Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті



жүктеу 0.71 Mb.
бет2/4
Дата30.12.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4

                  жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті
                  жасау
      1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
      2. Бюджет түсімдері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
      120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар
                 қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы
                 жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті
                 жасау
      1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
      2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.»;
      33) 124-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
      2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) шоғырландырылған қаржылық есептілікпен бір мезгілде берілетін есептерді;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
      34) 127-бапта:
      1-тармақтағы «25 наурызынан» деген сөздер «1 сәуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
      Республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлігінде жасалады;»;
      3) тармақшадағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»;
      35) 129-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»;
      36) 131-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.»;
      37) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда айқындалатын шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;»;
      38) 151-баптың 13-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджет жобасына немесе оны ағымдағы қаржы жылының бірінші жартысында нақтылау шартымен нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.»;
      154-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг бекітетін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.»;
      155-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымның сараптамасы негiзiнде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылатын болса, оның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.»;
      41) 155-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.»;
      42) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
      43) 179-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер тапсырыс шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.»;
      44) 186-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде бюджет кредиті мерзімінің соңында бюджеттік кредитті өтеуге жол беріледі.»;
      45) 187-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;»;
      46) 188-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қарыз алушыны, оның ішінде түпкілікті қарыз алушыны ол болған жағдайда айқындауды;»;
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.»;
      47) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
      Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
      Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
      Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда, қарыз алушы және түпкілікті қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
      48) 192-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырсын:
      «2-1. Кредитормен келісу бойынша бюджеттік кредитті өтеу, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушының немесе түпкілікті қарыз алушының инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде туындаған мүлкімен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеу кезінде немесе өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады.»;
      49) 193-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:
      1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;
      2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту;
      3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту;
      4) бюджеттік кредит валютасын өзгерту;
      5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.»;
      50) 196-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ кредитордың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту немесе ішінара қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі кредитордың есептен шығаруына жатады.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      51) 243-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «2014 және 2015 қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде стратегиялық жоспарларды әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды әзірлемейді.
      2015 қаржы жылына арналған бюджетті бекіту және нақтылау кезінде бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.»;
      52) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-2-баппен толықтырылсын:
      «243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке және республикалық,
                  облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы
                  бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы
                  туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған
                  қаржылық есептілік
      Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылына шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалмайды.».
      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 645-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық қызметі органдарына беру тәртібі»;
      2) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасасу, оның ішінде кеден және салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы орындайды.»;
      3) 90-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.
      Осы тармақтың ережелері:
      1) өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
      2) бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:
      негізгі борыш бойынша берешектен;
      2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.
      Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
      2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілсе;
      3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және уәкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілген соманың шегінде жүргізілсе;
      4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:
      бейрезидентке берілген:
      шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;
      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;
      борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
      шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;
      шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;
      шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;
      резидентке берілген:
      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;
      банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.
      Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:
      ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;
      талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер беру жүргізілген, кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;
      банктің басқару органы мыналардың:
      Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;
      кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;
      борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:
      кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;
      осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
      осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;
      табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;
      борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;
      5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
      6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;
      7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.
      Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
      1) кредит дерекнамасының нөмірі;
      2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;
      3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
      4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.
      Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.»;
      4) 106-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «банктердің» деген сөз «егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 132-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:»;
      6) 155-баптың 3-тармағы 29) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері:
      банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына), банк жұмыскерінің жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген;
      талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
      7) 193-баптың 5-тармағы 17) тармақшасындағы «табыстар салық салынуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.»;
      8) 200-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»;
      9) 644-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бақылау-касса машиналары – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн фискальдық жады блогі не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар, компьютерлiк жүйелер;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) фискальдық деректер операторы – ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.»;
      10) мынадай мазмұндағы 645-1-баппен толықтырылсын:
      «645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет