«Қазақстан Республикасының Президенті қарауына Қазақстан 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы»



жүктеу 36.62 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі36.62 Kb.


Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі


«2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»


Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) 2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында жасалды.

Хаттамамен өзгертулер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың 2016 жылғы 22 тамыздағы №12-38/1632 тапсырмасына сәйкес, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы Келісімнің (бұдан әрі -Келісім) №3 қосымшасына енгізілуде.

Келісімнің №3 қосымшасына сәйкес, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге жарамды құжаттардың тізбесінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін Қазақстан Республикасының жеке куәлігі немесе паспортына олардың шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұратындығын куәландыратын әділет органы немесе ауылдық шекара маңы аудандарының әкімдері растаған азаматтарды тіркеу кітапшасынан үзіндіні (тұрғындарды есепке алу кітапшасы) қосымша ұсыну қажет.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен азаматтардың өздерінің тұрақты тұрғылықты жерін растайтын құжат ретінде тұрғындарды тіркеу кітабын ұсыну жойылып, ол тұрғылықты жерінің мекен-жай анықтамасына ауыстырылғандығын ескере отырып, Келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады.

Келісімге өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне орай, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекара маңы аумақтарында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының шекараны кесіп өту тәртібін реттейді.

Келісімге өзгерістер енгізу республикалық бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.

Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.

Қарастырылып жатқан Жоба бойынша келесідей акттер қабылданған:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 873 қаулысы.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 290 заңы.

«2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 726 қаулысы.

Аталған жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы осы Хаттама жобасымен сәйкес келтіру қажеттігі, реттеушілік әсерге талдау, қосымша сараптаманы (экономикалық, экологиялық қаржы және т.б.) жүргізуді талап етпейді.

Хаттама 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11- бабының 3) тармақшасына сәйкес ратификациялануға жатады.

Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.gov.kz ресми интернет-ресурсында нормативтік-құқықтық база бөлімінде (2019 жылғы «__» ақпанда, көлемі __ Кб) және Ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған (2018 жылғы «3» қазанда, көлемі 23,9 Кб).

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне қайшы келмейді.



Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізіп отыр.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет