Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім



жүктеу 107.17 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі107.17 Kb.


Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы

Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім

Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі,

екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниет ете отырып, басқа елдің Мемлекетінің аумағындағы әрбір мемлекет инвесторларының инвестициялары үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып, осы инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау инвесторлардың бастамаларын ынталандыруға және екі елдің әл-ауқатын жақсартуға қабілетті екендігін ұғына отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін:

1. «Инвестициялар» термині Уағдаласушы Тараптың инвесторының бақылауында немесе меншігінде тұрған екінші Уағдаласушы Тарап мемлекеттердің аумағында соңғы Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес активтердің кез келген түрін білдіреді, және оның ішінде:



  1. жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ заемдар, жалға алу, кепілдер және міндеттемелер, узуфрукттер сияқты кез келген басқа заттық құқықтарды;

  2. заңды тұлғалардың үлестерін, акциялары мен облигацияларын және заңды тұлғаның үлестік қатысуының басқа да нысандары, сондай-ақ Уағдаласушы Тарап немесе оның кез келген инвесторы шығарған бағалы қағаздарды;

  3. экономикалық құндылығы бар инвестициямен байланысты немесе заемдар сияқты кез келген әрекетке және ақшалай қаражаттарға талаптарды;

  4. 1973 жылғы 2 қазанда енгізілген түзетулерімен 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қабылданған Бүкіл әлемдік зияткерлік меншік ұйымы Конвенциясының 2-бабында берілген зияткерлік меншік құқығын;

  5. ұлттық заңнамасы негізінде немесе шарты бойынша ұсынылған кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған құқықты қамтиды.

активтері инвестицияланатын немесе кері инвестицияланатын нысанның кез келген өзгерісі мұндай өзгерiс аумағында инвестициялары жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына қайшы болмаған жағдайда инвестиция ретiндегi олардың бiлiктiлiгiне ықпал етпейдi.

2. «Кірістер» термині инвестициялардан алынған, атап айтқанда, бірақ айрықша емес пайданы, дивидендтерді, роялтиді, капитал өсімін қоса алғанда, және кез келген ұқсас төлемдер мен салымдарды білдіреді.

3. «Инвестор» термині:

а) Сауд Арабиясы Корольдігіне қатысты:

І) Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық заңнамасына сәйкес Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтығы бар жеке тұлғаны;

ІІ) Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық заңнамасына сәйкес, бекітілген заңды тұлға немесе ұйым;

ІІІ) Басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестицияларды жүзеге асырушы Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі мен оның қаржы институттары және Сауд Арабиясының ақша-кредит агенттіктері, қоғамдық қорлар мен Сауд Арабиясында бар басқа да осыған ұқсас мемлекеттік институттар сияқты уәкілетті органдар.

b) Қазақстан Республикасына қатысты:

І) Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жеке тұлғаны;

II) Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес құрылған басқа Уағдаласушы Тарап аумағында инвестицияларды жүзеге асырушы заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымды білдіреді.

4. «Аумақ» термині:

І) Қазақстан Республикасына қатысты:

Қазақстан Республикасы ұлттық заңнаманың нормаларына және халықаралық құқықтарға сәйкес егемендігін жүзеге асыратын және заңды құзыретін қолданатын суды, жер қойнауын және әуе кеңістігін қоса алғанда, құрлық, теңіз және әуе шекаралары шегіндегі мемлекеттің аумағын білдіреді.

ІІ) Сауд Арабиясы Корольдігіне қатысты:

Сонымен қатар шекаралары шегіндегі аймақтарға, теңіз және су асты аймақтарына, әуе кеңістігіне және арнайы экономикалық аймақтарының учаскелері мен құрлықтық қайраңға қатысты, тек халықаралық құқық Уағдаласушы Тарапқа осы аймақтарда егемен құқықтары мен заңды билігін жүзеге асыруға рұқсат береді.
2-бап
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейді әрі өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат береді. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына әділ және тең құқықты режим ұсынады.

2. Кез келген Уағдаласушы Тараптар инвесторларының инвестициялары екінші Уағдаласушы Тарап мемлекеттердің аумағында толық қорғалуы және қауіпсіздікті пайдаланады. Уағдаласушы Тараптардың бір де біреуі өз мемлекетінің аумағында екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын кездейсоқ немесе кемсітпеушілік тәсілмен басқаруына, қамтуды, пайдалануына, иеленуге немесе арылтуға залал тигізбейді.



3-бап
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары оның аумағында жүзеге асырған инвестицияларға немесе кез келген үшiншi мемлекеттердiң инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға неғұрлым қолайлы болып табылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимдi ұсынады.

2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары оның аумағында жүзеге асырған инвестицияларға немесе инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға неғұрлым қолайлы болып табылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимдi ұсынады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бір Уағдаласушы Тараптың біреуін Уағдаласушы Тараптардың бірі қатысушы болып табылатын немесе болашақта қатысушысы болуы мүмкін, кез келген кеден одағына немесе экономикалық немесе валюталық одаққа, еркін сауда аймағына немесе осыларға ұқсас халықаралық шарттарына байланысты кез келген басымдықты режимді екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына қолдануға міндеттеуші ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

4. Осы баптың шарттары салық мәселелеріне қолданылмайды.


4-бап
1. екінші Уағдаласушы Тараптарға экспроприация мен мемлекет иелігі әсері бірдей болып табылатын әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестициялары экспроприация, мемлекет иелігіне немесе басқа да бір шараға жатпайды, бұдан басқа қоғамдық пайда үшін Уағдаласушы Тараптарға және тез арада, лайықты және тиiмдi өтемақыға кемсiтушiлiк шаралар емес сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес келетін жағдайда.

Өтемақы қайсысы бұрын болғанына байланысты тікелей экспроприация немесе алда болатын экспроприация туралы белгілі болғанға дейін экспроприацияланған инвестициялардың әділ нарықтық құнына сәйкес келуге тиіс. Ол кідіртусіз төленуге, тиімді іске асырылуға және еркін аударылуға тиіс.

Экспроприация, мемлекет иелігі мерзімінде немесе мерзіміне дейін және осы өтемақының төлемін және салыстырмалы шарасын анықтау үшін ұсыну лайықты түрде өтеледі. Әрбір осындай экспроприацияның, мемлекет иелігін немесе заңдылығы және осы өтемақының төлемін салыстырмалы шарасының анықтау үшін тиісті сот процесінде қайта қарауына жатады.

2. Екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы соғыстың немесе кез келген басқа қарулы жанжалдың, революцияның, төтенше жағдайдың немесе көтерілістің жай-күйінен басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестицияларына зиян келтiрiлген Уағдаласушы Тараптардың инвесторларына ұсынатынына қарағанда неғұрлым қолайлы болып табылатын режим ұсынылады. Осы кезде жасалған төлемдер еркін аударылады.

3. Әрбір Уағдаласушы Тараптың инвесторларына екінші мемлекеттің Уағдаласушы Тарап аумағында осы бапта көрсетілген мәселелерге қатысты «ең қолайлы» режимі қолданылады.
5-бап
1. Егер Уағдаласушы Тарап немесе оның уәкілетті органы осындай Уағдаласушы Тараптың кез келген инвесторына осындай инвестордың екінші Уағдаласушы Тарап аумағындағы инвесторларына қатысты кепілдік немесе сақтандыру шарттарына сәйкес төлем жүргізсе, онда соңғы Уағдаласушы Тарап:

(а) осындай инвестордың өзінің негізінде осындай төлем жүргізілетін кез келген құқығын немесе талабын бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе оның уәкілетті органына беруді;

(b) бірінші Уағдаласушы Тараптың немесе оның уәкілетті органының ккез келген осындай құқықты немесе талапты суброгацияға орай инвестордың бастапқы құқығы немесе талабы сияқты дәрежеге жүзеге асыру құқығын мойындайды.
6-бап

1. Басқа Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында иелік ететін әрбір Уағдаласушы Тарап Екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына олар барлық салық міндеттемелерін орындағаннан кейін олардың инвестицияларымен және инвестициялық кірістермен байланысты төлемдерді еркін аударуға кепілдік бееді, атап айтқанда, мыналарды қамтиды, бірақ айықша емес:

1. инвестицияларды қолдау немесе ұлғайту үшін бастапқы капитал және қосымша сома;

2. кiрiстерді;

3. несие төлеу;

4. инвестицияларды толық немесе бөлiгін сатудан немесе жоюдан түскен түсiм;

5. лицензиялық төлемдер немесе алымдар;

6. шетелден жалданған инвестицияларды жүзеге асырумен және жұмыс iстейтiн персоналдың жалақысы мен басқа да сыйақылары; осы Келiсiмнiң 4-бабында көзделген өтемақыны қамтиды.


7-бап
1. Жоғарыда айтылған 4, 5 немесе 6-баптарға сәйкес аударымдарды теңгерім бағамы күніне қолданылатын инвестор жүзеге асыруды сұраған күні кідіріссіз жасалады.

2. Теңгерім бағамы валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы болмаған жағдайда, қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюталық қормен қолданылатын болған кросс-бағамына сәйкес келеді.

3.Уағдаласушы Тарап осы бапқа сәйкес өзінің мідеттерне сәйкес келмейтін шараларды келесі жағдайларда қолдай немесе қабылдай алады:

(а) төлем баланстарымен және сыртқы қаржысымен және оларға қауіп төну сияқты қиындықтар туындаған жағдайда; немесе

(b) ерекше жағдайларда капитал қозғалысы макроэкономикалық басқаруға, атап айтқанда ақша-несие және бағам саясатына айтарлықтай қиындықтар тудырады немесе қауіптендіреді.

1-тармақта көрсетілген шаралар:

(a) шешім қабылдаушы Уағдаласушы Тарап аталған Келісіммен тарабы болып болғандықтан Халықаралық валюталық қор туралы Келісіммен сәйкес келу керек,

(b) жоғарыда баяндалған, жағдайлар шегінен шықпауы керек

(c) қолайлы жағдайлар болған кезде жойып және уақытша болуы керек.

(d) басқа Уағдаласушы Тарап кідіріссіз хабардар болуы керек және

(е) басқа Уағдаласушы Тараптардың қаржылық, экономикалық және коммерциялық қызығушылықтарына артық зардап келтіруін болдырмау.

4. Осы Келісімде ештене Халықаралық валюталық қор туралы Келісімнің Баптарына сәйкес мүшелері ретінде кез келген Уағдаласушы Тараптың құқықтары мен міндеттерін қозғамауы тиіс.


8-бап
Егер ұлттық заңнама мен кез келген халықаралық құқықтан шығатын қазіргі уақытта бар немесе алдағы уақытта орнатылатын  Уағдаласушы Тараптың ережесі немесе  міндеттері осы Келісімге қосымша ретінде әрбір Уағдаласушы Тарап мұндай инвестицияларға, мүдделі инвестор үшін режимдердің қайсысы неғұрлым қолайлы екендігіне байланысты, не өзінің тұлғаларының инвестицияларына, ұсынылатын режимнен қолайлығы кез келген жағдайда кем болмауы тиіс режимді ұсынады.  
9-бап
Осы Келісім күшіне енгенге дейін немесе кейін жүзеге асырылған инвестицияларға қолданылады, бірақ ол күшіне енгенге дейін туындауы мүмкін кез келген инвестициялық дауға қатысты қолданылмайды.

10-бап


  1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар мүмкiндiгiнше дипломатиялық арналар арқылы Уағдаласушы Тараптар арасында келіссөздер арқылы шешiледi.

2. Егер дау мұндай жазбаша сұрау салуды жолдағаннан кейін кез келген Уағдаласушы Тарап алты ай iшiнде осындай түрде реттелмесе, ол кез келген Уағдаласушы Тарап бұл дауды төрелiк соттың қарауына ұсынылады.

3.Төрелiк сот әрбiр жекелеген iс бойынша мынадай үлгіде құрылады:

- Әрбір Уағдаласушы Тарап бір мүшені тағайындай алады және осы екі мүше үшінші мемлекет азаматының кандидатурасын Төраға ретінде келіседі. Осындай мүше екі ай ішінде, ал көрсетілген ТөрағаУағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа дауды төрелік соттың қарауына беру ниеті туралы хабарлаған күннен бастап үш ай тағайындалады.

4. Егер осы баптың 3-тармақта жоғарыда көрсетілген мерзімдер сақталмаса, кез келген Уағдаласушы Тарап уағдаластық болмаса, Халықаралық Сотының Төрағасын қажетті тағайындауларды жүзеге асыру үшін шақыра алады. Егер Төраға кез келген Уағдаласушы Тараптар мемлекетінің азаматы болып табылса, немесе қандай да бір түрде көрсетілген функцияларды орындауға қабілетсіз болса, Вице-Төраға қажетті тағайындауды жүзеге асырады. Егер Вице-Төраға кез келген Тараптар мемлекетінің азаматы болып табылса, егер ол көрсетілген функцияларды орындауға қабілетсіз болса, БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Уағдаласушы Тараптардың ешбірінің азаматы болып табылмайтын, жоғары тұрған мүшесі қажетті тағайындауларды жүргізуге шақырылады.

5. Төрелік сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешім Уағдаласушы Тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс. Әрбір Уағдаласушы Тарап төрелік рәсімдерде өз мүшесінің және оның өкілдігінің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды көтереді. Төрағаның қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мен қалған шығыстарды Тараптар теңдей көтереді. Төрелiк сот шығыстарға қатысты өзге де қағидаларды белгілеуі мүмкін. Басқа жағдайларда Төрелiк сот барлық қалған қатынастарда рәсімдердің өзiндік қағидаларын белгiлейдi.
11-бап
1. Бірінші Уағдаласушы Тараппен екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторы арасындағы инвестициялар бойынша даулар бірінші Тарап Мемлекетінің аумағында мүмкіндігінше келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

2. Егер дау осы баптың 1-тармағында көрсетілген алты ай ішінде реттелмесе, онда ол инвестордың талабы бойынша:

а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттің Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына;

b) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында қол қою үшiн ашылған, мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенцияға сәйкес төрелiк сотқа жолданады.

3. Егер дау осы баптың 2-тармағының (а) тармақшасына сәйкес құзыретті сотына ұсынылса,Уағдаласушы Тарапжалпы құқықтың нормалары жөнінде инвестор бір мезгілде халықаралық төрелік сотқа жүгіне алмайды.Егер дау төрелік сотқа берілетін болса, онда төрелік сотың шешімі екі Тарап үшін міндетті болады және жоғарыда көрсетілген Конвенциясында көзделген апелляция мен сот қорғауы арқылы болмайды. Шешім ұлттық заңнамаға сәйкес орындалатын болады.
12-бап
Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дипломатиялық немесе консулдық қарым-қатынастарға қарамастан күшінде қалады.
13-бап
1. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар тиісті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім он жыл мерзімге жасалады және ол өткен соң автоматты түрде он жыл мерзімге ұзартылады әрі дипломатиялық арналар арқылы бір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың осы Келісімінің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап он екі ай өткенге дейін күшінде болады.

2. Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімдері бойынша ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамамен рәсімделетін және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіпте күшіне енетін оның өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

3. Осы Келiсiмнiң 1-12-баптарының ережелерi Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн он жыл бойы қолданылатын болады.

Осыны куәландыра отырып, тиісті Үкіметтер тиісті түрде өкілеттік берген төменде қол қойғандар осы Келісімге қол қойды.



______________ _____________ __________екі данада әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндер дәлме-дәл болып табылады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.



Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін


Сауд Арабиясы

КорольдігініңҮкіметі





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет