Қазақстан республикасының МӘдениет және спорт министрлігі қазақстан республикасы тұҢҒыш президенті елбасының Қорықазақстандық Ұлттық юнеско клубтарының федерациясы



жүктеу 62.65 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі62.65 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ЮНЕСКО КЛУБТАРЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

А. СЕЛЕЗНЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

25 – 27 наурыз 2017 жыл
Қазақ КСР-ның Халық артисі

Заурбек Молдағалиұлы Райбаевтің

туылғанына 85 жыл толуына арналған,

«Өрлеу- 2017»

Халықаралық балет мектептері фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

«Өрлеу- 2017» Халықаралық балет мектептерінің фестивалі А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің негізінде, Қазақстан Респубикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Мақсаты: Қазіргі заманғы кәсіби хореографиялық білім беру жағдайларында ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтау және дамыту.

Міндеттері:

- ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және дәріптеу;

- халықаралық хореографиялық білім беру аясында шығармашылық жетістіктермен және жұмыс тәжірибесімен алмасу;

- ұлттық хореографиялық білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасау;

- кәсіби хореографиялық өнердің барлық бағыттарын дәріптеу;

- болашақ балет әртістерінің көркемдік және эстетикалық талғамын тәрбиелеп, дамытуда қазіргі заманғы әдістерді қолдану;

- хореографиялық орындаушылықта жарқын, ерекше таланттарды анықтау және жас дарындарға қолдау көрсету;

- педагог-хореографтардың және балетмейстерлердің кәсіби қоғамдастығын нығайту;

- мәдени алмасуды қамсыздандыру.

2. Фестиваль мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, демеушілер мен меценаттардың қолдауымен өткізіледі:

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және сопрт министрлігі;

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры;

- Алматы қаласының Әкімдігі.

3. Фестиваль қатысушылары өнерлерін көпшілік алдында көрсетеді. Фестиваль спикері ретінде әлемдік хореография өнерінің танымал шеберлері сөйлейді.

4. Фестивальдің гала-концерті Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтеді.

Гала-концерттің бағдарламасы фетсивальге қатысатын барлық хореографиялық мектептердің қатысуын қарастырады. Концерт бағдарламасында фестивальге қатысатын әр бір мектептен бір өнер көрсетіледі.

5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті байқау күндерін және гала-концертті бейнебаянға түсіру құқығын өзіне қалдырады. Байқау қатысушылары мен қонақтары бейнебаян көшірмелерін оператордан белгіленген тариф бойынша сатып ала алады.

6. Фестиваль аясында хореографиялық сынып концертмейстерлерінің Бірінші халықаралық байқауы өткізіледі. Өткізу ережелері және байқау талаптары жеке көрсетілген. Өтінім де бөлек беріледі.


2. Қатысу шарттары
7. Фестивальге қатысу үшін белгіленген мерзімде А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің (бұдан әрі -Училище) ұйымдастырушылық комитетіне төмендегі құжаттарды өткізу қажет:

1) №1 қосымшаға сәйкес қатысуға сұраным;

2) №2 қосымшаға сәйкес қойылым бағдарламасын;

3) қатысушылар санын.

8. Ұйымдастырушылық комитеті фестивальге дейін 30 күнтізбелік күнде қатысушыларға шақырту жібереді.

9. Фестивальге қатысуға жіберілген өтінім қатысушының Ереже талаптарымен келісетіндігін куәландырады.

10. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын фестиваль қатысушылары фестивальге қатысу үшін жіберілген ресми шақырту негізінде паспорт және визаны өз беттерімен рәсімдейді.

11. Фестивальге қатысудан бас тартқан жағдайда, қатысу үшін өткізілген құжаттар мен жарналар қатысушыларға қайтарылмайды.

12. Әр оқу орны қатысу өтінімімен бірге музыкалық сүйемелдеудің фонограммасын беруі қажет (MD немесе СD), әрбір концерттік нөмір жеке дискіге жазылады. Жазба кәсіби аппаратурада жазылуы тиіс.

13. Келген күні фестиваль қатысушылары өнер көрсету бағарламасын ұйымдастырушылық комитетінде бекітуі тиіс.

14. Фестивальге қатысуға хореографиялық оқу орындары шақырылады.

Фестиваль қатысушылары –барлық жас дәрежесіндегі білім алушылар.

15. Фестиваль бағдарламасында оқу орны төмендегілерді ұсынады:


  1. Ұлттық хореографиялық мектепті ұсыну:

  • Дөңгелек үстел отырысында сөйлеу (тарих, мектептің дамуындағы ұлттық дәстүрлер мен дәріптеулерді сақтау). Сөйлеудің уақыт тәртібі 10 минут;

  • Тәжірибелік көрсетілім: хореографиялық өнердің белгілі бағыты бойынша шеберлік сынып. Көрсетілімнің уақыт тәртібі 10 минут;

  1. Балет үзінділері (10-35 мин.) және/немесе хореографиялық өнердің әртүрлі бағыттарындағы концерттік нөмірлер.


3. «Өрлеу- 2017»

Халықаралық балет мектептері фестивалінің

бағдарламасы
24 наурыз 2017 ж.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарының келуі және тіркеу



25 наурыз 2017 ж.

10.00 -13.00

ҚР Халық әртісі З.М. Райбаевтің 85-жылыдғына арналған «Қазіргі заманғы кәсіби хореографиялық білім беру жағдайларында ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау және дамыту» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (А.Селезнев ат. АХУ, оқу театры)

14.00 – 15.00

Құрметті қонақтар және мектеп басшыларының дөңгелек үстелі «Қазіргі заманғы кәсіби хореографиялық білім беру жағдайларында ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау және дамыту» (А.Селезнев ат. АХУ конференция залы)

26 наурыз 2017 ж.

10.00 – 17.00

Шеберлік сыныптар: Балет мектептерінің – фестиваль қатысушыларының тәжірибесі.

27 наурыз 2017 ж.

10.00 – 17.00

Гала-концертке қатысушылардың жалпы дайындығы (Абай ат. МАОБТ)

19.00 -22. 00

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі және Абай ат. МАОБТ сахнасында фестиваль қатысушылар мен қонақтарының гала-концерті.
4. Фестивальдің қаржылық шарттары
Фетсивальге қатысу үшін жарналар:

Мектептердің фестивальге қатысу үшін жарналары 10$ құрайды (жарна төлем күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңге бағамында).

Фетсивальге қатысушылардың жол ақысы жіберуші тараптың есебінен. Қатысушылардың жатын орны, тамақтануы және тасымалдау – ұйымдастырушылар есебінен.

Алып жүруші тұлғалардың жол ақысы, жатын орны мен тамақтануы –жіберуші тараптың есебінен.

Өтінімдер 2017 жылдың 15 наурызына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Масанчи көш., 67.

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі

Тел: (727) 292-57-68, 292-13-38. Факс: (727)293-70-10, 292-74-92.

e-mail: ballet-kz@mail.ru

Фетсивальге қатысу жарнасы кәсіпорын шотына қабылданады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК

050012, Алматы қ., Масанчи көш, 67

Тел/факс 8727 292 57 68

ИИК KZ366010131000065064

АҚ "Қазақстан Ұлттық Банкі

БИК HSBKKZKX

БИН 990340005769

КБЕ 16

№1 қосымша



«Өрлеу- 2017»

Халықаралық балет мектептері фестиваліне қатысу үшін

САУАЛНАМА–ӨТІНІМ

(25.03.2017 – 27.03.2017)
1. Хореографиялық оқу орнының атауы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Тиесілі аумақ: __________________________________________________________________

__________________________________________________________________


3. Мекен-жайы, e-mail, тел. /факс: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Қатысушылардың сандық және жас ерекшеліктері бойынша құрамы ____________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Репертуар ____________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Т.А.Ә., мектеп жетекшісінің лауазымы (байланыс телефондары) ____________________________________________________________________________________________________________________________________

№2 қосымша



ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ (шеберлік сынып)
1. Композитор _____________________________________________________
2. Хореографиялық нөмірдің аты _____________________________________
3. Қоюшы _________________________________________________________
4. Орындаушылар саны __________________________________________________________________

(жеке өнер көрсетушілердің Т.А.Ә. көрсетіңіз)

__________________________________________________________________
5. Хронометраж (уақыт межесі) __________________________________________________________________

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ (концерттік нөмір)
1. Пәннің аты ______________________________________________________
2. Мақсаты мен міндеті _____________________________________________
3. Оқытушы(Т.А.Ә.) ________________________________________________
4. Орындаушылар саны __________________________________________________________________

(жеке өнер көрсетушілердің Т.А.Ә. көрсетіңіз)



__________________________________________________________________
5. Хронометраж (уақыт межесі) __________________________________________________________________
6. Техникалық райдер _______________________________________________
Каталог: storage -> festivali
storage -> Техникалыќ жјне кјсіптік білім беретін кјсіптік оќу баєдарламаларын жїзеге асыратын білім беру ўйымдарына оќуєа
storage -> Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
storage -> Қазақстан республикасының Қосымша білім беру педагогикалық Қызметкерлерінің секциясы «Қосымша білім беру саласын жаңҒырту арқылы білім алушылардың ҚОҒамдық санасын қалыптастыру»
storage -> Бағдарламасы өткізу орны: Астана қ., ҚР инвестициялар және даму министрлігі Өткізу мерзімі: 2016 жылғы 18 қараша
storage -> Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 12 сәуір 2017 ж
storage -> Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған
storage -> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет