«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте



жүктеу 1.76 Mb.
бет1/13
Дата04.12.2018
өлшемі1.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына

салыстырмалы кесте


Реттік №

Құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі



Мазмұны

7-тарау. Сервитуттар

...


71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану

71-1-бап. Жоқ.

...

9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату

...

90-бап. Жекелеген санаттардағы жерлердi алып қоюды шектеу

...


7-тарау. Сервитуттар

...


71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану

71-1-бап. Пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін жер учаскелерін пайдалану

...

9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату

...

90-бап. Жеке санаттағы жердің құрамындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен айыруды шектеу

...


Заңды техника

Жер кодексін жаңа баптармен толықтыру мен баптарының мазмұндарын өзгертуге ға байланысты.







6-баптың 5- тармағы

6-бап. Жер заңдары

5. Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды.



6-бап. Жер заңдары

5. Жеке және заңды тұлғалардың Заңдармен белгіленген жер қатынастары саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, мемлекеттік органдардың актілерімен шектелуі мүмкін емес.»;



1) ереже тек жер қатынастар саласында қолданылатындығын нақтылау мақсатында, себебі Жер кодексі жер қатынастарын реттейді және Қазақстан Республикасының барлық заңдарына ереже бекіте алмайды;;

2) Конституцияның 39-баптың 1-тармағы мен 6-баптың 3-тармағына сәйкес, Жер кодексі жер саласындағы қатынастарда керекті кездерде (мысалы төтенше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен айыру) құқықтардың шектелулерін көздегенге байланысты (оның ішінде ҚР соттарында), толықтырулар енгізіледі.






14-1-баптың 3 тармағының 2-1) тармақшасы

14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті

3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:

...

2-1) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;



14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті

3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:

...

2-1) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жария сервитуттарды белгілеу бойынша аудандық атқарушы органның ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау



Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне сәйкес геологиялық зерделеу және пайдалы қазбаларды зерделеу жер уческелерін жер пайдалануға берусіз жүзеге асырылатындықтан 2-1) тармақшасы өзгертуге ұсынылады (құқық лицензия/келісімшарт негізінде тікелей нормативтік құқықтық актіден туындайды және сервитутпен рәсімделеді)

Сонымен қатар, Жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізу түрлерін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында еңгізіледі.





17-баптың 1-1) тармақшасы

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi

Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:

1-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;


17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi

Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:

1-1) жер қойнауын геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу»;


Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне сәйкес геологиялық зерделеу және пайдалы қазбаларды зерделеу жер уческелерін жер пайдалануға берусіз жүзеге асырылатындықтан 1-1) тармақшасы өзгертуге ұсынылады (құқық лицензия/келісімшарт негізінде тікелей нормативтік құқықтық актіден туындайды және сервитутпен рәсімделеді)

Сонымен қатар, Жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізу түрлерін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында еңгізіледі.





26-баптың 4-тармағы

26-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк

...


4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.



26-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк

...


4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральдық темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральдық құбыржолдарды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды, энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, аэродромдар, вокзалдар, стансалар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа да объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олар резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығында берiлуi мүмкiн.

Белгіленген тәртіппен осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мақсаттар үшін резервте қалдырылған жер учаскелері басқа мақсаттар үшін жеке меншікке берілуі мүмкін емес



«оларға дейін жобалық игеру» деген сөйлемді нақтылауды ұсынады, себебі ол екі түрлі түсінілуі мүмкін.

Осы мақсаттар үшін резервке қойылған жер учаскелері жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшін уақытша жер пайдалану құқығында олар резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталған кезге дейін ғана (мысалы, өндіруге лицензия берілгенге дейін) берілуі мүмкін және осы кезден осындай жер пайдаланушылардың құқықтары автоматты түрде тоқтатылуға тиіс. Көрсетілген жер учаскелерін жеке меншікке беру мүмкін емес.






32-баптың 4-тармағы

32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау
4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға рұқсатты немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi рұқсат алынғаннан немесе келiсiмшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі.

Осы қағида Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға жер учаскесі құқығын беру жағдайларына қолданылмайды.

Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының болуы жер учаскесiн дереу ресiмдеу үшiн негiз болып табылады.



32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау

4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсатты, лицензияны немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалануға арналған тиiстi рұқсатты, лицензияны алғаннан немесе жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасағаннан кейін жүргізіледі.



Осы қағида Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға жер учаскесі құқығын беру жағдайларына қолданылмайды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға немесе старательдікке арналған лицензияның болуы, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың немесе өндіру учаскесін және өндіру кезеңін не дайындық кезеңін бекітуді көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтырудың немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқару шартының жасалуы осы Кодексте көзделген тәртіппен жер учаскесін дереу беру үшін негіз болып табылады

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде пайдаланатын терминологияға сәйкес сондай-ақ олқылықты және келтіруді (жер заңнамасында «құзыретті орган» анықтамасының болмауы) жою мақсатында жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялық режимді енгізуге байланысты өзгерістер енгізілді.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының көзқарасымен жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия рұқсат алу болып табылмайды.


«Рәсім» сөзі «беру» сөзіне ауыстырылды, себебі ҚР ЗК «жер учаскесін беру» термині пайдаланылады, ал «рәсім» сөзінің нақты анықтамасы жоқ.





33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы


33-бап. Жер пайдалану құқығын беру

      1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. 

...

Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.



Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу: 

...


4) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде талап етілмейді.

Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ



33-бап. Жер пайдалану құқығын беру

      1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. 

...

Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.



Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу: 

...


4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан кезде;


Редакциялық түзетулер




Жаңа 33-баптың 1-тармағының 5)және 6) тармақшалары


33-бап. Жер пайдалану құқығын беру

      1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. 

...

Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.



Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу: 

...


5) жоқ;

6) жоқ.

33-бап. Жер пайдалану құқығын беру

      1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. 

...

Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.



Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу: 

...


5) ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрған, мемлекеттік және/немесе коммуналдық меншікке өтеусіз берілетін жер учаскесіне;

6) ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрған, сенімгерлік басқаруға өтеусіз берілетін жер учаскелеріне талап етілмейді.


Осы жер учаскесінде болған құрылыстар, ғимараттар, шаруашылық жүргізу, оперативті, сенімді басқару құқығын беру кезінде ең бірінші жер пайдалануды уақытша қайтарымсыз құқығын сатып алу қажет.

Осы құқықты сатып алу өз мүлігіне билік ету бойынша меншік иесі құқығын едәуір шектейді, осы объектілермен мәмілені жүзеге асыру үшін кедергі болып саналады. Мысалы, «Қазахмыс» бірлестігі Жезқазған қаласындағы спорт сарайын мемлекетке қайтарымсыз беру кезінде уәкілетті органдар жер учаскесін жалдау құқығын алдын ала сатып алуды талап еткен.





35-баптың 4-тармағы


35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы

4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.






35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы

4. Атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарынан біржақты бас тарту арқылы оны бұзуына жол берілмейді.




Келісімшарттан біржақты бас тарту соттан тыс тәсілі болып табылады (яғни сот шешімін талап етпейді) және саланың инвестициялық тартымдылықты арттыру және жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесін қорғау мақсатында тыйым салынуы мүмкін– келісімшартты бұзу тек сот тәртібінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін



37-баптың 5-тармағы

37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

      ...

5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

Қазақстан Республикасының азаматтарына –

10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;

оралмандарға – 25 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;

шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.

3) жоқ.

...


 

37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

      ...

5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

Қазақстан Республикасының азаматтарына –

10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;

оралмандарға – 25 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;

шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.

3) пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе старательдік жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін – жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлық қолданыс мерзіміне;


5-тармақ заңнамадағы олқылықты жою мақсатында толықтырулар енгізіледі (жер қойнауын пайдаланушыларға өндіру мақсаты үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы беріледі ).




37-баптың 6-тармағы

37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

      ...

6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын бір тұлғадан екінші тұлғаға беру негізінде жүргізіледі.

   Бұл ретте уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын облыстың уәкілетті органы жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісімнің және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарттың негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді.




37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы

      ...

6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын бір тұлғадан екінші тұлғаға беру негізінде жүргізіледі.

Бұл ретте уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын облыстың уәкілетті органы жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісімнің немесе жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген лицензияның және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарттың негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді



6-тармаққа жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялық тәртіпті енгізуге байланысты редакциялық түзетулер мен өзгертулер енгізіледі.





42-баптың 1 -тармағы


42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. 

Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес жәнежер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуғажер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 




42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. 

Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесінің шекарасындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесінің нысаналы мақсатына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жерді пайдаланушының оған тиесілі жер учаскесінің шекараларындағы жер қойнауын пайдалануына осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды іске асыру мақсаттары үшін рұқсат етіледі және жер учаскесінің нысаналы мақсатына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Базалық құрылыс материалдарын алуға құқықтар және жерасты суларын пайдалану құқықтарын жеке қажеттіліктері үшін беру жер қойнауының тиісті бөлігі орналасқан жер учаскесін жеке меншікке немесе жерді пайдалануға берумен бір уақытта жүргізіледі

...



«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2, 10 және 16-баптарына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ «жалпы таралған пайдалы қазбалар» ұғымын жоюға және жерасты суларды өндіру мәселелерін су заңнамасына ауыстыруға орай редакциялық түзетулер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет