Әлемдегі ең жылдам мобильді интернеті бар қалалар мен елдер аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: habr.com

Осы орайда Астана интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды ма және Speedtest жаһандық индексінде Қазақстан қандай орын алды деген сауал туындайды. Сонымен Speedtest жаһандық индексі бойынша Астана бес позицияны жоғалтып, әлемдік рейтингте 88-орынға жайғасты. Ақпан айында елордамызда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 45,18 мегаби болды. Ал секундына 55,9 мегабит жылдамдықпен Токио 76-шы орынды иеленді.

Алматы қаласы Астананы басып озып, секундына 59,86 мегабит жылдамдықпен 73-орында тұр.

Әлемдік рейтингте үздік үштікке мыналар кіреді:

  • Ар-Райян (Катар) – 417,17 Мбит/с;
  • Дубай (БАӘ) – 336,57 Мбит/с;
  • Абу-Даби (БАӘ) – 296,03 Мбит/с.

Рейтингтің соңғы, 178-ші орнын Кубаның астанасы Гавана алады. Мұнда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 4,6 мегабит.

 

  • Астанада интернет сапасы Токиодан басып озғанын мәлімдеген Бағдат Мусин еліміздегі интернет сапасында шикіліктер барын мойындады
  • "Қазақстанның интернет сапасын АҚШ, Австралия, Аргентина сынды елдермен салыстырған жөн" — Мусин

Жалпы Қазақстан бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 35,71 мегабит. Сонымен біздің еліміз Speedtest жаһандық индексінде (-1 позиция) 71-орынға шықты.

Үздік үштікке Катар (286,42 Мбит/с), БАӘ (284,21 Мбит/с) және Оңтүстік Корея (173,95 Мбит/с) кірсе, Шығыс Тимор 3,34 Мбит/с рейтингімен (155) соңғы орында.

Еске салайық, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық интернеттің байланыс сапасы бойынша Жапонияның Токио қаласын қоса алғанда, ондаған қаланы басып озғанын айтып, көпшілікті таңғалдырған болатын.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.