Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮсіндірме жазба



жүктеу 54.69 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі54.69 Kb.


«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.


Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі


2.


Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес

3.


Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді

4.


Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау Иранның нарығына тауарлардың қолжетімді болу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды


5.


Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі


«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу


6.


Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының

Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 268 қаулысы.

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 684 Жарлығы.


7.


Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы


Жоқ

8.


Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9.


Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді



10


Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім бойынша:

ғылыми-лингвистикалық сараптаманың 2017 жылғы 18 қазандағы № 19-07/349 оң қорытындысы;

ғылыми-құқықтық сараптаманың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 19-05-3/5753 қорытындысы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты жанындағы уақытша сараптама тобының мемлекеттік тілге аударылу сапасы туралы 2018 жылғы 27 наурыздағы № 3-14-3-14/1652 қорытындысы бар.




11.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.


Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz сайтында (2018 жылғы 20 наурыз, 4,8 МБ), сондай-ақ www.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (2018 жылғы 20 наурыз, 4,71 МБ)

13.


Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz сайтында орналастырылды (2018 жылғы 20 наурыз, 4,8 МБ)


14.


Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат


«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Келісім ратификациялануға жатады



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
2018 жылғы « »




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет