«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 1.17 Mb.
бет1/7
Дата07.05.2019
өлшемі1.17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ




Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі

1.

221-бап

221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелердi бұзу

Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелердi бұзу

Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады


«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
Ғылыми криминологиялық сараптамасының ұсыныстарына сәйкес Заң жобасы «азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган» жаңа ұғымын енгізуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 221, 313-335-баптарының диспозицияларына өзгерістер енгізуді көздейді.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген баптарға нақты белгіленген айыппұл сомаларын тағайындау мүмкіндігін орнату арқылы баламасыз санкцияларды енгізу туралы мәселені қарау ұсынылады.

Бұл соттың, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқық бұзышылықтарды қарау кезіңдегі сыбайлас жемқорлықпен факторды жоюға мүмкіншілік береді.


2.

Жаңа

221-1-бап



Жоқ

221-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргiзу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Сараптама объектісінің, қауіпсіздік декларациясының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы толық емес және/немесе шындыққа сәйкес емес ақпаратты қамтитын өнеркәсiптiк қауіпсіздік және жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар беру, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу; қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқытудың азаматтық қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, -

аттестатталған ұйымға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздіктер), сондай-ақ аттестатта көрсетілген орындалатын жұмыстар профилінің сәйкес келмеуі, -

аттестатталған ұйымға аттестатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

ҚР Бас прокуратураның ұсынымы

3.

312-бап

312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе

орындамау

1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен , құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен , мемлекеттiк стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау

1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, техникалық регламенттермен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен, мемлекеттiк стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.





4.

313-бап

313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу

Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -

лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу

Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -


лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


5.

Жаңа

316-1-бап



Жоқ

316-1-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы заңнаманы бұзу немесе орындамау

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы нормативтік актілерді орындамаумен байланысты заңсыз әрекеттірді (әрекетсіздіктерді) жүзеге асыру, -

азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес негізгі функцияларға «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру» жатады.

«Төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-ІV Заңына қосымшаның 33-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында жүзеге асырылады


6.

Жаңа

354-4-бап



Жоқ

354-4-бап. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйі туралы есепті ұсынбау

1. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйі туралы есепті ұсынбау немесе тиісті ұсынбау, -

мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға –жүзден елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы норма сақтау пункттері басшыларының тиісті түрде ресімделген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйі туралы есептерін уақытылы ұсынуға жауапкершіліктерін бекітеді

7.

355-бап

355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң , мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау

1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.


355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң, азаматтық қорғау саласындағы орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау

1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, азаматтық қорғау саласындағы орган қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, азаматтық қорғау саласындағы орган қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.


«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


8.

544-бап

544-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары

1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы Кодекстiң 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өртке қарсы қызметі аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.



Алып тасталсын

«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


9.

Жана

Жоқ

544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган

1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:

осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігімен), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерімен), 460-баптарымен көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;

89, 175 (екінші бөлігімен) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221, 221-1, 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2-баптарымен (екінші бөлігімен) көзделген өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы;

504-бабымен көзделген Азаматтық қорғаныс саласындағы;

316-1-бабымен көзделген төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы;

354-4-бабымен көзделген мемлекеттік материалдық резерв саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар бойынша істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:

1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы –жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға – онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға – жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және ведомствоның басшылары және олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға – төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға.

3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар бойынша істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:

1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға – жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басқармаларының, бөлімдерінің басшысы, бастықтары және олардың орынбасарлары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға.

4. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:

1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары – жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары – жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қалалық аумақтық органының басшысы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға.

5. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:

азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары – лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға.».

«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.

Осы норма сақтау пункттері басшыларының тиісті түрде ресімделген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйі туралы есептерін уақытылы ұсынуға жауапкершіліктерін бекітеді



10.

553-бап

553-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган

1. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

3) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы, басқарма, бөлiм бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтiк құқықтық актiлердi орындамаумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.


Алып тасталсын

«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет