Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1.74 Mb.
бет12/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Г) Сақтандыру шартының мазмұны.

Сақтандыру шарты көбіне нақты шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының міндетінен және оған қарама-қарсы болып келетін сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге міндетті.

Сақтандыру сыйлық ақысы әдетте біруақытылы төлемді. Шартта сақтандыру сыйлық ақысын бөліп-бөліп төлеу көзделуі мүмкін.

Сақтандыру шартымен орнатылған мерзімде сақтандырушы сақтандыру жарналарын алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі жөнінде сақтанушыға хабардар беруге міндетті.

Хабарландырудың ішіне кіреді:


  1. сақтандыру жарнасын (сақтандыру сыйлық ақысын кейінге қалдыру мерзімі) төлеу мерзімі;

  2. сақтандыру жарнасын төлеудің мерзімін асырып алу үшін өсім мөлшері;

  3. сақтандыру сыйлық ақысы кейінге қалдыру мерзімі ішінде сақтандыру жарнасын төлемеу жағдайларында сақтандырушының бір жақты тәртіппен шартты тоқтату құқығы.

Сақтанушының келесі міндеті сақтандыру жағдайы болғаны туралы сақтандырушыға хабарлауда болып келеді. Оған сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы белгілі болғаннан кейінгі қалдырмай сақтаушы осы туралы сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлауы тиіс.

Егер шартта ескертудің тәсілі мен мерзімі көрсетілсе, хабарлау міндеті шартқа сәйкес орындалуы керек.

Сақтанушы сақтандыратын жағдайдан болатын шығындарды азайтуға ықпал салуы керек. Сақтанушының өзінің осы міндетін орындау қалыптасқан жағдайда шығынның алдын-алу мақсатында қажетті қисынды және қолайлы шаралар жасалуын талап етеді. Олардың қатарына сақтандырылған мүлікті құтқаруға және сақтауға бағытталған шаралар да кіреді.

Сақтандырушының негізгі мендеті сақтандыру жағдайы орын алғанға сақтандыру төлемін сақтандыру шарты мен заң актілерінде көрсетілген мерзім мен мөлшерде төлеуде болып келеді. Сақтандыру шартында қарастырылған құжаттар бар болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемдерін құжатты алғаннан кейін 7 банктік күннен кешіктірмей бастауы керек.

Егер сақтандыру сомасы шартта көрсетілген сақтандыру құнынан асып кетсе, онда сақтандыру шарты оны жасасу сәтіндегі сақтандыру құнынан асып келетін сақтандыру сомасының бөлігінде жарамсыз болып келеді.

Сақтандыратын жағдайдың тууына мынадай себептер әсер етсе сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден босатылады. Олар: 1) ядролық жарылыстың, радиацияның және радиактивті қабыну әсері; 2) әскери іс-әрекеттер; 3) азамат соғысы, халық қозғалысы, қандай да болсын жаппай тәртіпсіздіктер және ереуілдер.

Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуына мыналар себепті болыу мүмкін: а) сақтанушы сақтандыратын объект туралы, сақтандыру жағдайы және оның зардабы туралы сақтандырушыға әдейі жалған мәлімет беруі; б) сақтанушының сақтандыратын жағдайы болдырмау үшін шараларды әдейі қолданбауы; в) мүлікті сақтандырудағы сақтанушының шығын келтірудегі кінәли тұлғадан өтем алуы; г) сақтандыру жағдайының тууын сақтандырушының зерттеуіне және келтірген шығын мөлшерін анықтауға сақтанушының кедергі келтіруі; д) сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы хабарламай; е) сақтандыру жағдайының тууына себепші болған тұлғаға сақтанушының талап қоюдан бас тартуы, сонымен қатар сақтандырушыға сақтандырылған тұлға орнына талап ету құқын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тарту. Бұл жағдайда, егер сақтандыру сомасы төленіп қойса, сақтандырушы төлемді толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы.

Сақтандырушы сақтандыру құпиясын сақтауға міндетті.

Сақтандыру құпиясына сақтандыру анықтайтын сомасының мөлшерін, сатып алу сомасын және төленген сақтандыру сыйлық ақысын сақтанушыға сақтандырылушыға немесе пайда алушыға байланысты сақтандыру шартының басқа да жағдайлары кіреді.

Сақтандыру объектісі бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушымен сақтандырылуы мүмкін. Мұндай сақтандыру – ортақ сақтандыру деп аталады. Ортақ сақтандыру шартында келісілген үлесте әр сақтандырушының жеке міндеті мен құқығы белгіленеді.

Сақтандыру шартының тағы бір ерекше түрі – қайта сақтандыру.

Қайта сақтандыру жағдайлары қайта сақтандырушы және қайта сақтанушы жасасқан шартқа сәйкес анықталады.

Қайта сақтандыру шарты да қайта сақтандырушылар тарапынан қатысушылардың көптелегене де жол береді. Тиісті қайта сақтандыру жүзеге асыру үшін олар бірлескен қызмет туралы шарттар негізінде жәй серіктестіктерге біріге алады.

Сақтандыру міндеттемелерінің орындалу кепілдігі ізінше екі немесе бірнеше қайта сақтандыру шарттарын жасау арқылы болуы мүмкін. Осы орын алса қайта сақтандыруға қос сақтандыруға қолданымды ережелер қолданылады.

Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкні:


  1. егер сақтандыру объектісі өзінің болмысын тоқтатса;

  2. оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтін сақтандырылушы сақтанушы болып келмейтін сақтандырылған тұлғаның өлімі жалпы ереже бойынша шарт мендеттері мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына әкелмейді.

Д) Сақтандыру шартының жарамсыздығы.

Сақтандыру шартының жарамсыздығын қарастырайық. Егер оған жүйелі түрде келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 843-бабымен қарастырылған сақтандыру шарттарын жарамсыз деп танудың барлық негіздері, мәмілелерді олардың мазмұны, ондағы субъектілердің еркінің ақаулықтарына байланысты жарамсыз деп танудың негіздерімен байланысты екені, олардың жеке көрінісі болып келетіні екені көрінеді. Сонымен қатар, сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады, егер сақтандыру кез-келген жағдаймен байланысты болса, егер ондай жағдайда мәміленің субъектілік құрамының мазмұнының нысанының, ондағы еріктің ақауы болса, басқаша айтқанда, сақтандыру шартына азаматтық құқықтағы мәміленің жарамсыздығы туралы жалпы ережелер бүтіндей және толығымен таратылады.

Сақтандыру шартының заңнамада арнайы бөлініп шығарылатын негіздеріне мыналар жатады.:


  1. шартты жасау сөтінде сақтандыру объектісінің болмауы;

  2. сақтандыру объектілері ретінде құқыққа қайшы мүдделерінің қарастырылуы;

  3. сақтандыру объектісі болып заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес тәркіленуге жататын мүлік, немесе қылмыстық жолмен табылған, әлде қылмыс құралы болған мүлік келсе;

  4. сақтандыратын жағдай ретінде пайда болуының ықтималдық және кездейсоқтық сипаты жоқ, шартың күшінде болу кезеңінде ол болмай қоймайтын объективтік оқиға қарастырылса және бұл туралы талаптар немесе ең болмағанда сақтандырушы алдын-ала білсе;

  5. сақтанушы шартты жасағанда заңсыз пайда болу мақсатын көздесе, сол сияқты сақтандыру шартын сақтандыратын жағдай орын алған соң жасаса;

  6. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтандырушы тұлғаның мүддесінде немесе пайдасына жасалса;

  7. шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыруда сақтандырушыдан бөлек, басқа тұлғаның жауапкершілігінің тәуекелдігі сақтандырылса;

  8. сақтандырылушының келісімен алу міндетті болып табылған кезде оның келісімінің болмағаны;

  9. шарттың жазбаша нысанын сақтамау;

Сақтандыру шартының жарамсыздығы бір немесе екі тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бір жақты реституция жүргізілетін болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берілмейді.
8 Сақтандыру (қайта сатандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері

1) жарғылық және өз капиталының минималды мөлшері

2) активтердің құны және олардың диверсификация деңгейі;

3) сақтандыру резервтері мен басқа да міндеттімелер

4) төлем қабілеттілігі көрсеткіштері;

5)сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатнасы;

6) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша жасалатын қызметтердің рентабелдігі (падалылығы);

7) инвестициялық саясатты жүзеге асыруда тиімді болуы.



Активтердің құны және олардың диверсификация деңгейі

Активтер – құндық бағасы бар, мүліктер, субъектілердің мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.



Активтерге мыналар жатады:

  • Ақшалар және ақшалай эквиваленттер,

  • Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар,

  • Қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінен қайта сақтандыру ұйымының үлесі,

  • диверсификация – активтердің әр түрлі инвестирлендіру объектісіне тарату.

Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігі.

Сақтандыру ұйымдарыны келесілерді инвистициялауы керек:



  • Мемлекеттік ОБ

  • Қазақстандық эмитенттердің акциялары

  • Кассадағы ақша

  • Мерзімді салымдар

  • Ипотекалық облигациялар


Тестілік тапсырмалары:

1. Қаржылық-банктік құқық-бұл

А) мемлекеттік ақша қорларын қаржылық-құқықтық тәсілдермен құру,бөлу және ұйымдастыру процессіндегі пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты

В) мемлекеттік банктік қорларды құрастыру мен пайдалану бойынша пайда болатын қатынастарды реттейтін және елдегі банктік істі ұйымдастыратын қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты

С) мемлекеттегі сақтау қызметі мен сақтандыруды ұйымдастыру процессіндегі пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты

D) біржақты биліктік және салықты алуды бекіту бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістерін құру негізінде салық төлеуші мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттейтін,қаржылық-құқықтық нормаларды байланыстыратын бюджеттік құқықтың ерекше бөлімінің институтының алдыңғы субинституты

Е) бюджеттік құрылымды ұйымдастыру процессіндегі,сонымен қатар ортақтандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды құру,бөлу және ұйымдастыруға байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты

2. Банктік қызмет-бұл

А) банктік қызметті құқықтық реттеу

В) банктік операцияларды жүзеге асыру,сонымен қатар банктердің басқа операцияларын жүргізу

С) өндіргіш мерзімдердің кірістердің мерзімдерімен сәйкес келмеуі,олар берілген шығыстарды өтеу керек

D) банктік қатынастарды реттейтін заңдылық нормалардың жиынтығы

Е) банктік операцияларды жүргізу тәртібін анықтайтын банктік құқықтың нормалары

3. Ұлттық банктің қызметі жыл сайын кіммен тексеріледі

А) Қаржы министрлігімен

В) Президенттің әкімшілігімен

С) Аудиторлық ұйыммен

D) Үкіметпен

Е) Кеден бақылау агенттігімен

4. Банк-бұл

А) Қазақстан Республикасының банктік жүйенің (бірінші) жоғарғы деңгейдегі және Қазақстан Республикасының орталық банкі

В) жарғылық капиталының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк

С) заңнамаға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыру құқығы бар коммерциялық ұйым болатын заңды тұлға.Банк негізде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу арқылы оның ресми мәртебесі анықталады

D) банктің орналасқан жерден тыс,банктің атынан банктік операцияларды жүзеге асыратын және банкпен оған берілген құқықтар шегінде іске асыратын банктің бөлімшесі

Е) банктің орналасқан жерден тыс,банктің атынан және оның тапсырмамен банктік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылмайтын банктің бөлімшесі

5. ҚР «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заң қашан қабылданды

А) 31 тамыз 1995 жылы

В) 30 мамыр 1995 жылы

С) 3 сәуір 1995 жылы

D) 28 желтоқсан 1993 жылы

Е) 26 желтоқсан 2000 жылы

6. Сақтандыру қызметі-бұл

А) мемлекеттің ақшалай инфрақұрылымын құру бойынша және оның нысаландыруын қамтамасыз ету бойынша,сонымен қатар мемлекеттік ақша қорын пайдалануды қалыптастыру,бөлу және ұйымдастыру бойынша соған уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметі

В) бюджеттік операцияларды жүзеге асыру,сонымен қатар банктермен басқа операцияларды жүргізу

С) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қорытындылау және орындаумен байланысты,заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган лицензиясы негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі

D) міндетті сақтандыруды жүзеге асыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі

Е) салық салуды ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің қызметі

7. Сақтандырушы-бұл

А) берілген құзыретіне сәйкес өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау және сақтандыру ұйымының ұсынысы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға

В) өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау бойынша және сақтандырушының немесе өз атынан қайта сақтандыру шартының ұсынысы бойынша және цеденттің ұсынысы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру және делдалдық қызметі сұрақтары бойынша кеңестік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға

С) уәкілетті мемлекеттік органдардың сәйкесінше лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шартын қорытындылау және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға

D) төлеу қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша экономикалық-материалдық есептердің міндетті өлшемдерін жүзеге асырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға

Е) қайта сақтандыруда сақтандыру қауіпін қабылдауда ауыстыруды жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйым

8. Сақтанушы-бұл

А) берілген құзыретіне сәйкес өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау және сақтандыру ұйымының ұсынысы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға

В) өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау бойынша және сақтандырушының немесе өз атынан қайта сақтандыру шартының ұсынысы бойынша және цеденттің ұсынысы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру және делдалдық қызметі сұрақтары бойынша кеңестік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға

С) сақтандыру қорғауын алу мақсатында сақтандырушыға сақтандыру төлемін төлейтін кез келген заңды және жеке тұлға

D) төлеу қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша экономикалық-материалдық есептердің міндетті өлшемдерін жүзеге асырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға

Е) қайта сақтандыруда сақтандыру қауіпін қабылдауда ауыстыруды жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы

9. Сақтандырудың басты нысанын атаңыз

А) материалдық

В) бақылаулық

С) қайта қалыптасатын

D) фискалдық

Е) экономикалық

10. Сақтандыру ұйымы өзінің қызметін қандай салалармен жүзеге асырады

А) объективтік сақтандыру

В) өмірді сақтандыру,жалпы сақтандыру

С) мүлікті сақтандыру,өмірді сақтандыру

D) қозғалмайтын мүлікті сақтандыру



Е) жалпы сақтандыру,міндетті сақтандыру
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Азаматтық кодекс (ерекше бөлім) 01.07.1999

  2. «ҚР Ұлтық банк туралы» ҚР Заң 30.03.1995

  3. «Банк және банк қызметі туралы» ҚР Заң 31.08.1995

  4. «Валюталык реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заң 13.06.2005

  5. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заң 18.12.2000

  6. «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» ҚР Заң 03.06.2003

  7. Найманбаев С.М. Банктік құқық: оқу құралы. - Алматы:Жеті-Жарғы, 2005

  8. Худяков А.И. Основы теории финансового права // Алматы: Жеті-Жарғы, 1995

  9. Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет