Ќазаќстан республикасыныѕ Ўлттыќ банкі туралы



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы


(Соңғы редакциядағы күні: 17.04.2010)

     Ескерту. Осы Жарлықтың 2, 13, 19, 28, 52, 54, 58, 72-баптарына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.05 N 2672 Жарлығымен, Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi, кiрiспе алынып тасталды - 2001.03.02 N 162, мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 13" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), Бүкiл мәтiн бойынша "(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)" деген сөздер алып тасталды - 2005.07.08 N 69 Заңымен.



1 Тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күшi бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күшi бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
      Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы  Парламентi Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  құрылымын және жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтуi;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi бекiтуi; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күшi бар Жарлығымен , өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 , 2001.03.02. N 162 , 2005.07.08. N 69 , 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.

      4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық


              актiлерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      5-бап. Алынып тасталды - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

      Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. U031271


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен .

2 Тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

      Ескерту. II тарауға өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
              мiндеттерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.


      Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi


              және құқықтары      

      Қазақстанның Ұлттық Банкi:


      а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
      б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
      в) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      г) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
      д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау, сондай-ақ  банкаралық клирингтi жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кiтапшаларын шығару және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      д-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органда (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны алу үшiн қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытынды берудiң тәртiбiн айқындайды;
      д-3) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар ретiндегi халықтың мүдделерiн қорғау мақсатында, айырбас пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерiн белгiлеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы;
      е) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      е-1) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;
      ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      ж-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
      ж-3) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
      з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
      и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
      и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
      и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi;
      и-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
      к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актiлерiмен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындайды;
      к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      к-2) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
      к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк және операцияларды автоматтандыру жүйелерi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      л-1) төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнiндегi алғашқы статистикалық деректердiң тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн айқындайды және оны жинауды жүзеге асырады;
      л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн, оны табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртiбiн, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялау тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
      л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша есептiлiктi және мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн, нысандарын және мерзiмдерiн белгiлейдi;
      л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;
      м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
      н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
      н-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құруға құқылы;
      о) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
      о-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      п) өзiнiң бухгалтерлiк балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
      р) елдiң төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдiң сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзiрлеуге қатысады;
      p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
      р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторингтi) жүзеге асырады;
      р-3) мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
      р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
      с) ақшаны клиенттiң банктiк шотына қате есептелгенi анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктiк шоттан ақшаны алуға оның келiсiмiн растайтын құжаттар бар болса, клиенттiң банктiк шотын дебеттеуге құқылы;
      т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
      у) Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
      у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
      у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
      у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
      у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
      у-5) банк шоттарының құқықтық режимiн және құрылымын белгiлейдi;
      у-6) ең төменгi резервтiк талаптарды, олардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
      у-8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
      у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
      у-10) қаржы ұйымдары қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын және банк қызметi, ақша төлемi мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлiк есептi және бухгалтерлiк есептi жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады;
      у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгiлейдi;
      у-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      у-13) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
      у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
      у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды;
      у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ iшкi валюта нарығында шетелдiк валютаны пайдалану бағыттарының мониторингiн жүзеге асырады;
      у-17) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiнiң ақпараттық жүйелерiнен мәлiметтердi табыс етедi;
      ф) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.05 N 2672 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1996.12.07 N 50, 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2001.05.03 N 182, 2003.07.09 N 482, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.06.11 N 562, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен, 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi

      9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 69, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы,


               қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары
               (резервтерi)

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шығыстары есебiнен күмәндi және сенiмсiз талаптары бойынша кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемiн, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi жөнiндегi өзге де талаптары мен әлеуметтiк сипаттағы төлемдердi қамтитын басқа да активтердi қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза табыс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.06.29. N 236 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2005.07.08.  N 69 Заңымен.

      11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi       

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына азайтылған, сондай-ақ негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қайта бағалау сомасына түзетiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiнбеген таза кiрiсi болып табылады. Бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.

      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттiк бюджетке аударылады.

      Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiгiнде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.


      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 заң күшi бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1999.07.16. N 436 , 2001.03.02. N 162 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 69 , 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет