Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №13 бұйрығымен бекітілген



жүктеу 24.21 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі24.21 Kb.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері

І. Кіріспе 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобымен өткізілді, С.Сейфулин көшесі,144, Э-мекенжайы: beskaragay.vko.gov.kz тел. 8(72236) 9- 14 -00.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілген кезең: 2017 жылғы тамыздың 18 –нен қыркүйектін 20 – на дейін.

4. Байқалған кезең: «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 18 тамызынан 20 қыркүйекке дейін.


ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім 

     «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың 20 қыркүйекке мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 16 бірлікті құрайды, 1 бірлік- вакансия. «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциясы қарастырылған.

2017 жылдың тамыз айы ішінде 2216 мемлекеттік қызмет, соның ішінде ауданның жергілікті атқарушы органдар арқылы баламасыз қызмет –260 (11,7 %) көрсетілді.

«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың тамыз айына 2 сатып алу өткізілді, оның ішінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 - бабы 3 - тармағын басшылыққа ала отырып тікелей шарт жасау арқылы бір дерек көзімен - 2, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 0 сатып алынды. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу танылмаған бір дерек көзімен 0 сатып алу.

III. Қорытынды бөлім

«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс тобымен қызметін бағалау: аталған кезеңде сыбайлас жемқорлық бойынша фактілері жоқ, жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.

Қабылданған сыбайлас жемқорлық шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар:

- персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі және басқа мүдделі құрылымдықтардың өкілдері лекторлар ретінде тартумен мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексті түсіндіру жөніндегі семинарлар өткізсін;

- мемлекеттік қызметшілердің, бағынышты мекемелердің қызметкерлердің құқықтық ақпараттандыруын және мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық сана сезімін жетілдіру мақсатында құқықтық жалпыға бірдей оқыту жалғастырылсын.

Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.





Жұмыс тобының басшысы:

Т.Глазинский



Жұмыс тобының орынбасары:


Р.Кунаков

Жұмыс тобының мүшелері:


А.Миятова

Г.Мукашева







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет