Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1.74 Mb.
бет4/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ақша жүйесінің элементтері:

1 ақша бірлігі мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ұлттық валютаның белгісі, яғни барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі.

2 ақша белгісінің түрлеріақша беліглері номиналы мен ақша массасының ұйымдастырушылық құрылымы. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар – ақшаның түрлеріне жатады.

3 ақша эмиссияның тәртібі қосымша ақшаны шығаруға мемлекеттің берген тәртібі. Эмиссия-кең мағынасында айналымға ақшаны құнды қағаздарды,есеп айырысу-төлем құжаттарын,пластикалық карточкаларды және т.б шығарумен байланысты сөз.

4 валюталық айналымы режимі – валюталық операцияларды жүргізу бойынша мемлекетпен бекітілген тәртіптер. Валюталық айналым режимі 24.12.96 жылдың «Валюталық реттеу туралы» ҚРЗаңымен жүзеге асады.

5 ақша айналымы режимі – қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысының нысаны.

6 валюталық паритеті -шаруашылық етуші субъектілерге мемлекет бекітетін ресми валютаның курсы.

7 баға масштабы– ақша бірлігінде бағалы металдардың салмақ саны

Енді әр элементті жеке ашып қарастырайық



1 Ақша бірлігі мемлекеттік заңнамалармен бекітілген ұлттық валютаның белгісі, яғни барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі.(доллар, евро, рубль, тенге және т.б.).

2 ақша белгісінің түрлеріақша беліглері номиналы мен ақша массасының ұйымдастырушылық құрылымы. Ақша белгілері 2 түрде шығарылады:

1 Қағаз ақшалар - купюралар, банкноттар, банктік билеттер;

2 Металл монеталар. Металл ақшаның бет жағы – аверс деп аталады, сыртқы жағы – реверс, ал металл ақшаның бүйір жағы – гурт деп аталады.

Қазіргі уақытта метталдық айналым жүйесі бір мемлекетте жоқ. Ақша белгісінің негізгі түрлері болып: мемлекетте төлем құралы болатын кредиттік банктік билеттер (банкноттар),

сонымен қатар мемлекеттік қағаз ақша (қазыналық билеттер) және айырбас тиындар табылады.

Банкноттар (банктік билеттер)- орталық банктермен айналымға шығарылатын, заңды төлем құралы болатын, ақша белгілерінің түрлері

Қазыналық билеттер – мемлекеттік қазынашылықпен(Қаржы министрлігі немесе арнайы мемлекеттік қаржы органы) шығарылатын бюджеттік дефицитті жабу үшін падаланылатын қағаз ақша

Айырбас монеталары – салмағы мен формасы заңмен бекітілген меттал құйма. Монеталар қазынашылықпен согылады.

3 Ақша эмиссиясының тәртібі

Ақша эмитенті болып тек қана мемлекет табылады Эмиссиялық орталық болып мемлекеттің орталық банкі табылады

Алайда эмитент ретінде қазынашылықта (ҚМ) бола алады. Бұл орталықтар парралель жұмыс істей алады Бұндай жағдайда банк қолма –қол- негізгі бөлігін құрайтын банктік билеттерді шығару құқығына ие болады. Қазынашылықтың үлесіне тиын және ұсақ номиналда қағаз ақшалай белгілерің 10 пайызын шығару құқығы беріледі.

4 Валюталық айналым режимі

Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді:

Еркін айналымдағы валюталар (ЕАВ). Еш арнайы рұқсатсыз басқа әр түрлі валюталарға айырбастауға болатын валюталар. Осыған байланысты, өз валютасы мен шетел валютасын елден кіргізіп, шығаруға болады.

Жартылай айналымдағы валюталар (ЖАВ). Бұндай валюталарға нақты валюталық операцияларға шектемелер және тиым салулар салынады, әсіресе резиденттер үшін. Қазақстандық тенгені осы валюта түріне жатқызуға болады

Айналмайтын валюталар (АВ). Бұл валюталар басқа валюталарға айырбасталмайды Бұндай мемлекеттің ішінде шетел валюталарының болуы тиым салынады және ондай влюталармен шарт жасасу мемлекеттің монополиясында болады.



5 Ақша айналымы тәртібі - қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысының нысаны.

Мемлекет ақша айналымы процессінде ақша жүйесінің дұрыс қызмет ету мақсатында келесідей ақша реформаларын пайдаланады:



нуллификация- бұл мемлекеттің жаңа ақша белгілері пайда болған кезде ескі ақша белгісінің жарамсыздыға туралы хабарландыруы.

деноминация - ескі ақша белгілерін белгіленген ара қатнас бойынша жаңа ақша белгілеріне ірілету

девальвация - өз валютасының курсын төмендетуге бағытталған мемлекеттің қандай да бір шараларды жүргізу

ревальвация - девальвацияға қарама қарсы түсінік. Өз валютасының курсын басқа елдер валютасынан жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің қандай да бір шараларды жүргізу

Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

  • ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотиваця) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;

  • тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;

  • ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;

  • ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатын білдіреді;

  • Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

Ақша – несие айналымының тетігі – ақша – несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша – несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Ақша – несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:



  • ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;

  • Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативтері;

  • мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;

  • банктерге несиелер;

  • валюта нарығындағы интервенция;

  • айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;

ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.

Экономикалық әкімшілік-тарату жүйесінің келесі ерекше белгілері бар:

1. Ақша айналымын мемлекеттік банкте шоғырландыру (қолма – қол және қолма – қол емес).

2. Заңнамемен қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымын бөлуі. Қолма – қол емес айналым қаражаты өнеркәсіпті реттейді.

3. Кәсіпорындардың ақша қаражаттарының мемлекеттік банктің есеп шоттарында сақтандырылуының міндетті болуы.

4. Кәсіпорындардан түсетін қолма қол ақшаларды мемлекетпен нормалау.

5. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамды бөлігі ретінде ақша айналымын және оның элементтерін тіке директивті жоспарау.

6. Ақша жүйесін орталықтандырылған директивті басқару.

7. Мемлекеттің экономикалық даму жоспарына сай шаруашылық айналымға ақша бөлу.

8. Тауарлық және алтынды қамтамасыз етуде үйлесімділік.

9.Ұлттық ақша белгісінің валюталық курсын және баға мөлшерін заңнамамен бекіту.



Ақша жүйесінің екінші түрі келесі белгілерден тұрады:

1. Әр түрлі банктер арасында ақша айналымының орталықтандырылуы

2. Банк жүйесінің әр түрлі тізгіндерінде қолма қол және қолма қол емес ақша белгілерін шығару қызметін айыру.

3. Мемлекеттік ақша – кредиттік реттеу механизмдерін құру және дамыту

4. Мемлекеттік орталық банк арқылы ақша жүйесін орталықтан басқару.

5. Ақша айналымын болжамдық жоспарлау

6. қолма қол және қолма қол емес ақша айналымының тығыз байланыста болуы

7. Мемлекеттік орталық банктің үкімет шешімдері қатнасында өзінің дербес болуы

8. Ақша белгілерін банк жүйесі активтерімен қамтамасыз етуі (алтын, бағалы тастар, тауарлық-материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар)

9. Мемлекеттің ақша кредиттік саясатқа сай шаруашылық айналымға ақша бөлу

10. Валюта курсын валюта «корзинкасы» арқылы нарықтық бекіту жүйесі
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
13.11.1993ж. «Ұлтық валютаны енгiзу тұралы» заңды бекiту арқылы Қазақстан Республикасында жана ақша жүйесi басталды. Қазақстан осы заманға ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықтырулар енгізілген. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс істейді.

- ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан тұратын теңге жатады;

- теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;

- ақша эмитенті болып тек қана мемлекет табылады, оның атынан Қазақстан Ұлттық банкі қызмет жасайды;

- ақша бірлігі – қазақстандық тенге – баға масштабы болмайды;

- Қазақстан тенгесі ҚР аумағындағы бір ғана заңды төлем ақысы болып табылады;

- эмитенттік орган банк болғандықтан, қағаз ақша құрылымы бір ақша белгісінен ғана тұрады, ол – банкнот.

- ҚР аумағында бағалы метталдар мен бағалы тастарға байланысты ішкі және сыртқы нарығындағы келісім шарттарға нақты шектеулер қойылған.

- ресми валюталық курс бекітілмейді. Сыртқы экономикалық және кеден төлемдерінің кейбір түрлерін өндірісте пайдаланғанда Ұлттық банктің курсы қолданылады, сонымен қатар шетел валюталарын сату-сатып алуды жүзеге асыру және валюталық сауда өндірісінде ориентир ретінде болады.

- өз режимі бойынша ұлттық валюта жартылай айналымдағы валюталарға жатады.

- ақша айналымының тәртібі мемлекетпен өте қатаң түрде реттеледі, әсіресе қолма – қол ақша айналымы бөлімінде.

Мынаны, айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге көп құнсызданды, осының нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар айналымда жоқ.

ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.

Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданды, сондай – ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша аударымдары үшін олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбасталады.

Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай – ақ банктердің қолма – қол ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымалдау талаптарын белгілейді.
3 Валюталық реттеудің құқықтық негіздері
Валюталық реттеу – бұл мемлекетпен валюталық операцияларды жүргізу тәртібі. Валюталық реттеу 24.12.96ж “Валюталық реттеу туралы” ҚР Заңы шегінде жүзеге асырылады.

Валюталық реттеу мақсаттары

1. ұлттық валютаны шетел валюталары жағымсыз ықпалдан қорғау

2. ұлттық валюталық құндылықтарды сақтау, олардың шетелге шығып кетпеуін алдын – ала сақтандыру

3. мемлекетпен валюталық құндылықтарды табу және жинақтау үшін шартжасау, осы негізде ақшалай және материалдық қорларды құру



Валюталық реттеудің объектілері және субъектілері

Валюталық реттеудің объектілері болып валюталық құндылықтар мен олардың операциялары табылады.



Валюталық құндылыққа жататындар:

1 Табиғи асыл тастар (алмаздар, лағылдар, изумруд, сапфир және

александриттер – шикі және өңделген түрде, сонымен қатар інжіл; зергерлік бұымдар, тұрмыс заттары және осындай бұйымдардың сынықтарынан басқа. ҚР Заңнамаларында табиғи асыл тастар валюталық құндылықтарға жатпайды).

2 шетел валюталары;

3 шетел валюталарында бағалы қағаздар;

4 бағалы метталдар (алтын, күміс, платина и платиналық топтағы металлдар(палладий, иридий, осмий, родий, рутений) әр түрінде. По законодательству ҚР Заңнамаларында валюталық құндылықтарға тек аффинирленген алтын құймалар жатады).

ҚР Заңнамаларында сәйкес валюталық операцияларға жататындар:

1. Валюталық құндылықтарға құқықтары мен жеке меншікке құқықтарына көшумен байланысты мәмілелер;


2. Қалаған тәсілмен валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасыне кіргізу – шығару, ұлттық валютаға және басқа құқықтардың көшуімен байланысты резиденттермен резиденттер емес тұлғалардың арасындағы мәмілелер.

Негізгі валюталық реттеудің құқықтық нысаны болып:

а) нормативті құқықтық актілердің шығарылуы (көптеген сандары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің актілерінен тұрады);


б) жеке - құқықтық актлер шығару (мысалы, нақты тұлғаға валюталық операцияларды жасау құқығы рұқсатын беру).

ҚР Заңнамаларында барлық валюталық операцияларды 2 түрге бөледі :



1) ағымдағы валюталық операциялар

Тауарлар экспортына (импортына) байланысты 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тіркеу режимінде жүзеге асырылады.


      Резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзге де орындауының нақты мерзімі 180 күннен асып кеткен жағдайда, тіркеу режимі тауарлар экспортына (импортына) байланысты және 180 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттерге де қолданылады

- саудалық емес сипатта болатын аударымдар: гранттар, мұрагерлік соммаларының , зейнет ақы, еңбек ақы, алименттік аударымдары және т.б;

- капиталдың қозғалысымен байланысты басқа да валюталық операциялар.

2) капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялар.

- инвестицияларды жүзеге асыру;

- интеллектуалдық меншікке деген құқықты толық тапсырды жүзеге асырумен байланысты аударымдар;

- қозғалмайтын мүлікке женшік құқығын төлеу аударымдары: экспортты-импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру аударымдары және т.б;

- шетел банктерінің салымын (депозиттер) жүзеге асыру, олардың тіркелген мемлекеттер заңнамалары бойынша басқа да қаржылық операцияларды орандау; зейнетақы активтерінің жинақталу бойынша шарттарға байланысты аударымдар;

- сақтандыру және жинақталу сипатында болатын қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.



Валюталық заңнамада валюталық қатнастардың 2 субъектілері бөлінеді: резиденттер және резиденттер емес.

Резиденттер болып: а) ҚР тұрғылықты тұратын жері бар тұлға, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметтіне байланыста шетелде тұратын, уақытша шетелде жүрген тұлға;

б) ҚР Заңнамаларына сәйкес құрылған, осы елде тұрғылықты орны бар барлық заңды тұлғалар;

в) дипломатикалық, сауда және басқада ресми өкілдіктер

Резиденттер еместер болып:

а) Шетелде тұрақты тұратын ҚР уақытша немесе көп уақыт болатын тұлға;

б) Шетелде тіркелген ҚР қызмет атқаратын шетел заңи тұлғалар;
в) ҚР аумағындағы шетел дипломатикалық және басқа да өкілдіктер, және тағы да басқа халықаралық ұйымдар

Валюталық реттеудің негізгі әдістері болып:

1) нақты мүліктерді валюталық құндылықтарға жатқызу;

2) нақты мүліктерді мемлекеттің валюталық монополиясына жатқызу және осындай объектілермен мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдардың құзыретін бекіту;

3) валюталық операцияларды жасау тәртіптерін бекіту;

4) валюталық операциялардың нақты бір түрлерін жасауға тиым салулар мен шектеулер бекіту;

5) валюталық операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті лицензиялау;

6) валюталық операцияларды жасауға рұқсат ету және оны тіркеу;

7) резиденттермен шетел валютасында кредиттерді алу және беруді тіркеу;

8) валюталық операциялардың өндірісін бақылауды жүзеге асыру.

Валюталық реттеудің негізгі органы болып ҚР Ұлттық Банкі табылады.

Ол бір уақытта келесі санаттарда болады



  • Валюталық сұрақтар бойыншаномативтік құқықтық актілерді шығаратын мемлекеттік орган

  • Өзінің нормативті актілерін реттеуге бағытталған жеке актілерді шығарушы субъект,

  • Валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде шарттың бір тарабы болатын

  • Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікте болатын орган.

  • шаруашылық субъект.

Валюталық бақылау, мақсаты және негізгі бағыттары

Валюталық реттелудің негізгі бағыты болып валюталық бақылау табылады



Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары болып:

а) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау; 

б) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер мемлекет алдындағы міндеттемелерінің орындауын қадағалау

в) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру; 

г) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.   

ҚР валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен валюталық бақылау агенттерi жүзеге асырады.



валюталық бақылау органдары болып валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар табылады.

валюталық бақылау агенттерi болып валюталық заңнамаларды қадағалау міндеттемесі жүктелген құзыретті банктер мен құзыретті ұйымдар табылады.

Валюталық бақылау қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi

Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi: валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операцияларына осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, лицензиялардың шарттарына, тiркеу және хабарлама талаптарына сәйкес келуi бөлігінде бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi

1 Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн жүзеге асырған кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi

2 Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер мен ақша аударымдарын соңғысы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады



Валюталық бақылау органдары өз құзыретi шегiнде:

1) резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын тексерудi жүзеге асырады

2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілігінің толымдылығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады

3) валюталық операцияларды жүргiзуге байланысты құжаттар мен ақпаратты сұратады

4) валюталық бақылауды тиiстi түрде жүзеге асыру мақсатынд»а валюталық бақылау агенттерiне олардың орындауы үшін мiндеттi тапсырмалар бередi

5) валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді

6) анықталған құқық бұзушылықты жою туралы талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды

Валюталық бақылау агенттерi міндетті:

1) өздерi, оның iшiнде клиенттердің тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға

2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес өз клиенттерi жол берген, өздерiне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға; 

4) валюталық бақылау органдарына өздерiнің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместердiң құқықтары:

1) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтамалармен танысуға

2) валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы



Валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер міндетті:

1) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне барлық сұратылатын құжаттарды және валюталық операциялардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген мерзiмде беруге

2) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша оларға түсінiктемелер табыс етуге

3) жүргізілетін валюталық операциялар бойынша олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мерзiм ішінде сақталуын қамтамасыз ете отырып, есеп жүргізуге және есептеме жасауға

4) валюталық бақылау органдарының анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын (нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға

5) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында оларға өз үй-жайларына кiруін, құжаттарына және автоматтандырылған деректер базасына қол жеткiзуін қамтамасыз етуге мiндеттi. 


4 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
Эконмикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.

АҚШ-тың ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ долларлары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма – қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдің айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ – тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельде, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ – та ақша массасы классикалық ақша – несие саясатының аспаптарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие жинақтаушы мекемелерінің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

Ұлыбританияның ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) – фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен ХІІ ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкнотттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты.

Ақша жүйесі 1971 жылға дейін 12 еселік принцип бойынша құрылған болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда – Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан – 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма – қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие. Эмиссия мөшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді. Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма – қол ақшасыз айналым ақшаларын шығарады.

Англия Банкі айналымдағы ақша массасын ашық нарықтағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік талаптар секілді ақша – несие саясатының аспаптарымен басқарып, реттейді.

«Евро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымның есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.

Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ Орталық банкі туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі. Ресей Банкі мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға, банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтауға, олардың резервтік қорын құруға; коммерциялық банктер үшін қолма – қол ақшаны инкассациялаудың, тасымалдаудың және сақтаудың ережелерін белгілеуге; несие ұйымдары үшін кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін анықтауға; қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың талаптары мен бірыңғай ережесін белгілеуге.

Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан 1000/1 арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізіліп келеді. РФ-да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет