өндіру сапасын үздіксіз жақсарту үшін техникалық реттеу және басқару жүйелері саласындағы өнеркәсіптің басым секторларының 1300 қызметкерінің кәсіби деңгейін жоғарлату қамтамасыз етілді.

Аймақтарда ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен өнеркәсіп салаларындағы басым бағыттары бойынша 15 семинар өткізілді.




1 Ірі және орта көсіпорындары бойынша

2 Жылдық негізінде статистикалық мәліметтер ҚР ҰЭМ СТ шығарылады, 2016 жылға арналған мәліметтер 2017 жылғы қарашада жарияланады




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет