«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте

жүктеу 1.92 Mb.
бет1/10
Дата22.04.2019
өлшемі1.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кесте

р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

  1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)

740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі

740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу

  1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.

      Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.

      Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.

740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу

1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.

Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.

«Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.

МӘМС туралы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес. Сонымен, Қордың активтері:
     1) кепіл нысанасы бола алмайды;
     2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
     3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
     4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
     5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
     6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.

2.

741-бап

741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

 Клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшасына, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшасына, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

МӘМС туралы Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды толық және (немесе) уақтылы аудармаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары төлеушінің банкттік шоттарынан қалыптасқан берешек шегінде ақшаны өндіріп алуға құқылы.

Осыған байланысты, аударымдар мен жарналардың уақтылы түсімін қамтамасыз ету мақсатында тиісті түзетуді көздеу қажет.

МӘМС туралы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес. Сонымен, Қордың активтері:
     1) кепіл нысанасы бола алмайды;
     2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
     3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
     4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
     5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
     6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.

  1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

3.

70-баптың 1-тармағы

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, Қарулы Күштер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, құқық қорғау органдарының желісі бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар, сондай-ақ әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарға, әскери қызметтің міндеттерін орындаумен байланысты ауруға шалдыққан, сондай-ақ 20 және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асыратын болады.

Осыған байланысты, бұл бапқа өзгерістер енгізу қажет, өйткені бұл түзету ҚР БҒМ мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар Қордан көрсетілген қызметтер үшін ақша қаражатын алуға мүмкіндік береді.

71-бап

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

     3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

Жоқ;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

Енгізілетін нормаға байланысты, оған сәйкес мемлекеттің қорға төлеуге жататын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»

Қазақстан Республикасының Кодексі

83-тараудың тақырыбы

83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ЖАРНАЛАРЫН, МІНДЕТТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН АУДАРУ
МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ
ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ЖАРНАЛАРЫН, МІНДЕТТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН АУДАРУ
МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ
ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА АУДАРЫМДАР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАР

2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакциялық түзету.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен Салық кодексінің 83-тарауына МӘМС бөлігінде түзетулер енгізілді, сонымен бірге, тараудың атауына тиісті өзгерістер енгізілмеген болатын.

155-баптың 3-тармағының 31-2) тармақшасы

155-бап. Салық салу объектiлерi

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:

31-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

155-бап. Салық салу объектiлерi

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:

31-2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде оған медициналық көмек ұсынуы кезінде алған табысы;

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жеке тұлғаның табысы ретінде көзделмейтініне байланысты, өйткені салық агентінің (жұмыс берушінің) қаражаты есебінен төленеді. Бұл ретте, жеке тұлға ол үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды төлеу есебінен медициналық көмек алу кезінде салық салудан босатылуға тиіс.

166-баптың 1-тармағының жаңа 7) тармақшасы

166-бап. Салық шегерiмдерi

1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:

7) жоқ

7) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы».

Жеке тұлғаларға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша салық шегерімдерін беру мақсатында.

166-баптың 5-тармақтың жаңа 4) тармақшасы

166-бап. Салық шегерiмдерi
5. Осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында белгіленген салық шегерiмі құқығы тиісті құжаттар::

     4) жоқ

166-бап. Салық шегерiмдерi
5. Осы баптың 1-тармағының 3), 5) және 7) тармақшаларында белгіленген салық шегерiмі құқығы тиісті құжаттар:

4) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың төленгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.».

Жеке тұлғаларға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша салық шегерімдерін беру мақсатында

168-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі

 168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер және осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімдері ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

Салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленген жарнаның сомасы бойынша салық шегерімін беру мақсатында.

182-баптың 1-тармағы

182-бап. Салықты есептеу және төлеу

       1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.

182-бап. Салықты есептеу және төлеу

     1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімін шегере отырып, осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.

Жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салық шегерімін беру мақсатында.

183-бап

183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 100-бабының 14-2-тармағының, 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

Дара кәсіпкерге жалпыға белгіленген режимде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу бойынша жұмсалатын шығыстарды жатқызу мүмкіндігін беру мақсатында.

596-бап

596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.

596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.

2017 жылғы шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Салық кодексінің бұл бабы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының мерзімі өтіп кеткен жағдайдағы құқықтық салдарды мазмұндайды. Бұл ретте, МӘМС жүйесінің толық жұмыс істеуі үшін ӘҚБтК «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бабымен толықтырылуы қажет. Осыған байланысты, құқықтық кемістікті алып тастау мақсатында МӘМС туралы заңнаманы бұзу бөлігінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың мерзімі өткендіктен айыппұл төлеу бойынша міндеттемені тоқтату бөлігінде тиісті өзгерісті енгізу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет