Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1.74 Mb.
бет1/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

Майсатаева Айнұр Шамшитденқызы
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Қостанай, 2011
ББК 67.402.(5Каз)

М 14
Құрастырушы:

Майсатаева А.Ш., Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы



Рецензенттер:

Нұғманов Р.Р.- з.ғ.к., доцент, А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Заң факультетінің деканы;

Каймульдинов Е.Е.- з.ғ.к., адьюнктура бастығы, ҚР ӘМ Қостанай Заң академиясының полковнигі

Шунаева С.М. – т.ғ.к., А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті



Майсатаева А.Ш.

М 14 «Қазақстан Республикасының қаржы құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы– Қостанай, 2011– 121 бет.

Бұл дәрістер жинағында қаржы құқықтық қатнастарға байланысты барлық түсініктер қолданылған. Атап айтар болсақ: қаржы түсінігі, қаржы құқығы, қаржылық қатнас, мемлекеттің қаржы қызметі, бюджет, салық, ақша айналымы, кредиттік жүйе, сақтандыру саласы, банктік қызмет сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыған.

Осы дәрістер жинағының жетістігі – дәріс Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамалары, сонымен қатар оқулықтар және басқада басылымдар негізінде құрастырылған.

Дәрістер жинағы заң және экономика мамандығы бойынша оқитын студенттерге, сырттай оқитын студенттерге, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және заңгерлерге арналған.



ББК 67.402.(5Каз)
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу - әдістемелік кеңесімен бекітілді. Хаттама № _______ 20___ж.

© Майсатаева А.Ш.

© А. Байтурсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті



Мазмұны
Тақырып 1 Мемлекеттің қаржы қызметі…………………........………….5

1 Қаржы түсінігі, атқаратын қызметі, маңызы...................................................5

2 Мемлекеттің қаржы қызметінің түсінігі, мақсаты, принциптері.................13

3 Мемлекеттің қаржы қызметінің әдістері...................................................... 14

4 Мемлекеттің қаржы қызметті жүзеге асырудың құқықтық нысаны............15
Тақырып 2 Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.......................18

1 Қаржылық құқығының түсiнiгi, пәні, әдісі, жүйесі. Қаржы заңнамасы......18

2 Құқық саласы ретінде қаржы құқығының орыны..........................................21

3 Қаржылық-құқықтық нормалары....................................................................24

4 Қаржы қатынастары..........................................................................................27
Тақырып 3 Ақша жүйесінің құқықтық негіздері………….…..…………30


  1. Ақша жүйесінің түсiнiгi және элементтері……………………...…………..30

  2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі......................................................37

3 Валюталық реттеудің құқықтық негіздері......................................................38

4 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі................................................ 42


Тақырып 4 Қаржы бақылаудың құқықтық негіздері................................46

  1. Қаржы бақылаудың түсінігі, принциптері мен элементтері.........................46

  2. Қаржы бақылаудың топтастырылуы...............................................................49

  3. Қаржы бақылаудың мемлекеттік органдары..................................................50


Тақырып 5 Бюджеттік құрылым...................................................................52

1 Бюджеттің және бюджет құқығының түсінігі...............................................52

2 Бюджеттік құрылымының құқықтық негіздері..............................................54

3 Мемлекет бюджеттің кірістері мен шығындарды құқықтық реттеу............57



Тақырып 6 Бюджет саласында басқару және бюджеттік бақылау..........69

1 Бюджет саласында басқарудың құқықтық негіздері.....................................69

2 Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері..................................................70
Тақытып 7 Бюджеттік процесс.......................................................................74


  1. Бюджеттік процесінің құқықтық негіздері.....................................................74

  2. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару процесі ...........................................76


Тақырып 8 Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық …………80

1 Салықтың түсінігі және салықтық құрылым .................................................80

2 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің

түрлері ................................................................................................................. 84

3 Салықтың топтастырылуы...............................................................................85

4  Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері.........86

5 Салық есептілігі................................................................................................89
Тақырып 9 Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері............................94

1 Несиенің түсінігі...............................................................................................94

2 Бюджеттік несиелеу..........................................................................................95

3 Бюджеттiк несиелеу субъектiлерi....................................................................96


Тақырып 10 Банк қызметің және сақтандырудың ұйымдастыру құқықтық негіздері..........................................................................................101

1 Банк қызметінің құқықтық негізі...................................................................101

2 Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi.................................103

3 Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы..........................................106

4 Сақтандыру және сақтандыру қызметiнiң түсiнiгi......................................107

5 Сақтандыру нысандары, саллары, сынаптары және түрлері..................... 108

6 Сақтандыру қызметінің қатысушылары мен субъектілері. Сақтандыру ұйымын құру ......................................................................................................113

7 Сақтандыру шарттары....................................................................................115

8 Сақтандыру (қайта сатандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері......................................................................................................119

Тақырып 1 Мемлекеттің қаржы қызметі
Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттің қаржы қызметі туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.
Жоспары:

1 Қаржы түсінігі, атқаратын қызметі, маңызы

2 Мемлекеттің қаржы қызметінің түсінігі, мақсаты, принциптері

3 Мемлекеттің қаржы қызметінің әдістері

4 Мемлекеттің қаржы қызметті жүзеге асырудың құқықтық нысаны
1 Қаржы түсінігі, атқаратын қызметі, маңызы
«Қаржы» термині латын тілінде «finis», «financia» Қолма-қол, пайда дегенді білдіреді;

Кең мазымұнда – ақшалай қаржылар, ақшалай айналым, төлеу мерзімі, істің бітуі, таластың аяқталуы дегенді білдіреді.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қлоданысқа енгізілген авторды атау қиын. "Қаржы" терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденко жазып қоюға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері) алғашқы авторы Ксенофонт болды.

Қаржының мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен анықталады.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.

Қаржы – ақшалай қатынастардың жиынтығы және олардың ажырағысыз бөлігі, сондықтан оның ролі мен мыңызы экономикалық қатынастарда, ақшалай қатынастарда қандай орын алатынына байланысты болады. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақща бұл ең алдымен ассоцияцияланған өндірушілердің еңбек шығыны өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы- ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімінң ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғам мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қыржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржылық қатынастардың бейнеленуі. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған рыноктық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуын нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциоцияланады және міндетті түрде ақша атынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді. Қаржылық қатынастардың пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен қосарлана жүреді.

Қаржылық қатынастардың пайда болуын олардың жұмыс істеу сферасына қарай экономиканың бастапқы буындарында ягни материалдық өндіріс сферасына қарай экономиканың бастыпқы буындарында яни метериалдық өндіріс сферасында – нақты секторда, немесе қогымдық , соның ішінде экономикалық омірді де реттейтін ұйым ретіндегі мемлекеттің қаржысы сферасында сақталып отыруға болады.

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

«Қаржы» термині екі категорияда қарастырылады


  • материалды категория ретінде қаржы – бұл мемлекетке тиесілі ақшалай құрал ғана

  • экономикалық категория ретінде қаржы – мемлекеттік қорды таратуды құру және жұмсау процессінде пайда болатын экономикалық қатнастардың жиынтығы.

Қаржының қажеттілігі Қаржының қажеттілігі объективті жағдайлармен байланысты – қоғамдық дамудың қажеттіліктерімен байланысты. Тарихқа жүгінсек, қаржылық қатнастар қоғамдық қызметтердің ең негізгілерін өз мойнына алған мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылады. Мемлекеттік билікті сақтау үшін қоғамның барлық мүшелерінің санатынан құрылатын арнайы ақшалай қаражаттар қоры қажет.

Салықтардың, мемлекеттік несиелердің, ақша эмиссиясының арқасында мемлекет ақшалай қаржыларды құрды және мемлекеттік аппататты, армияны ұстау және басқада өзінің қызметтерін орындау үшін қолданды.



Қаржының табиғаты. Қаржының табиғаты ақшалай нысанның құн қозғалысынан шығады. Бұл қозғалыстың шарты болып тауар ақша қатнасының бар болуы және экономикалық заңдардың, сонымен қатар құн заңдарының әрекеті табылады. Соңғы уақытқа дейін социализм жағдайында бұл факторладың әрекеті шектеліп келген болатын: жұмыс күші тауар ретінде қарастырылмады, өндіріс қаражаттары орталықтандырылған материалды-техникалық жабдықтау арқылы таратылды. Алайда олар баға арқылы өткізілгенмен, оның бағасы да орталықтан түседі.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.

Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.

Осының күшімен бір жақты мағынада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:



  1. ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және

заңдылы тұлғалар;

  1. көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

«Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп

( материалдық мағнада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.

Поль Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «... ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».

Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:



  1. мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;

  2. мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;

  3. жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;

  4. мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.

Жеке меншік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

  1. ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);

  2. сақтандыру ұйымдарының қаржылары;

  3. Банкілер қаржылары;

  4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес

зейнетқорлар қорлары).

Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:



  1. Бюджеттік жүйе;

  2. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;

  3. Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);

  4. Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);

  5. Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық

жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

Қаржыларға келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.

Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.

Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға алуы.

Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз

Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:



    1. Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    2. Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;

    3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.

Қаржы жүйесі - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

1 Бюджеттік жүйе;

2 Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3 Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4 Мүлікті және жеке сақтандыру;

5 Несие (мемлекеттік және банктік).

Қазақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:



  1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу

(салықтар);

  1. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

  2. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

  3. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

  4. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

  5. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

  6. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).


Қаржының қызметі

бөлуші - қаржының қоғамдық бағдарын іске асырады-қоғамдық

өндіріске барлық қатысушыларын ақшалай ресурстармен қамтамасыз ету және сонымен қатар, ақша ағынының мақсатымен қолдану бағдарын анықтайды



бақылаушы – қоғамдық өнімді және мемлекеттік табыс бойынша

ақшалай қорларды тарату және оның тиімді түрде қолданылуын бақылау



Қаржының түрлері

Орталықтандырылған - мемлекеттің бюджеттік жүйесінде және үкіметтік бюджеттік қорларда жинақталған мемлекеттің ақшалай қаржыларын құру және қолдануды ұйымдастырумен байланысты экономикалық қатнастар

Орталықтандырылмаған – кәсіпорынның ақшалай қорларының айналымын орталандыратын ақшалай қатнастар

Қаржы қызметі:

Таратушы қызметі мемлекеттің қаржысының арқасында жаңа құрылған құнды тарату және қайта тарату арқылы жүзеге асырылады, соның нәтижесінде жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қамтамасыз етеді, бюджеттік және бюджеттік емес мақсаттық қорлардың орнықтылығына қол жеткізеді, экономиканың өндірістік емес аясын қаржыландыру көзі құрылады

Бақылаушы қызметі қоғамдық өнімді және мемлекеттік табыс бойынша ақшалай қорларды тарату және оның тиімді түрде қолданылуын бақылауын қадағалайды. Яғни қаржылар ақшалай қаражаттардың таратылу пропорцияларының қандай жағайда екенін, шаруашылық субъектілеріне ақшалай қаражаттар дер кезінде түсу- түспеуін айқын көрсетеді,

Реттеуші қызметі, өндіріс процессіне қаржы арқылы (мемлекеттік шығындар, салықтар, несиелер)мемлекеттің араласуы. Сонымен қатар, экономиканың және әлеуметтік қатнастарды реттеу мақсатында қаржылық және бюджеттік жоспарлау, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу қолданылады. Алайда, бүгінгі күні Қазақстанда реттеуші қызмет әлсіз дамыған

Тұрақтандырушы қызметі, яғни барлық шаруашылық субъектілері мен азаматтардың экономикалық және әлеуметтік қатнастарда тұрақты жағдай қамтамасыз етеді, Ерекше маңызды мәселе болып, қаржылық заңнаманың тұрақтылығы табылады, өйткені олсыз жеке инвесторлардың жағынан инвестициялық саясатты жүзеге асыруы мүмкін болмас еді.

Қаржы белгілері:

  • Екі субъектілер араларында ақшалай қатнастардың болуы, яғни ақша

қаржының пайда болуына және қызмет етуіне материалдық негіз болып табылады Ақшалай қатнас процессінде субъектілер әр түрлі құқықтарға ие: тараптардың біржағы (мемлекет) ерекше құзыретте болады

  • Ақшалай қатнастар процессінде ақшалай қаражаттың жалпы

мемлекеттік қоры - бюджет құрылады

  • Бюджетке қаражаттың тұрақты түрде түсіп тұруы салықтарға, және

басқа да жиналымдарға мемлекттік - приоритеттік сипаттама бермей қамтамасыз етілмейді, яғни бұл мемлекеттің заң шығарушы қызметімен жүзеге асырылады.

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.

Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.


Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет