Ќазаќстан республикасыныѕ Ўлттыќ банкі



жүктеу 35.56 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі35.56 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

20 б а с п а с ө з Р Е Л И З і



2 0 1 1 ж ы л ғ ы 25 шілде
Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай шағын комитетінің жетінші отырысын өткізу туралы

2011 жылғы 13-14 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бисенғали Шамғалиұлы Тәжіяқовтың және Қытай Халық Банкі Төрағасының орынбасары Ма Делуньнің төрағалық етуімен Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай шағын комитетінің кезекті жетінші отырысы өтті.

Қазақстан тарапынан отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-ның, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-нің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «Қазпочта» АҚ-ның, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның, «БТА Банк» АҚ-ның, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның, «Еуразия Банкі» АҚ-ның, «АТФ Банк» АҚ-ның, «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ-ның, «Қытайдың Алматы қаласындағы сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ Қытай тарапынан – Қытай Халық Банкінің, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің, ҚХР Сауда министрлігінің, Қытай банктік реттеу жөніндегі комиссияның, ҚХР бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі комиссияның, ҚХР валюталық реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасының, «SINOSURE», «China Unionpay», «China Development Bank», «Export-Import Bank of China», «Industrial and Commercial Bank of China», «Agricultural Bank of China», «Bank of China», «China Construction Bank», «Postal Savings Bank of China» өкілдері қатысты.

Отырыстың барысында қатысушылар өзара ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады және Қазақстан мен Қытайдың қаржы топтары арасындағы байланысты одан әрі болашақта дамытудың бағыттарын айқындады.

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының макроэкономикалық және қаржылық жай-күйі туралы мәселені талқылау шеңберінде Тараптар макроэкономикалық және ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша ақпарат алмасты және екі елдің арасындағы тауар айналымы көлемінің үздіксіз өсетінін атап өтті, бұл екі елдің ұлттық валюталарында төлемдерді кеңейту үшін экономикалық базистің және айтарлықтай әлеуеттің болуын куәландырады.

Қазақстан мен Қытайдың ұлттық валюталарын есеп айырысу және қытай юані/қазақстан теңгесі валюталық жұбын биржалық сауда-саттықта пайдалану мәселесіне айрықша назар аударылды. Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі арасында Қытай юані/Қазақстан теңгесі валюталық своп жөніндегі келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкінің бір-біріне арнайы шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екі елдің ұлттық валюталарындағы есеп айырысуларды ынталандырудағы қиындықтар туралы пікір алмасты, осыған байланысты Тараптар шетел және ұлттық валюталарында есеп айырысуларды жүзеге асыру саласында әріптестік қатынастарды дамытуға жәрдемдесуді жалғастыруға және банктер арасында есеп айырысуларды өткізу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ бұдан әрі ұлттық валюталарда клиринг жүйесін құру мен жетілдіру мәселелерін талқылауға уағдаласты.

Сондай-ақ Тараптар резидент еместер үшін банк шоттарын ашу, жүргізу және төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру шарттары туралы бір-бірімен ақпарат алмасты және бұдан әрі өз Тарапының банктерінде резидент еместердің және жеке тұлғалардың шоттарды ашуы мен пайдалануы жөніндегі талаптарды жетілдіруге уағдаласты.

Қытай тарапының шақыртуы бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қытай мен Қазақстан арасындағы төлем жүйесін біріктіру бойынша табысты тәжірибені зерделеу және ұсыныстар әзірлеу үшін 2011 жылғы қазанда Шэньчжэнь, Гуанчжоу және Гонконг қ. делегация жіберетіні туралы уағдаласты.

«Қазпочта» АҚ және Қытайдың Почта-Жинақ Банкі ҚР және ҚХР почта әкімшіліктері арасындағы ақша аударымдарын ұйымдастыру жөніндегі бірлескен ынтымақтастығы туралы мәселені пысықтау қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы мәселені пысықтауға келісті.

Тараптар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы ақпаратпен алмасты. Осыған орай, Тараптар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы ынтымақтастықпен байланысты мәселелерді талқылау, екі елдің төлем жүйелерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ Тараптардың ұлттық валюталарында есеп айырысуларды жүргізу мәселелерін талқылау үшін Тараптардың орталық банктерінің арасындағы жұмыс тобына» жылдың аяғына дейін проблемалық мәселелерді талқылау үшін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында кездесу өткізуді тапсырды.

Тараптар банк карталарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты және China UnionPay төлем жүйесінің тарапынан белсенді маркетингтік талдау болған кезде карталар бойынша эмиссия мен транзакцияны ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға келісті.



Жалпы алғанда, Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай шағын комитетінің жетінші отырысы мазмұны жағынан жоғары деңгейде өтті және Тараптар қаржылық ынтымақтастықтың қол жеткізілген нәтижелеріне қанағаттанғандықтарын білдірді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет