Елордалық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетелдікті анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: fotoxcom.ru

Полиция қызметкерлері шетелдіктер заңсыз жүрген ықтимал орындарға, пәтерлерге, жатақханаларға, құрылыс алаңдарына, демалыс және өндірістік аймақтарға рейд жүргізді.

"Жұмыс күні ішінде 119 шетелдіктің біздің елімізде жүру тәртібіне қатысты бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 58-і Қазақстанда жүру ұзақтығын бұзып, 61 адам еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. Сондай-ақ 19 қазақстандықтың 13-і шетелдіктердің болуы туралы уақытылы хабарламаған. Ал алтауы шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз, заңсыз пайдаланған. 33 шетел азаматы жеке басын анықтау мақсатында қабылдау-бөлу орнына орналастырылды", – делінген хабарламада.

  • "Құдыққа батырамыз" деп қорқытқан: Африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық әйел жұртты алаңдатып қойды
  • "Қызым 30 жылдан кейін барамыз деді": Балаларын теріс ағымдағы күйеуі Африкада алып қалған әйел оларды елге қайтарғысы келетінін айтты

Сонымен қатар жедел бөлімшелер шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуінің бес фактісін анықтады. Африка құрлығының екі азаматы пәтер жалдап, массаж қызметін ұйымдастырған. 

Осы фактіге сүйене отырып, шетелдіктерді бес жылға кіруге шектеумен елден шығару мәселесі шешіліп жатыр.

"Қалдықтарды қайта өңдеу зауытының аумағында жүргізілген рейдтер барысында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстанның 37 азаматы анықталды", – деп хабарлады ведомство. 

24 шетелдік азаматтың жеке басын анықтау үшін қабылдау-бөлу пунктіне орналастырылды, 13-іне заңсыз еңбек қызметі үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Орал тұрғыны притон ұйымдастырып, африкалық бойжеткенді интимдік қызмет көрсету үшін ұсынғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.