«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 1.17 Mb.
бет4/7
Дата07.05.2019
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

5. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

31.

18-бап

18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;



2. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, қауiптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi.



18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;



2. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, азаматтық қорғау, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


32.

112-бап

112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар:



8) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;



112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар:



8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


33.

174-бап

174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп жариялаудың тәртiбi

3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салаларындағы уәкiлеттi органдардың, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi және басқа да мүдделi жеке және заңды тұлғалар кiредi.





174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп жариялаудың тәртiбi

3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, азаматтық қорғау салаларындағы уәкiлеттi органдардың, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi және басқа да мүдделi жеке және заңды тұлғалар кiредi.





«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


34.

199-1-бап

199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар

2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.



Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуге тиіс.



199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар

2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.


Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, азаматтық қорғау салаларындағы және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуге тиіс.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


35.

220-бап

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: …



8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;

2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:



1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;



220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар


1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: …


8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;

2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:


1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, азаматтық қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


36.

221-бап

221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар

13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi  уәкiлеттi органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген жер асты сулары объектiлерiне зиянды әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтауға мiндеттi.





221-бап. Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар

13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi  уәкiлеттi органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген жер асты сулары объектiлерiне зиянды әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн сақтауға мiндеттi.





«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


37.

224-бап

224-бап. Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.



4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.

224-бап. Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, азаматтық қорғау, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.


4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.

«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


38.

238-бап

238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi өртеу кезiндегi экологиялық талаптар

Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi немесе оның қалдықтарын өртеуге жабайы фаунаның сақталуы жөнiндегi iс-шаралар әзiрлене отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен өртке қарсы күрес қызметi органдарының тиiстi рұқсаттарына сәйкес шаруашылыққа қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.



238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi өртеу кезiндегi экологиялық талаптар

Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi немесе оның қалдықтарын өртеуге жабайы фаунаның сақталуы жөнiндегi iс-шаралар әзiрлене отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиiстi рұқсаттарына сәйкес шаруашылыққа қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


39.

262-бап

262-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

12. Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.





262-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар …

12. Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, азаматтық қорғау саласындағы саласындағы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.





«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

40.

256-бап


256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері
1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.

2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.



256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері
1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.

2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


41.

323-бап


323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері

2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:



1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;

2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;

3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;

4) қызметкерлер өкілдеріне;

5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.

Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:

1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;

2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға тиіс.



323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері

2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:



1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;

2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде азаматтық қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерге;


3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;

4) қызметкерлер өкілдеріне;

5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.

Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:

1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;

2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға тиіс.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


42.

325-бап


325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері

3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.



Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.



325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері

3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор кіреді.



Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

43.

53-бап

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:





табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:





азаматтық қорғау саласындағы қызметті ұйымдастыру;



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


44.

54-бап


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет