Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда

Кредиттiк шартта бюджеттiк кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс

жүктеу 1.74 Mb.
бет10/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Кредиттiк шартта бюджеттiк кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс:

1) берудiң мақсаты;

2) мөлшерi;

3) валютасы;

4) мерзiмi;

5) игеру кезеңi;

6) сыйақы ставкасы.

Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi

Қарыз алушы бюджеттiк кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi бюджеттiк кредиттiң мерзiмi болып табылады.

      Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi бюджеттiк кредиттiң қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледi.

Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;

2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;

3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30жылға дейiн.

Тестілік тапсырмалары:

1 Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай қандай түрлерге бөлiнедi?

А) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн

В) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн

С) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30жылға дейiн

D) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;

орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;

ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30жылға дейiн.

Е) ұзақ мерзiмдi - 10 жылдан 100жылға дейiн

2 Кредиттiк шартта бюджеттiк кредиттiң қандай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс?

А) берудiң мақсаты

В) мөлшерi

С) валютасы

D) 1) берудiң мақсаты;

2) мөлшерi;

3) валютасы;

4) мерзiмi;

5) игеру кезеңi;

6) сыйақы ставкасы.

Е) сыйақы ставкасы

3 Кредитор:

А) Қазақстан Республикасының бюджеттiк және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарабы кредитор болып табылады

В) Тапсырма шартының негiзiнде кредитордың (сенiмгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тұлға

С) Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттiк кредиттi соңғы алушы

D) Бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы

Е) бюджеттiк кредит беру кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады

4 Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:

5 Қарыз алушылар:

6 Түпкiлiктi қарыз алушылар:

7 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер:

8 Бюджет аралық кредиттеу дегеніміз:

А) бір бюджет (жоғары тұрған) басқа бюджетке (төменгі) кредит беруі.

В) бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша.

С) бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келiсiм.

D) бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.

Е) қарыз алушы бюджеттiк кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi.

9 Кредиттiк шарт дегеніміз:

10 Бюджеттiк кредит дегеніміз:

Тақырып 10 Банк қызметің және сақтандырудың ұйымдастыру құқықтық негіздері
Сабақтың мақсаты – банк қызметінің және сақтандырудың ұйымдастыру құқықтық негіздері туралы білімдерді қалыптастыру.

Жоспар:

1 Банк қызметінің құқықтық негізі

2 Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

3 Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы

4 Сақтандыру және сақтандыру қызметiнiң түсiнiгi

5 Сақтандыру нысандары, салалары, сынаптары және түрлері

6 Сақтандыру қызметінің қатысушылары мен субъектілері. Сақтандыру ұйымын құру

7 Сақтандыру шарттары.

8 Сақтандыру (қайта сатандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері
1 Банк қызметінің құқықтық негізі
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

Банктің жүйесі және оның барлық элементтері бұқалалық – құқықтық әрекет ету объектісі ретінде қаржылық қатнастың белсенді қатысушы – субъектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы бойынша банк қызметі болып банк операцияларын жүзеге асыру табылады.

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар

Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.

      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

Банк операцияларына жататындар:

  • депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

  • аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және заңды тұлғаларға беріледі;

  • кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

  • банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

  • есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;

  • аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

  • банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

  • банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;

  • төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау.

Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар:

- Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:

а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi

б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;

в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары; 

г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;

е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;     

ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.

2 Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттің банк жүйесінің шегінде қаржылық - құқықтық реттеуді жүзеге асрушы басты субъект болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды

Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiнде Конституцияны, ҚР Ұлттық Банкi Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" ҚР Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.

Қазақстан Ұлттық Банкiінің негізгі мақсаты - ҚР бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банкі ішкі және сыртқы факторларды саралай келе, сонымен қатар өзіне қойылған мақсаттарға сай келесі негізгі қызметтерді атқарады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi.

2. Банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады.

3. ҚР Үкiметiмен келiсiм бойынша ҚР Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады

4. Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы.

5. ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

6. Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi.

7. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.

8. қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу,қадағалау және бақылауды жүзеге асырады;

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және
валюталық бақылау саласындағы функциялары:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;

2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;

3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;

6) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

7) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

8) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;

9) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды;

10) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді;

11) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;

12) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.

ҚР Ұлттық Банк уәкілетті:

Меншік иелерінен олардың құрал қаражаттарын мәжбүрлі және қайтарымсыз тартып алу;

Ақша қаражаттарын мәжбүрлі қайтарып алу;

Ақша қаражаттарын ерікті, қайтарымсыз тарту;

Ақша қаражаттарын ерікті, қайтарыды түрде тарту;

Мемлекеттің қызметін жүзеге асыру негізінде ақша қаражаттарын тарту;

Мемлекеттің мүлкін қолдану және жүзеге асырудан алынған ақша қаражаттарын мемлекеттің кірісіне өткізу;

Банктiк реттеу тәсiлдерi

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

  • күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

  • банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

  • банкiлердiң қызметiн тексеру;

  • ертерек ден қою шараларын қолдану;

  • банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

  • банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

3 Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктер – бұл банк жүиесінің негізгі тізгіні және клиенттермен, кәсіпорындармен, ұйымдар қатнастары коммерциялық сипатта жүреді. Басты мақсаты болып максималды пайда табу табылады.

Коммерциялық банктің негізгі функциялары:

1) қаражаттарды шоғырландыру;

2) ақша айналымдарын реттеу;

3) делдалдық.

Екінші деңгейдегі банктерге жататындар:

1. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

2. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

3. Еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

Банк қызметін құру, қайта құру және тоқтату тәртіптері

Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.

Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.    Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.      

Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.

Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.

Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.

Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.

Банктерді таратылу шарттары:

1) Құзіретті органдардың рұқатымен оның акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті таратылу),

2) соттың шешімі бойынша.

Банктің мәжбүрлі таратылуы

сотпен өндіріледі, ол келесілерге байланысты:

1. Банк заңнамасында көзделген негіздер бойынша банктің банктік операцияларды жасауға лицензиясын кері шақыру,

2. банктің банкроттығы,

3. Мемлекеттік құзыретті органдардың, заңдық және жеке тұлғалардың банктің қызметтерін тоқтату туралы арыз (талап арыз) жазуы

4 Сақтандыру және сақтандыру қызметiнiң түсiнiгi
Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi.

Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi

сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет