Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



жүктеу 63.96 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі63.96 Kb.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қ.

2012 жылғы «___» ____________

№ ___



Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




    «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы ереже), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше ереже), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметтi (бұдан әрi - брокерлік және дилерлік қызмет) жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.»;

4-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4-3. Брокер және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарында белгiленген тәртiпте брокер және (немесе) дилер аффилирленген тұлғалардың есебiн жүргiзедi.»;

4-4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Клиенттердiң шоттарын номиналды ұстаушы ретiнде жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлiмшелер болуы тиiс:

1) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi (бұдан әрі - сауда бөлiмшесi);

2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi (бұдан әрi - бэк-офис);

3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.»;

7-тармақ алып тасталсын;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Банк болып табылмайтын бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында онымен аффиллирленбеген банктерде және/немесе бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнде банк шоттарын ашады.

Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері тиіс :

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы болуы тиіс;

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "A-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-сабақтас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы тиіс;

қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2-тармақтармен толықтырылсын:

«37-1. Брокер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар банк немесе сақтандыру ұйымы болып табылатын клиенттердің активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелерді ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасында не шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында ғана мыналарды қоспағанда жасайды:

1) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;

2) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сату;

3) бастапқы ұйымдастырылмаған нарығында (оларды орналастырған кезде) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер;

4) эмитенттің бағалы қағаздары және өзге міндеттемелерін эмитенттің қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау (конвертациялау).

37-2. Банк болып табылатын дилер бағалы қағаздармен мәмілелерді ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасында не шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында ғана мыналарды қоспағанда жасайды:

1) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;

2) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сату;

3) бастапқы ұйымдастырылмаған нарығында (оларды орналастырған кезде) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер;

4) эмитенттің бағалы қағаздары және өзге міндеттемелерін эмитенттің қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау (конвертациялау).»;

38, 38-1, 38-2 және 38-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Осы Ереженiң 37-тармағында белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды:

1) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған, мемлекеттiк бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;

3) брокер және (немесе) дилердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншік иелерінен (бағалы қағаздардың меншік иелерiнiң олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық өкiлдерi болып табылмайтын өкiлдерiнен) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында сатып алуына;

4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, оның iшiнде бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жiберiлмеген шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;

5) бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жiберiлген шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен резидент еместермен мәмiлелер жасауға;

6) бағалы қағаздармен (оның iшiнде брокер және (немесе) дилер өзi эмиссиялаған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыру кезiнде мәмiлелер жасауға;

7) брокер және (немесе) дилердің өзi эмиссиялаған бағалы қағаздарын сатып алуы;

8) тауар жеткiзудi көздемейтін тауар биржаларындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға;

9) білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен білікті инвесторлар қаражатының есебінен мәмілелер жасау.

38-1. Үлестес тұлғалармен акционерлік қоғамнан өзге, басқа ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған брокер және (немесе) дилердің меншiктi ақшасы есебінен мәмілелер жасау туралы шешім осы брокер және (немесе) дилердің бақылау кеңесімен келiсiледi.»;

38-2. Брокер және (немесе) дилер шарттарымен мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды.

38-3. Брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесiнде жүзеге асыратын «репо» операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен және комиссия шарты болып табылатын брокерлік қызмет көрсетуге шарты шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес тоқсан күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге «репо» операциясының бастапқы мерзiмiн ұзартуды ескерiп, жасалады.»;

44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44-1. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздар нарығындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет аясында брокердiң шоттарында орналасқан өз клиенттерiнiң ақшасын өз мүдделерiнде немесе аффилиирленген тұлғалардың мүддесiнде, сондай-ақ өздерiнiң клиентерiнiң және олардың аффилиирленген тұлғаларының мүдделерiнде заем түрiнде тартпайды.»;

7-тармақ алып тасталсын;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Бағалы қағаздардың эмитентi және андеррайтер арасында жасалған шарт (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсiлдердiң бiреуiн белгiлеу мүмкiн:

1) «қатаң міндеттемелер» тәсiлi, мұндайда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен оларды басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.

Андеррайтердiң «қатаң міндеттемелер» тәсiлiмен көрсетiлетiн қызметiн инвестициялық компания жүзеге асырады. Көрсетiлген қызмет түрiн көрсету тәртiбiн реттейтiн инвестициялық компанияның iшкi құжаттарында осы функцияларды мiндеттi түрде бекiту қосымша шарт болып табылады;

2) «ең жақсы күш салу» тәсiлi, бұл ретте андеррайтер (эмиссиялық консорциум) осы шығарылымды жартылай орналастыру тәуекелін эмитентке жүктеуiмен оларды инвесторға ұсыну арқылы эмиссиялық бағалы қағаздың шығарылымын орналастыру бойынша оған барынша күш салуға мiндеттенедi;

3) бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың басқа тәсiлi.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет