Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1.74 Mb.
бет9/12
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Салық агентінің міндеттері:

1)ҚР Салық Кодексінің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге

2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға

3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге

 4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті

ҚР Салық Кодексінде реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету: Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкіл арқылы қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілеріне  сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген  тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
      Уәкілетті өкіл салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің. (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері(әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) аталған өкілге өкілеттіктері шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.



Салық міндеттемесін орындау. Егер Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркелу есебіне тұрады

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді

3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді

4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді

 5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) есепке жазылған өсімпұлдар;

2) бересі сомасы;

3) айыппұлдар сомасы.



5 Салық есептілігі
   Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті қамтиды.

Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.



Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру
қоғамдары;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақта көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:

1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;

2) салық салынатын импорт сомасы;

3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;

4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;

5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;

6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі;

7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты
көрсетуіне арналған.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
      Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын бекітеді:



  1. салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:

    • оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

    • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

    • декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;

    • жекеше нотариустар;

    • адвокаттар үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;

  2. салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай

санаттары:

    • оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

    • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

    • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;

  1. салық төлеушілердің әрбір санаты:

    • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;

    • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.      

Салық есептілігін табыс ету тәртібі

Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді. Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.

Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:


  1. өзі келу тәртібімен:

    • салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;

    • мониторинг бойынша есептілік үшін – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;

3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.


Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.

Тестілік тапсырмалары:

1. Салықтар-бұл

А) ақша қорындағы алымдар мен басқа да міндетті төлемдер

В) басқа мүлікті пайдаланғаны үшін төлемақылар

С) бюджетке бірдақты тәртіпте міндетті ақша төлемдері және белгілі бір мөлшерде болатын қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізіндегі мемлекетпен бекітілген заңнама

D) заңды және жеке тұлғалармен төленетін қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізіндегі ақша төлемдері

Е) өндірістік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалармен төленетін қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізіндегі ақша төлемдері

2. Салықтың элементтеріне жатпайды

А) валюталық паритет

В) салық субъектісі

С) салық объектісі

D) салық базасы

Е) салық кезеңі

3. Салық базасы қалай өзгертіледі

А) салық салу бірлігімен

В) салықтың субъектілерінің санымен

С) салықтың объектілерінің санымен

D) кірістердің бірлігімен

Е) мүліктің бірлігімен

4. Салық төлеуші-бұл

А) салық төлеу міндеті берілеті жеке тұлға

В) бұл тұлғаның салық міндеттемесінде бекітілген салық төлемі мөлшерінде,тәртіпте және мерзімінде мемлекеттің меншігіне берілетін салық затын аудару міндеттемесін орындайтын тұлға

С) салық төлеу міндеті берілетін заңды тұлға

D) салықты төлеу міндеті берілетін заңды және жеке тұлға

Е) бюджетке салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеті берілетін салықтық қатынастардың субъектісі

5. Қазақстан Республикасының салық жүйесін көрсетілген принциптердің қайсысы сипаттайды

А) біртұтастық ,объективтілік принципі

В) салықтың ортақтандырылған және салықтың тізімін көрсететін біртұтастық принципі

С) біртұтастық ,ортақтандыру принципі

D) жалпымемлекеттік және автономдық принципі

Е) императивтік,диспозитивтік,объективтік принципі

6. Төмендегiлердiң қайсысы салық қызметiнiң әдiстерiне жатпайды

А) салықты бекiту

В) салық төлеушелердiң есебiн жүргiзу

С) салық есебiн анықтау

D) төлем көздерiнен салық салуды ұйымдастыру

Е) салықты жою

7. Жеке тұлғалардың көрсетілген кірістердің қайсысы салық салынуға жатқызылады

А) әлеуметтік мекен-жайлық көмек

В) олардың банкке салынуы бойынша сыйлығы

С) бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен кіріс

D) төлем көзіндегі кірістер

Е) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі латорея бойынша жеңіс

8. Қазақстан Республикасының территориясындағы пайдалы қазбалардың бөлек түрлерін табу бойынша жерді пайдаланушылармен төленген,сатушымен олар сатылған немесе өз мүдделеріне пайдаланғанына байланысты емес салық қалай аталады

А) бонус

В) роялти

С) мемлекеттік баж

D) консулдық алым

Е) жердік

9. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілеттіктермен және консулдық мекемелермен азаматтар мен заңды тұлғалардан консулдық әрекеттер мен заңдық маңызы бар құжаттарды беру бойынша алынатын мемлекеттік баждың түрі қалай аталады

А) бонус

В) роялти

С) мемлекеттік баж

D) консулдық алым

Е) жердік

10. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңдылық іс- әрекеттерді және құжаттарды беру өкілеттігі бойынша алынатын міндетті алым қалай аталады

А) бонус

В) роялти

С) мемлекеттік баж

D) консулдық алым

Е) жердік
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы (Салық кодексі)2008 жыл10 желтоқсан № 99-IV

2 Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001ж

3 Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005 ж

4 Мельников В.Д. Основы финансов: учебник для вузов // Алматы, 2005 ж
Тақырып 9 Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері
Сабақтың мақсаты – мемлекеттік несие туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:

1 Несиенің түсінігі

2 Бюджеттік несиелеу

3 Бюджеттiк несиелеу субъектiлерi


1 Несиенің түсінігі
«Кредит» сөзі латын тілінен аударғанда – несие, қарыз дегенді білдіреді.

Экономикалық көзқараста бойынша несие – қайтарымды шартта ақша қаражаттарын берумен байланысты экономикалық қатнастар.

Қаржылық құқықтық көзқарас бойынша несиелік қатнастар – бұл әрқашан ақшалай нысанда неселендірелетін ақшалай қатнастар.

Несиелік қатнастар заттық емес міндеттемелік қатнастар.

Кредиттiк шартта мемлекеттік кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс:

1) берудiң мақсаты;

2) мөлшерi;

3) валютасы;

4) мерзiмi;

5) игеру кезеңi;

6) сыйақы ставкасы.

     Мемлекеттік кредиттiң негiзгi шарттары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешiмiмен белгiленедi.

Кредиттiк шартқа қосымша талаптар, соның iшiнде бюджеттiк кредиттi беру тәсiлiн айқындайтын талаптар, бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi, бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi енгiзiледi.

Мемлекеттік(бюджеттік) кредиттiң мерзiмi - қарыз алушы бюджеттiк кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi.
2 Бюджеттiк несиелеу
Бюджет аралық кредиттеу - бір бюджет (жоғары тұрған) басқа бюджетке (төменгі) кредит беруі.

Бюджеттiк кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша.

Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келiсiм.

Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.

Бюджеттік несиелер келесілерге бағытталады:


  • Әлеуметтік -экономикалық жоспардың орташа мерзімдік дамушегінде бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру;

  • Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің кассалық үзілімдерін жабу

  • Мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен қаржылық агенттіктердің мемлекеттік инвестициялық саясатын жүзеге асыру.

Келесі шарттарды сақтаған жағдайда бюджеттік несиелер беріледі:

  • Салықтық және басқа да бюджетке міндеттемелік төлемдердің қарызының болмауы;

  • Бюджеттік кредиттер бойынша қарыз алушылардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ете алулары;

  • Қарыз алушының бұрынғы берілген бюджеттік кредиттері бойынша қарызының болмауы. 

Бюджеттiк несиелеу принциптерi

  1. бюджеттiк кредиттi кредит шартына сәйкес өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық;

2) мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу;

3) бюджеттiк кредиттiң берiлгенi үшiн қарыз алушының сыйақы төлеуiн көздейтiн ақылылық;

 4) бюджеттiк кредиттi беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3 Бюджеттiк несиелеу субъектiлерi
Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi болып мыналар табылады:


Кредитор Қазақстан Республикасының бюджеттiк және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.

Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi кредитор болып табылады. Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан кредитор ретiнде әрекет етедi.

Жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы орган кредитор болып табылады.

Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит берудi қамтамасыз етедi, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.



Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредит беру кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады



Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асырады:

1) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;

2) бюджеттiк кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын, өтелуi мен оларға қызмет көрсетiлуiн бақылауды және мониторингiн жүзеге асырады.

Қарыз алушылар

Бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.



Қарыз алушылар

1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi ұйымдар;

2) жергiлiктi атқарушы органдар;

3) шет мемлекеттер;

4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.

Түпкiлiктi қарыз алушылар

Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттiк кредиттi соңғы алушы түпкiлiктi қарыз алушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкiлiктi қарыз алушылар бола алады.

Түпкiлiктi қарыз алушыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттiк бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады



Сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)

Тапсырма шартының негiзiнде кредитордың (сенiмгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тұлға сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) болып табылады.

Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) кредитордың (сенiмгердiң) тапсырмасы бойынша мынадай iс-әрекеттердi орындай алады:

      1) бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету;

      2) қарыз алушылармен есеп айырысу;

3) бюджеттiк инвестициялық жобалардың қаржыландырылу

мен iске асырылуына мониторинг жүргiзу;

      4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешектi өндiрiп алу;

6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттiк шарттар жасасу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет