Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi



жүктеу 1.74 Mb.
бет11/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi:

1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;

2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi (сақтандыру ұйымы үшін);

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;

4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;

5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;

6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;

8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.

Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. өордың құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi
5 Сақтандыру нысандары, салалары, сынаптары және түрлері
Сақтандыру нысаны. Мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:


  • Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.

  • Мiндеттi сақтандыру - егер сақтандырудың мiндеттi түрлерiн

реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, талаптары тараптардың келiсiмiмен айқындалатын, заңнамалық актiлердiң талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды.


      Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi.

Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде тәртiбi мен  талаптары белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу, егер осы  заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.

Сақтандыру объектiсi бойынша:


  • Жеке сақтандыруға азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке

қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру жатады.

Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.



  • Мүлiктiк сақтандыруға мүлiктi және оған байланысты мүлiктiк

мүдделердi сақтандыру жатады.

Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.

Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша:



  • Жинақтаушы сақтандыру сақтандыру жағдайы туған кезде, соның

iшiнде сақтандыру шартында белгiленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру болып табылады.

  • Жинақтаушы емес сақтандыру туындауының ықтималдық және

кездейсоқ белгiлерi бар сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру болып табылады.

Сақтандырудың күрделі нысандары:

Көпше

  • Қос сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда

әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.

Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.

Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
      Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.

Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.



  • Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде

өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады.

Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн.


      Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесiлi сақтандыру төлемiнiң төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс.

Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.



Комплекстік

  • Ортақ сақтандыру. Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы

(ортақ сақтандыру) бiрлескен бiр шарт бойынша сақтандырылуы мүмкiн. Бұл орайда шартта әрбiр сақтандырушының келiсiлген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын талаптары болуы тиiс.
      Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының (пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.
     Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады.

Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда, олардың бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып, онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкiл болуы мүмкiн.



  • Қайта сақтандыру. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз

мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.

Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.

Қайта сақтандыру талаптары ҚР заң   актiлерiмен және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен айқындалады.

Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстiң сақтандыру шартына қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледi.

Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар  бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады.

Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын бiртiндеп жасауға жол берiледi.



Сақтандыру сыныптарының мазмұны

      1. Өмiрдi сақтандыру, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.


      2. Аннуитеттiк сақтандыру, сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

3. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру,сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе ауырудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тiркелген сомада не iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

4. Медициналық сақтандыру, сақтандырылушының медицина мекемесiнен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгiзiлген медициналық қызмет көрсетулердi сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

5. Көлiк құралдарын сақтандыру, көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде айдап немесе ұрлап әкетiлуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

6. Жүктердi сақтандыру, жүктердi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде жүктердiң тасымалдану әдiсiне қарамастан жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

7. Мүлiктi сақтандыру, мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне, оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

8. Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 810-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

9. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, үшiншi тұлғаға өзi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты келтiрген зиянын өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

10. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, көлiк құралдарын тасымалдаушы ретiнде өзi пайдалануына байланысты үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиянын өтеу мiндеттемесiмен байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

11. Шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 812-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

12. Залал келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 811-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

Сақтандыру салалары

Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға, түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады.



Өмірді сақтандыру «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті нысанда болатын келесі сыныптардан тұрады:

1) Өмірді сақтандыру;



2) аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру «Жалпы сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2) медициналық сақтандыру;

3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

5) әуе көлiгiн сақтандыру;

6) су көлiгiн сақтандыру;

7) жүктердi сақтандыру;

8) мүлiктi сақтандыру;

9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;

10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;


16) зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.
6 Сақтандыру қызметінің қатысушылары мен субъектілері. Сақтандыру ұйымын құру
Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтану шартын жасасқан тұлға.

Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.



Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар, сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлға ғана бола алады.

Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға.


      Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.

Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

2) сақтандыру брокерi;

3) сақтандыру агентi;

4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

5) актуарий;

6) уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкiлеттi аудитор);

7) өзара сақтандыру қоғамы;

8) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.


      Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн реттеу мен тоқтату тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға тиiс.

Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап кемiнде бiр жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:

1) директорлар кеңесi - басқару органы;

2) басқарма - атқарушы орган;

3) тексеру комиссиясы - бақылау органы.

Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:


     1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
     2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) үш данасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; бухгалтерлiк баланстар, аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептi тексеру туралы аудиторлық қорытынды қамтылады;


      5) құрылтайшылар - жеке адамдар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған салық қызметi органдары куәландырған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес талап етiлетiн табыс және мүлiк туралы декларация қамтылады;
      6) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таяудағы үш жылға арналған ұйымдастыру шараларының жоспарын, даму жоспары мен капиталды дамыту көздерi мен жоспарын, күтiлiп отырған төлем қабiлетiнiң шектерi мен қаржы нәтижелерiнiң болжамын қамтитын бизнес-жоспар;
      7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
7 Сақтандыру шарттары
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыру керек:



  1. сақтандыру объектілерінің тізімін;

  2. сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;

  3. сақтандыру тәуекелдерді;

  4. сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;

  5. сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;

  6. сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;

  7. тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

  8. сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;

  9. сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;

  10. сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;

  11. сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабуылдау мерзімін;

  12. сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;

  13. дауларды шешудің тәртібін;

  14. сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;

  15. ерекше жағдайлар.

Сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгенін орнына мүліктік қанағат алады.

А) Сақтандыру шартының нысаны.

Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.

Сақтандыру шартының мазмұны анықтайтын болсақ, онда мыналар болуға тиіс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру объектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру көлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру айлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың нөмірі, сериясы; 10) шартың жағдайларына өзгерістер енгізілетін кездер мен оларды енгізу тәртібі; 11) сатып алу сомасын төлеудің шарттары мен оның мөлшері;

Б) Сақтандыру шартының элементтері.

Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлған.

Сақтандыру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады.

Шетелдік қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қатысушылары бола алады.

Сақтанушы болып сақтандырушы мен сақтандыру шартын жасасқан тұлға келеді. Заңда тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шарт өзінше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады. Пайда алушы сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтардырылу төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтандырушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларды – оның сақтандырылған адам болып табылатындығы дәлелдейтін құжатты алуға құқылы.

Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібі мен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен, сақтанушы тарапынан универсалдық құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады.

Шарт бойынша сақтандыру төлемін алу құқығы егер сақтандырылған адам оны алудан бас тартса, сақтандырылған адамнан сақтанушыға ауысуы мүмкін.



В) Сақтандыру объектісі.

Сақтандыру объектісі жеке және заңды тұлғалардың мүддесі болып есептеледі. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыру объектісі бола алмайды, оларды сақтандыру артынан сақтандыру шартын жарамсыз екендігіне әкеп соғады.

Сақтандыру шартының заңды объектісі болып қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет