Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/4
Дата09.05.2018
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жоғарыда аталған мәселе бойынша Рудный қаласы әкімдігінің «№4мектеп-лицейі» КММ9 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу қатысушылары қабылданған жаңа әліпбимен танысып, өз пікірлерін білдірді. Президентіміздің саясаты дұрыс ойластырылған және толығынан еліміздің дамуына бағытталған деген ортақ пікірге келді.

* * * * *

2018 жылдың    29 қаңтар күні «Рудный қаласының мамандырылған күзет қызметі басқармасының №2 батальон полициясы» ММ қызметкерлерімен   2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бұл оқиғаға Қазақстан ұзақ уақыт дайындалғаны туралы және жаңа әліпбиді құрастыру кезінде халықаралық пен отандық әртүрлі тәжірибелері еске алынғаны туралы айтып өтті. Кездесу қатысушылары Президенттің Жарлығымен және бекітілген әліпбимен таныстырылды. Барлық қатысушылар белсенді қатыса отырып, әліпбидіңбұл нұсқасын қолдады.

* * * * *

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» атты жобасын іске асыру шеңберінде №7 мектеп гимназиясы базасында «Қазақ тілінің жазу тарихы мен оның дамуы» баяндамасын оқыған филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік университетінің лингвистика кафедрасының меңгерушісі Гүлжанат Жүрсіналинаның қатысуымен қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Latyn a'lipbi'ine ko's'y' - zaman talaby» атты семинар-практикум өтті. Семинар ұйымдастырушысы Бірманова Қымбат өз кезегінде латын қарпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің қолданылуын іс жүзінде көрсетті. «Әлемдік дәмханада», нақтырақ айтқанда, осы блоктың өткізілу түрі осылай аталды, Қымбат Исланбекқызы барлық мұғалімдерге осы әліпбиді оқыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік берді. Өйткені жасөспірім ұрпақты латын қарпінің қыр-сырын оқыту проблемасына ең бірінші кезекте осы мұғалімдер тап болады. Семинар өте әсерлі атмосферада өтті, барлық педагогтар іс-шараның жоғары әрі нәтижелі деңгейде ұйымдастырылғаны үшін №7 гимназия директорына алғыстарын білдірді.

* * * * *

2018 жылғы 25 қаңтар күні Железоруднаяст. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Қостанай ЖТ бөлімшесі» АҚ қызметкерлерімен қазақ алфавитінің латын қарпіне көшу бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында латынға көшу жұмыстарының негізгі себептері аталып өтті. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жанна Джамбурчинаның айтуынша, латын әліпбиіне көшкен кезде, қазіргі кириллица алфавиті де белгіленген уақытта қолданылатын болады. Латын әліпбиіне көшу Қазақстандағы жаңа технологиялар мен коммуникацияларды енгізуге, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үдерістеріне ықпал ететіндігі жайлы әңгіме қозғалды. Кездесудің барлық қатысушылары өзінің қойған сұрақтарына, егжей-тегжейлі жауаптар алды.




* * * * *

Талқылау сағаты «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар»

ОҚК 23 қаңтар күні РПТК студенттеріне арналған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғам санасындағы модернизация» бағдарламасын талдау және түсіндіруге арналған «Рухани жаңғыру: взгляд в будущее» талқылау сағаты өтті.

Мақсаты - Мемлекет басшысының кіші бағдарламалар мен жобалардан тұратын бағдарламалық құжаттары, рухани құндылықтарды қозғау, әрбір қазақстандықтың жеке дамуы үшін модернизациялаудың мүмкіншіліктерін талқылау бойынша білімді кеңейту.

Іс-шара ғаламтор желісінен алынған бейнематериалдарды жариялай отырып, екі тілде өткізілді.

Іс-шараны өткізу кезінде Рудный қаласы әкімдігінің жастар ресурсты орталығының директоры Байбусинов Айбар Ануарбекович және орталық психологы Кулиш Юлия Николаевналар студенттерге біздің қаламызда да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынуды және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының негізгі жаңа бағыттарын таныстырды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алумен қатар өз пікірлерін айтуға мүмкіншілік алды.

Бір атаулы ақпараттық-тақырыптық сөренің безендірілуі барлық қатысушыларға талқылаудың барлық қырларымен танысуға мүмкіндік жасады.

Барлығы 51 адам қатысты.

* * * * *

2017 жылдың 23 қаңтар күні ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Рудненский водоканал» ЖШС қызметкерлерімен 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізді. Қатысушыларға қазақ тілінің латын жазуына кезең-кезеңімен көшу жобасы туралы айтылды. Кездесу қатысушылары жаңа əліпби құру халықаралық ақпараттық жүйеге интеграциялануды жəне әлемдік технологияларды меңгеруді жеңілдететін болады деген пікірге келді.

* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңмен көшіруді насихаттау және көпшілікке тарату, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы 32 әріптен тұратын апострофтармен латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиін бекіту туралы № 569 Қаулысын талқылау мақсаттарында 2018 жылдың 19 қаңтарында ақпараттық-түсіндіру тобының Рудный қаласы әкімдігінің №14 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен «Қазақ жазуының тарихы» атты танымдық сағаты өтті.

Айнажан Бурбаева оқушылар назарына ерте заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қазақ жазуының барлық даму кезеңдерін, яғни, руна жазуларын, арабтың өрме жазуын, ХХ ғасырдың 20-40 жылдардағы қазақ тілінің латын әліпбиін қолдану, кириллицаның өткен ғасырдың 1940 жылдан басталған кезеңдерін айқындап беретін слайдтық презентация ұсынды және 2018 жылдан 2025 жылға дейінгі қазақ тілін латын қарпіне көшірудің негізгі міндеттері жайында айтып берді.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында балалар атын, тегін, топографиялық және топонимикалық атауларды қазақ тілінің жаңа графикасында жазып көрді.


* * * * *

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласындағылатын қарпіне кезең-кезеңімен көшуді талқылау және осы процессті уақытылы жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 19 қаңтар күні ақпараттық-түсіндру тобы мүшелері №10 балабақшаның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шара ұйымдастырушылары ұстаздарға латын қарпіне көшудің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Және қатысушыларды2017 жылдың 26 қазандағы Президенттің жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиімен таныстырды.

Кездесу қатысушылары Президенттің қазақ тілінің латын қарпіне көшу бастамасын қолдайтынын білдірді.


* * * * *

2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Президенттің жолдауын және «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 18 қаңтар күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Рудный қалалық мәслихатының депутаты Аманжол Сағнаев, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина, «№3 Рудныйлық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММқызметкерлерімен қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша түсіндіру жұмысын өткізді. Кездесудің қатысушылары Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.

* * * * *

2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Президенттің жолдауын және «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 16 қаңтар күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Рудный қалалық мәслихатының депутаты Аманжол Сағнаев, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина, «Рудный қаласының қалалық емханасы» МКҚК қызметкерлерімен қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша түсіндіру жұмысын өткізді. Медицина қызметкерлері Елбасымыздың идеясын қолдады. Оған қоса латын тілі осы сала қызметкерлерінің кәсіби тілі болып келеді. Кездесудің қатысушылары Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.



* * * * *

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылаумақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№1 балабақша» КМҚК қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді. Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина латын әліпбиіне көшу –болашақта еліміздің жан – жақты дамуына үлкен үлес қосатыныны туралы айтып кетті. Қатысушылар жаңа әліпбиімен танысып, өз пікірлерімен бөлісті.

* * * * *

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» МКҚК-да қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша түсіндіру жұмыстарымен кездесу өткізді. Кездесуге мекеменің барлық қызметкерлері қатысты. Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина қазақ тілінің латын графикасына көшу туралы және латын әліпбиін қолданудың тиімді жолдарына толықтай тоқталды. Және де Елбасының Жарлығымен бекітілген әліпбидің нұсқасымен таныстырды. Кездесуге қатысқан басым көпшілігі Елбасы ұсынған латындандыру идеясын қолдап, іске асырылуына жылы ниеттерін білдірді.


* * * * *

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында ССКӨБ АҚ қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді. Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне, болашақта еліміздің жан – жақты дамуына үлкен үлес қосатынына тоқтала кетті. Кездесу барысында қатысушылар осы жаңа әліпбимен өз аты-жөндерін жазып көрді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа әліпбиді қолдады.




* * * * *

2017 жылдың 14 желтоқсанында Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, сондай-ақ оқу жылының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді курсының тыңдаушыларына салтанатты сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Қорытынды емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушылардың бірі КорнРегинаның пікірінше, курстар алдағы уақытта да қажет, қазақ тілі сабақтары базалық грамматикалық білімді жетілдіруге, тілдік ортаға енуге өз ықпалын тигізді. Сертифакаттар Рудный қаласы «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ, «Рудный қалалық балалар ауруханасы» КМК, «№1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «№2 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, сондай-ақ, «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ-нің қазақ және ағылшын тілдерін аяқтаған қызметкерлеріне тапсырылды.

Дәл осы күні еліміздің Тәуелсіздік күнін, Астанамыздың 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде Орталық тарихында алғаш рет «Үздік тыңдаушы - 2017» сайысының қорытындысы жария етілген «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» іс-шарасы өтті. Бұл атаққа лайықты үміткерлер бір жыл бойы жарысты, қатысудың басты критерийлерінің бірі сабаққа қатысу, мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуге арналған әртүрлі сайыстарға қатысу және ақтық тур – ақын-жазушылардың туындыларын мәнерлеп оқу болып табылады. Үміткерлер арасында Регина Корн, Ольга Косарева, Вероника Мин, Батима Дульцова, Вадим Гриднев және ағылшын тілі тыңдаушыларының арасынан Ольга Савцович, Елена Аринович, Ольга Яныкина болды.

Әділқазылардың ортақ шешімімен үздіктердің үздігі болған: мемлекеттік тілді үйренушілер арасынан Юлия Неделько – Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім беру бөлімі» ММ маманы, Ағылшын тілі курстарының тыңдаушысы Амина Жиентаева, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметкері. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.



* * * * *

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанда Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина Политехникалық колледж студенттерімен ақпараттық сағат өткізді. Аталған іс-шараға колледждің жоғары курс студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы түсіндіру. Латын әліпбиіне көшу өте күрделі процесс болып табылады, оның мақсаты қазақ тілін әрі қарай дамытуға жағдай жасау және оны жаһандық ақпараттық кеңістікке енгізу болып табылады. Колледждің оқытушылары мен студенттері талқылауда белсенді қатысып отырды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар латын әліпбиіне көшу ғылыми-техникалық ілгерілеуінің жетістіктеріне жақындататынын атап өтті.



* * * * *

2017 жылғы 12 желтоқсан күні «Фирма Арасан» ЖШС қызметкерлерімен қазақ алфавитінің латын қарпіне көшу бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында латынға көшу жұмыстарының негізгі себептері аталып өтті. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жанна Джамбурчинаның айтуынша, латын әліпбиіне көшкен кезде, қазіргі кириллица алфавиті де белгіленген уақытта қолданылатын болады. Латын әліпбиіне көшу Қазақстандағы жаңа технологиялар мен коммуникацияларды енгізуге, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үдерістеріне ықпал ететіндігі жайлы әңгіме қозғалды. Кездесудің барлық қатысушылары өзінің қойған сұрақтарына, егжей-тегжейлі жауаптар алды.

* * * * *

Бүгін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№5 гимназия» КММ-нің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында латын қарпіне көшудің кезеңдері мен оның негізгі бағыттары айтылды. Сонымен қатар, кездесу соңында оқушылар арасында латын қарпі бойынша тренинг-ойын ойнатылды. Оқушыларға бұл тренинг-ойын қиынға соққан жоқ. Себебі, олардың айтуынша, латын графикасы олар үшін таңсық емес. Сондықтан, олар Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.

* * * * *

Бүгін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» КММ-нің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында латын қарпіне көшудің кезеңдері мен оның негізгі бағыттары айтылды. Сонымен қатар, кездесу соңында оқушылар арасында латын қарпі бойынша тренинг-ойын ойнатылды. Оқушыларға бұл тренинг-ойын қиынға соққан жоқ. Себебі, олардың айтуынша, латын графикасы олар үшін таңсық емес. Сондықтан, олар Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.

* * * * *

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылаумақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «Д.Карбушев ат. №14 орта мектебі» КММ ұстаздары мен оқушылары арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Рудный қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жанна Джамбурчина латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне, болашақта еліміздің жан – жақты дамуына үлкен үлес қосатынына тоқтала кетті. Кездесу барысында қатысушылар осы жаңа әліпби бойынша өз аты-жөндерін жазып көрді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа әліпбиді қолдады.

* * * * *

2017 жылдың 8 желтоқсанында Елбасы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығымен толығырақ таныстыру үшін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Рудный қалалық мәслихатының депутаттары Аманжол Сағнаев, Жомарт Құсайын, Білім бөлімінің басшысы Қайсар Қанешов және Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина Рудный қаласының Ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміз үшін латын қарпіне көшудің маңызды жақтары мен тиімділігі айтылып, сонымен қатар, қатысушыларды бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиімен таныстырып өтті. Полиция қызметкерлері қазақ жазуының жаңғыртуына уақыт келгендігімен келісті, және болашақта бұл саяси қадам құқық саласында оңтайлы әсерін тигізетіндігіне сенім білдірді.

* * * * *

Қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Рудный қаласының Орталық кітапханасында мектеп оқушыларымен 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылады. Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина бұл реформа жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеруге көмек тесетіні туралы өз пікірін білдірді. Және де қазақ тілін үйрену үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Кездесу қатысушылары латын қарпіне көшуді өзі даму мүмкіндігі екенін қабылдайды және мұндай көшуді уақыт талабы деп санайды.

* * * * *

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшу» жобасын талқылау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы Перцев орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина қатысушыларды осы жобаның негізгі бағыттарымен таныстырды, қазақ тілінің жазу тарихын жете түсіндіріп өтті. Мектеп ұстаздары ағымдағы жылдың 26 қазандағыбекітілген әліпбиін талқылауға белсене ат салысты. Педагогикалық ұжымының басым көпшілігі қазақ тілінің латындандыру идеясын қолдайды, сондай-ақ ұстаздарға ғана емес, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарын оқытатын курстар ашылуы жайлы ұсыныс білдірді.

* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттерімен «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер Елбасының ұлтымыздың тағдыры үшін жасап жатқан бұл игі қадамына ерекше ынта-жігермен қарап, өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар жаңа әліпби жөнінде өз көзқарастарын ашық білдіріп, қазақ тілін латын қарпіне көшіру жұмыстарына қолдау көрсету барысында белсенділік танытты.

* * * * *

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуді түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Рудный қаласының прокуратура қызметкерлерімен кездесу өткізілді. «Рудный құрылыс және көлік колледжі» МКҚК директоры Аманжол Сағнаев және «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Жанна Джамбурчина латынға көшудің негізгі аспектілерін, қазақ тілінің жазу тарихына қысқаша шолу жасап, бекітілген жаңа әліпбиімен таныстырып өтті. Кездесуге қатысқан азаматтардың басым бөлігі Елбасы идеясын қолдайды.


* * * * *

2017 жылғы 4 желтоқсан күні Рудный қаласы әкімдігінің депутаттық фракция отырысында Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина қатысушыларға «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу» жобасын және«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен, қазақ жазуының тарихымен таныстырды және бекітілген әлипбиді ұсынды. Кездесу қатысушылары сұхбатқа белсенді қатысты, өз пікірлерін және латын графикасына көшуіне қолдау көрсететіні туралы айтты.



* * * * *

Бүгін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№21 орта мектебі» КММ-нің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында латын қарпіне көшудің кезеңдері мен оның негізгі бағыттары айтылды. Сонымен қатар, кездесу соңында оқушылар арасында латын қарпі бойынша тренинг-ойын ойнатылды. Оқушыларға бұл тренинг-ойын қиынға соққан жоқ. Себебі, олардың айтуынша, латын графикасы олар үшін таңсық емес. Сондықтан, олар Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.

* * * * *

Бүгін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» КММ-нің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында латын қарпіне көшудің кезеңдері мен оның негізгі бағыттары айтылды. Сонымен қатар, кездесу соңында оқушылар арасында латын қарпі бойынша тренинг-ойын ойнатылды. Оқушыларға бұл тренинг-ойын қиынға соққан жоқ. Себебі, олардың айтуынша, латын графикасы олар үшін таңсық емес. Сондықтан, олар Елбасының бұл бастамасын толығымен қолдайды.

* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «Рудный тау –кен технологиялық колледжі» КМҚК студенттерімен «Рухани жаңғыру – жаңа заман талабы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер жаңа әліпби жөнінде өз көзқарастарын ашық білдіріп, жаңа әліпбиді қолдап, кездесуде белсенділік танытты.


* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері және тіл жанашырларымен «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттер мен тіл жанашырлары Елбасының ұлтымыздың тағдыры үшін жасап жатқан бұл игі қадамына ерекше ынта-жігермен қарап, өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар жаңа әліпби жөнінде өз көзқарастарын ашық білдіріп, қазақ тілін латын қарпіне көшіру жұмыстарына қолдау көрсету барысында белсенділік танытты.

* * * * *

Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№21 орта мектебі» КММ-нің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде латын қарпіне көшудің кезеңдері мен оның негізгі бағыттары жайлы айтылды. Сондай-ақ, кездесу соңында оқушылар арасында латын қарпі бойынша тренинг пен ойын ойнатылды. Оқушылар позитивті көңіл-күймен латын қарпін қолдай кетті. Және қазақ тілінің латын қарпіне көшуі олар үшін еш қиындыққа соқпайтынын айтты.


* * * * *

Ақпараттық технологиялар ғасырында біз заман көшімен бірге ілесіп жүруіміз қажет. Сондықтан, латын қарпіне көшу – уақыт талабы екенін біз бәріміз де жақсы түсінеміз.

2018-2019 жылдары кадрларды, соның ішінде, филологтарды, білім беру мекемелерінің педагогтарын қайта даярлау басталады деп жоспарланып отыр. 24 қараша күні Рудный қаласында «Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби өкілеттігін арттыру бойынша әдістемелік кабинеттердің жұмыс жүйесі» атты республикалық семинар-кеңесі өтті, осы семинар-кеңес шеңберінде «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» жобасы басты бағыттарының бірі болып көрсетілген.Өйткені дәл осы педагогтар латындандыру идеясын нақты іске асыруда бірінші боп беттесетін болады және дәл соларалдағы ауқымды, сондай-ақ, көп еңбекті талап ететін жұмысты дұрыс әрі нақты етіп жоспарлауы керек.

Рудный қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлік ұжымы семинар жұмысының жоспарын мұқият әзірлеп, «Қазақ тілі әліпбиін латындандыру» жобасына да айрықша мән берген. Іс-шараның барлық кезеңдері инновациялық заманауи формада ойластырылған, маған «Қазақ тілінің латын қарпіне өту» жобасын іске асыру шеңберінде педагогтарды әдістемелік қолдау» тақырыбындағы «Әлемдік кафе» үстелінің ортасында болу бақыты бұйырды. Семинар қатысушылары үш топқа бөлініп, «сағат тілі» механизмі бойынша белгілі бір уақыт аралығында әр үстелдің тақырыбын талқылады. Соңында әр үстел спикерлері өз жобаларын қорғады. Өз ойларын тек қана филологтар ғана емес, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларының әдіскерлері де ортаға салды. Семинар өте нәтижелі болды, ал ең бастысы, қонақтар осы іс-шараны өткізуде жоғары кәсіби ұйымдастырушылық көзқарасты атап өтті. Осының нәтижесі ретінде – қалалық білім беру бөлімімен бірге Тілдерді оқыту орталығының 2018-2020 жылдарға арналған болашағы белгілі болды. Елбасының қазақ тілін латын қарпіне көшіру бастамасының маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан ұлтының рухани жаңғыруының негізі ретінде, Қазақстан азаматтарының және болашақ ұрпағының алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, барлық азаматтарды қазақ тілін латын қарпіне көшіру бойынша Ұлт көшбасшысының бастамасын қолдауға шақырамыз. Латын қарпіне көшу қазақстандықтарға жайсыздық тудырмауы тиіс. Бұл үшін зор еңбек, сондай-ақ, білім беру саласындағы барлық мекемелердің анық жоспарланған және жөнге салынған бірлескен жұмысы қажет.

Жанна Джамбурчина

Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ



* * * * *

«Рудный қаласы ОКЖ» Мемлекеттік тілдегі кітапхана» ММ қызметкерлері және оқырмандар қауымымен 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу қатысушылары Президенттің Жарлығымен және бекітілген әліпбимен таныстырылды. Кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қауымы латын қарпіне көшу туралы өз ойларын ашық түрде білдірді. Қатысушылар кездесуді мынадай сөздермен қорытындылады: «Тәуелсіз Қазақстанның батыл қадамдарының бірі деп білеміз. Бүгінгі ел ағаларының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы шешімін біз қолдаймыз!»

* * * * *

Рудный қаласының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі қызметкерлерімен 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу қатысушылары Президенттің Жарлығымен және бекітілген әліпбимен таныстырылды. Әр қатысушы өз ойын белсенді түрде ортаға салды. Бөлім қызметкерлері еліміздің жаңа бастамаларын қолдайтындығын, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында етене еңбек ететіндіктерін айтты. Елбасының тарихи бастамасын бірауыздан қолдап, кездесу сәтті өтті.

* * * * *

Рудный қаласының латын қарпіне көшуді талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің бастамасымен «Қостанай облысы Рудный қаласының мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы» ММ қызметкерлерімен 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Мекеме қызметкерлеріне  Президенттің Жарлығы және бекітілген әліпби таныстырылды. Барлық қатысушылар кездесуде белсенділік таныта отырып, әліпбидің осы нұсқасын қолдады.

* * * * *

Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Железорудный стансасының № 20 негізгі мектебі» КММ қызметкерлерімен 2017 жылғы 26 қазан күні Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде латын қарпіне көшудегі көзделген мақсаттар және бұл бастама еліміздің жаңаша дамуына зор серпін беретіндігіжайлы айтылды. Қатысушылар да өз кезегінде Президент Жарлығын бір ауыздан қолдайтындықтарын айтты.


* * * * *

2017 жылдың 28 қарашасында «Рудный қалалық емханасы» КМК қызметкерлерін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығымен толығырақ таныстыру үшін Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері кездесу өткізді. Кездесуде еліміз үшін латын қарпіне көшудің маңызды жақтары мен тиімділігі айтылып, сонымен қатар, бекітілген латын графикасының апостроф үлгісі сөз болды. Медицина қызметкерлері бұл саяси қадам олардың саласында тек қана оңтайлы әсерін тигізеді деген сенім білдірді.




* * * * *

2017 жылғы 28 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік қызметкерлерімен «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу» жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында апараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысушыларды «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен таныстырып, бекітілген әлипбиді ұсынды.

Іс – шара барысында қатысушылар аталған тіл реформасына қатысты өз пікірлерімен белсенді бөлісті. Барлығы Елбасының бастамасын қолдады және жаңа әлипбиіге көшу ауыртпалықсыз өтетіне сенім артты.




* * * * *

2017 жылғы 26 қазан күні Елбасының № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы бекітілді. Осы Жарлықты жүзеге асыру мақсатында Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойыншаақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «№1 Рудный қаласы арнайы мектеп-интернат» КММ-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Алғашқыда АТТ қызметкерлерді Президент Жарлығымен таныстырып, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің тиімді жақтары жайлы сөз етті. Содан соң қызметкерлер арасында қызу талқылау басталып, біраз сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар Елбасының бұл бастамасын қолдап, оптимистік көзқараспен тарқасты.



* * * * *

2017 жылғы 27 қарашада Рудный қаласы әкімдігінің «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» МКҚК қызметкерлерімен «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу» жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында апараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысушыларды «Қазақ тілі әліпбиін кириллицаданлатын графикасына көшіру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен, қазақ жазуының тарихымен таныстырды және бекітілген әлипбиді ұсынды.

Кездесу қатысушылары сұхбатқа белсенді қатысты, өз пікірлерін және латын графикасына көшуіне қолдау көрсететіні туралы айтты.



* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ-нің мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушыларына кездесу өткізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар жаңа әліпби жөнінде өз көзқарастарын ашық білдіріп, қазақ әліпбиін қолданудың тиімді жақтарын сөз етті.

* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасының Рудный қалалық психиатриялық мекеме қызметкерлерімен «Рухани жаңғыру –қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлер Елбасының ұлтымыздың тағдыры үшін жасап жатқан бұл игі қадамын ерекше ынта-жігермен қарап, өздерінің ойларымен бөлісті, апостроф таңбасымен белгіленген жаңа қазақ әліпбиін қолайлы деп шешті.

* * * *


Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «Рудный қалалық мүгедектер ерікті қоғамы» ҚБ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлер жаңа әліпби жөнінде өз көзқарастарын ашық білдіріп, қазақ әліпбиін қолданудың тиімді жақтарын сөз етті.

* * * * *

Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын талқылау барысында Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасының «Рудный перинаталдық орталығы» КМК қызметкерлерімен «Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлер Елбасының тарихи бастамасы еліміздің өсіп-өркендеуіне әсері өте көп екендігі жайлы айтты.


* * * * * 

 Рудный қаласының қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша ақпараттық түсіндіру тобы 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «KEGOK» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру жұмыстарына қолдау көрсетті.


* * * * *

«Арасан» Фирмасының ЖШС Рудный филиалы» филиалы қызметкерілермен АТТ мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу қатысушылары Президенттің Жарлығымен және бекітілген әліпбимен таныстырылды. Барлық қатысушылар белсенді қатыса отырып, жаңа әліпбидің тиімді енгізуі туралы өз пікірлерін айтты.

* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында   «№ 1 Рудный арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – де кездесу өткізді. Іс – шара барысында аталмыш мекеме қызметкерлері Елбасының рухани бастамасын бір ауыздан қолдады.


* * * * *

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруді талқылау бойынша Рудный қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Рудный политехникалық колледжі қызметкерлері мен студенттеріне кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өздерінің қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуіне оңтайлы пікірлерін білдірді.




* * * * * 

АТТ тобының мүшелері Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерілермен «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Кездесу соңында осы мекеме қызметкерлері латын әліпбиін қолдап, әрі қарай даму үшін   үлкен мүмкіндіктер ашатындығын айтты.

* * * * *

Ағымдағыжылдың 20 қараша күні ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Рудный қаласы әкімдігінің «Железорудная стансасының №20 негізгі мектебі» КММ педагогикалық ұжымымен қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша кездесу өткізді. Кездесуге мекеменің барлық мұғалімдері қатысты. Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина латын қарпіне көшудің маңыздылығы туралы атап өтті.

Кездесу барысында барлық қатысушылар мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің ұсынылған нұсқасын талқылауда белсенді қатысып отырды. Сондай-ақ, тән дыбыстарды сақтап қалу үшін барлық тән дыбыстардың жазылуын диграф арқылы белгілеу жөнінде ұсыныс жасалды. Кездесу соңында барлық қатысушылар Елбасы идеясын бір ауыздан қолдады.


* * * * *

Қазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Рудный қаласының Орталық кітапханасында өнер зиялылары өкілдерімен (ақындар, прозашылар) 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын талқылады. Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина бұл реформа жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеруге көмек тесетіні туралы өз пікірін білдірді. Және де қазақ тілін үйрену үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Кездесуде қонақтар үшін «Латын әліпбиіне көшу уақыт талабы» атты кітап көрмесі арқылы латынша шығарылған кітаптар ұсынылып, әдебиетке шолу өткізілді. Кездесу қатысушылары латын қарпіне көшуді өзі даму мүмкіндігі екенін қабылдайды және мұндай көшуді уақыт талабы деп санайды.

* * * * *

2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын таныстыру мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің ақпараттық –түсіндіру топ мүшелері ағымдағы жылдың 16 қараша күні «Рассвет»ЕСО» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесуді өткізді. Мединцина қызметкерлері Елбасымыздың идеясын қолдады. Оған қоса латын тілі осы сала қызметкерлерінің кәсіби тілі болып келеді. Барлық қатысушылар Қазақстанда қазақ тілінің латын қарпіне көшу ешбір қиындықсыз өтетініне үміттерін білдірді.

* * * * *

2017 жылдың 15 қараша күні Ы.Алтынсарин ат. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында филология факультет студенттерінің арасында «Студенттердің жаңа қазақ әліпбиіне көзқарасы» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Дебатта Үкімет және Оппозиция екі жақ болып сөз сөйледі. Студенттер дебат турнирі барысында осы тақырыпты талқылады. Дебат қатысушылары бұл тақырыпты үлкен қызығушылықпен талқылап, өз пікірлерімен бөлісті, көшудің кемшіліктері және туындайтын қиыншылықтары туралы ұсыныстарын айтып өтті. Бекмаханова Айнұр латын графикасына негізделген қазақ тілінің артықшылықтары туралы айтты. Студенттер дебат турнирінің соңында қазақ тілінің латын қарпіне көшуі дәйекті және орынды болып табылатынын қорытындылады. Турнирдің қорытындысы бойынша І орынға Үкімет, ІІ орынға Оппозиция ие болды. Және де қатысушы спикерлердің арасынан үздік спикер болып Байсақалова Сандуғаш көзге түсті. Жалпы жас ұрпақ осы үрдіске оңтайлы қарайды.

* * * * *

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Рудный қаласы әкімдігінің «№9 бастауыш мектебі» КММ-деқазақ тілінің латын қарпіне көшу бойынша түсіндіру жұмыстарымен кездесу өткізді. Кездесуге мекеменің барлық қызметкерлері қатысты.

Мектеп директоры Светлана Архангельская Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама мақаласының негізгі жобаларын айтып өтті, ал тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина қазақ тілінің латын графикасына көшу туралы және латын әліпбиін қолданудың тиімді жолдарына толықтай тоқталды. Және де Елбасының Жарлығымен бекітілген әліпбидің нұсқасымен таныстырды. Кездесуге қатысқан басым көпшілігі Елбасы ұсынған латындандыру идеясын қолдап, іске асырылуына жылы ниеттерін білдірді.



* * * * *



Каталог: analitika
analitika -> «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2225 Қаулысы
analitika -> Қостанай қаласының инвестициялық жобалар бойынша ақпарат
analitika -> «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі орындаушылық тәртіптің жағдайын тексеру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысының 25
analitika -> Информация о работе библиотек
analitika -> 018 жылдың мамыр бойынша Қостанай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет