Ќазаќстан Республикасыныѕ Конституциялыќ заѕы



жүктеу 108.94 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі108.94 Kb.

жоба

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 5-бапта:

тақырыбындағы «соттар қызметiнiң тәртiбiн» деген сөздер «сот ісін жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлігіндегі «, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi» деген сөздер алып тасталсын;

2) 6-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі:

«қайта ұйымдастырады» деген сөздерден кейін «, қайта атайды» деген сөздермен толықтырылсын;

«Төрағасының» деген сөзден кейін «Жоғары Сот Кеңесімен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «Төрағасының» деген сөзден кейін «Жоғары Сот Кеңесімен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынымы негiзiнде Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.»;

3) 9-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;»;

3) тармақша «азаматтарды» деген сөзден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;

4) 10-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі:

«қайта ұйымдастырады» деген сөздерден кейін «, қайта атайды» деген сөздермен толықтырылсын;

«Төрағасының» деген сөзден кейін «Жоғары Сот Кеңесімен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әрбiр облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкілетті органның Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынымы негiзiнде Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.»;

5) 11-баптың 3-тармағында:

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;

3) қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) кассациялық сот алқасы.»;

екінші бөлікте «Сот» деген сөз «Апелляциялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кассациялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын облыстық сот төрағасы басқарады.»;

6) 14-бапта:

1-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) кассациялық сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біреуіне жүктейді. Бұл ретте кассациялық алқа отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық алқасының судьясына жүктеледі.

Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда төрағаның міндетін уақытша орындау облыстық соттың кассациялық алқасының судьясына жүктеледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттерін атқаруды жүктеуді облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біреуі жүзеге асырады. Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда төрағаның міндетін уақытша орындау облыстық соттың судьясына жүктеледі.»;

7) 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;»;

8) 16-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасындағы «бойынша төмен көрсеткіштері бар» деген сөздер «сапасы төмен» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 17-бапта:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сот практикасы мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулылар қабылдайды;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары және сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Сот судьялары және сот алқалары төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Кадр резервімен жұмысты құру және ұйымдастыру тәртібін Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді.»;

10) 20-бапта:

1) тармақта:

мемлекеттік тілдегі мәтінде 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерін түсіндіретін Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдарды және заңда көзделген негiздемелер бойынша қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiн қайта қарау туралы ұсынымдарды енгiзедi;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын;

«8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;»;

2-тармақта:

3) тармақша «кандидатураларды» деген сөзден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1) тармақша «кандидатураларды» деген сөзден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 21-баптың 1-тармағында:

1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;»;

12) 22-баптың 1-тармағында:

3) тармақшада «мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді,» деген сөздер «мәселелерiн түсiндiретін» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-1) тармақшада «бойынша төмен көрсеткіштері бар» деген сөздер «сапасы төмен» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) мемлекеттік тілдегі мәтінде 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды тұлғасы болып табылады.»;

14) 29-бапта:

1-тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«біліктілік емтиханын тапсырған. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар оқуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде емтихан тапсырудан босатылады;»;

алтыншы абзацтың екінші сөйлемі «адамдарға» деген сөздерден кейін «оқуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«Судьялыққа кандидаттар сотта тағылымдамадан өтеді, оның ішінде тұрақты негізде де тағылымдамадан өтеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Біліктілік емтиханын тапсырған және заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы бар адамдар ерекше жағдайда Жоғары Сот Кеңесінің шешімімен тағылымдамадан өтуден босатылуы мүмкін.»;

15) 30-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. Судья, сот төрағасы, сот алқасы төрағасы қызметіне кандидаттарды iрiктеу»;

3-тармақта:

бірінші бөлігі «Кеңесі» деген сөзден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлігі «Кеңесі» деген сөзден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 31-бапта:

5-тармақта:

«Жергілікті және басқа» деген сөздер «аудандық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Облыстық соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.»;

7-тармақтың екінші бөлігі «алқаларының төрағалары» деген сөздерден кейін «, Жоғарғы Соттың төрағасы және сот алқаларының төрағалары» деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақта:

«судьялардың жалпы саны қысқартылған» деген сөздер «тиісті сот судьяларының саны өзгерген» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 33-баптың 1-тармағында:

3-1) тармақшада «судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының» деген сөздер «Сот жюриінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-2) тармақша алып тасталсын;

18) 34-бапта:

тақырыбы «Судьяны» деген сөздің алдынан «Төрағаны, сот алқасы төрағасын және» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

бірінші бөлік «Судьяның» деген сөздің алдынан «Төрағаның, сот алқасы төрағасының және» деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақша «таратылуына» деген сөзден кейін «, соттың қайта ұйымдастырылуына, тиісті сот судьялары санының өзгеруіне» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылғанда;»;

9) тармақша алып тасталсын;

10) тармақша «судья» деген сөздің алдынан «зейнеткерлік жасқа немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Судьяның өкiлеттiгi судьяның кәсіптік жарамсыздығына байланысты, тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшін атқарып отырған қызметіне сәйкессіздігі туралы немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiлігi туралы Сот жюриінің шешіміне немесе қорытындысына байланысты тоқтатылуы мүмкiн.»;

5-тармақтың екінші бөлігі «Тиісті» деген сөздің алдынан «Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын қысқартуға байланысты өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда судьяға шығу жәрдемақысы төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде төленеді.

8. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен және 2-тармағымен көзделген судьялардың өкілеттіліктерін тоқтату негіздері теріс себептер болып танылады.

9. Осы баптың 1-тармағының 8-1) тармақшасымен көзделген негіздер бойынша судьяны қызметінен босатуға аудандық соттар, облыстық соттар, Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын қысқарту бар бос орын бірліктері есебінен жүргізу мүмкін болмағанда ғана жол беріледі.»;

19) 34-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы

Судья қызметінде болуға әйелдер үшін – 63 жас, ерлер үшін – 68 жас болып табылады.

Судьялар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа жеткеніне дейін судья қызметінде одан болуына Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың Төрағасы рұқсат етеді.»;

20) 35-бапта:

2-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Орнынан түсудің тоқтатылуы орнынан түсуіне байланысты судья қызметінен босату тәртібімен жүзеге асырылады.»;

21) 35-1-бапта:

тақырыбы «және орнынан түскен судьяны өмір бойы асырау» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 3, 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Судья қызметінде 20 жылдан астам еңбек стажы бар орнынан түскен судьяға оның соңғы қызметіндегі жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде ай сайынғы өмір бойы асырау ақысы төленеді, оған салық салынбайды.

Судья қызметінде 15 жылдан 20 жылға дейін еңбек стажы бар орнынан түскен судьяға оның соңғы қызметіндегі жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде ай сайынғы өмір бойы асырау ақысы төленеді, оған салық салынбайды.

4. Орнынан түскен судья зейнеткерлік жасқа жеткен кезде оның таңдауы бойынша оған жалпы негізде зейнетақы немесе салық салынбайтын ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі төленеді.

5. Судьяның орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі тоқтатылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда ай сайынғы өмір бойы асырау төлемі тоқтатыла тұрады.»;

22) 38-бап атып тасталсын;

23) 38-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«38-1-бап. Сот жюриі

1. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның орнынан түсу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін он бір судьядан тұратын Сот жюриi құрылады.

2. Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi немесе облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Сот Төрағасының немесе Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының ұсынымы Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiнде материалдарды, тәртіптік істерді қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережеде белгіленеді.»;

24) 41-бап алып тасталсын;

25) 43-бап алып тасталсын;

26) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«44-бап. Сот жюриінің шешiмдері мен қорытындылары

1. Сот жюриі тәртiптiк iс бойынша:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

2. Сот жюриі кәсіби біліктілігіне күмән келтірілген судьяға қатысты материалдарды қарау кезінде:

1) оның атқарып отырған қызметіне сәйкестігі туралы;

2) судьяның кәсіби биліктілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау (судьяны оқуға жіберу, судьяға тәлімгерлік белгілеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және басқа) туралы;

3) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқарып отырған қызметіне сәйкес келмеуі туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

3. Сот жюриінің шешімі мен қорытындысы Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны қызметтен босату туралы тиісті ұсынымды Жоғары Сот Кеңесіне енгізу үшін негіз болып табылады.

4. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны қызметінен босатуға кепілдеме беруінен бас тартуы Сот жюриі шығарған шешімнің немесе қорытындының күшін жоюға және оны қайта қарауға негіз болып табылады.»;

27) 45-баптың 2-тармағында:

бірінші бөліктегі «мерзiмiнен бұрын алынуы» деген сөздер «Сот жюриі оны мерзiмiнен бұрын алуы» деген сөздермен ауыстырылсын.

28) 46-бап алып тасталсын;

29) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емдеу орнына жетуге және кері қайтуға судьяның және оның отбасы мүшелерінің жол жүру құнының шығыстары өтеліп, судьяларға сауықтыру үшiн екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. Судьяға оның заң кәсібі бойынша еңбек стажы ескеріліп:

5 жылдан 10 жылға дейін – 5 жұмыс күні;

10 жылдан 15 жылға дейін – 10 жұмыс күні;

15 жылдан астам – 15 жұмыс күні жыл сайынғы қосымша ақысы төленетін демалыс беріледі.»;

30) 51-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Судьяларға қызметтік тұрғын үйді беру және оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;

31) 55-1-бапта:

«судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының» деген сөздер «Сот жюриінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«кәсiби жарамсыздығына байланысты Сот жюриiнiң» деген сөздер «кәсiби жарамсыздығы туралы қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



2. Осы Конституциялық заңның 1-бабы 21) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының күші осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін орнынан түскен судьяларға қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет