Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы



жүктеу 209.92 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі209.92 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді

ратификациялау туралы

2014 жылғы 9 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті



«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Иран Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА





Р/с №


Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру бюджет қаражатын жұмсау қажеттілігіне әкеп соқпайды

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі


Мақсаты – қазақстан-иран сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, республиканың көлік дәліздеріне иран тасымалдаушыларын тарту арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін іске асыру және қазақстандық тасымалдаушылардың тасымалдар географиясын кеңейту.

Осы Келісім Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының тасымалдаушыларына Тараптар мемлекеттерінің арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалдарын рұқсаттар негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 972 қаулысы

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба заңнаманы оған одан әрі сәйкес келтіруді болжамайды

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша Келісім жобасына сарапшылардың ескертулері болған жоқ («Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ 2014 жылғы 18 тамыздағы №18-07/1420 хаты).

Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы бойынша Келісім жобасына сарапшылардың ескертулері болған жоқ («Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС 2014 жылғы 16 тамыздағы №133 хаты)



9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешев

2014 жылғы «___» _____________



Қазақстан Республикасы


Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) 2014 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында жасалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Әсет Өрентайұлы Исекешев қол қойды.

Осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды оңайлату болып табылады.

Осы Келісім Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ осындай тасымалдарды орындауға рұқсат берілген тасымалдаушылардың жоғарыда аталған мемлекеттердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарын реттейді.

Осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Иран арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыру және қазақстан-иран сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді.

Келісімнің ережелері Қазақстан мен Иран арасында, олардың аумақтары арқылы транзитпен жүк тасымалдауды, сондай-ақ рұқсат негізінде үшінші елдерге (елдерден) жүк тасымалдауды реттейді.

Қазақстан мен Иран арасындағы тасымалдау көлемі 2013 жылға шамамен 18,2 мың тоннаны құрады.

Экспорттық-импорттық қатынаста екі мемлекет арасында тасымалданатын негізгі жүктер дайын азық-түлік, жануар текті азық-түлік, машиналар, механизмдер мен жабдықтар және т.б. болып табылады.

Келісім ратификацияланғаннан кейін тараптар тасымалдаушылары қазақстан-иран автотасымалдау нарығын белсенді игере бастайды.

Сонымен, оның ережелерін қолдану Қазақстан тарапы үшін пайдалы болып табылады, өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің тасымалдаушылары - украина, белорусь және ресей көлік компаниялары жүзеге асырады.

Келісім «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес ратификациялануға жатады, өйткені Келісімнің 6-бабы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен өзгеше ережелерді белгілейді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 459-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруі, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Осы заң жобасын қабылдау бюджет қаражатын жұмсау қажеттігіне әкеп соқтырмайды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіп отыр.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуынан мүмкін болатын экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдарлар болжамдары
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 2014 жылғы 9 қыркүйекте Астанада қол қойылған келісімді ратификациялауға бағытталған.

Осы Заңның қолданылуы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ осындай тасымалдарды орындауға рұқсат берілген тасымалдаушылардың және жоғарыда аталған мемлекеттердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарын реттейді.

Қазақстан мен Иран арасындағы тасымалдау көлемі 2013 жылға шамамен 18,2 мың тоннаны құрады.

Келісімді ратификациялағаннан кейін тараптар тасымалдаушылары қазақстан-иран автотасымалдау нарығын белсенді игере бастайды, сөйтіп оның ережелерін қолдану Қазақстан тарапы үшін пайдалы болып табылады, өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің тасымалдаушылары - украина, белорусь және ресей көлік компаниялары жүзеге асырады.

Заңның қолданылуы мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдарларды көздемейді.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешев

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

АНЫҚТАМА ПАРАҚ


1.

Заң жобасының бастамашысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

құрылған жоқ

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет

 

4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

 

5.

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

 

6.

3аң жобасының ғылыми сараптамасы

ғылыми-лингвистикалық сараптаманы «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі;

ғылыми-құқықтық сараптаманы «Болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді



Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

7.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

 

8.

3аң жобасын пысықтау процесінде

 




енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар




9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Ә.Ө. Исекешевке

10.

Балама жобалардың бар-жоғы

жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

 

13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

шығарылған жоқ

14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

 

15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

 

16.

Заңның күшіне енетін уақыты

 

17.

Өзге де белгілер

 

______________________________________


«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау нәтижелері туралы анықтама
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) Қазақстан мен Иран арасындағы жүктердің автомобиль тасымалын жүзеге асыру және қазақстан-иран сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды оңайлату болып табылады.

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://www.mid.gov.kz ресми веб-сайтында жарияланды.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары қатысушылары тарапынан, сондай-ақ Интернет желісінде заң жобасының мәтіні бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешев

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына



КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі










Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігі










Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі










Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі










Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі
































Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің) жобасына қоса берілетін құжаттардың

ТІЗБЕСІ


Р/с



Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы








2.

Жобаға түсіндірме жазба








3.











4.











5.





















Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.


Қолы ___________ күні ________

Келісу

ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімі) жобасының атауы:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі













Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі















Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі















Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі















Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі










































Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің) жобасына қоса берілетін құжаттардың

ТІЗБЕСІ


Р/с



Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының
(ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы








2.

Жобаға түсіндірме жазба








3.

Жіберу көрсеткіші








4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері








5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі








6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі








7.









8.









9.













































Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.


Қолы ___________ күні ________
Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Идентификация опасных производственных объектов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет