Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1.74 Mb.
бет5/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тестілік тапсырмалары:

1. Монетаның бет жағы қалай аталады

А) реверс

В) гурт


С) аверс

D) решка


Е) номинал

2. Монетаның сыртқы жағы қалай аталады

А) реверс

В) аверс


С) гурт

D) решка


Е) номинал

3. Монетаның бүйiр жағы қалай аталады

А) аверс

В) гурт


С) реверс

D) номинал

Е) решка

4. Көрсетілген ақша жүйесінің элементтерінің қайсысы Қазақстан Республикасында болмайды

А) бағалар масштабы

В) ақша бірлігі

С) эмиссия тәртібі

D) валюта қозғалысының режимі

Е) ақша қозғалысының тәртібі

5. Қазақстан Республикасының территориясына ұлттық валюта «теңге» қай жылы енгізілді

А) 1991 жылы

В) 1994 жылы

С) 1995 жылы

D) 1993 жылы

Е) 1990 жылы

6. 1993 жылы Қазақстан Республикасының территориясында «теңге» ақша бірлігін енгізілген күнді көрсетіңіз

А) 13 қараша

В) 15 қараша

С) 17 қараша

D) 25 қазан

Е) 16 желтоқсан

7. Қазақстан Республикасында ақша бірлігін ауыстыру кім құқылы

А) Ұлттық банктің төрағасы

В) Ұлттық банктің төрағасының келісімімен премьер-министр

С) президент

D) президенттің келісімімен қаржы министрі

Е) Ұлттық банктің төрағасының келісімімен қаржы министрі

8. Ақша белгілерінің түрлері-бұл

А) ақша массасының ұйымдық құрылымы және ақша белгілерінің номиналы

В) ұлттық валюта атауын білдіретін мемлекетпен бекітілген ақша белгісі

С) ақша белгісінің әр түрінде ақша бірлігінің саны

D) Қазақстан Республикасының ақша бірлігінің қасиеті

Е) ақша бірлігіндегі құнды металлдың салмақ саны

9. 1993 жылы қазақстандық «теңге» ақша бірлігінің бірінші партиясы қай елде жүзеге асырылды

А) АҚШ-та

В) Бразилияда

С) Түркияда

D) Англияда

Е) Жапонияда

10. Көрсетілген ақша жүйесінің элементтерінің қайсысы мемлекетпен бекітілген қосымша ақша белгілерін қозғалысқа шығару тәртібін анықтайды

А) валюталық паритеті

В) бағалар масштабы

С) ақша қозғалысын ұйымдастыру

D) валюталық қозғалыс режимі

Е) ақшаның эмиссиялық тәртібі
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Валюталык реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заң 13.06.2005

  2. «Ұлтық валютаны енгізу туралы» заң күші бар Президент жарлығы 12.11.1993

  3. Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001

  4. Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005

  5. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп: оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2001, 330 бет.

  6. Сейітқасымов Ғ.С., «Ақша, несие, банктер» оқулығы, Алматы, «Экономика» баспасы, 2005 жыл


Тақырып 4 Қаржы бақылаудың құқықтық негіздері
Сабақтың мақсаты – қаржы бақылаудың жалпы сипаттама туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:

  1. Қаржы бақылаудың түсінігі, принциптері мен элементтері

  2. Қаржы бақылаудың топтастырылуы

  3. Қаржы бақылаудың мемлекеттік органдары


1 Қаржы бақылаудың түсінігі, принциптері мен элементтері
Қаржылық бақылау дегеніміз - бұл қаржылық бақылау органдар жүйесінің және құзыретін бекітетін, сонымен қатар қаржылық тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайтын қаржылық құқықтың жалпы бөлімнің институты.

Қаржы бақылау күрделі ұйымдастырушылық жүйені құрайды және келесі элементтерден тұрады:



А) Бақылаудың субъектісі(тексеруші):

  1. Қаржылық бақылаудың субъектісі – бақылауды жүзеге асыру үшін құзыретті билік пен бекітілетін мемлекеттік органдар

  2. Мемлекеттің атынан әрекет етуші мемлекеттік емес субъектілер.

Б) бақылаудың объектісі (кімді тексереді) мемлекеттің қаржы қызметі аясында болатын тұлғалар:

  1. мемлекеттік органдар,

  2. мемлекеттік заңды тұлғалар,

  3. мемлекеттік емес заңды тұлғалар,

  4. азаматтар.

С) Бақылаудың пәні (нені тексереді) – қаржылық құқықтық қатнастары субъектілері ретінде бақылау объектілерінің өз міндеттемелерін орындаудағы жүріс тұрысы.

1. Егер объект – мемлекеттің қаржы органы болса, онда қаржы бақылауының пәні болып - Мемлекет алдындағы қаржылық-құқықтық міндеттерді сонымен қатар, мемлекеттік қаржылар органдарының өз қызметтерін реттеу.

2. Егер объект – заңды тұлғалар болса, онда қаржы бақылауының пәні болып:

- мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемеледі орындау;

- қаржылық шарттарда келісілген қаржылық міндеттемеледі орындау,

- мемлекеттік ақша қорларынан алынған ақшалай қаражаттарды бағытталған мақсатқа қолдану,

- мемлекеттік кәсіпорындардың өз пайдаларын бекітілген тәртіп бойынша орындау, яғни осы қаражаттарды тиімді қолдану,

- шетел валютасын және валюталық операцияларды мемлекет бекіткен тәртіп бойынша жүзеге асыру.

3. Егер объект – азаматтар болса, онда қаржы бақылауының пәні болып - Мемлекет алдында азаматтардың өздерінің салық міндеттемелерін орындауы.

Д) Қаржы бақылауының мақсаты:


  1. Қаржылық құқықтық қатнастарға қатысушылардың өз міндеттерін сапасыз орындау немесе қаржылық заңнаманы бұзу фактілерін табу;

  2. Кінәлілерді табу және оларды бекітілген жауапкершілікке тарту;

3) Қаржы тәртібінің бұзылуын және осы құқықбұзушылықтардың салдарын жою.

Е) Қаржы бақылауының әдістері:

  1. Қаржылық жоспарлардың есептерін тексеру

  2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру;

  3. Есептік қаржы құжаттамасын есептік тексеру және сараптау;

4) Қаржылық операция өндірісімен байланысты лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктеме алу;

5) Ақша қаражаттары мен тауар-материалдық құндылықтарға инвентаризация жасау;

6) БАҚ және азаматтардың сөз сөйлеулерін сараптау;

7) Банктік және басқа да мекемелерге ресми сұрау жасау;

8) ревизия.

Қаржы бақылауының қағидалары:


  • Қаржы бақылауының жалпылығы

  • Қаржы бақылауының әмбебаптылығы

  • Қаржы бақылауының жеделдігі

  • Қаржы бақылауының тұрақтылығы

  • Қаржы бақылауының анықтылығы

  • Қаржы бақылауының дәлелділігі

  • Қаржы бақылауының жариялылығы

  • Қаржы бақылауының бұқаралығы

  • Қаржы бақылауының құқықтылығы

Қаржылық бақылауының түрлері:

  1. Тексеріс, түгендеу және тексеру «орнына беру» деп аталатын жағдайларда тікелей бақылау жүргізеді: бұндай бақылау «барушылық қаржылық тексеру» деп аталады.

  2. Орталандырылған бақылау сырттай сипатта болады, есептік және жоспарлы қаржылық құжаттама тексеріледі.

Бұндай бақылау «камералды қаржылық тексеру» деп аталады. Қаржылық бақылау жүргізу уақыты бойынша бөлінетіндері:

Алдын-ала қаржылық бақылау қайбір қаржылық шараларды жүргізбек бұрын асырылады. Мақсат болатын қаржылық операцияларды жасарда заңдылықты қамтамасыз етуде.

Ағымды қаржылық бақылау – қайбір қаржылық шараларды жүргізу процессінде асырылады.

Соңғылау қаржылық бақылау қаржылық шараларды жүргізіп болғаннан кейін асырылады. Мақсат қаржылық құқық бұзушылықтың жасалуын және сапасыз қаржылық міндеттемелерді орындалу дәлелдерін анықтауда.

Қаржылық бақылаудың сипаты мен құқықтық мәртебесіне байланысты арнайы, функционалды болып бөлінеді.

Арнайы қаржылық бақылау – бұл мемлекеттің арнайы қаржылық органдарымен жүргізілетін бақылау.

Функционалды қаржылық бақылау – қаржылық қызметі жалпылай және көбінесе қаржылық тек бағытындағы (функцияда) қызметін сол мемлекеттік органдармен жүргізетін бақылау.

Ішкі бақылау – бақылаудың субъектісі мен объектісі бір ұйымшылдық жүйенің звеносы болып табылады. Мысалы, Министрлік өзінің қарамағындағы кәсіпорындардың қаржылық операцияларын тексереді.

Сыртқы бақылау – ұйымдастыру қарамағына жатпайтын объектілерге қатынасты жүргізіледі. Мысалы, Қаржы Минисртлігі басқа министрліктің (ведомствоның) қарамағындағы кәсіпорынды тексереді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттің қаржылық қызметіне қатысушыларының мемлекет алдында өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындауын тексеру бойынша мемлекеттік органдардың бұл іс-әрекеттері.

Мемлекеттік қаржы бақылауының негізгі мақсаттарына жататындар:

1) Қаржылық заңнаманы орындауды қамтамасыз ету

2) қаржылық құқықтық қатнастары субъектілерінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін толық және уақытылы орындалуына жәрдем көрсету;

3) Қаржы органдарының ақша қорларын құру, бөлу және қолдануды ұйымдастырумен байланысты, сонымен қатар мемлекетің ақша қорларының дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуіне жәрдемдесу;

4) Мемлекеттік ақша қаражаттарын заңды, мақсатына сай және тиімді қолдануға және оларды сақтауға жәрдем жасау;

5) Қаржылық тәртіптің бұзылуын болдырмау және жою.


2 Қаржы бақылаудың топтастырылуы
Қаржылық бақылау нысаны бойынша келесіге бөлінеді:

  • Орталықтандырылған

  • Орталықтандырылмаған

Қаржы бақылаудың уақыт бойынша жүзеге асырылуы келеcідей бөлінеді:

  • Алдын - ала;

  • Ағымдағы;

  • Кейінгі.

Мемлекеттін билік бөлінуің позициясынан қаржылық бақылауды келесі бөлуге болады:

  • Өкілеттік билік органдарымен жүзеге асыратын бақылау

  • Атқарушы билік органдарымен жүзеге асыратын бақылау;

  • Соттық бақылау.

Ұйымдастырылушы нысандағы өзара әрекеттес бақылайтын субъект және бақыланатын объект қаржылық бақылау бөлінеді:

  • Ішкі;

  • Сыртқы.

Қаржылық мәртебесінен және сипаттамасынан шығатын болсақ қаржылық бақылау бөлінеді:

  • Мамандырылған;

  • Қаржыландырылатын.

Қаржылық бақылау аясы бойынша:

  • Валюталық бақылау;

  • Ақша жүйесін ұйымдастыру аясындағы бақылау;

  • Бюджеттік бақылау;

  • Мемлекеттік банктік қызметтер аясындағы бақылау;

  • Салықтық бақылау;

  • Мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар аясындағы бақылау.

  • Мемлекеттік сақтандыру аясындағы бақылау;

Қаржы заңнамасын бұзушыларға қолданылатын шаралар:

1) Құқықбұзушының әрекетерінің дұрыс еместігін ресми сақтандырылу;

2)Шығыстарды блоктау (банктік шотына арест салу ненесе бұл шоттың операцияларын тоқтата тұру нысанында білінеді);

3) Мүлікті қолдануға шек қою;

4) бюджеттік қаржылануды тоқтату және негізсіз алынған бюджет ассигнациясын бюджетке қайтару;

5) бюджеттік қаражатты татып алу;

6) Мүлікке арест салу;

7) Кредиттеуді тоқтату;

8) Құқықбұзушылық арқылы алынған мәмілелер немесе операциялардан алынған пайданы бюджет кірісіне тартып алу;

9) Шаруашылық субъектілермен жасалған мәмілелердің заңды еместігін таныту;

10) Мемлекет алдында қойған мақсаттарын орындамағанына байланысты заңды тұлғаларды банкрот деп тану немесе лицензиясын алып қою;

11) Қаржылық - құқықтық санкцияларды қолдану. (қаржылық - құқықтық айыппұл, қаржылық - құқықтық айыпқа алынатын төлем).


3 Қаржы бақылаудың мемлекеттік органдары
Қаржы бақылаудың органдарына әрбір мемлекеттік орган жатады, егер оның құзыретіне бақылаудың функциялары жатады.

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін құзыретті билік пен бекітілетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Салық комитеті

Қазақстан Республикасының есеп комитеті

Экономика және бюджетті жоспарлау министірлігі

Қазақстан Республикасының қаржы министірлігі

Қазақстан Республикасының Министірлігінің қаржылық бақылау комитеті

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агентігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасының қаржылық полициясы.

Жергілікті маслихатының ревизиялық комиссиялары

Қазақстан Республикасының министірлігінің қазыналық комитеті

Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу бойынша ҚР агенттігі


Тестілік тапсырмалары:

1. Қаржылық бақылау-бұл

А) тексеріс мақсатындағы әрқашанда тексеріс немесе қарау

В) қаржылық жоспарларды құру,қарастыру,бекіту және ұйымдастыруды пайдалану процессі бойынша негізделетін мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі

С) ақпараттық ізденіс пен алынған ақпараттың арасындағы маңызының ұқсастығы

D) мемлекеттің қаржылық қызмет саласына түскен тұлғалар

Е) бұзушылықтарды ашуға бағытталған белгілі қаржылық шаралар

2. Қаржылық бақылаудың объектісі-бұл

А) тексеріс мақсатындағы әрқашанда тексеріс немесе қарау

В) қаржылық жоспарларды құру,қарастыру,бекіту және ұйымдастыруды пайдалану процессі бойынша негізделетін мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі

С) ақпараттық ізденіс пен алынған ақпараттың арасындағы маңызының ұқсастығы

D) мемлекеттің қаржылық қызмет саласына түскен тұлғалар

Е) бұзушылықтарды ашуға бағытталған белгілі қаржылық шаралар

3. Қаржылық бақылаудың элементтеріне жатпайды

А) субъект

В) объект

С) уақыт

D) пән


Е) мақсат

4. «Кім тексереді» дегенді білдіретін қаржылық бақылаудың элементін көрсетіңіз

А) субъект

В) объект

С) уақыт

D) пән


Е) мақсат

5. Ревизия-бұл

А) мемлекеттік кәсіпорындардағы тексеріс

В) мемлекеттік қаржылық органдармен жүзеге асырылатын тексеріс

С) алғашқы құжаттарға және бухгалтерлік жазбаларға сүйенген, қаржы-шаруашылық қызметтің тексерісі

D) кадрлар бөлімінің құжаттарын зерттеуге сүйенген тексеріс

Е) бухгалтерлік құжаттарын зерттеуге сүйенген тексеріс

6. Ұйымдастырушылық белгісі бойынша ревизияның дұрыс классификациясын көрсетіңіз

А) толық,жеке

В) фактілік,толық

С) құжаттамалық

D) құжаттамалық,фактілік

Е) жоспарлы,жоспардан тыс

7. Мемлекеттік қаржылық бақылау-бұл

А) мемлекеттің қаржылық қызметтің қатысушыларының өз қаржылық міндеттерін жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың тексеріс іс-әрекеттері

В) әрқашанда бақылау немесе бақылау мақсатымен қарау,ол бес элементтен тұрады:субъект,объект,пән,мақсат және әдістер

С) кәсіпкерліктің және ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін оның заңдылық пен мақсаттылық бойынша алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік жазбаларды зерттеу негізінде жасалған тексеріс

D) қаржы-шаруашылық қызметінің субъектілерінің есептілігінің нақты екендігі мен заңнамаға және бекітілген нормаларға сәйкес мақсаттылығымен бухгалтерлік есеп пен алғашқы құжаттаманың есептілігі және басқа да ақпараттан тәуелсіз тексеріс

Е) мемлекеттік органдардың тексерісі

8. Қаржылық бақылаудың субъектісі-бұл

А) Қаржы Министрлігінің бақылау органы

В) қаржылық бақылау құзыреттігіне кіретін мемлекеттік биліктің өкілді органы

С) қаржылық бақылау құзыреттігіне кіретін мемлекеттік биліктің атқарушы органы

D) қаржылық қатынастарда мемлекеттің атынан шығатын қаржылық-бақылау органы

Е) қаржылық бақылаудың мамандандырылған органы

9. Қаржылық бақылаудың объектісі-бұл

А) мемлекеттік мекемелер алдында қаржылық міндеттері бар заңды тұлғалар

В) мемлекет алдында қаржылық немесе басқа да міндеттері бар әртүрлі тұлғалар

С) мемлекеттің қаржылық қызметке қатысатын жеке және заңды тұлғалар

D) мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Е) мемлекеттік мекемелер алдында қаржылық міндеттері бар жеке тұлғалар

10. Қаржылық бақылаудың пәні-бұл

А) мемлекет алдында субъектілердің қаржылық міндеттері

В) қаржылық қатынастар

С) қаржылық бақылау бойынша пайда болатын қаржылық қатынастар

D) мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыру бойынша пайда болатын қаржылық қатынастар

Е) ревизия бойынша пайда болатын қаржылық қатынастар
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. ҚР Бюджеттік кодекс 04.12.2008

  2. Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001ж

  3. Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005 ж

  4. Мельников В.Д. Основы финансов: учебник для вузов // Алматы, 2005 ж



Тақырып 5 Бюджеттік құрылым
Сабақтың мақсаты – бюджеттік құрылым туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.
Жоспар:

1 Бюджеттің және бюджет құқығының түсінігі

2 Бюджеттік құрылымының құқықтық негіздері

3 Мемлекет бюджеттің кірістері мен шығындарды құқықтық реттеу


1 Бюджеттің және бюджет құқығының түсінігі
«Бюджет» термині нормандық әмиян, сөмке, тері қалта деген сөзін білдіреді. Осыдан «budget» ағылшындар мемлекеттің кірісі мен шығысына байланысты құжаттардан тұратын тері қалтаны (содан соң портфель) атады. Осы жерде «бюджетті ашу» деген қалыптасқан сөз осы құжаттарды парламенттің бекітуіне беру дегенді білдіреді. Кешірек бұл сөзбен мемлекеттің қаржылық ісіне арналған, қазынашылық канцлерінің сөйлейтін сөзін атады. XVIII ғасырдың аяғында бұл қалыптасқан сөзбен мемлекеттің кірісі мен шығысына байланысты құжаттарды атады.

Қаржылық құқықта бюджеттің мағынасы келесі категорияларға бөлінеді:

а) материалдық мағынада– бұл мемлекеттік ақша қоры.

б)экономикалық категория ретінде: – орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлумен байланысты пайда болатын экономикалық қатнастардың жиынтығы.

в) қаржылық-құқықтық карегория ретінде: – бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлумен қаржылық жоспары.

г) құқықтық категория ретінде: - бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттің жалпы мағынадағы мақсаттары мен қызметтерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік ақша қорын құру және бөлу қаржылық жоспарды бекітетін қаржылық-құқықтық акт.

Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де төсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

ҚР Заңнамасы бюджеттердің 3 түрін бөліп көрсетеді:

Бекітілген бюджет – ҚР Парламентімен немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін сәйкес қаржы жылына арналған бюджет

Төтенше мемлекеттік бюджет– Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттiң бюджеттерi туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.

Дәлденген бюджет ҚР Парламентімен немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін сәйкес қаржы жылына арналған орындалуы кезінде енгізілген өзгерістерді ескере отырып жасалған бюджет

Бюджет құқық – бұл бюджеттік қатынастарын реттейтін қаржы құқығының саласы. Бюджет құқығы құқықтық реттелудің 2 әдісін қолданады:


    • императивтік

    • диспозитивтік

Бюджет құқығының пәні болып мемлекеттің бюджет қызметінің процессінде пайда болатын қоғамдық қатнастар табылады, яғни ұйымдастырушылық және материалдық бюджеттік қатнастар.

Бюджетті құру процессінде мыналар қолданылады:



  1. ақша құралдарын мәжбүрлі– қайтарымсыз алу;

  2. ақшаны мәжбүрлі– қайтарымды алу;

  3. ақша құралдарын ерікті – қайтарымды алу;

  4. ақша құралдарын ерікті – қайтарымсыз тарту;

  5. эмиссия.


2 Бюджеттік құрылымының құқықтық негіздері
Бюджеттік құрылымының құқықтық негіздерімемлекеттің бюджеттік жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын және оның бөлшектерін бекітетін бюджет құқығының жалпы бөлімінің инситуты келесілерден тұрады:

Бюджеттік құрылым бюджет жүйесінен және оның құрамдас бөліктерінен тұрады;

Бюджет жүйесі - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.

Бюджет жүйесі екі түрде болуы мүмкін:

1) бюджеттік орталықтандырылу қағидасына негізделетін жүйе - төмен тұрған бюджеттер жоғарғы бюджеттердің құрамына кіреді.



2) бюджеттік автономия қағидасына негізделгенетін жүйе - әкімшілік - аумақтық бірлік бюджеті.



Бюджеттiң түсiмдерi – кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар, салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.

Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.

Қарыздарды өтеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ iшкi қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негiзгi борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

Бюджеттiк несиелер - бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша болып табылады

Бюджет шығындары – шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

Шығындар - қайтарымсыз негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты болып табылады.

Бюджеттің дефициті (профициті) – «кірістер» және «ресми алынатын трансферттер» тармақтарының айырмашылықтарын құрайды;
Қазақстан Республикасның бюджет жүйесі келесі принциптерге негізделеді:

1)бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;

2)дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;

3)толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

4)нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет