«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына арналған



жүктеу 48.76 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі48.76 Kb.


«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына арналған

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




р/с



Түсіндірме жазбада

көрініс табуы тиіс мәліметтердің

тізімі


Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы тарапынан ратификацияланған халықаралық шарттардың нормалары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсенің хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе қабылдау қажеттілігін туғызып отырған өзге де негіздемелерге сілтеме жасай отырып дайындалған жобаны қабылдау негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 20 05 жылғы 30 мамырдағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес


3.

Жоба бойынша қаржы шығындарына деген қажеттілік және оның қаржылық тұрғыда қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсінік хатпен бірге ұсынылады)

Талап етілмейді

4.

Жоба қабылданған жағдайдағы болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылу Қазақстанға дамыған ЭЫДҰ елдерінің әлеуметтік-экономикалық стандарттарына жақындауға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, ел экономикасының дамуына ықпал етеді.

Теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары болмайды.



Елдік бағдарламаның жүзеге асырылуы

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Меморандумның мақсаты ЭЫДҰ ұсыныстары негізінде құрылымдық реформалардың жүргізілуін жалғастыру, біріккен зерттеу жұмыстарын жүргізу нысанында ЭЫДҰ елдерімен ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның ЭЫДҰ құрылымының жұмысына қатысуы, 2019-2022 жылдар аралығында әр түрлі құқықтық құралдарға қосылу болып табылады.

6.

Жобада қарастырылып отырған мәселелер және оларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша бұған дейін қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері туралы мәліметтер

«Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №10 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылуын хат алмасу нысанында ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №473 қаулысы


7.

Қабылданған (өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі талап етілетіндігін не талап етілмейтіндігін көрсету) жағдайда, заңнаманы енгізіліп отырған жобаға сәйкестендіру қажеттілігі немесе мұндай қажеттіліктің туындамауы

Талап етілмейді

8.

Реттеуші әсерлерге (болған жағдайда) талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы тарапынан ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келуі

Сәйкес келеді

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда да жүргізілген жағдайда қосымша талдама нәтижелері (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа)

Талап етілмейді

11.

Жобалар мен олардың материалдарын «Қазақстан Республикасының Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32дсп/22П-қбп бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізіміне сәйкес мемлекеттік құпияны және (немесе) қызметтік ақпараттардан тұратын жобаны қоспағанда

Рұқсат етіледі

12.

Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (күні, байт саны) орналастырылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресурсында, www.economy.gov.kz мекен-жайымен мемлекеттік тілде – (КБ) – орыс тілінде (КБ) орналастырылды


13.

Тауарлармен, қызметтермен саудаға немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз-релизінде орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға жатпайды


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___» _________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет