Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік



жүктеу 33.86 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі33.86 Kb.


№ исх: 4-2-5/141 от: 26.07.2013


Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыратын интернет-ресурсты айқындау туралы

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыратын интернет-ресурс реттінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінін «Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілер ресми жариялау» бөлімін айқындалсын.

2. Мемлекеттік органдарға:

1) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінін «Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілер ресми жариялау» бөліміне ресми жариялау үшін жолданылатын графикалық форматта нормативтік құқықтық актілер көшірмелердің қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкестігін;

2) ресми жариялауға жолдау кезінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесін қоса беріліп, нормативтік құқықтық актінің түпнұсқасынан сканерленген көшірмесін РDF форматта қазақ және орыс тілдерінде:

Қазақстан Республикасының министрлерін мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорына (бұдан әрі - Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы);

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін Республиқалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне ұсыну жолымен графикалық форматты сақталуын;

3) қазақ және орыс тілдерінде бөлек, нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесін бір электрондық файлға жасауын қамтамасыз етсін.

3. Республиқалық құқықтық ақпарат орталығына:

1) графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін мемлекеттiк органдардың «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлерін ақпараттық-құқықтық жүйесінін атауы мен жариялау күнін көрсетуімен ресми жариялауын;

2) есепті айынан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай ай сайын өткен айында ресми жарияланған

Қазақстан Республикасының министрлерін мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін тиісті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарына ұсынуды;

3) жарияланған негізгі нормативтiк құқықтық актiлеріне ақпаратында оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер туралы, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актінің әрекетін тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы мәліметтер шығалысуын;

4) графикалық форматтында орналастыратын нормативтік құқықтық актілердін мәтіндерін және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінін «Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілер ресми жариялау» бөлімін рұқсатсыз араласуынан қорғауын қамтамасыз етсін.



4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов
Результаты согласования
25.7.2013: Абубакирова А. . (Абубакирова А. .) - - cогласовано без замечаний




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет