Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 454.1 Kb.
бет1/2
Дата14.03.2018
өлшемі454.1 Kb.
  1   2

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 07 » желтоқсан 2012 ж.



Екінші деңгейдегі банктердің, банк холдингтерінің

басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
1. Шектеулі ықпал ету шараларына не жатады:
2. Егер белгіленген мерзімі бір айдан асатын болса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар уәкілетті органға бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалғаны туралы қандай кезеңділікпен хабарлайды:
3. Қандай лауазымды адам банктің атқарушы органының және басқарушы органының барлық мүшелерін, банктің, банк холдингінің ірі қатысушысын, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларды жазбаша ескерту туралы хабардар етуі тиіс:
4. Қандай ықпал ету шарасы бойынша сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтатпайды:
5. Бұрын қабылданған шектеулі ықпал ету шаралары қолданыста болған жағдайда банктерге және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қосымша шектеулі ықпал ету шарасын қолдану бойынша шектеулер бар ма:
6. Төменде аталған құжаттардың қайсысы бар кемшіліктерді мойындау фактісін және банктің ірі қатысушысы, банк конгломераты және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар басшылығының оларды жою бойынша кепілдігін қамтиды:
7. Міндеттеме-хаттың анықтамасын беріңіз:
8. Жазбаша келісім деген не:
9. Жазбаша ескерту деген не:
10. Жазбаша ұйғарым деген не:
11. Қандай мерзім ішінде Бірінші басшы (банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың) немесе оның орнындағы адам жазбаша ескерту туралы банктің атқарушы органының барлық мүшелерін және басқару органын хабардар етуге міндетті:
12. Жазбаша келісім қайсысының Бірінші басшысымен жасалады:
13. Банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымының жалпы қаржылық жағдайы қайсысының негізінде анықталады:
14. Банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті ай ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасы, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасы, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасы мен ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасы сомасына қатынасы қандай болатындай етіп орналастырады:
15. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары қалай есептеледі:
16. Банк акцияларын банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің тікелей немесе жанама иелену үлестері қалай есептеледі:
17. Ақшаның болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің міндеттемелер бойынша талаптарды орындау қабілетсіздігінен туындаған жекелеген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың қандай мерзімінен асқан кезде банкті қайта құрылымдау жүзеге асырылуы мүмкін:
18. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің ірі қатысушысы бола алады ма:
19. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің банк холдингі бола алады ма:
20. Заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық есептілігіне ақша қозғалысы туралы есеп кіреді ме:
21. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық есептілігіне түсіндірме жазба кіреді ме:
22. Қандай заңды тұлғалардың жарғылық капиталында банктің қатысуға құқығы бар:
23. Банктің еншілес ұйымы қанша басқа еншілес ұйымдарын құруға құқылы:
24. Банктің және (немесе) банк холдингінің болжанған еншілес ұйымының болуы нәтижесінде банк және (немесе) банк холдингі құрамына кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы банктің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту үшін негіздеме болып табыла ма:
25. Банктердің еншілес ұйымдарының атауында не міндетті түрде болуға тиіс:
26. Қандай талаптарға сәйкес келген кезде банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға құқығы бар:
27. Банктің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту үшін не негіздеме болып табылады:
28. Кепіл ретінде қабылданған акциялар немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталдарында қатысу үлестері банк меншігіне өткен жағдайларда банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының қандай шекті көлемі банктің меншікті капиталының пайызын құрауға тиіс:

29. Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді қоспағанда, банк холдингтерінің еншілес ұйымдары:


30. Капиталға қомақты қатысудың анықтамасын беріңіз:
31. Еншілес ұйымға анықтама беріңіз:
32. Банк кепілдік ретінде банктің меншігіне өтетін акцияларды немесе ұйымдардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін қандай мерзімде сатуға тиіс:
33. Тікелей немесе жанама дербес немесе тікелей немесе жанама банктің аффилиирленген тұлғаларының біреуімен немесе бірнешеуімен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан көп пайызын иеленген кезде банкке не беріледі:
34. Екінші деңгейдегі капиталдың бір құрамдас бөлігін атаңыз:

35. Бірінші деңгейдегі капиталға мерзімсіз қаржы құралдары үлесінің қандай шекті мөлшері кіреді:


36. Екінші деңгейдегі капиталға реттелген борыш қандай сомада енгізіледі:
37. Меншікті капитал есебіне мерзімсіз қаржы құралдарының төленген сомасы қандай мөлшерде енгізіледі:
38. Екінші деңгейдегі капитал есебіне не енгізілмейді:
39. Валюталық нетто-позиция лимитінің мөлшері:
40. Бір қарыз алушыға келетін тәуекел коэффициенттерін есептегенде бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері немен ара қатыста болады:
41. Банк өтімділік коэффициентін орындаған кезде қандай жағдайда өтімділік нормативін орындамаған болып танылады:
42. Сыйақы ставкасының өзгеруіне байланысты, нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары қандай талаптарға сәйкес болған кезде қаржы құралдары болып танылады:
43. Қандай жағдайларда банктің екі және одан көп еншілес ұйымынан тұратын топ қарыз алушылар тобы деп танылмайды:
44. Бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне не кірмейді:
45. Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10%-нан аспайтын банктің бір қарыз алушыға келетін тәуекелдерінің жиынтық сомасы неден аспауы керек:
46. Банкпен ерекше қатынастағы қарыз алушылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы қайсысынан аспауы тиіс:
47. Банк холдингі қатысушысы болып табылатын банк үшін меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
48. «ЕУРО» шетел валютасы бойынша ашық валюталық позицияның лимиті:
49. Бір қарыз алушыға оның міндеттемелері бойынша келетін банк тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы мынадан аспауы тиіс:
50. Өтімділігі жоғары активтер есебіне не кірмейді:
51. Өтімділігі жоғары активтер есебіне қандай бағалы қағаздар кірмейді:
52. Қайсысы өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде банк акцияларына ақы төлейді:
53. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерін есептегенде мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қандай міндеттемелер кірмейді:
54. Банктің Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің ең жоғарғы лимиті коэффициентін есептеген кезде банктің Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерінің сомасы немен ара қатыста болады:
55. Негізгі құрал жабдықтар мен басқа қаржылық емес активтерге банк инвестицияларының ең жоғары мөлшері коэффициентінің есебіне не кірмейді:
56. Банктің Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің ең жоғарғы лимитінің коэффициентін есептегенде не алып тасталады:
57. Банктің меншікті капиталға кіргізілетін екінші деңгейдегі реттелген борышына анықтама беріңіз:
58. Банктің жылдық жалпы кірісі қалай анықталады:
59. Банктің меншікті капиталы қалай есептеледі:
60. Тәуекелдерді басқару жүйесіне қандай элементтер кіреді:
61. Банк клиенттерімен мәміле жасасу банктің қандай бөлімшесінің функциясына кіреді:
62. Ішкі процесстерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарапынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде шығындар туындау тәуекелі қандай тәуекел болып табылады:
63. Құқықтық тәуекелге анықтама беріңіз:
64. Сыйақы ставкаларының жағымсыз өзгеруі салдарынан қандай тәуекел пайда болады:
65. Банк өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруі салдарынан қандай тәуекел пайда болады
66. Банктің өз міндеттемелерін ықтимал орындамауы немесе уақтылы орындамау салдарынан қандай тәуекел туындайды:
67. Бедел тәуекеліне анықтама беріңіз:
68. Банктің бэк-офисіне анықтама беріңіз:
69. Стресс-тестинг деген не:
70. Бэк-тестинг деген не:
71. Гэп деген не:
72. Банктің өз операцияларын жүзеге асыруынан туындайтын шығындардың пайда болу тәуекелі қандай тәуекел болып табылады:
73. Клиент банктік заемдық, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, банк кепілдіктерін беру операцияларын және басқа операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындау бойынша шарттың (келісім-шарттың) бастапқы талаптарын бұзуы салдарынан қандай тәуекел пайда болады:
74. Қаржы нарықтарының қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін талаптары өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдарының портфельдері құнының өзгеруі салдарынан қандай тәуекел пайда болады:
75. Банктің қай органы ішкі аудит мүшелерін тағайындайды:
76. Кім кредиттік комитеттің мүшесі бол аламайды:
77. Банктің ішкі аудитінің жоспары мен бағдарламасын қайсысы бекітеді:
78. Ішкі аудит қызметі лауазымды адам қызметіне тексеру белгілей ме:
79. Банк қызметкерлері ішкі аудит қызметін қандай мәмілелер (операциялар) туралы хабардар етеді:
80. Ішкі бақылау жүйесі қандай рәсімдерді қамтиды:
81. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:
82. Қайсысы банкте ішкі бақылау жүйесін құру мақсаттарына жатады:
83. Банкте барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын қайсысы қамтамасыз етеді:
84. Банктегі ішкі аудит қызметінің міндеттеріне не жатады:
85. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне не тыйым салынған:
86. Банкте банк қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын қайсысы бағалайды:
87. Банктің комплаенс тәуекелін басқаруды қамтамасыз етуге қайсысы жауапты:
88. Зейнетақы қорының зейнетақы активтері қайда сақталады:
89. Банк филиалдарындағы құндылықтар қоймасының есігі неше мөрмен бекітіледі:
90. Өзінің қызметін жүргізу кезінде кастодиан банк нені жасауға құқылы емес:
91. Кастодиан банктің функциялары қандай:
92. Кастодина банктің зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша қандай жауапкершілігі болады:
93. Кастодиан банк тиісті лицензияның негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымда әрбір зейнетақы қорына бағалы қағаздарды есепке алу бойынша жеке шот ашуға міндетті ме:
94. Кастодиандық қызмет барысындағы кастодиан банктің функцияларына не жатады:
95. Кастодиан банк зейнетақы қорының және/немесе осы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы болуы тиіс пе:
96. Іс жүзінде қабылданған қолма қол ақша сомалары кассалық журналдың деректеріне сәйкес келмеген жағдайда касса меңгерушісі қандай құжатты жасайды:
97. Қолма қол шетел валютасында жасалған операциялар бойынша кассалық құжаттар қалай қалыптастырылады:
98. Ұлттық валютаның ақша белгілерінің сараптамасын қайсысы жүргізеді:
99. Қандай монеталар өзінің төлемділігін жоғалтпаған монеталарға жатады:
100. Қайсысы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады:
101. Банк кассаларына ревизия қандай жиілікпен жүргізіледі:
102. Банктің басшысы банк құндылықтарының сақталуы бойынша жүргізілген ревизияның нәтижелерін қанша күн ішінде қарайды:
103. Банк кассаларына жүргізілген ревизия бойынша қандай құжат ресімделеді:
104. Қайсысы банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан кө пайызын дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама иелене алмайды:
105. Жасанды болуының анық белгілері бар банкноттар мен монеталар қайда тапсырылады:
106. Банктердің меншігіндегі немесе жалға алынған ғимараттарында өз клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін не міндетті түрде болуы тиіс:
107. Валюта құндылықтарының сақталуымен байланысты толық жеке материалдық жауапкершілік кімге жүктеледі:
108. Клиенттерден қолма-қол ақшаның банктің кассасына қабылдануы, кейін олардың ағымдағы шоттарына және корреспонденттік шоттарына есепке алу үшін қандай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
109. Банк клиенттерінің ағымдағы және корреспонденттік шоттарынан қолма-қол ақшаның берілуі қандай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
110. Жұмыс күні ішінде келіп түскен қолма-қол ақша клиенттердің тиісті шоттарына қай күні есепке алынуға тиіс:
111. Банкте қолма-қол ақшаның қандай мөлшердегі кем шығуы немесе артық шығуы кезінде клиентке қолма-қол ақша берілген банк кассасындағы және банктің операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтарын қайта есептеу үшін банк басшысының қолы қойылған тиісінше бұйрықты ресімдеумен комиссия құрылады және Ұлттық Банктің филиалы дереу хабардар етіледі:
112. Қоймаларда чемоданға (арбаларға, инкассаторлық сумкаларға, қаптарға) оралып салынған құндылықтар қанша күн сақталуы мүмкін:
113. «Кепілдік берілген чек» деген ұғымның анықтамасын беріңіз:
114. «Жабылған чек» деген ұғымның анықтамасын беріңіз:
115. Чектер қандай мақсатта қолданылады:
116. Түзетулер мен тазартып өшірулері бар чек жарамды бола ма:
117. Чек жазылған күнін қоспағанда, жазылған күнінен бастап неше күнтізбелік күнге жарамды болады:
118. Чек ұстаушы чек бойынша ішінара төлемді қабылдаудан бас тартуға құқылы ма:
119. Қазақстан Республикасының резиденті еместер Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын шығаруға құқылы ма:
120. Карт-шоттар қандай валютада ашылуы және жүргізілуі мүмкін:
121. Төлемдерді төлем карточкаларын пайдаланумен жүзеге асыру үшін қарыз беру қандай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
122. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдаланумен жасалатын төлемдер қандай валютада жүзеге асырылады:
123. Қандай кезеңде эмитенттің төлем құжатын орындаудан бас тартуы жүзеге асырылады:
124. Қандай жағдайда эмитент ұстаушыдан төлем карточкасын алып алуға құқылы емес:
125. Эквайер деген не:
126. Слип деген не:
127. Эмитент белгілі бір жүйенің төлем карточкаларын немесе жаңа типті төлем карточкаларын шығара бастаған және аяқтаған күннен бастап қандай мерзім ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті:
128. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкті қалай таңдайды:
129. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына, ол мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік өтеу ақысы төлеу бойынша рәсімдерді орындау үшін агент банкке қандай талаптар қояды:
130. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап қандай мерзімде агент банкті таңдау бойынша конкурс өткізеді:
131. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына кепілдік өтеу ақысын төлеу бойынша рәсімдерді орындау үшін агент банкті таңдау жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны:
132. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның функцияларына не жатпайды:
133. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік өтемақыны қандай жағдайда қамтамасыз етеді:

а) банкті мәжбүрлеп таратқанда &

б) банті ерікті түрде таратқанда

в) банкті қайта ұйымдастырғанда


134. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына кепілдік өтемақыны төлеу бойынша рәсімдерді орындау үшін агент банкті таңдай жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі қандай түрде ресімделеді:
135. Комиссия қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап қандай мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына кепілдік өтемақыны төлеу бойынша рәсімдерді орындау үшін агент банкті таңдау бойынша конкурстың жеңімпазын анықтайды:
136. Қайсысы депозиттерге міндетті кепілдік берудің объектісі болып табылады:
137. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозит бойынша есептелген сыйақыны өтей ме:
138. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі принциптері:

а) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындылығын қамтамасыз ету


139. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның функциялары:
140. Кепілдік өтем ақысын төлеу қандай валютада жүргізіледі:
141. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның міндеттері:
142. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін қайсысы белгілейді:
143. Қай сәттен бастап банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады:
144. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын баспасөз басылымдарында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктің тізілімін қандай кезеңділікпен жариялайды:
145. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктері міндетті күнтізбелік жарналарды қандай жиілікпен төлейді:
146. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк міндетті күнтізбелік жарналарын қандай мөлшерде төлейді:
147. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк қосымша жарналарды қандай мөлшерде төлейді:
148. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәлігін алған күнінен бастап қандай мерзімде банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді:
149. Қатысушы банктің атауы өзгерген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қандай мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктері тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізіп, қатысушы банктің куәлігін ауыстырады:
150. Қатысушы банкті депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару үшін не негіз болады:
151. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем ақыны есептеген кезде шетел валюталарының қандай нарықтық бағамы пайдаланылады:
152. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің мәжбүрлеп таратылуы және кепілдік өтемақыны төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (не агент банкті таңдауға мүмкіндік болмаған жағдайда Ұлттық почта операторының) атауын, төлену кезеңін және орнын (орындарын) көрсете отырып, қандай мерзімде кепілдік өтем ақыны төлеудің басталуы туралы хабардар етеді:
153. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы мәжбүрлеп таратылатын банктің депозиторы қандай мерзімде агент банкке оған кепілдік өтемақыны төлеу туралы жазбаша өтініш жасауға құқылы:
154. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві қандай мөлшерде қалыптастырылады:
155. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резервті қандай көздер есебінен қалыптастырады:
156. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резервтің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда қандай қаражатты пайдаланады:
157. Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер лимитінің шығысына мынадай операциялардың түрлері бойынша төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі кірмейді:
158. Респондент анықтамасын беріңіз:
159. Корреспондент анықтамасын беріңіз:
160. Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізуге қандай банктердің құқығы бар:
161. Төлемдер мен ақша аударымдары лимитін орындау бойынша талаптар қайсысына қолданылмайды:
162. Корреспондент респонденттің корреспонденттік шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмені қашан жасайды:
163. Коршотты жабуға не негіздеме болып табылмайды:
164. Банктік сәйкестендіру коды (БСК) деген не:
165. Банк нұсқауының акцептіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас тартуына не негіз болып табылады:
166. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктің нұсқауын және үшінші тұлғалардың талаптарын қандай мерзімде орындайды:
167. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотты басқару құқығына сенімхатты кімге бере алады:
168. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену мақсатында жеке тұлға үшін банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері болып табылатындар:
169. Банктерге қандай қызмет тыйым салынған:
170. Акцияларының үштен бір бөлігінен астамы Қазақстан Республикасының резиденті еместердің иелігінде болатын екінші деңгейдегі банк қандай банк болып табылады:
171. Банктер үшін жарнамаға тыйым салу қандай көрініс алады:
172. Резидент емес банк Қазақстан Республикасының аумағында қанша филиал ашуға құқылы:
173. Қандай заңды тұлғалар ҚР резидент банкінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды, және (немесе) басқара алмайды:
174. Қандай тұлға банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындалмайды:
175. Банктің директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз директорлардың саны қандай болуы тиіс:
176. Басшы қызметкерлер тағайындалған, сайланған күнінен бастап қандай кезеңнен артық уәкілетті органның келісімінсіз өз міндеттерін атқара алмайды:
177. Банк басқармасының мүшесі лауазымына үміткердің халықаралық қаржы ұйымдарындағы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы ең аз еңбек стажы қандай болуы тиіс:
178. Банктің бас бухгалтері лауазымына үміткердің халықаралық қаржы ұйымдарындағы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы ең аз еңбек стажы қандай болуы тиіс:
179. Директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына үміткердің халықаралық қаржы ұйымдарындағы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы ең аз еңбек стажы қандай болуы тиіс:
180. Қайсысы банктің филиал ашуына міндетті талаптардың бірі болып табылады:
181. Банктік операцияларға қандай операциялар жатпайды:
182. Ұлттық почта операторы депозиттерді ашу, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу операцияларын жүргізуге құқылы ма:
183. Банктің операциялар жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережені қайсысы бекітуі тиіс:
184. Банктің операциялар жүргізуінің жалпы талаптары қандай ақпарат болып табылады:
185. Банктің ішкі кредиттік саясатын қай орган жүзеге асырады:
186. Қандай жағдайда банк қамтамасыз етусіз кредит (бланктік кредитті) беру туралы шешім қабылдауға құқылы:
187. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену мақсатында жеке тұлға үшін банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздеріне қандай мөлшерден аспайтын сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін:
188. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар қосымша қайсысын ұсынады:
189. Банктердің кредиттік шарттар бойынша қарыз алушыларға талаптарына шағымдану мен талап-арыз қоюының ескіру мерзімі қандай:
190. Банк клиенттердің (депозиторлардың) шотынан ақшаны олардың келісімінсіз алып алуға құқылы ма:
191. Қандай тұлғалар банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғалар болып табылмайды:
192. Қандай жағдайда банктің басшы қызметкері шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспайды:
193. Банктің қай органының шешімі бойынша банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғамен мәміле жүзеге асырылуы мүмкін:
194. Банктердің аудиті қандай мақсатта жүргізіледі:
195. Банктің немесе банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылады ма:
196. Банк аудиторлық есептің көшірмесін банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қандай мерзімде ұсынуға міндетті:
197. Банк қандай жағдайда сақтандыру полистерін сатумен (сақтандыру шарттарын жасасумен) айналысуға құқылы:
198. Банкті консервациялау режімін орнату нені көздейді:
199. Банкті консервациялау режимін орнатудың шекті мерзімі қандай:
200. Банкті консервациялау қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
201. Уақтыша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) қандай іс-әрекеттерді жасауға құқылы емес:
202. Банкті консервациялауды тоқтатуға не негіз болып табылады:
203. Банк филиалының бас бухгалтері банктің және қайсысының арасында жасалған кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатысуға тиіс емес:
204. Банктің резервтік капиталы қандай көздер есебінен құрылады:
205. Банктің резевтік капиталы қандай мақсатта қалыптастырылады:
206. Уәкілетті органның қызметкерлеріне банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға не беруге рұқсат етіледі ме:
207. Банктердің акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында қандай талап белгіленген:
208. Банк мынадай бағалы қағаздармен мәміле жасауға құқылы:
209. Банк банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылғаннан кейін банктің қандай басқару органының өкілеттіктері банктің уақытша әкімшілігіне ауысады:
210. Банктің бірнеше рет (инспекциялау барысында екі және одан көп рет) инспекциялауды белгіленген мерзімде жүргізуге мүмкіндік бермейтін бөгет жасауы қандай санкцияны қолдану үшін негіз болып табылады:
211. Банктің уәкілетті органға есептілік пен мәліметтерді ұсынбауы немесе қасақана шынайы емес есептілік пен мәліметтерді ұсынуы қандай санкция қолдану үшін негіз болып табылады:
212. Банк құпиясына не жатпайды:
213. Банк құпиясы кімге ашылуы мүмкін:
214. Олардың жүргізуінде болатын қылмыстық істер бойынша анықтау және алдын ала тергеу жүргізу органдарына заңды тұлғаның банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтама қандай құжат негізінде берілуі мүмкін:
215. Шоттың (шоттардың) иесі оған қатысты қарыз алушы, кепілгер, кепілдік беруші, лизинг алушы немесе кепіл беруші болып табылатын банкке банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамалар қандай құжаттар негізінде беріледі:
216. Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар қандай нысанда беріледі:
217. Банк шоттарының иесі қайтыс болған жағдайда жеке тұлғаның банк шоттарының болуы мен олардың нөмірлері туралы және олардағы ақша қалдықтары туралы анықтамалар кімге беріледі:
218. Жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасына және басқа мүлкіне қандай құжаттың негізінде тыйым салынуы мүмкін:
219. Талап арызды қамтамасыз ету бойынша тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы қандай сомадан аспауға тиіс:
220. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына негіз болып табылатындар:
221. Салық органдарының және (немесе) кеден органдарының шешімі бойынша қандай шоттарда барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұруы мүмкін:
222. Жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа мүлкін тәркілеу қандай құжаттар негізінде жүргізіледі:
223. Қандай заңды тұлғалардың банктегі ақшасы мен мүлкі тәркіленуге жатпайды:
224. Банктің жарғылық капиталы қандай валютада қалыптастырылады:
225. Банк акциялары орналастыру кезінде немен төленуі тиіс:
226. Банктің реттелетін меншікті капиталына анықтама беріңіз:
227. Қайсысы банктің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады:
228. Банк қандай тұлғаларға қамтамасыз етусіз қарыз (бланктік қарыздар) беруге құқылы емес:
229. Банктер міндетті түрде сақтауы тиіс пруденциалдық нормативтердің құрамына не кіреді:
230. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акциялардың орналастыру (сату) бағасы қандай бағамен анықталады:
231. Күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша не құрылуы тиіс:
232. Банктер жүргізетін операциялардың сипатына және ауқымына сәйкес өз қызметінің тиісті бақылау деңгейі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қандай активтердің жіктелуін жүзеге асыруға міндетті:
233. Банктің банктік қарыз беру туралы шартын жасасудың міндетті талабын атаңыз:
234. Банктің мәжбүрлеп таратылуы қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
235. Банк конгломератының құрамына қайсысы кіреді:
236. Өздерінің міндеттерін атқарған кезде банктік құпия болып табылатын мәліметтерге қол жеткізген банктердің лауазымды тұлғалары, қызметкерлері және өзге тұлғалар мәліметтерді жария еткені үшін қандай жауапкершілік атқарады:
237. Банктер тоқсан сайын балансты, кірістері мен шығыстары туралы есепті аудиторлық растаусыз жариялай ма:
238. Банктерге бағалы қағаздар нарығында қандай қызметке рұқсат берілген:
239. Мына жағдайлардың бірінің болуы ірі қатысушы мәртебесін алуға өтініш берушінің - заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады:
240. Банк қайсысы бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкін:
241. Банктің қандай бөлімшелері әділет органдарында есептік тіркеуден өтуі тиіс:
242. Банктік қарыз шарттарындағы белгіленген сыйақы ставкасы қандай кезең ішінде ұлғаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін:
243. Банктік қарыз шарттарындағы белгіленген сыйақы ставкасы қандай тәртіппен өзгертілмеуі тиіс:
244. Екінші деңгейдегі банктер көрсететін банктік қызметтер үшін сыйақы ставкасын, комиссияларды, тарифтерді қайсысы белгілейді:
245. Ертерек ден қою шараларына не жатады:
246. Барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған банк:
247. Банктің тарату конкурстық массасына не кірмейді:
248. Мінсіз іскерлік беделге анықтама беріңіз:
249. Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспарында не қамтылуға тиіс:
250. Банктің басшы қызметкері болып тағайындалмайтын тұлға:
251. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) қандай мерзімде өзінің өкілеттіктерін тоқтатып, банктің құжаттары мен мүлкін банктің тарату комиссиясының төрағасына тапсырады:
252. Банктің құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-тапсыру қалай ресімделеді:
253. Банктің капитал жеткіліктілігі коэффициентерінің мәндері уәкілетті орган белгілеген нормативтердің елу пайызынан аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда банк не істеуге міндетті:
254. Банк қандай қызметпен айналысуға құқылы:
255. Заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тыс орналасқан, банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін банк бөлімшесін атаңыз:
256. Сатушыға арналған айналымсыз вексельді сатып алу жолымен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеу операциясы қалай аталады:
257. Банктің банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларда не айқындалады:
258. Банктің бухгалтерлік есеп саясатын қайсысы айқындайды:
259. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі растайтын құжаттарды табыс ете отырып, банктің өзіне тиесілі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы уәкілетті органға қандай мерзім ішінде хабарлауға міндетті:
260. Банктер тоқсан сайын қандай есептілікті жариялап отырады:
261. Банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесіне не кіреді:
262. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталын оның акционерлерінің төлеу талаптары мен мерзімдері қандай:
263. Банк өкілдігі қандай банк операцияларын жасауға құқылы:
264. Банк холдингтері банкке және банк конгломератына қатысты қандай шаралар қабылдауы тиіс:
265. Қандай банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады:
266. Банк және банк холдингі есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын нені ұсынуға міндетті:
267. Банкті мемлекеттік тіркеуді қандай органдар жүзеге асырады:
268. Банк операцияларын ұлттық және (немесе) шетел валютасында жүргізуге лицензия қандай мерзімге беріледі:
269. Брокерлік қызмет банк қызметі болып табылады ма:
270. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы қандай мерзім ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті:
271. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің құрамына оның ішкі аудит қызметінің қызметкерлері сайлануы мүмкін бе:

а) акционерлердің жалпы жиналысының келісімімен сайлана алады

б) директорлар кеңесінің келісімімен сайлана алады

в) сайлана алмайды &


272. Ислам банкі қандай бағалы қағаздарды шығаруға құқылы:
273. Ислам банкінің банктік операцияларына не жатпайды:
274. Міндетті аудит жүргізілетіндер:
275. Тұрақтандыру банкіне анықтама беріңіз:
276. Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны қандай мөлшерде белгіленеді:
277. Қайсысы банкті қайта құрылымдауды жүргізу үшін негіз болып табылады:
278. Қайсысы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы:
279. Ипотекалық ұйымның қандай заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына рұқсат етілмейді:
280. Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар (мәжбүрлеу шаралары шеңберінде) қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
281. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган қандай мерзім ішінде қарайды:
282. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы қандай мерзім ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті:
283. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қайсысы болған кезде бас банктен активтерді сатып алуды (қабылдауды) жүзеге асырады:
284. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым қызметтің қандай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
285. Банктер қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тек қана қандай нарықта жасайды:
286. Құны банктің меншікті капиталының қандай мөлшерінде активтерді банктің директорлар кеңесінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз банкке кепілге немесе ауыртпалықтың өзге де нысанына беруге тыйым салынады:
287. Банк омбудсманының шешімі қайсысы үшін міндетті:
288. Банк омбудсманы қандай мерзімге сайланады:
289. Қайсысынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады:
290. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі қандай қаражат есебінен қаржыландырылады:
291. Бірыңғай кредиттер портфелі қандай қарыздарға қолданылады:
292. Акциялары қор биржасының ресми тізіміне ең жоғары санат бойынша енгізілген заңды тұлғалардың капиталына банктің қатысу үлесі бір заңды тұлғаға қайсысынан аспауға тиіс:
293. Банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі қандай мөлшерден аспауға тиіс:
294. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды қайсысы құрады:
295. Бас банктің активтерін сатып алатын еншілес ұйым күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді өткізбеген жағдайда:
296. Банк Жарғысында қолданыстағы заңнамада көзделген мәлiметтерден басқа мiндеттi түрде не қамтылуға тиіс:
297. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы беріледі ме:
298. Қандай жағдайда банктің меншік капиталы теріс болып табылады:
299. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда осы адам осы банктің басшы қызметкері лауазымына қашан қайтадан тағайындала (сайлана) алады:
300. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган қандай мерзімде қарауға тиiс:
301. Банк филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы ма:
302. Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктеледі ме:
303. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар қайсысы болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады:
304. Ірі қатысушылар - жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны қайсысынан кем болмауға тиіс:
305. Қандай тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылмайды:
306. Уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді қандай мерзім ішінде қабылдауға тиіс:
307. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу мақсатында құрылатын банктер қауымдастықтары (одақтары) не болып табылады:
308. Банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын сатып алуға құқылы ма:
309. Банктің заңнамамен рұқсат етілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға қайсысынан аспауға тиіс:
310. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банк заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін меншігіне сатып алуға құқылы ма:
311. банк кепіл ретінде болған және банк азаматтық заңнама шеңберінде меншігіне қабылдаған банк заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін қандай мерзім ішінде сатуға тиіс:
312. Банк банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларға банктік қарыздар беруге құқылы ма:
313. Банк шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзу туралы талапты уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган не істеуге құқылы:
314. Банктерге қызметін қандай жарнамалауға тыйым салынады:
315. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға құқылы ма:
316. Банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті ме:
317. Уәкілетті органның банк ашуға берiлген рұқсатының қай кезге дейін заңды күшi болады:
318. Еншiлес банк өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi ме:
319. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн қай орган белгiлейдi:
320. Қайсысы банктің акционерлері бола алмайды:
321. Акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді қайсысы қабылдайды:
322. Уәкілетті орган банктердің қызметін қалай реттейді:
323. Банк меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін бұзған жағдайда, ол қандай мерзім ішінде уәкiлеттi органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі тиіс:
324. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган қалай жүргiзедi:
325. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін қай аудиторлық ұйым жүзеге асырады:
326. Уәкілетті орган директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін алғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде не істейді:
327. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар барлық екінші деңгейдегі банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады ма:
328. Заңнамада көзделген тәртіппен банк міндеттемелерін беру қалай жүзеге асырылады:
329. Банктің активтері мен міндеттемелері тұрақтандыру банкіне берілгеннен кейін сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау қандай мерзімге тоқтатыла тұрады:
330. Консервация режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкінен қабылдайтын иеленуші банкті қайсысы айқындайды:
331. Банктің қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) салдары қандай:
332. Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген негiздер бойынша заңды немесе жеке тұлғалардың банк қызметiн тоқтату туралы өтiнiшi (талап-арызы) банкті мәжбүрлеп таратуға негіз болуы мүмкін бе:
333. Таратылатын банктің тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар қай кезекте жүргізіледі:


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 07 » желтоқсан 2012 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет