Ќазаќстан республикасыныѕ Ўлттыќ банкі

жүктеу 1.13 Mb.
бет1/8
Дата06.07.2018
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2012 жылғы «___» _________ № ___
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

кейбір нормативтік құқықтық актілеріне

сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша

өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі – Тізбе) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының алтыншы, жетінші, он екінші, он үшінші, он жетінші, он сегізінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының алтыншы, жетінші, оныншы – он екінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, Тізбенің 3-тармағының алтыншы, жетінші, он бірінші – он үшінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз екінші – отыз алтыншы, отыз сегізінші, қырқыншы, қырық екінші, қырық төртінші, қырық алтыншы, қырық сегізінші, елуінші абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының алтыншы, жетінші, алпысыншы – жүз алтыншы, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз қырық бірінші – жүз алпыс бесінші, жүз жетпыс сегізінші – жүз сексен жетінші, жүз тоқсан бірінші, жүз тоқсан екінші, жүз тоқсан алтінші, жүз тоқсан жетінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының алтыншы, жетінші абзацтарын, Тізбенің 6-тармағының алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші абзацтарын, Тізбенің 7-тармағының алтыншы, жетінші абзацтарын, Тізбенің 8-тармағының алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарын, Тізбенің 9-тармағының бесінші, алтыншы абзацтарын, Тізбенің 10-тармағының алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

3. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Тізбенің 1-тармағы төртінші, бесінші, оныншы, он бірінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарының, Тізбенің 2-тармағы төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші абзацтарының, Тізбенің 3-тармағы төртінші, бесінші, сегізінші – оныншы, он бесінші, он алтыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз жетінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық үшінші, қырық бесінші, қырық жетінші, қырық тоғызыншы абзацтарының, Тізбенің 4-тармағы төртінші, бесінші, сегізінші – елу тоғызыншы, жүз оныншы, жүз онбірінші, жүз он төртінші – жүз қырқыншы, жүз алпыс алтыншы – жүз жетпыс жетінші, жүз сексен тоғызыншы, жүз тоқсаныншы, жүз тоқсан төртінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші абзацтарының, Тізбенің 5-тармағы төртінші, бесінші абзацтарының, Тізбенің 6-тармағы төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші, он бесінші, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма екінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарының, Тізбенің 7-тармағы төртінші, бесінші абзацтарының, Тізбенің 8-тармағы төртінші, бесінші, сегізінші абзацтарының, Тізбенің 9-тармағы үшінші, төртінші абзацтарының, Тізбенің 10-тармағы төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарының күші жойылды деп танылсын.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «____»__________

№____ қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 662 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 1999 жылы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесінде:

5-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық төлеушінің-чек берушінің/чек ұстаушының тіркеу нөмірі;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) чек берушінің/чек ұстаушының жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;»;

18-тармақта:

2) тармақшада:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«чек берушінің салық төлеуші тіркеу нөмірі;»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«чек берушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;»;

3) тармақшада:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«чек берушінің салық төлеуші тіркеу нөмірін қоюға.»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«чек берушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірін қоюға.».

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерінде:

8-3-тармақта:

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк немесе ұйым өздерінің деректемелері (банктің және ұйымның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі) өзгерген кезде бұл туралы он жұмыс күні ішінде растау құжаттарын қоса бере отырып, Ұлттық Банкке жазбаша хабарлайды.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк немесе ұйым өздерінің деректемелері (банктің және ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) өзгерген кезде бұл туралы он жұмыс күні ішінде растау құжаттарын қоса бере отырып, Ұлттық Банкке жазбаша хабарлайды.»;

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот ашылғаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарына хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлайды.»;

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот ашылғаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарына хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, корреспонденттік шоттың ашылғаны туралы хабарлайды.»;

8-3-2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

57-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот жабылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, корреспонденттік шоттың жабылғаны туралы хабарлайды.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«57. Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шот жабылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, корреспонденттік шоттың жабылғаны туралы хабарлайды.».

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

14-тармақта:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) салық төлеуші-бенефициардың және ақша жөнелтушiнің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) (вексельдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес СТН қою талап етiлмейтiн басқа да төлем құжаттарын қоспағанда).»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) бенефициардың және ақша жөнелтушiнің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (вексельдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСН немесе БСН қою талап етiлмейтiн басқа да төлем құжаттарын қоспағанда).»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Алушы-банк немесе бенефициар банкі осы Ереженің және Ұлттық Банктің ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың ережелері мен ерекшеліктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған, сондай-ақ клиенттің деректемелері (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), СТН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларда, ал бюджетке төлемдерді төлеу кезінде де бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісі болмаған жағдайларда төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Алушы-банк ақша жөнелтушінің атауы клиенттің төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген жағдайларда да төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банк төлем құжатын акцептеуден бас тартуды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында, Төлемдер туралы заңда көзделген негіздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Егер басқа деректемелер (ЖСК, СТН) банктің клиентіне сәйкес келіп, инкассалық өкімде көрсетілген клиенттің атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Алушы-банк немесе бенефициар банкі осы Ереженің және Ұлттық Банктің ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың ережелері мен ерекшеліктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған, сондай-ақ клиенттің деректемелері (жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК), ЖСН (БСН)) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларда, ал бюджетке төлемдерді төлеу кезінде де бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгісі болмаған жағдайларда төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Алушы-банк ақша жөнелтушінің атауы клиенттің төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген жағдайларда да төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банк төлем құжатын акцептеуден бас тартуды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында, Төлемдер туралы заңда көзделген негіздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН, (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.»;

22-1-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, ЖСН (БСН), ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.»;

28-тармақта:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін бюджетке төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында ең алдымен төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.»;

29-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк ақша аударуға берілетін өтініште осы Ереженің 2- қосымшасындағы нысанда көрсетілген деректемелерден басқа осы өтінішті өңдеу үшін оған қажет болатын ақша жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді енгізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, банк ақша жөнелтуші туралы басқа да мәліметтерді толтыруды талап етеді. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде ақша аудару үшін берілген өтініште бенефициардың СТН көрсету талап етілмейді.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк ақша аударуға берілетін өтініште осы Ереженің 2- қосымшасындағы нысанда көрсетілген деректемелерден басқа осы өтінішті өңдеу үшін оған қажет болатын ақша жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді енгізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, банк ақша жөнелтуші туралы басқа да мәліметтерді толтыруды талап етеді. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде ақша аудару үшін берілген өтініште бенефициардың ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейді.»;

87-тармақтың бірінші бөлігінде:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде «төлем мақсаты» бағанында көрсетілген хабарлама нөміріне сәйкес келмеуі;»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, ЖСН (БСН)) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде «төлем мақсаты» бағанында көрсетілген хабарлама нөміріне сәйкес келмеуі;»;

124-3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жөнелтуші деректемелерінің (атауы және ЖСН (БСН)) инкассалық өкім ұсынуға негіз болған атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;»;

1-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

1-қосымша осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

1-1-қосымша осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

1-1-қосымша осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

6-қосымша осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

6-қосымша осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

9-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) банк шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, салық төлеушi клиенттiң салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген тiркеу нөмірi;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:

1) Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;

филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты;

2) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке тұлғалары үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар үшін:

жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат не жеке сот орындаушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;

қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкер, жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

жеке нотариустар үшін – нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;

адвокаттар үшін – адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;

жеке сот орындаушылары үшін – атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен айналысуға берілген лицензияның көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - есептік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;

сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң банктiк шотын жүргiзуге (банктiк шоттағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының резидент еместері - жеке кәсіпкерлері үшін:

жеке кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;

қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

7) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:

қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың филиалдары үшін:

тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

клиентті тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы) шешімінің көшірмесі;

уәкілетті органның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған не сақтандыру қызметін, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

9) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.»;

резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;

жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасының резидент еместері - жеке кәсіпкерлері үшін:

жеке кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;

қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат;

7) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:

қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;

мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;

8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың филиалдары үшін:

тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;

бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;

клиентті тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы) шешімінің көшірмесі;

уәкілетті органның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған не сақтандыру қызметін, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

9) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;

резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;

клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.»;

11-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11-2. Жеке тұлға (бұдан әрі - өкіл) клиент-жеке тұлғаның атына ағымдағы шот ашуы үшін өкіл банкке осы Ереженің 11-тармағының 2) немесе 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:»;

14-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші клиенттің салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің тіркеу органы берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін – Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;

заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасының резидент салымшылары-жеке тұлғалары үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін – қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

клиенттi салық төлеушi ретiнде тiркеуді растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - есептік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;

қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шотындағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

4) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы жеке тұлғалар үшін:

жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін − клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;

заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасының резидент салымшылары-жеке тұлғалары үшін:

жеке басын куәландыратын құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін – қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және, клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын

растайтын салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін – клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - есептік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;

қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шотындағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

4) Қазақстан Республикасының резидент емес салымшы жеке тұлғалар үшін:

жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;

қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банктік шотын ашу туралы өтініш;

жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынуға міндетті:

1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

шот ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

жинақ шотын ашқан кезде мұндай құжатты ұсыну талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, клиенттiң салық төлеушi ретiнде тіркелуін растайтын құжаттың көшiрмесi;

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшiрмесi;

клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезiнде қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

2) жеке тұлға:

шот ашу және (немесе) шотты иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн – туу туралы куәлiк;

салымшының жеке басын растайтын құжат;

клиенттi салық төлеушi (егер клиент салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған және оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілген жағдайда) ретiнде тіркеу фактісін растайтын құжаттың көшiрмесi.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынуға міндетті:

1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):

шот ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшiрмесi;

клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезiнде қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

2) жеке тұлға:

шот ашу және (немесе) шотты иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн туу туралы куәлiк;

салымшының жеке басын растайтын құжат.»;

19-3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) нотариусты тіркеу есебіне қою фактісін растайтын, салық органы берген құжаттың көшірмесі;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжат;»;

23-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне, жеке кәсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн электрондық байланыс арналары арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмiрiн көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.»;

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне, жеке кәсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банктік шоттарды, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банктік шот ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн электрондық байланыс арналары арқылы сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.»;

26-тармақта:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер басқа деректемелер (ЖСК, СТН) банктің клиентіне сәйкес келіп, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес келмеген жағдайда банкке электрондық тәсілмен ұсынылған өкімді орындаудан бас тартуға жол берілмейді.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес келмеген жағдайда банкке электрондық тәсілмен ұсынылған өкімді орындаудан бас тартуға жол берілмейді.»;

30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, мөрі бар жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және адвокаттар банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгісі (үлгілері) және мөр таңбасы бар құжаттарды ұсынады.».

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Банк шотын:

1) шоттың:

заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;

жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;

жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына;

клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;

жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларын қоспағанда:

банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары);

2) заңды тұлға-клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды жаңғыртпаса, банк Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады.».

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:

45-1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;»;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;».

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1304 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiнде:

11-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) ақша аударымы олардың жеке сәйкестендіру кодын көрсете отырып жүргізілген жағдайда, салық төлеушiнiң-ақша жөнелтушiнiң немесе бенефициардың тiркеу нөмiрi (СТН);»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) ақша аударымы олардың жеке сәйкестендіру кодын көрсете отырып жүргізілген жағдайда ақша жөнелтушiнiң немесе бенефициардың – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);»;

13-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарлама заңды тұлғаларға осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «СТН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекен-жайы және телефоны көрсетіледі.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге арналған түбіртек-хабарлама заңды тұлғаларға осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланктерде ұсынылады. Заңды тұлға өзінің филиалдары (өкілдіктері, құрылымдық бөлімшелері) үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген кезде «ақша жөнелтуші» бағанында заңды тұлға филиалының (өкілдігінің, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі, «БСН» бағанында филиалдың (өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, «ақша жөнелтушінің мекен-жайы мен телефоны» бағанында заңды тұлғаның мекен-жайы және телефоны көрсетіледі.»;

19-3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;»;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;»;

1-қосымша осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

1-қосымша осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8

©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет