Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы



жүктеу 0.71 Mb.
бет4/4
Дата30.12.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4

                 келісім
      1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары концессиялық жобаны іске асыру мерзімі барысында тараптардың өзара іс-қимыл жасасу шарттарын айқындайтын тікелей келісім жасауға құқылы.
      2. Тікелей келісімде мынадай талаптар:
      1) концессия шартын бұзуға әкеп соғуы мүмкін, концессия шарты бойынша міндеттемелерді елеулі бұзу жағдайлары туралы концессионердің кредиторларын концеденттің хабардар ету міндеттемесі;
      2) концеденттің келісімімен концессионердің концессия шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі және (немесе) талаптарын басқаға беруі немесе борышты аударуы;
      3) концессионер концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін концессия шартының талаптары бойынша оны бұзуға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда және (немесе) концессионер кредиторлармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін осындай шарттардың талаптары бойынша концессионердің осындай шарттар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы туралы талап қоюға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда, концессионер кредиторларының концессионерді ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жаңа концессионердің кандидатурасын ұсыну құқығы;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионерді ауыстыру тәртібі;
      5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионер кредиторларының уақытша басқарушыны тағайындау, сондай-ақ уақытша басқарушыны тағайындау тәртібін, оның өкілеттігінің көлемі мен мерзімін айқындау құқығы;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге жағдайлар көзделеді.»;
      12) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Халықаралық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионердің акционерлерінің (қатысушылардың) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, халықаралық төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.».
      15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды.
      Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі;»;
      2) 74-бапта:
      6-тармақ алып тасталсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.»;
      3) 134-баптың 2-тармағы 24) тармақшасындағы «орындау саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «орындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру саласында жүзеге асырады.».
      16. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      8-баптың 3-тармағының 27) тармақшасындағы «Қордың» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
      17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 13, 63-құжат):
      1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
      1) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
      2) автомобиль жолдарында (учаскелерде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға жіберіледі.».
      18. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат):
      14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асырады;».
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 6) тармақшасын;
      2) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 9), 10) тармақшаларын, 17-тармағын;
      3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 4-тармағының 3) – 5), 7), 8) тармақшаларын, 8-тармағын;
      4) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 5) тармақшасының оныншы – он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші – оныншы, он үшінші, он төртінші абзацтарын, 9), 23) тармақшаларын және 9-тармағын;
      5) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 31), 32) тармақшаларын, 34) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарын және 35) тармақшасын;
      6) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 48) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2015 жылғы 1 маусымға дейін қолданыста болады.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет