Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа



жүктеу 14.42 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі14.42 Kb.


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә.Назарбаевқа

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына


түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының осы жобасында «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына қызметтері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген барлық меморгандарды «Мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша бағалаумен қамту бөлігінде тиісті өзгерістер енгізу көзделеді.

Сондай-ақ, Жарлық жобасында орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін, сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулерді бағалаудың тәртібін, оның жүргізілу кестесін нақтылау көзделуде.

Жарлық жобасын іске асыру мемлекеттік кірістердің қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын және мемлекеттік органдардың штат саны лимиттерін ұлғайтуды талап етпейді және келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет