Қазақстан Республикасыны Инвестициялар және даму министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ



жүктеу 323.73 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі323.73 Kb.

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР



1




Әлемдегі және еліміздегі ғылым мен технологиялардағы қызықты оқиғалар






Қазақстан Республикасыны Инвестициялар және даму министрлігі

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ



Мазмұны


Мазмұны 2

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 3

Данияда әлемде бірінші рет ІТ - дипломат пайда болады 3

Сингапурда дрондарды басқарудың диспетчерлік қызметін құрып жатыр 4

Жасанды аралдар архипелагын салуды 2019 жылы бастауға жоспарлауда 5

Израильде қозғалу кезінде электромобильдер батареясын зарядтайтын жолды салады 6

Ресейдің әскери-теңіз флоты ұшқышы жоқ кеме тікұшақтарын алады 7

Эксперимент аясында Британдық темір жолдарын күн энергиясына ауыстыратын болады 7

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 9

Швейцарияда жазда жылуды жинақтап, оны қыста пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны әзірледі 9

Қытай әлемдегі бірінші эксафлопстық дәрежедегі суперкомпьютерді ұсынбақшы 10

Гарвардта жүрісті жеңілдететін, жұмсақ экзоскелет жасалды 11

CES 2017: Faraday Future бастап FF91 кроссовері ұсынылған 12

Тунисте қанатты жел қозғалтқыштарын жасап шығарды 13

Қытайда сутек отынында ұшақты сынап шықты 14

Razer компаниясы үш экранды ноутбук концептін ұсынды 15

ҮИИДБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 16

Жолдау-2017: президент жетілдірудің үшінші кезеңін бастады 16

ҮИИДБ іске асыру қорытындысы бойынша жұмыс тобының өндірістік кеңесі 17

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕ ЖАҢАЛЫҚТАР 18

Umbrella дроны сіздің қолшатырыңызды небәрі жүз мыңға ұстап тұрады 18

Жапон генетиктері егеуқұйрықтың денесінде тышқанның ұйқы безін өсірді 19

Ғалымдар түтінді жұтатын зәулім үйді жобалап шықты 20

Қытайлықтар iPhone 7 – ден жұқарақ теледидарды жасап шықты 20

ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КОРПОРАЦИЯЛАР 21

Hyperloop Францияда сынақ орталығын ашады 21

Microsoft Windows 10 жаңа нұсқасын жасауда 22

ӨНІМ ИННОВАЦИЯЛАРЫ 23

Boeing компаниясы жаңа ұрпақтың жеңіл космостық скафандырын ұсынды 23

Францияда кез-келген девайстар үшін дерлік сымсыз зарядтауды таныстырды 24

ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР 25

Қытайдан робот-журналист бір секундта мақала жазады 25

МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР 26

Жапондықтар 2018 жылы смартфондар үшін икемді экрандарды шығара бастайтын болады 26

ҰЙЫМДАСТЫРУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ 27

Жинақбак заңгер-роботтарға талап-арыздарды жасауды тапсырады 27




ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Данияда әлемде бірінші рет ІТ - дипломат пайда болады







Кейбір технологиялық алпауыттардің кейбір елдердің үкіметтеріне қарағанда ықпалы күшейе бастады, сондықтан осындай жағдайда мысалға алсақ, Google немесе Appl сияқты, ірі IT-корпорациялармен барлық сыртқы қарым-қатынасты нығайтуға қабілетті дипломаттың болғаны жөн болар еді. Сондықтан Данияда арнайы шенеунікті тауып, оны осындай жауапкершілігі мол лауазымға тағайындайтыны жайлы шешім қабылдады.

Данияның Сыртқы істер министрі Андерс Самуэльсен ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша елші Дания үкіметіне ірі компаниядарға неғұрлым тығыз қарым-қатынас жасай алатынына сенімді.

Цифрлық технологияларға маманданатын, дипломат лауазымы әзірге тек осы елде бар, сондықтан даниялықтарға халықаралық тәжірибеге сүйену қиын – жауа елшінің әріптестері болмайды, бұл дегеніміз оғна бәрін жағадан бастау керек екенін білдіреді. Лауазымға жаңа елшінің тағайындалу күнін Копенгаген әзірге жариялаған жоқ, бірақ, бәлкім, ел үкіметінде ыңғайлы үміткерді іздеумен айналасып жатқан шығар.

Дания IT-технологияларды дамытуға қатысты ЕО ең озық елдерінің біреуі болып саналады. Сөйтіп, 2017 жылдан бастап, Данияда қолма-қол ақшаны шығаруды тоқтату туралы шешім қабылданды Дат кронасы енді тек электрондық нұсқада болатын болады.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-danii-poyavitsya-pervyj-v-mire-it-diplomat.html

Сингапурда дрондарды басқарудың диспетчерлік қызметін құрып жатыр







Ұшқышы жоқ ұшатын аппараттары ерекше танымалдылыққа ие бола бастады, ал бұл дегеніміз халқы көп жерде олардың адамдар, жануарлар мен мүлік үшін қауіп төндіретінін білдіреді.

Бұрыннан Сингапурда ғана ұшатын аппараттарды бақылау қажеттілігі туындаған жоқ, бірақ дәл осы жерде мәселені зерделеумен айналысты, сосын дрондардың қозғалуын бақылайтын диспетчерлік ызметті құру туралы шешім қабылданды.

Ұшқышы жоқ ұшатын аппараттарын бақылаудың бағдарламалық-апараттық кешенін әзірлеу Наньянск технологиялық университетінің мамандарына және Сингапурлық азаматтық авиация басқармасына жүктелді. Олар бірлесіп жұмыс істеп, ұшқыштарсыз ұшу қағидаларын әзірлейді және ұшуды басқарудың бірыңғай базасын жасайды. Ол қауіпсіз бағыттарды көрсетімен, геоаймақтарды белгілеумен және ұшатын коридорларды жасаумен көмектесу тиіс.

Елде дрондардың қозғалуын мониторингідеу үшін ҰЖҰА қозғалуын, олардың ұшу жылдамдығын қадағалай және ұшатын аппараттардың қозғалуының қауіпсіздігін қамтамасыз ете бастайтын диспетчерлік станцияларды сала бастайды. Әртүрлі жағдайларды пысықтау үшін, инженерлер ұшуды компьютерлік симуляциялау бағдарламасын пайдалануды жоспарлап отыр.

Диспетчерлік қызметті құрудан басқа, Сингапур билігі заңнаманы жете пысықтап, ұшудың бірыңғай стандарттарын, биіктігін, қашықтығын жасамақшы. Алдын ала есептеулер бойынша кемінде төрт жыл құрайтын, жобаны дайындау процесінде басқа да маңызды сәттерді ескермекші.


Дереккөз: https://hi-news.ru/gadgets/v-singapure-sozdayut-dispetcherskuyu-sluzhbu-upravleniya-dronami.html

Жасанды аралдар архипелагын салуды 2019 жылы бастауға жоспарлауда







Систейдинг институты Француз Полинезиясы үкіметімен бірлесіп, бірде-бір елдің юрисдикциясына кірмейтін, жасанды жасалған аралдар архипелагын жасау жоспарланып отырған жобаны әзірлеуге кірісті. Тәуелсіз аралдары бар мемлекеттер толық тәуелсіздікке ұмтылатын ірі IT-компаниялардың панасына айнала алады.

Институттың негізін Кремний алқабының миллиардерлері қалаған, олардың қатарына көптеген бизнесмендер, соның ішінде Питер Тиль, PayPal басшысы кіреді. Автономды жасанды арал-мемлекеттер идеясы - ол жерде орналасқан компаниялар салықтарды төлеуден құтылып, әртүрлі заңнама шектеулері қойылмайтын болады.

Систейдинг институтының өкілдері осындай архипелаг келешек қоғамның негізі бола алады деп пайымдайды. Бостандық, өз үкіметтері, үлессіз қалғандарға жаңа үйлер және көптеген жұмыс орындары - Француз Полинезиясына тек пайданы әкелмекші, бірақ шешімін таппаған мәселелер әлі де көп.

Тараптар жобаның бірінші нұсқасын 2018 жылдың соңында талқыламақшы. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда құрылысты 2019 жылы бастамақшы. Жобаның бастапқы құны 225 миллион америкалық доллары болып бағаланады, әр аралған жыл сайын қызмет көрсету шамамен алғанда 8 миллион долларға түспекші.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/stroitelstvo-arxipelaga-iskusstvennyx-ostrovov-planiruyut-nachat-v-2019-godu.html


Израильде қозғалу кезінде электромобильдер батареясын зарядтайтын жолды салады







Электромобильдердің басты кемшіліктерінің бірі батареяны үнемі зарядтаудың қажет ететіні болып табылатыны сөзсіз. Және аккумуляторлардың үнемі жақсартылып отыратынына қарамастан, электромобильдердің жүрісінің қоры на әлі де мін түсіп отыр.

Әйткенмен келешекте автоны зарядтау ерекше жол төсемінен қозғалып бара жатқан кезде жүзеге асырыла алатын болады. Осындай бірінші жол Electroad компаниясының мамандарының әзірлемесінің арқасында Тель-Авивте жуық арада пайда болады.

Бірінші кезекте автобустардың қозғалуына арналған жолақ «электрлендіріледі», ал сосын жолдың басқа бөлігі осындай жолмен өзгертілетін болады. Арнайы машина көмегімен төсем жасалады, машина индукциялық орауыштар төселетін 8 сантиметр тереңдікте ор қазады. Осыдан кейін учаскенің үстіне асфальт төселеді. Жолдың үстіне салынған орауыштар 25 сантиметрге дейін биіктікке энергияның сымсыз табыстау жүйесінің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл ретте олардың сәулеленуі жүргізуші мен жолаушыларға түспейді.

Қазіргі таңда сымсыз зарядтау технологиясы Electroad компаниясының зертханасында және зертханадан алыс емес жолдың 20-метрлік тәжірибелік учаскесінде сынақтан өтіп қойды. Осы технологияның көп ұнамды жағы бар. Мысалға алсақ, электрлік автобус үшін толық габариттік аккумуляторлық батареяның салмағы бес тонна болып, шамамен алғанда 300 мың доллар тұрады. Егер осындай батареядан бас тартатын болса, онда автобус жеңілдей түседі және өзінің қозғалуына энергияны аз жұмсайтын болады. Electroad компаниясының директоры Орен Эзер, «Біздің технология қарапайым, икемді және ауқымды. Зарядтау элементтерін төсеу үшін мыс пен резеңке ғана керек болады, ал төсеудің өзі бар жолдарға тіпті жылдам өткізіле алады. Келешекте біз Израильдағы бүкіл электр көлігін қозғалыста индуктивтік зарядтау технологиясына ауыстырғымыз келеді» деп пайымдайды.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-izraile-postroyat-dorogu-kotoraya-budet-zaryazhat-batarei-elektromobilej-pri-dvizhenii.html

Ресейдің әскери-теңіз флоты ұшқышы жоқ кеме тікұшақтарын алады







Теңіз авиациясының қолбасшысы, генерал-майор Игорь Кожин жаңа ұрпақтың ұшқышы жоқ ұшатын кеме аппараттарының жуық арада РФ Әскери-теңіз флотының теңіз авиациясының иелігіне өтетінін хабарлайды.

Ең жуық арада теңіз авиациясы жетілдірілетін болады, және екі жылдан кейін ұшатын аппараттар бағын кезең-кезеңмен жаңартуды жоспарлап отыр. Ескі үлгілер есептен шығарылатын болады, ал олардың орнына заманауи авиация кешендері келетін болады.

Игорь Кожин «жетекші конструкторлық бюролардың мамандарының жұмысы үшін келешегі бар бағыттардың бірі кеме базасында ұшқышы жоқ ұшатын аппараттарды жасау саласында зерттеулер мен әзірлемелер болып табылады» - деп айтты.

Осы мезетте бар ӘТФ теңіз авиациясының авиация бағын жетілдіру бағдарламасында 2020 жылға дейін теңіз авиациясының бөлімшелерінің қарамағына жүзге жуық ұшатын аппараттар өтеді делінген.

Басқаны қоспағанда, Ресейдің ӘТФ қажеттері үшін отты түзетіп, нысаналардың координаталарын беріп, елу килограммға дейін пайдалы жүкті көтеретін ұшқышы жоқ жаңа барлаушы-тікұшақты жасайды. Ұшқышы жоқ тікұшақтың салмағы — 300 килограмм, әрекет ету радиусы жүзге жуық километр құрайды. Ка-135 ұшқышы жоқ тікұшақтың базалық жинақталамы оның бортына орнатылған қадағалаудың оптикалық-электрондық жүйесімен жеткізідетін болады.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/voenno-morskoj-flot-rossii-poluchit-korabelnye-bespilotnye-vertolyoty.html

Эксперимент аясында Британдық темір жолдарын күн энергиясына ауыстыратын болады







10:10 қайырымдылық ұйымы және Лондонның имперлік колледжі бірлескен эксперимент өткізу туралы шешім қабылдады, оның аясында Ұлыбританияның темір жолдарын күн сәулесі панельдерімен және байланыс рельстермен жабдықтамақшы.

Сынақтар 2017 жылдың қаңтар айында басталады. Жалпы энергия желілерінен күн энергиясын пайдалану және темір жолдардың автономдылығы электр энергиясын тиімді пайдалануға көмектеседі және электр станцияларына артылатын жүктемені азайтады деп болжанады.

Осы мезетте елдегі пойыздардың көпшілігі дизельдік, бірақ Ұлыбританцияның теміржол басқармасы мұны түзетпекші, осылайша экологиялық ахуалды жақсартып, «таза» энергияға өтуді ынталандырмақшы.

Дәл күн сәулесі батареясын пайдалану туралы шешім Ұлыбританцияның шалғай орналасқан аудандарында электр станцияларының теміржолдарды электр энергиясымен қамтамасыз ете алмай отырғанымен негізделген, әйткенмен күн сәулесі жеткілікті. Егер эксперимент йдағыдай өтетін болса, онда 2018 жылы билік теміржол төсемдерін күн сәулесі батареяларымен жаппай жабдықтауды бастайтын болады. Күн сәулесі және жарық электр станцияларының өндіретін электр қуатының бағасы үнемі төсендеуден, сондықтар жаңартылатын энергияны пайдалану мағыналы болып бара жатыр. Сөйтіп, 2050 жылы ел билігі электрлендіру процесін толық аяқтамақшы.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/britanskie-zheleznye-dorogi-v-ramkax-eksperimenta-perevedut-na-solnechnuyu-energiyu.html

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Швейцарияда жазда жылуды жинақтап, оны қыста пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны әзірледі







Адамзаттың энергияның экологиялық таза көзін алу ниеті неғұрлым жаңа және керемет механизмдерді ойластырып табуға мүмкіндік береді. Әйткенмен Швейцариядан ғалымдар тобы ізденісін ары қарай жалғастырып, жылы кезде (жазда) жылудың тапшылылығын алып, оны сақтап, келешекте пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны жасап шықты. Осыдан басқа,

энергияны сақтаушы зат осы мезетте оны қажет ететін жерге орналастырыла алады.

Энергияны қор ретінде жинауға болатын зат натрий гидроксидінің қарапайым 50-пайыздық ерітіндісі болып табылады, ал жүйенің өзінде оны жинап, түрлендіріп, сақтап, максималды тиімділікпен жылу энергиясын босатуға мүмкіндік беретін бірқатар тетіктер мен компоненттер пайдаланылған. Натрий гидроксидінің құрғақ қоспасына ылғал түсіп, жылу түрінде энергия бөлініп, экзотермиялық реакция болады. Егер натрий гидроксидінің ерітіндісі жоғары температураның әсеріне ұшырайтын болса, онда мысалға алсақ, күн сәулесінен жоғары температураның әсеріне ұшырайтын болса, онда ерітіндіден су буға айналады, ал ол өзі, осылайша жылу энергиясын жинақтайды. Арнайы сыйымдылықтарға орналастырылған жоғары концентрациялы ерітінді керегінше ұзақ сақтала алады, ал ерітінді салынған сыйымдылықтарды қажет жерге тасымалдау жеткілікті болады.

Ерітінді жылу алмастырғыштарға қапталған арнайы түтіктер жүйесіне салынады. Ерітінді су буымен жанасып, оны жұтып, неғұрлым жоғары температураа деін қыздырылып, осылайша осы жылу алмастырғыштар жұмыс істейді. Бірқатар тәжірибе барысында ғалымдар 50 пайыздан бастап 30 пайызға дейін ерітінді концентрациясының төмендеуінің 50 Цельсий градус температураға дейін осы ерітінді көлемін қыздыратынын белгілей алды. Бұл жылыту маусымын ұйымдастыру үшін толық жеткілікті болады.

Қазіргі мезетте зерттеушілер тәжірибелік үлгіні жинақ қойған. қазір тұтынушылық өнімді жасау үшін қаржыландыруды ұсынуға дайын болатын әріптестерді іздеуде. Швейцарлықтардың жасап шыққан энергия көзі COMTES жобасының аясында әзіргенгеніп атап өтейік, оның соңғы мақсаты күн сәулесі энергиясын жинақтаудың тиімді құрылғысын әзірлеу болып табылады.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-shvejcarii-razrabotali-texnologiyu-pozvolyayushhuyu-akkumulirovat-teplo-letom-i-ispolzovat-ego-zimoj.html


Қытай әлемдегі бірінші эксафлопстық дәрежедегі суперкомпьютерді ұсынбақшы







Егер сіз «аса суперкомпьютерлер» деп бейресми аталатын, эксафлопстық компьютерлер жайлы ешқашан естімеген болсаңыз, онда таңқаларлық ештеңе жоқ. Сондықтан олар әзірге шығарылмаған. Бірақ, 2017 жылы бәрі өзгеруі мүмкін.

Қытай әлемдегі бірінші эксафлопстық суперкомпьютердің прототипінің жасалуының жуық айларда аяқталатынын жариялады. Егер жүйе жоспарда көрсетілгендей жұмыс істейтін болса, онда ол секундына есептеудің 1 квинтиллион операциясын жасай алатын, әлемдегі ең жылдам суперкомпьютерге айналады.

Қытайдың Ұлттық суперкомпьютерлік қолданбалар орталығы осы аптада прототип құрылысының бастапқы жоспардағыдай жоспарланған мерзім – 2018 жылы емес, одан ертерек 2017 жылы аяқталатынын жариялады. Осыдан кейін прототипті толық жұмыс істейтін үлгіге айналдыру үшін бірнеше жыл керек болады, бірақ егер бәрі қолдан келетін болса, бұл лайықты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Эксафлопстық дәрежедегі суперкомпьютердің есептеу жүйесін және оның қолданбаларын толық аяқтау 2020 жылға күтіледі. Нәтижесінде ол 2010 жылы әлемдегі ең жылдам суперкомпьютер болып танылған, елдің бірінші суперкомпьютері – 1- Тяньхэден 200 есе қуаттырақ болады, - деп Қытайдың Ұлттық суперкомпьютерлік қолданбалар орталығынан Зань Тинь Синьхуа жергілікті ақпараттық агентіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Қытай «1- Тяньхэде» тоқтап қойған жоқ, және уақыт өте келе елде 2015 жылы әлемдегі ең күшті компьютер атауын алған «2- Тяньхэ» жасалған болатын. Осылайша, Top500 әлемінде ең жылдам суперкомпьютерлер тізбесінен алтыншы рет қытай суперкомпьютер бірінші орын алды.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/kitaj-sobiraetsya-predstavit-pervyj-v-mire-superkompyuter-eksaflopsnogo-urovnya.html


Гарвардта жүрісті жеңілдететін, жұмсақ экзоскелет жасалды







Гарвард университеті жанында Висса Зерттеу институтының ғалымдары инновациялық жұмсақ экзоскелетті жасап шықты. Құрылғының бірегейлігі өзінің салмағы кішігірім болса да, ол 23%-ға адамның жүрісін жеңілдете алатынында, осылайша оның біраз энергиясын үнемдейді.

Экзоскелет DARPA америкалық әскери агенттігің қаражатына жасалып жатыр. Осындай құрылғылардың әскери операцияларды орындаған кезде америка солдаттарына энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретіні бастапқыда жоспарланған еді. Себелі, оларға бірнеше күн бойы көп дене күші жүктемесін артуға тура келеді.

Әзірлеменің басшысы Конор Уолш баспасөзбен «біз дені сау жеті ер адамнан тұратын сынақ тобына экспериметтер өткіздік. Экзоскелет жүріс кезінде тиімді екенін көрсетті. Нәтижесінде егер құрылғыны тасушы мен оның көмегінсіз қозғалатын адамды салыстыратын болсақ, энергияны 23%-ға үнемдеді. Бүгінгі күні тіркелген, осындай құрылғылар арасында ең жоғары көрсеткіш» деп бөлісті.

Экзоскелеттің сауатты ойластырылған дизайнынсыз осындай тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес еді. Аяқты тұрақтандыруға көптеген бұлшықет пен сіңірлер қатыстырылған. Нәтижесінде инженерлерде белдікке бекітілетін, иық бауларға ұқсайтын, арнайы белдіктер қатыстырылған өте қарапайым емес жүйе алынды. Орташамен алғанда жүйе пайдаланушының 23% энергиясын үнемдейді, бірақ кейбір мезеттерде осы үнемдеу 10%-ға дейін немесе керісінше, 38%-ға дейін ұлғайтыла алады.

Зерттеушілердің өздері алынған жүйені көптеген рет сынақтан өткізуге қосымша уақыт керек болады деп пайымдайды. Кіріктірілген аккумуляторлардан (ол онымен қосылған, сыртқы сымдармен жұмыс істейді) экзоскелеттің максималды тиімді жұмысына қол жеткізіп, бүкіл электр тетігін мұқият жасап шығу керек. Келешекте сондай-ақ қарт адамдар мен Паркинсон ауруынан және осыған ұқсас аурулардан ауыратын адамдарды сүйемелдеу үшін осы экзоскелетті пайдалану жоспарлануда. Әйткенмен, дәл америкалық әскерилер өнертабысты бірінші болып сынай алады.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-garvarde-razrabotan-myagkij-ekzoskelet-oblegchayushhij-xodbu.html


CES 2017: Faraday Future бастап FF91 кроссовері ұсынылған







Тұсаукесерде FF91 кроссовері сахнаға тікелей өзі шықты. Электрокар Tesla Motors электромобильдеріне бәсекелес болады. Себебі FF 91 сапарының алыстығы Model S 500 км ерекшелігі 600-700 км-ге жетеді.

FF 91 төрт электрмоторды алды, олар 1 050 аттың күшіне ие. Осының арқасында кроссовер 2,39 секундына 100 км дейін жылдамдықты дамытады, ол 2,4 секундына жылдамдығын үдететін, Model S электрокарына қарағанда, тіпті жылдам жылдамдығын үдетеді.

Литий-ион аккумуляторының жылдамдығы - 130 кВт∙с, ал бір зарядта жүріс қоры орташамен алғанда 600 км құрайды. Арнайы зарядтау құрылғысы 45 минут ішінде аккумуляторды толық зарядтайды.

Электрокар қауіпсіздік үшін иесінің бетін сканерлейтін мультимедиялық жүйемен және 25 сенсорлы, 10 камералы және 13 радиолокациялық станциялы автоұшқышпен жабдықталған. Осыдан басқа, FF 91-те автоматты тұраққа қою техноогиясы іске асырылған.

Оның үстіне, электрокар жол жағдайларын және жол жүруді максималды оңтайландыру үшін жүргізушінің көлікті жүргізу стилін өзі талдай алады.

Электрокардың сериялық шығарылымы 2018 жылға жоспарланған. Соңғы бағасы әлі белгісіз, бірақ Faraday Future $5000 кепілақымен сайтта тапсырыстардың алдын ала тіркелетіні туралы жариялады.
Дереккөз: http://innotechnews.com/innovations/1405-ces-2017-predstavlen-krossover-ff91-ot-faraday-future

Тунисте қанатты жел қозғалтқыштарын жасап шығарды








Тунистің VyndSolutions компаниясыжел генераторын жасап шығарды, оның құралымына қалақты ротормен бірге құс қанаттарына ұқсайтын жазықтықтар пайдаланылады.

Классикалық жел генераторларын дәстүрлі пайдалану шуыл және жүз километрден артық арақашықтыққа құстардың популяциясына жағымсыз әсер ету сияқты осындай мәселелермен байланысты. Осыдан басқа, қалақты ротордың үлкен диаметрінен кейбір жел қозғалтқыштары орнату үшін үлкен алаңды қажет етеді, сондықтан қуатты жел генераторлары, әдетте, тұрғылықты елді-мекендерге орнатылмайды.

Tyer Wind жел генераторының әзірлеушілері жел қозғалтқышының құралымының дәстүрлі сұлбаларынан кетіп, колибри қанаттарының жұмысынан рақаттанып, қанатты жел генераторын жасап шықты. Өнертапқыштардың сөздеріне қарағанда, осындай шешімнің арқасында Tyer Wind шуылды аз шығарып, сондай-ақ құстар үшін аз жүктеме жасайды, бірақ қандай да бір нақты өлшемлер туралы ештеңе хабарланбайды.

Tyer Wind жел генераторының мөлшері бойынша ұқсас, жел қозғалтқыштарына қуаты жағынан орын беретінін атап өткен жөн. Әр жазықтығының ұзындығы 1,6 метр болған кезде қанатты жел қозғалтқышының жұмыс диаметрі 3,56 метр құрайды, бұл ретте құрылғы бір киловатт береді. Салыстыру үшін жұмыс радиусы 3,2 метр болған кезде 2,5 киловатт қуатқа ие болатын Trinity 2 500 жел генераторын келтіруге болады. Бірақ, Tyer Wind әзірлеушілері қуаттың кемшілігін желдің неғұрлым жоғары максималды жылдамдығымен және орнатылатын жел қозғалтқыштарынң санын арттырумен өтеуге болады деп санайды.

Осы мезетте Tyer Wind әзірлемесі аяқталған жоқ және бірнеше салынған прототип әртүрлі сынақтан өтіп жатыр. Әзірлеушілер жел қозғалтқышының киловаттық нұсқасын жеке тұлғаларға сатуды жоспарламақшы. Сондай-ақ VyndSolutions оффшорлық жел станциялары үшін турбинаның ұлғайтылған нұсқасын салмақшы.

Бұрын Vortex Bladeless испан стартапы сондай-ақ шуыл төмендетілген және құстар үшін қауіптілігі үлкен болмайтын жел генераторының өз нұсқасын ұсынды – құрамдас баған түрінде құрылғы желдің әсерімен жай шайқалып тұрады.

Соңғы кезде жел энергетикасы неғұрлым тиімдіге айланып бара жатыр — Нидерланды, мысалы, 2017 жылдың басынан барлық электрпойызын жел энергиясына ауыстырды.


Дереккөз: https://texnomaniya.ru/v-tunise-razrabotali-krilatie-vetryaki


Қытайда сутек отынында ұшақты сынап шықты







ST Daily басылымы сутек отын элементтерінде қытайдың ұшағының бірінші үлгісінің сәтті ұшқаны жайлы хабарлады. Осы іске қосудың арқасында ұшақтардың жаңа буынының сынағын өткізген, Қытайдың әлемдегі үшінші елге айналғанын атап өту керек. Бұрын мұны Германия мен АҚШ мамандары атап еді.

Қытай ұшағы 20 киловаттқа дейін қуатты өндіре алатын, отын элементімен жабдықталған. Сынақтар барысында ұшақ 320 метрге дейін биіктікке көтерілді. Осыдан басқа, ұшуды байқаған инженерлер қозғалтқыштың қоршаған ортаның температурасы Цельсий бойынша минус 20 градус болған кезде тұрақты үзбей жұмыс істегенін көрсетті. Үлгі Ляонин солтүстік-шығыс провинциясында орналасқан, Шэньян қаласының қасында ұшқан. Сутек отынында ұшақты Қытайдың Ғылымдар академиясының Даляньск химиялық зерттеулер бюросының конструкторлары Ляонинск авиациялық ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп, жасап шыққан. Құралымның негізіне RX1E ұшатын аппараты алынды. RX1E үлгі бастапқыда электрқозғалтқышпен жабдықталғанын атап өткен жөн. Бірақ өнертапқыштар құралымға өзгерту енгізе алды. Өзгертулер электрқозғалтқышты сутек отынындағы аналогқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Осыдан басқа, ұшақ ұшу кезінде зарядталатын бірнеше аккумулятормен жабдықталған.

Қуаты сондай-ақ 20 кВт құраған Dimona атауымен сутек отын элементтерінде күш қондырғысымен ұшақты бірінші рет 2008 жылдың сәуір айында іске қосылды, және оны Boeing компаниясы өткізді. Штутгарт қаласының әуежайында 2016 жылдың қыркүйек айында екінші рет іске қосты. Ұшақ HY4 атауына ие болып, Pipistrel ұшақ құрылысы компаниясының мамандары әзірлеген болатын.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-kitae-ispytali-samolet-na-vodorodnom-toplive.html


Razer компаниясы үш экранды ноутбук концептін ұсынды







CES 2017 көрме аясында көптеген өндіруші бізге өте керемет гаджеттер мен ғажайып электрондық жаңа жабдықтар ұсынды.

Геймерлер арасында танымал америкалық Razer компаниясы көрмеге өзінің жаңа ноутбугінің концептін әкелді, ол біреу ғана емес, үш 17-дюймдік дисплейдің барымен мақтана алады. Жоба Project Valerie атауына ие, бірақ осы атауды өнімнің алатыны әлі белгісіз. Ол нарыққа шығу тиіс.

Осындай ноутбуктің қалыңдығы қатты әсерлендіреді. Ноутбуктің салмағы 5 килограммнан артық. Сіз ноутбукті ашқаннан кейін, сіз шетжаққа екі қосымша дисплейді жылжытып, арнайы ілгешектер көмегімен бекіте аласыз, осылайша үш 17-дюймдік матрицадан тұратын және ойыншыға 180 градусқа шолуды қамтамасыз ететін кең экранды аласыз. Әр дисплей IGZO технологиясы бойынша орындалып, 4K рұқсатын қолдайды. Олардағы суреттеме NVIDIA G-Sync технологиясы көмегімен синхрондалатын болады.

Ноутбук тқмен бейіндік механикалық клавиатурамен, 8 гигабайт видео видеожадымен NVIDIA GeForce GTX 1080 видеокартамен, 32 гигабайт жедел жадымен, сондай-ақ ілгерілетілген салқындату жүйесімен жабдықталатын болады. Razer Blade Pro бір экрандық ноутбугының 3 700 доллар тұратынын ескерсек, онда әлеуетті пайдаланушылар үш экранды «құбыжықты» 6 000 долларға, әйтпесе одан қымбатқа шығуы мүмкін деп болжанады. Бұл әрине экспериментальды концепт қана. Сондықтан Razer компаниясының осындай ноутбукті нарыққа шығаруға бел байлайтыны белгісіз.
Дереккөз: https://hi-news.ru/laptops/ces-kompaniya-razer-predstavila-koncept-noutbuka-s-tremya-ekranami.html

ҮИИДБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ



Жолдау-2017: президент жетілдірудің үшінші кезеңін бастады







Назарбаев Н.А. Қазақстанның үшініш жетілдірілу кезеңінің басталғанын жариялады. Және 2017 жолдауының басты тақырыбына айналды. Президент дәстүр бойынша саяси элитамен үлкен залда емес, жетекші телеканалдар эфирінде қысқа анонспен ұлтқа жолдау жолдады.

Осыдан кейін бірден үндеудің өзінің толы мәтіні жарияланған болатын. Одан қазақстандықтар экономиканы жаңа кездер - инновациялық әзірлемелер мен цифрлық технологиялардың күтіп тұрғанын білді.

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтана Назарбаевтың жолдауынан.

«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильдік банкинг, цифрлық сервистер сияқты осындай келешегі бар салаларды, соның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру сферасында дамыту керек. Осы индустриялар дамыған елдердің экономикасының құрылымын өзгертіп қойды және дәстүрлі салаларға жаңа сапа беді. Осыған байланысты Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бөлек бағдарламасын әзірлеп, қабылдауға жүктеймін. Жаңа шыңдықтарға біздің заңнаманы бейімдеу керек».

Жетілдіру экономикаға ғана әсер етіп қоймайды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа айналдырады.

Заман талабына сай ілесу үшін ғылыми әлеует керек. Оны Мемлекет басшысы барлық жоо және «Алатау» технобағы негізінде дамытуға өкім етті. Жаңа технологиялар дәстүрлі салаларға да келеді. Оларды қосымша импульс және технологиялық қайта жарақтау күтіп тұр.
Дереккөз: http://www.ktk.kz/ru/news/video/2017/01/31/75708

ҮИИДБ іске асыру қорытындысы бойынша жұмыс тобының өндірістік кеңесі







2017 жылдың 11 қаңтарында Еуразиялық ұлттық университетінде оқу жұмысы жөніндегі проректор Асемгуль Молдажанованың төрағалық етуімен ҮИИДБ іске асыру бойынша жұмыс тобының жұмыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік бюджеттен бөлінген, ақша қаражатын игеруге, 2017-2018 оқу жылына әріптес ЖОО анықтау бойынша жұмысқа, 2017 жылы ҮИИДБ бойынша 1 курс магистранттарының ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Ақша қаражатын игеру жайлы есеппен бас бухгалтердің орынбасары Г.А. Бияхметова сөз сөйлеп, жабдықты сатып алу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылған қаражат жайлы айтып берді.

Кафедра меңгерушілері жасалған жүмыс және 2016 жылы жаңа зертханалық жабдықтың орнатылғаны туралы есеппен сөз сөйледі. 2017-2018 оқу жылына ҮИИДБ бойынша әріптес жоғары оқу орындарымен жасалған шарттар жайлы мәселелер талқыланды.

Осыдан басқа, 2017 жылы ҮИИДБ бойынша 1 курс магистранттарының ғылыми тағылымдамадан өту бойынша мәселе талқыланды. Осы мәселе бойынша баяндамамен Г.А. Сарсеке сөз сөйледі

Технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Д.Б. Каргин «Біздің жоғары оқу орнында оқушылардың қанағаттануы жайлы» магистранттар арасындағы өткізілген онлайн-сауалнаманың талдамасымен сөз сөйледі.

Оның үстіне, күздізгі оқу мамандындары ішінде алдағы оқу жылына (2017-2018) бейіндік магистратураның (1,5 жыл) мемлекеттік тапсырысы бойынша мәселе талқыланды.


Дереккөз: http://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/novosti-nauki/47260/index.php?month=6&year=2017&bxajaxid=

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕ ЖАҢАЛЫҚТАР



Umbrella дроны сіздің қолшатырыңызды небәрі жүз мыңға ұстап тұрады







Drones Direct компаниясы DJI Phantom 4 сериялық дронын түрлендіріп, әр адам үшін қажеттіні жасап шықты. Әдеттегі квадрокоптерге дизайнерлер қолшатырды бұрап қойды, сондықтан енді дрон иесінің шаш үлгісі мен киімін жауын-шашыннан қорғай отырып, оның басының үстінде қшып жүре алады. Ауа-райы жарамсыз болатын жерлерде тұратын адамдарға дрон толық жарай алады.

Неғұрлым маңызды жайттарға көңіл аударып, қолшатырды бір қолда ұстау қажеттілігінен құтылу үшін, иесіне дронды смартфонға қосу ғана керек, одан кейін дрон GPS пайдалана отырып, иесінің басының үстінде қалықтап, оның соңынан еретін болады. Дизайнерлер енді тіпті ауа-рауы қолайсыз болған кезде итті қыдыртуға, телефонмен сөйлесуге, кофе ішуге және тіпті велосипед тебуге болатынын түсіндіреді – сіз үшін қолшатырды Umbrella дроны ұстайды.

Ол желден қорытайды, үйлердің, ағаштар мен ұстындардың үстінен ұшып өте алады, 4K-ке барлығын камераға түсіреді, сондай-ақ отыз минутқа дейін бір зарядта жұмыс істей алады. Ия, бірақ мұндай қолшатырмен ұзақ қыдыру мүмкін болмайды. Тіпті, егер батарея отыратын болса, онда басынның үстінде дронды қалықтатып жүріп ұстауға болады – оның салмағы килограмман шамалы артық.

Әдеттегі PJD Phantom 4 бағасы жаңалықты жазу мезетінде бағам бойынша Ресейде 75 мың рубль маңайында болады, Umbrella түрлендірілген нұсқасы сатушыға қамбатқа түседі – ол үшін шамамен алғанда 100 мың рубль беру керек болады.
Дереккөз: https://hi-news.ru/gadgets/dron-umbrella-poderzhit-vash-zontik-vsego-za-sto-tysyach.html


Жапон генетиктері егеуқұйрықтың денесінде тышқанның ұйқы безін өсірді







Тірі жасанды органдарды өсіру — шынында оңай емес. Егер 5-10 жыл бұрын бүл тіпті мүмкін болып көрінбесе, онда бүгін ғылым осы бағытта едәуір алға жылжыды және жаңа органды өсіру сондай таңғажайып міндет болып көрінбейді.

Бірақ Токионың ғалымдар тобы ізденісін тоқтаптай, алға ілгерілеп, әлемде бірінші рет басқа түр жәндіктің денесінде бір ағзаның органын өсіре алды.

NHK News агенттігі Токио университетінің зерттеушілерінің тіпті қолдан келмейтінді жасағанын хабарлады: әлемде бірінші рет толық өмір сүретін органды түр аралық өсіруді жүзеге асырды. Экспериментті сәтті өткізу үшін ғалымдар тышқандардың дің клеткаларын пайдаланды. Осы клеткалар егеуқұйрықтардың туған ұйқы безі жағына салынды. Жергілікті факторлар мен ерекше препараттардың (түсінікті себептермен атаулары құпияда әзірге ұсталып отыр) әсерімен, егеуқұйрықтың денесінде жаңа ұйқы безі қалыптаса бастады. Толық өсу мерзімінен кейін, без тышқанға салынды, және зерттеу барысында органның абсолютті қалыпты, жұмыс істейтіні, «оның сол жерде үнемі болғанындай» жұмыс істейтіні анықталды.

Осы саладағы едәуір табысты бағаламау қиын: сәтті эксперимент арқасында жануарлардың ағзаларында ары қарай трансплантациялау үшін адам органдарын өсіру үшін алғышарттар қалыптасады. Токия зерттеушілері өз эксперименттерінің келесі кезеңі барысында шошқа денесінде маймыл органдарын өсіруді жоспарлап отыр. Жапон заңдары бірқатар басқа елдерге қарағанда, жануарлардың денелерінде адамның дің клеткаларын пайдаланумен эксперименттер өткізуге рұқсат етеді. Сондықтан дәл жапондықтар осы салада едәуір прогреске жететіні сөзсіз.
Дереккөз: https://hi-news.ru/research-development/yaponskie-genetiki-vyrastili-podzheludochnuyu-zhelezu-myshi-v-tele-krysy.html

Ғалымдар түтінді жұтатын зәулім үйді жобалап шықты







Arconic компаниясы түтінді жұта алатын зәулім үй жобасын әзірлеген болатын. Ғимарат биіктігі

- 4,8 км..

Зәулім үй әзірленіп жатқан немесе нарыққа шығарылып қойылған материалдардан салынатын болады. Ғимарат балкондары жылжымалы болады.

Компания инженерлері бірнеше он жылдардан кейін керек болатын келешектің жобасын жасап жатыр. Зәулім үй олардың ауқымды жобасының бөлігі ғана болып табылады.

Компанияның жетекші ғалымы Шерри Макклири «функционалды жабын эстетиканы қамтамасыз етіп, техникалық қызмет көрсету алғышартын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ластаушы заттар құрамын азайту есебінен қоршаған орта үшін пайданы қамтамасыз етеді» деп хабарлады.

EcoClean материалы ерікті радикалдар деп аталатындарды түзумен жабында химиялық заттармен араласатын жарық пен бу көмегімен жұмыс істейді. Дәл олар ауадан сосын тіпті жаңбырмен жеңіл жуылатын зиянды бөлшектерді тартады.


Дереккөз: http://techno.bigmir.net/technology/1595392-Uchenye-sozdali-poglacshajucshij-smog-neboskreb


Қытайлықтар iPhone 7 – ден жұқарақ теледидарды жасап шықты







CES 2017 көрмесіне қытайлы Xiaomi жаңа смартфонды емес, Mi TV 4 жаңа телевизорын әкелді. Оның корпусының қалыңдығы ең жіңішке жерде небәрі 4,9 мм құрайды, ал экран ның жақатуы жоқ,- деп ReadWe жазады. Салыстырмалы түрде, iPhone 7 қалыңдығы 6,9 мм құрайды.

Теледидардың операциялық жүйесі ретінде PatchWall қабықты Android TV шығады. Соңғысы пайдаланушыға контенті жайлы айтып тұру үшін, машинамен оқытуды пайдаланады.

Басқа теледиларлар сияқты Xiaomi, Mi TV 4 теледидарының модульдік құралымы бар. Оның кейбір бөлшектерін HDR немесе Dolby Atmos сүйемелдеуді алу үшін алмастыруға болады. Барлық маңызды электроника - аналық плата, процессор мен колонкалар - бөлек корпуста тығылған, бұл корпуста сондай-ақ порттар мен коннекторлар орналастырлған. Теледидардың өзіне осы корпус бір кабельмен қосылады.

65-дюймдік Mi TV 4 теледидарды осы жылы «2 000 доллардан төмен» бағамен Қытайда сата бастайтын болады. Үйдегі кинотеатр жүйесінсіз «1 500 доллардан төмен» болады. Сондай-ақ дүкендерде неғұрлым арзан 55- және 49-дюймдік модельдер пайда болады.

CES 2017 көрмесінде сондай-ақ рекордты қуатты смартфонның тұсаукесері болғанын еске түсірейік. Тайваньдық Asus компаниясы әлемде бірінші рет 8 ГБ жедел жадыға ие Zenfone AR флагман смартфонын таныстырды.


Дереккөз: http://techno.bigmir.net/technology/1595273-Kitajcy-sdelali-televizor--kotoryj-okazalsja-ton-she-iPhone-7

ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КОРПОРАЦИЯЛАР



Hyperloop Францияда сынақ орталығын ашады







Тулуза француз қаласының маңында Hyperloop Transportation Technologies (HTT) компанисының ғылыми-зерттеу орталығы ашылады.

Жаңа орталықты бұрыңғы Франказаль авиабазасының ғимараттарының біреуінде орналастырады. Қазір қаланың әкімшілігі және Hyperloop Transportation Technologies басшылары тетіктерді талқылап, шарттарға қол қоюйға дайындалып жатыр. Алдын ала жасалған уағдаласуға сай, америкалық компания авиабаза аумағында ауданы үш мың шарты метр болатын зерттеу орталығын ашып, ұзындығы бір километр болатын Hyperloop сынақ жолын ашады.

Hyperloop Transportation Technologies стартапының бас директоры Дирк Алборн «Тулуза — аэрокосмос өнеркәсібінің еуропалық орталығы, сондықтан біз осы жерде филиал ашу жайлы шешім қабылдағанымыз толық қисынды» - деп айтты.


Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/hyperloop-otkroet-ispytatelnyj-centr-vo-francii.html


Microsoft Windows 10 жаңа нұсқасын жасауда







Microsoft компаниясы Windows 10 жаңа жүйесі – Cloud Shell деп аталатын жүйені әзірлеуде. Ubergizmo айтуынша, ол осы жыл ішінде пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ Cloud Shell жүйесі - Windows 10 жеңілдетілген нұсқасын білдіретіні хабарланады. Қазіргі таңда ол дайлы тіпті ақпарат жоқ. Бірақ операциялық жүйенің әзірленіп жатқанын бірқатар беделді сарапшылар растап отыр.

Ұқсас жобаны Google корпорациясының әзірлеп қойғаны белгілі. Ол консоль арқылы қолжетімділікпен бұлтты сервистерді бақсару үшін виртуалды машинадан тұрады.

Келешекте Cloud Shell бұлтты сервиске салынып, барлық есептеу сол жерде жасалады деп болжанады.

Басылым Cloud Shell арқасында құрылғылардың қуаты міндерге ие болмайтын болатынын атап өтті. Интернетке тек жеткілікті жақсы қосылу қажет болады.


Дереккөз: http://korrespondent.net/lifestyle/gadgets/3806889-Microsoft-sozdaet-novuui-versyui-Windows-10-smy


ӨНІМ ИННОВАЦИЯЛАРЫ



Boeing компаниясы жаңа ұрпақтың жеңіл космостық скафандырын ұсынды







Егер біз бірінші скафандрлардың қандай болғанын еске түсіріп, оларыды қазіргі үлгілермен салыстырсақ, она біз көптеген айырмашылықты көреміз. Бірақ прогресс орнында тұрмайды, және тіпті космонавттардың заманауи «киімінде» едеуір кемшілік бар: ол өте үлкен және ауыр.

Тіпті космоста салмақ мәге ие болмаса да, құралым қозғалу үшін аз жер қалдырады. Қазір космос аенттіктерімен белсенді ынтымақтастық жасасатын, Boeing компаниясы келесі ұрпақтың жеңі л және жоғары технологиялы скафандрын ұсынды.

Скафандр Boeing Blue атауға ие болып, оны 2018 жылы МКС-ке кететін, астронавтар киетін болады. Boeing Blue ашық космосқа ұзақ шығу үшін арналмаған, ал космос экспедицияларының апатты скафандрларының алмастырғышы болып табылады. Бірақ қандай да бір уақытта ашық космоста оны киіп, болуға болады. Бірақ бірінші кезекте осы скафандр кенеттен геметизация ажырап кеткен кезде космонавтарды қорғау үшін арналған.

NASA қазіргі скафандрларына қарағанда, Boeing Blue скафандр салмағы 60%-ға аз. Мысалға алсақ, қызғыл сары скафандрларның салмағы (қазір пайдаланылатын) 13,5 килограмм, ал жаңа жеңіл скафандрдың салмағы — 5,4 килограмм. Жаңа скафандрдың ерекше «жұмсақ» құралымды шлемі болып, коммуникациялық жүйелермен жабдықталған.

Скафандрдың «кеудесі» бірнеше қабаттан жасалған, олардың әрбіреуі бір ерекше функцияны орындайды: біреуі бітеулі болуды қамтамасыз етсе, екіншісі скафандр ішінде және ары қарай термия-реттеуді қамтамасыз етеді. Арқа мен бел жағында скафандрға ретке келтірілуі астронавтқа неғұрлым ыңғайлы күйге тұрып, космос кемесінің креслосында ұзақ уақыт болған кезде дененің ісініп кетуінен құтылуға мүмкіндік беретін компоненттер кіріктірілген. NASA бұрыңғы астронавтарының біреуі Крис Фергюсонаһның растауы бойынша, «Әртүрлі уақытта өз уақытына және космос кемесінің ерекшеліктеріне сәйкес келген, біз әртүрлі өлшемді, типті және мәндетті скафандрларды көрдік, осы тұрғыдан алғанда Boeing Blue скафандры қазіргі уақыттың барлық талабына және бортында МКС –ке космос экспедициясы жол жүретін, CST-100 ең жаңа космос кемесіне толық сәйкес келеді».


Дереккөз: https://hi-news.ru/space/kompaniya-boeing-predstavila-legkij-kosmicheskij-skafandr-novogo-pokoleniya.html


Францияда кез-келген девайстар үшін дерлік сымсыз зарядтауды таныстырды







Energysquare – тіпті кез-кеген девайстың сымсыз зарядталуын жасауға мүмкіндік беретін, өте қызықты технологияны ұсынған Франциядан стартап. Компанияның әзірлемесі CES-2017 көрмесінде көрсетілген болатын.

Сымсыз зарядтар таралып, бірқатар смартфонмен сүйемелденуде, бірақ көптеген пайдаланушының өз девайсын айырбастамай-ақ осы инновациялық мүмкіндікті сатып алғысы келеді.

CES 2017 көрмесінде Energysquare стартапы көрсеткен жылдам зарядтау технологиясы барлық заманауи құрылғымен дерлік үйлесімді. Ол сымсыз зарядтау кілемшесімен үйлесімде жұмыс істей алатын, өте жұқа бес стиктерден түратын жиынтық болып табылады.

Әр стикер екі электродтан және Micro-USB, USB-C немесе Lightning коннекторынан тұрады, ол оны зарядтау үшін арналған левайс портына қосылады. Девайстың артқы панеліне стикерлерді орналастырғаннан кейін пайдаланушыға құрылғыны девайстың артқы панеліне орналастыру керек және энергия смартфонға немесе планшетке келіп түсе бастайды.

Девайстарды зарядтау осы құрылғылар үшін әдетте тән шамамен алғанда сол жылдамдықпен жүзеге асырылады.

Қарастырылатын дизайнның жалғыз байқалатын кемшілігі стиктердің девайс зарядкасының портын бұғаттайтыны болып табылады. Егер пайдаланушы оны әдеттегі сымды тсілмен зарядтағысы келсе, онда оған инновациялық стикерді ағытуға тура келеді. Осы кемшілікті компания түзетіп, өз өнімдерінің екінші буынында артынан орналасатын болатын портты қоспақшы.
Дереккөз: http://techno.bigmir.net/technology/1595282-Vo-Francii-prezentovali-besprovodnuju-zarjadku-pochti-dlja-ljubyh-devajsov

ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Қытайдан робот-журналист бір секундта мақала жазады







Қытай бағдарламашылары жасаған, Сяо Нань, робот-корреспонденті мақалаларды өте ширақ жазуға үйреніп алды. Бұл ретте оған үйрену үшін журналистика факультеттерінде студенттер әдетте жұмсайтын уақыттан аз уақыт керек болды.

Сяо Нань Southern Metropolis Daily басылымында жарияланған, үш жүз иероглиф көлемінде өзінің бірінші материалын жазып шықты. Көктем фестивалында саяхатқа арналған мәтінді жазу үшін оған бір секунд ғана керек болды. Әсерлендіреді!

Әзілеушідердің сөздеріне қарағанда, Сяо роботы журналист адамдамға қарағанда деректерді жылдамырақ талдап, мәтіндер жазады. Бұл дегеніміз жуық арада жаңалық ресурстарының оларды тілшілер, редакторлар мен корреспонденттердің ассистенттері ретінде оларды күнделікті пайдалана бастайтынын білдіреді.

журналиста-роботті әзірлеуге жауапты, Пекин университетінің пофессоры Вань Сяоцзюнь China News жаңалық агенттігіне бағдарламаның әртүрлі көлемді мәтіндерді жазуға қабылетті екені жайлы айтып берді. Әйткенмен осы жерде профессор бағдарламаның кемшіліктеріне де көрсетіп, журналистерді тыныштардынды. Мысалы, ол сұхбат ала алмайды, кезікпе және қосымша сұрақтар қоя алмайды, нақты бағытта сұхбат жүргізе алмайды. Әр адам жаза алады, ал бірақ материалды қызықты етіп жеткізу – бүл әр адамның қолынан келе бермейді, ал роботтің тіпті қолынан келмейді. Бір сөзбен айтқанда, кем дегенде, Сяо Нань роботы өзінің әзірлеушісінен сұхбат алғанға дейін әріптестер мазасызданбай мақалаларын жаза бере алады.
Дереккөз: https://hi-news.ru/software/robot-zhurnalist-iz-kitaya-pishet-stati-za-odnu-sekundu.html

МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Жапондықтар 2018 жылы смартфондар үшін икемді экрандарды шығара бастайтын болады








Japan Display электроника мен жиынтықтаушыларды жапондық өндіруші сериялық өндірісін 2018 жылы бастау жоспарланып отырған, мобильді құрлғылар үшін икемді экранды ұсынды.

Бүгінгі күні икемді гаджеттерді, соның ішінде тасымалданатын құрылғыларды әзірлеумен көптеген компания айналысуда. Сериялық өндіріске дейін басым көшпілік жағдайда икемді гаджеттер икемді құрылғылар үшін өте маңызды көптеген гаджеттің шамалы партиямен жасалуынан жетпей қалады. Икемді жиынтықтаушылардың сериялық өндірісінің басталуы нарықты икемді смартфондардың пайда болуын жылдамдата алады.

Жапондықтардың ұсынған Full Active Flex экраны шынының орнына пластик бастырмасының пайдаланылу есебінен икемді болады. Осындай құрылым экранды иілімді және құлауға төзімді етеді. Осы мезетте өндіруші экранның тек бір нұсқасы жайлы хабарлайды: матрица IPS-NEO, диагональ 5,5 дюйм, рұқсат 1080.


Дереккөз: https://texnomaniya.ru/yaponci-nachnut-vipuskat-gibkie-ekrani-dlya-smartfonov-v-2018-godu

ҰЙЫМДАСТЫРУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ



Жинақбак заңгер-роботтарға талап-арыздарды жасауды тапсырады







2016 жылдың соңында Жинақбанк талап-арызы сапалы және тез жасауға қабілетті, үздік қызметкер ретінде өзін өте жылдам көрсеткен, заңгер-бот қызметтерін пайдалануды бастады. Және роботта ұқсас кәсіптің әдеттегі адамдарының алдында бірқатар алғышарты бар. Бағдардама тамақ ішпейді, шылым шекпейд және ұйықтамайды. Талап-арызды жазып, төлек папкаға салып отырады.

Жинақбанк басқармасы төрағасының орынбасары Владимир Кулик «2016 жылдың төртінші тоқсанында біз заңгер-роботты жасап, тәжірибеде қолданылуға бердік. Ол қағаздан бізге талап-арыз жаз алады. Бұл жұмыс істейтін роботтардың мысалдарының бірі. Ағымдағы мезетте нақты алсақ бұл жеке тұлғаларға жазылып жатқан барлық талап арыздың осы жарты жыл ішінде осы роботтарға толық өтетінін білдіреді» – деп айтып, заңгер-ботты сәтті қолданып жатқаны жайлы әңгіме тарқатты.

Ол осы жылдың бірінші жартыжылдығында Жинақбанкте кадрлық өзгерістердің болатынын атап өтіп, адамдарға жазылатын үлгілік талап арыздарға уақыт бөлмей-ақ қоюға болатынын, заңгер-боттың осындай қарапаймы міндетті орындай алатынын, сондай-ақ қызметкерлерге маңызды және керек міндететрмен айналысуға мүмкіндік беріп, оларды қызықсыз жұмыстан құтылтатыны туралы айтты.



Әйткенмен, жауыз заңгер-робот адамдарды жұмыссыз қалдыра алмайды. Міндеттерін жартылай бағдарлама орындайтын сол қызметкерлерді біліктілікті арттыру курстарына жібереді. Ал егер қызметкер оқытылғаннан кейін де роботтан пайдасыз болса, онда оны жұмыстан босатады.
Дереккөз: https://hi-news.ru/software/sberbank-poruchit-sostavlenie-iskov-robotam-yuristam.html






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет