Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары



жүктеу 3.47 Mb.
бет6/14
Дата14.01.2018
өлшемі3.47 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Бақылау:
      1) электр энергетикасы саласында;
      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына;
      4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
      5) газ және газбен жабдықтау саласында;
      6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
      7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;
      8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
      9) атом энергиясы саласында;
      10) автомобиль көлiгi саласында;
      11) темiржол көлiгi саласында;
      12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      13) көлiк саласында;
      14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
      15) iшкi су көлiгi саласында;
      16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
      17) техникалық реттеу саласында;
      18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
      19) метрология саласында;
      20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
      21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
      23) тұқым шаруашылығы саласында;
      24) астық нарығын реттеу саласында;
      25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
      26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
      27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
      28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
      29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
      30) жердi пайдалану мен қорғауға;
      31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
      32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
      33) қалдықтармен жұмыс істеуге;
      34) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;
      35) азаматтық қорғаныс саласында;
      36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
      37) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      38) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;
      39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
      40) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулердiң ұйымдастырылуына және жүргізілуіне;
      41) инфекциялық аурулардың профилактикасы жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;
      42) бiлiм беру жүйесiне;
      43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
      44) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына;
      45) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;
      46) халықты жұмыспен қамту саласында;
      47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
      48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
      49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
      50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
      51) байланыс саласында;
      52) ақпараттандыру саласында;
      53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      54) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 11-тармағынан қараңыз.
      54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
      55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
      56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
      57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
      58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
      59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;
      60) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
      61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының вексель және валюта заңнамасының сақталуына;
      62) экономикалық шоғырлануға;
      63) бәсекелестікті қорғау саласында;
      64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалануға;
      65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында;
      66) бағалау қызметi саласында;
      67) табиғи монополиялар салаларында;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
      68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;
      68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;
      69) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына;
      70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
      71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
      72) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;
      73) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;
      74) күзет қызметiне;
      75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;
      76) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;
      77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;
      78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
      79) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
      81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
      82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;
      83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
      84) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындалуына;
      85) спорт объектiлерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасына;
      86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
      87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
      88) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;
      89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына;
      90) биоотын айналымы саласында;
      91) биоотын өндiру саласында;
      92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;
      93) ғарыш қызметi саласында;
      94) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына;
      95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
      96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
      97) ветеринария саласында;
      98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
      99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
      100) автомобиль жолдары саласында;
      101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
      102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
      103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
      104) рұқсаттық бақылау саласында;
      105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
      106) өнеркәсiп саласында;
      107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
      108) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;
      109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
      110) мемлекеттік статистика саласында;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
      111) органикалық өнім өндіру саласында;
      112) қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларының сақталуына;
      113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады;
      114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.
      Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

      Қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
      2) азаматтық авиация қызметiне;
      3) халықаралық әуе тасымалдарына;
      4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
      5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
      6) iшкi су көлiгi саласында;
      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
      8) ветеринария саласында;
      9) өсiмдiктер карантинi саласында;
      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
      11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;
      12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
      13) кредиттiк бюролар қызметіне;
      14) инвестициялық қорлар қызметiне;
      15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
      16) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
      17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
      18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.
 

2-параграф. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

140-бап. Тексерудің жалпы мәселелері

      1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:


      1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;
      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
      3) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.
      2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
      3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
      2) Кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік ресімдеуді аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
      3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
      4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
      5) "Ішкi су көлiгi туралы" және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
      6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
      7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
      9) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуіне;
      10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
      11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына;
      12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
      12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
      13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
      14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға;
      15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына;
      16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына;
      17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптардың сақталуына;
      18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
      19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
      20) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жөніндегі талаптарды сақтауына;
      21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
      22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
      23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына;
      24) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;
      25) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
      Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
      5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
      Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.
      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
      7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады.
      8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
      Осы тармақтың күшi:
      1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
      4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
      Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

141-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді)топтарға бөлу



      1. Мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексерiлетiн субъектiлердi төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
      2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары қолданылатын тексерiлетiн субъектiлер (объектiлер) жатады.
      Тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
      Тексерулер тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.
      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектiлерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
      1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
      2) атом энергиясы саласында;
      3) өрт қауіпсіздігі саласында;
      4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивтік материалдар мен заттардың айналысы мен оларды қолданудың белгіленген қағидаларының сақталуына;
      5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылады.
      Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі:
      1) тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде – жарты жылда бір реттен;
      2) тәуекел дәрежесі орташа болған кезде – жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және
      6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады.
      Тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.
      Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
      Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың он бесінші сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Тексерулердің жартыжылдық кестелерінің жобаларында сол бір тексерілетін субъектiлер (объектiлер) белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган кестелердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді (объектiлерді) тексерулер жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
      Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың оныншы желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың оныншы мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
      3. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.
      Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;
      2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;
      3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдар ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
      4. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялығы ескеріле отырып, Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
      6. Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
      7. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтар бойынша жатқызуды, сондай-ақ тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлуді әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      8. Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай тексерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.


Каталог: documents -> zandar
zandar -> "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы"
zandar -> Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
zandar -> Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
zandar -> "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет