Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі



жүктеу 201.94 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі201.94 Kb.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 750 қаулысымен   
бекітілген

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі


тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар

жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат



Р/с


Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

1

2

3

2

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы ескерілуге тиісті концепция жағдайындағы салалық облыстық басқармалардың ақпараттары негізінде және облыстық басқармалармен бірлесе отырып әзірленсе, ал концепцияның жоспарланған іс-шаралары Аумақтарды дамыту бағдарламасының
іс-шаралар жоспарында жүзеге асырылады.

2015 жылдың10 желтоқсанында кезекті облыстық мәслихаттың №42 кезекті сессиясымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында «жасыл экономикаға» өтуге қатысты іс-шаралар «Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінде орналасқан,оның ішінде:



  • «Экономика» бағытындағы «Бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп өнімнің өсу өндірісін жұмыспен қамтамасыз ету үшін аймақтағы өнеркәсіпті әр тараптандыру» мақсаты бойынша 2016 жылға 0,05 % мәнін жоспарлап ал 2020 жылға 7,0% өсіммен қосылып отырған «Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясы» нысаналы индикаторын тұрды;

  • «Инфрақұрылым» бағытындағы «Өмір-қолдау инфрақұрылымын дамыту» (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн электр) енгізуге көшу қойылған мақсаттарға қол жеткізу және іс-шара жоспарына мақсатты индикаторлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында эксплуатациялық шығындарды азайтуға әкелетін энерготиімді және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізген коммуналдық кәсіпорындарды ынталандыру;

  • «Экология және жер ресурстары» бағытындағы «Экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту» мақсатты индикаторлар сәйкес болу үшін, енгізуге жоспарланатын кәсіпорын, табиғат пайдаланушылар деңгейдегі бірте-бірте тұрақты көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, озық экологиялық қауіпсіз технологияларды өнеркәсіптік секторын жүзеге асыру, қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту т.б.

8

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін құру бойынша ұсыныстар енгізу

2014 жылдың қорытындысымен облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-сы орталықтандырылған ауыз суға қосылды немесе 71 пайызды құрады. (2012 жылы 178 елді мекен 69 пайыз болған).

2015 жылы 14 жобаның құрылыс жұмыстарына 6 016,4 млн. теңге және ауыз су тарату қызметтеріне берілетін субсидияға республикалық бюджеттен 316,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді.

Жалпы 2015 жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 14 жобаның құрылысы аяқталды. Жыл қорытындысымен 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып,
4485 дана су есептегіштер пайдалануға берілді.


11

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау

Қызылорда облысының 2016-2018 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы жасақталды. Жұмыспен қамту картасы мәліметтеріне сәйкес жұмыс орындарын құру және экономика салаларының кадрларға қажеттілігіне болжам төмендегідей болды.

Айқындалған қажеттілікке сәйкес білім мен біліктілігі бойынша әртүрлі деңгейдегі мамандар сұранысқа ие болып отыр, оның ішінде:



ауылшаруашылығы саласында ветеринариялық техниктер, жануарларды күтушілер, механизаторшы, тракторшы, шопандар

(2016 ж - 257, 2017 ж - 257, 2018 ж - 246);



өндіріс саласында әр түрлі мамандандырылған инженерлер, автоматты жүйені жөндеуші, өндіріс операторлары, от жағушы құрылғылар машинистері, әртүрлі бағыттағы слесарьлар (КИПиА, жөндеуші, механикалық жинау жұмыстары, металл құрастыру, агрегаттарды, технологиялық құрылғыларды жөндеу, автокөлік, аппарат, газ және электрмен дәнекерлеу, темір ұстасы, темір жонушы, электрик, жүргізуші, нан пісіруші, кондитер, аспазшы, тігінші, бақылаушы)

(2016 ж - 1637, 2017 ж - 443, 2018 ж - 838);



құрылыс саласында инженерлер, құрылыс техниктері, кең көлемді құрылыс шеберлері, электр құрылғыларын және электр торабын монтаждаушы, кран және бульдозер машинистері, жол жұмысшылары, тас қалаушылар, бетоншылар, сырлаушылар, әрлеушілер, тақталаушылар, ағаш ұсталары, матаушылар, сылақшылар (2016 ж - 4150, 2017 ж - 2075, 2018 ж - 2261);

көлік және қоймалау саласында механиктер, жүргізушілер, автокөлік жөндеуші слесарьлар, бақылаушылар (2016 ж - 127, 2017 ж - 127, 2018 ж - 150);

көтерме-бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында әкімшілер, менеджерлер, (сауда) делдалшылар, есепшілер, барменшілер, сатушылар, жүргізушілер, тігіншілер, қоймашылар, маникюршілер, аяқ-киім жөндеу шеберлері (2016 ж - 710, 2017 ж - 1610, 2018 ж - 1370);

білім және денсаулық сақтау саласында әртүрлі мамандандырылған дәрігерлер, лаборанттар, санитарлар, тәрбиешілер, методистер, оқытушылар, психологтар (2016 ж - 1282, 2017 ж - 2440, 2018 ж - 2125).

18

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы
2147 адам кәсіптік даярлау курстарын жалғастырып, 2105 адам оқуын аяқтап,
1044 адам жұмысқа орналастырылды немесе 49,6 пайызды құрайды.

Қызылорда облысына 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмаған.



23

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау

Облыс бойынша 2014 жылы 961 дана, 2015 жылы 4485 дана су есептегіштері орнатылды.


32

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру әлеуетін бағалау

«Жайылымдарды суландыру» жобасы бойынша өткен жылы 15 құдықтар мен ұңғымалар қазу жоспарланған болса, осы кезге 32 құдықтар мен ұңғымалар қазылып, жоспар 213,3%-ға орындалып отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда
7 құдықтар қазылуда. Осыған байланысты, бүгінгі күні 48 мың га жайылымдық жерлер суландырылып пайдалануға жарап отыр.


Сонымен қатар, облыс бойынша 1008 құдықтар мен ұңғымалар (368 құдық, 640 ұңғыма) жұмыс істеп тұр. 1239 құдықтар мен ұңғымалар (588 құдық, 651 ұңғыма) жөндеуді қажет етеді.


35

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын қысқарту және қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту

2015 жылы облыс бойынша 252 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 168 дана, шаруашылықтар өз қаржысы есебінен 84 дана.

Суармалы жерлерді тиімді пайдалану бағытында облыстың күріш өндіруші шаруашылықтарымен жерді тегістеу және мелиоративтік жұмыстарды атқару үшін


21 дана «Мара» лазерлі жер тегістегіші сатып алынған.

Дегенмен, аталған арнайы мелиоративтік техникалар мемлекет тарапынан субсидияланбайды.

Осыған байланысты, облыс әкімдігі атынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын ауыл шаруашылығы техникаларының тізіміне арнайы мелиоративтік техникаларды қосу туралы ұсыныс жолданды.


36

Әлеуетті инвесторлар үшін көшпелі тұсаукесер шараларын (роуд-шоу) жүргізуді қоса алғанда, шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін шетелдік инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу

- «Евразия Агро Холдинг» компаниясы Қытайдың мемлекеттік «COFCO» компаниясымен Қытайдағы томат пастасын өндіретін өндірісті Қазақстанға көшіру туралы меморандумға қол қойылды. «COFCO» компаниясы жобаның толық қаржыландыру мен барлық өнімді Қытайға сатуды жауапкершілігіне алып отыр.

- Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Джахад-Э-Сабз» АҚ-ның өкілдері ағымдағы жылдың 18-19 қараша аралығында облысқа келіп бірлескен кәсіпорын ашу мақсатында Шиелі ауданында болып, 12 мың гектар жермен танысып, инновациялық жобамен осында майлы дақылдар егетін болып шешті. Алдағы уақытта май өңдейтін зауыт құрылысын Шиелі ауданында салуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 19 қарашасында облыс әкімдігімен бірлесіп жұмыстар жасау жөнінде меморандумға отырды.

- Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Отандық және Австралиялық инвесторлардың бірлесуімен Жаңақорған ауданында 50 мың бас қой өсіру және 7 мың тонна ет өндіру комбинатын құру, Сырдария, Жалағаш аудандарында 3000 бастық ет бағытындағы ірі қара ұстайтын комплекс ашу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.



37

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

1-қағидат: Облыстың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай суармалы егістік жерлер сұр топырақты жерлерде орналасқандықтан, топырақ құрамында қара шірінді өте аз. Сол себепті күріш ауыспалы егістігіндегі жоңышқа танабы көлемін
35-40 пайызға дейін жеткізу қажет. Топырақты өндеуде сүдігер айдау, атыздардың ішін тегістеу жұмыстарына мән беру керек;

2-қағидат: Облыстағы барлық малдың 70 пайызы жеке қожалықтарда өсірілетіндіктен елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлер үздіксіз пайдаланылғандықтан тозуға ұшыраған. Бұл жайылымдықтарды суландыру, жақсарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында шалғайдағы жайылымдақтарды суландыру үшін биыл 39 құдық қазылады. Қазіргі уақытта 1008 құдықтар мен ұңғымалар жұмыс жасайды. Бұл жұмыстар келесі жылдары да қарқынды жүргізіле береді;

3-қағидат: Суармалы суды үнемді пайдалануда биылғы жылы тамшылатып суару әдісімен 40,3 га картоп, 16,3 га көкөніс, 41,3 га бақша дақылдары егілді. Суармалы жерлерді тегістеу арқылы суармалы суды үнемдеу және одан жоғары өнім алу біз үшін өте маңызды. Бұл бағытта облыс шаруашылықтары заманауи лазерлік жер тегістеу жұмыстарын жаппай қолға алды;

4-қағидат: Минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізделген мөлшерде тиімді әдістермен, зиянсыз формаларын пайдалану керек. Пестицидтердің тек тіркеуден өткен, қолдануға рұқсат етілген түрлерін, экологиялық және экономикалық тұрғыдан бағалау арқылы қолданған дұрыс;

5-қағидат: Егін шаруашылығында өсімдік сабағы, тамыры сияқты топырақтан алынған қалдықтары көп, алынған негізгі өнімнен шыққан қосалқы өнімдерге кеткен қоректік заттар топыраққа қайтарылуы тиіс, топырақтың құнарлығын төмендетпей, керісінше ұдайы жоғарылатып отыру міндетіміз. Ол үшін дақылдардың өнімін жинау арқылы, сабағын майдалап егіс алқабында қалдыратын техникаларды қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану арқылы жердің құнарлығын арттыруымыз қажет;

6-қағидат: Өңірдің климаттық жағдайын жақсартатын орман-тоғай, ағаш- бұталар, түрлі табиғи өсімдіктер болып табылады. Сол себепті сексеуіл-жыңғыл, жиде орман-тоғайларын қорғау, өрттен сақтау, көлемін көбейту маңызды іс.
Бұл бағытта сексеуіл өсірумен қатар, облыс тұрғындарына тұтынуға табиғи газ ұсыну, орман-тоғайлар көлемінің табиғи өсуіне жұмыстар жасау болып табылады.


40

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін (мүгедектер, жалғыз басты қарт азаматтар және т.б.) қолдау түрлерін жаңарту кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

Өңірде 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында әлеуметтік келісімшарттар негізінде шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізіліп, жергілікті бюджеттен 5984,1 мың.теңге қаражат бөлінді.

2016 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданы бойынша 168 адамға (31 отбасы) 5659,2 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып төленді. Жоба шеңберінде 15 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 22 адам қоғамдық жұмысқа тартылғанды, 2 адам қайта даярлау курсынан өткізілді, 1 адам жастар тәжірбиесіне жіберілді.

Шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың барлық аудандарында толығымен енгізіліп , жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2013 жылдың тамыз айынан бастап аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары» бекітіліп, Қағидаға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау түрлері жаңартылып, қосымша көмектің


4 түрімен кеңейтілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары қайтадан қаралып, қосымша санаттармен толықтырылды.


45

Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, Қазақстан Республикасы облыстарының деңгейінде өңірлік іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» аясында облыс бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазанстандық орталығы» АҚ 2011 жылы 18 көппәтерлі тұрғын үйлер және 10 әлеуметтік нысандарға, 2012 жылы 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізді.

ҚР «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» заңына сәйкес 2014 - 2016 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізу үшін облысқа 2014 жылға - 13,125 млн.теңге,


2015 жылға - 13,125 млн.теңге, 2016 жылға - 13,125 млн.теңге бөлінді.

Бөлінген қаржыға 2014 жылы облыс бойынша барлығы 28 көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізілді. 2015 жылға бөлінген 13,125 млн теңгеге 28 үйге энергоаудит өткізілді.



48

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында Қазақстан қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу

Қызылорда қаласы мен 7 ауданда 3062 көше бар. Оның жарықтандырылғаны – 946 көше, ондағы бағаналардың саны 30121, оның 8918-і (30%) светодиодты,
21203-і (70%) қыздыратын лампалық шамдармен қамтамасыз етілген. Жарықтандырылмаған көше саны 2026.

50

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы техникалық іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды көздеу, соның ішінде:
- қазандықтарға аудит жүргізу, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу немесе ескірген және тиімсіз қазандықтарды ауыстыру;
- жылумен жабдықтау жүйесін кеңейту немесе оған басқа да өзгерістер енгізу кезінде жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолжетімді мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану;
- жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің ескі құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кіші диаметрлі құбырларды басым түрде ауыстыру;
- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерін міндетті түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жүргізу сәтінде ғимараттарды терможаңғырту;
- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу

2014-2015 жылы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК энергоаудит жүргізілді. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөнінде іс-шаралар жоспары бойынша
ИСО 50001 энергоменеджмент жүйесі талаптарының бірі-мамандарды дайындау бойынша 120 адамға оқу курсы жүргізілді, кәсіпорын директорының энергия үнемдеу жөніндегі орынбасары штаттық бірлігі енгізілді және кәсіпорын
ИСО 50001 энергоменеджмент жүйесін енгізу жөнінде тиісті жұмыстарды жалғастыруда.

Жалпы облыс бойынша 183,5 км жылу желілері бар, оның ішінде, Қызылорда қаласында - 160,8 км, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде - 22,7 км. Жылу желілерінің 60-65 пайызының тозығы жеткен.

Жылу жүйесінде жылу энергиясын үнемдеу мақсатында бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 2011 жылы - 1,2 км, 2012 жылы - 3,29 км, 2013 жылы - 3,4 км желілері жаңғыртылды.

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 14 жоба бойынша Қызылорда қаласында ұзындығы 11,2 шақырым жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстарға Ұлттық қордан 3,039 млрд.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, құрылысы 2013 жылы басталған Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 5,44 шақырым жылу желілерін кеңейту жұмыстары аяқталды.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» аясында
2011-2015 жылдары облыс бойынша 151 көпқабатты тұрғын үйлер терможаңғырту элементтерін пайдалана отырып, күрделі жөндеуден өтті.


88

Алматы және Астана қалаларында, ірі қалаларда қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазіргі таңда, облысымызда жылжымалы құрамдарды газ қозғалтқышына ауыстыру, газ қозғалтқышымен қозғалатын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және газ құю стансалары желісін құру бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалады.

Мысалы, бүгінгі күні облыста 130 жанармай құю станциясы болса, оның 50-і немесе 38,5 пайызы газ құю станциялары. Ал Қызылорда қаласында үлестік мөлшері едәуір жоғары: барлығы 52 станцияның 32-сі немесе 61,5 пайызы газ құю станциялары болып табылады.

Сондай-ақ, ресми мәліметтерге сәйкес облыс бойынша «автобус» санатында 5549 дана көлік құралы тіркелсе, олардың 263-і шамамен 5% газ қозғалтқытшы.

Сонымен қатар, «Қаз Тран Газ-Өнімдері» ЖШС-мен 2015-2017 жж. Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында компримирленген табиғи газ құю станциялар желісін салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Аталған жоба жүзеге асырылғаннан кейін аймақта қажетті қызметтерді көрсететін инфрақұрылым мен бәсекелестік орта пайда болып, кезең-кезеңімен аталған қызмет жүзеге асырылып, жеке құрылымдардың автокөліктерін тартуға мүмкіндік туатын болады.

Сонымен қатар, «Көлік құралдарының қауіпті үлес шығарындыларын кеміту және автокөлік паркінің оңтайлы құрылымына көшу мәселелері» облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралып, облыс әкімдігінің іс басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне және жолаушылар тасымалдау субъектілеріне автокөлік паркін газ қозғалтқышына ауыстыру жөнінде нұсқаулар берілді.

Сонымен бірге, жолаушы тасымалдау қызметіне конкурс өткізу барысында ҚР Инвестиция және даму министрлігімен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына тасымалдаушылармен экологиялық қауіпсіз автокөлік құралдарын ұсынғанда қосымша басымдылық белгілеуді көздейтін өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.


101

«Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес бірнеше (2-3) пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді, шалғайдағы ауылдар мен кенттерді трансформациялау жоспарын әзірлеу және оларды қайта құруды жүзеге асыру: ұлттық желіге біріктірілмеген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тиімді ауыл шаруашылығы (тамшылатып суаруды пайдалану арқылы жылыжай шаруашылығын құру арқылы), қалдықтарды орталықтандырылған жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, тұйық ресурстық циклге көшу бойынша ұсыныстар енгізу

«Жасыл экономика» бағыттарына сәйкес жаңартылған энергия көздерін пайдалану бағытында Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауытында «Қуаттылығы 18,5 мВт-тық электрокешен» жұмыс жасауда. Энергокешеннің бір ерекшелігі - күкірт қышқылын өндіру барысында шығарылатын буды өңдеу арқылы электроэнергия өндіріледі.

Сонымен қатар, «СКЗ-U» ЖШС қуаттылығы 420 кВт күн электр станциясы жұмыс жасауда. Энергокешен мен күн станциясында барлығы 267 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы құны 500 млн. теңге құрайтын «Ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндіріс орыны» ашылып, жұмыс жасауда. Жоба бастамашысы «Smart Rubber» ЖШС болып табылады. Қуаттылығы жылына 270 тн резеңке ұнтақ, 440 тн белсендірілген резеңке ұнтақ, 3,9 млн. метр жер асты суару түтігін шығару. Қазіргі таңда кәсіпорында 24 адам жұмыспен қамтылған. Болашақта кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтып, жұмысшылар санын көбейтуді жоспарлап отыр.

2014 жылы Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

Сонымен қатар, «Эко-Техникс» ЖШС-нің мұнай қалдықтарын залалсыздандыру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өнім алуға бағытталған «Мұнай қалдықтарын өңдеу» жобасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда-Жезғазған трассасы жанынан 10 га жер телімі берілді. Жобаны 2016 жылы іске қосу үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылдың тамыз айында Жалағаш ауданында «Казэнергосбережение» ЖШС-нің «Светодиоттық жарықтандыру құрылғысын өндіру зауыты іске қосылды. Зауыттың құны 98,3 млн. теңге болса, қуаттылығы жылына 32 200 дана светодиоттық құрылғы шығарады. Жұмыс орны 30 адам.



120/ 121

120 - тармақ: Автокөлікті газға көшіру үшін бос ресурстарды айқындау мақсатында жылдар мен өңірлер бойынша тауарлық және сұйытылған газдың орта мерзімді болжамдық теңгерімін жасау;

120 - тармақ: Өңірлер мен жылдар бойынша Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі газ құю станцияларына деген қажеттіліктерді айқындау

Бүгінгі күнде, Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес 5 аккредиттелген мекеме сұйытылған газ таратумен айналысуда. Олар: «Арал Газ» ЖШС, «Тұран Газ» ЖШС «Байқоңыргаз» ЖШС, «Қызылорда-Газ» ЖШС және «KazLuxeOil» ЖШС. Аталған газ желісі ұйымдары облыс бойынша 51 автогаз құю стансаларын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде.

Жанар-жағар майдың қымбаттауынан облыс халқы кеңінен автокөліктерін сұйытылған газға көшіруде. Облыстық әкімшілік-полиция басқармасының мәліметіне сәйкес облыс бойынша сұйытылған газы отынына көшкен 2725 автокөлік тіркеуге алынған.

Осыған орай, ҚР Энергетика министрлігімен облыс тұтынушыларына ай сайын бөлінетін сұйытылған мұнай газы көлемін көбейту бойынша жұмыстар.

Қазіргі таңда, облысымызда жылжымалы құрамдарды газ қозғалтқышына ауыстыру, газ қозғалтқышымен қозғалатын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және газ құю стансалары желісін құру бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалады.

Мысалы, бүгінгі күні облыста 130 жанармай құю станциясы болса, оның 50-і немесе 38,5 пайызы газ құю станциялары. Ал Қызылорда қаласында үлестік мөлшері едәуір жоғары: барлығы 52 станцияның 32-сі немесе 61,5 пайызы газ құю станциялары болып табылады.

Сондай-ақ, ресми мәліметтерге сәйкес облыс бойынша «автобус» санатында 5549 дана көлік құралы тіркелсе, олардың 263-і шамамен 5% газ қозғалтқытшы.

Сонымен қатар, «Қаз Тран Газ-Өнімдері» ЖШС-мен 2015-2017 жж. Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында компримирленген табиғи газ құю станциялар желісін салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Аталған жоба жүзеге асырылғаннан кейін аймақта қажетті қызметтерді көрсететін инфрақұрылым мен бәсекелестік орта пайда болып, кезең-кезеңімен аталған қызмет жүзеге асырылып, жеке құрылымдардың автокөліктерін тартуға мүмкіндік туатын болады.

Сонымен қатар, «Көлік құралдарының қауіпті үлес шығарындыларын кеміту және автокөлік паркінің оңтайлы құрылымына көшу мәселелері» облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен мәжілісте қаралып, облыс әкімдігінің іс басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне және жолаушылар тасымалдау субъектілеріне автокөлік паркін газ қозғалтқышына ауыстыру жөнінде нұсқаулар берілді.

Сонымен бірге, жолаушы тасымалдау қызметіне конкурс өткізу барысында ҚР Инвестиция және даму министрлігімен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына тасымалдаушылармен экологиялық қауіпсіз автокөлік құралдарын ұсынғанда қосымша басымдылық белгілеуді көздейтін өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.



125

Веложолдар жүйесін және тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде велосипедтерді автоматтандырылған жалға беру орындарын дамытуға талдау жүргізу

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандарда арнайы велеосипед жолдары жүйесі қалыптаспаған.

Дегенмен, уақыт талабына сай, көлік инфрақұрылымын дамыту барысында велосипед жолдарының жүйесін қалыптастыру қолға алыну жоспарлануда.

Бүгінгі күні, С. Бейбарыс көшесінен Ғ. Мұратбаев көшесі аралығынан салынып жатқан жаңа көпірге дейін ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын айналма жол құрылысын 2016 жылы салу жоспарланып, оған 1 691, 917 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр. Осы жоба аясында арнайы велосипед жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қарастырылып отыр.

Жаңадан салынып жатқан Арай-2 мөлтек ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаланың сәулеттік келбетін заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында жаяу жүргіншілер ілеспе инфрақұрылымын, веложолдар салу және түнгі жарық шамдарын, аялдамалар орнату жұмыстары қаралған.

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалауында көлікинфрақұрылымын дамыту мақсатында техника-экономикалық негіздеме жасауға облыстын бюджеттен 258,0 млн. теңге қаралды. Осы жоба аясында, Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 175 км болатын веложолдар және 80 км тротуарлар салынатын болады.

Сондай-ақ, Астана қаласының тәжірибесінде велосипедтерді автоматтандырылған жалға беру пунктерін дамыту бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыныстар беріліп, олар тарапынан нарыққа зерттеу жұмыстары жүргізіуде.



127

Қоғамдық көліктің сапасын арттыруға (жеке белдеулер, ақылды аялдамалар, электрондық төлем) және т.б бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленген болатын.

Жобаның І-кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынса, ІІ- кезеңде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана заманауи қалалық кластағы автобус алып келу және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркін салу көзделген. Ү.ж. маусым айында 10 жаңа автобус алып келініп, жаңа автобус паркінің құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған автобус паркін жаңарту жобасы толығымен іске асырылғаннан кейін жаңадан әкелінген автобустарға «GPS» радионавигация және электрондық жолақы төлеу жүйелерін енгізу жоспарлануда.



133/

134


133 – тармақ: Көмір ЖЭО үшін екінші буынды эмульгаторларды ауыстыру арқылы күлтұтқыш қондырғыларды енгізу

134 – тармақ: Станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне негізделе отырып, жаңа буынды электр сүзгіштерін орнату арқылы күлтұтқыш қондырғыларын қолдану (Екібастұз МАЭС-1,2-те күлтұтқыш қондырғыларына жүргізілетін реконструкциялау үлгісі бойынша)

Қызылорда облысы бойынша ЖЭО болып саналатын, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК –ның басты отын түрі - газ, резервтік отын түрі - мазут болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет