Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер



жүктеу 44.51 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі44.51 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
C-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

C-O-5


87 069

117 543

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, 050012, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555-үй, 304-кабинет, анықтама үшін телефоны: 254-90-64, e-mail: almaty.mdgs@mail.ru, барлық мемлекеттік органдардың мемлекттік қызметшілер арасында «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық лекциялар, білім беру семинарларын, конкурстар, дөңгелек үстел және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырады. Қоғамның жемқорлықты қабылдау деңгейінің мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік және әлеуметтік зерттеулер өткізуді қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша интернет-контент пен әлеуметтік желілермен жұмыс жүргізеді. Аумақтық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тудыратын себептер мен іс әрекеттерді болдырмауда өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тудыратын себептер мен іс әрекеттерді анықтау мақсатында талдау жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындап, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы объектісіне қарай ақпаратты талдайды және қорытындылайды. Тәртіптік, әкімшілік тәжірибедегі қорытындыларға және сотқа дейінгі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тергеуге жалпылама талдау жүргізуді дайындайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Басқарманың қызметі жөнінде Министрлікке ақпарат дайындайды. Қолданыстағы заңнама аясында басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылым немесе техникалық ғылым мен технологиялар саласындағы жоғары білім. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Әкімшілік басқармасының бас маманы - бас бухгалтері (С-О-5 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Департаменттің бас бухгалтері. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік политиканы жүзеге асырады. Бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді қолдану, сонымен қатар Департаменттің материалдық құндылықты, ақшалай қаражатты сақталуын қамтамасыз етеді. Қаржылық жылға бюджеттік өтінімдер жасауды жүзеге асырады, бекітілген бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және мерзімді қаржыландырады, бухгалтерлік есепті жүргізеді, Департаменттің тауарларын және қызметтерін, мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді және жүзеге асырады. Белгіленген тәртіп бойынша қаржылық бюджеттік және басқа да есеп нысанын жасау және тиісті мемлекеттік органдарға тапсырады. Қолданыстағы заңнама аясында басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған, қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.



Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет