Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



жүктеу 397.64 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі397.64 Kb.

ҚР ҚН 3.02-32-2018


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АСТЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР, ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР
ПРЕДПРИЯТИЯ, ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ ПО ХРАНЕНИЮ И ПЕРЕРАБОТКЕ ЗЕРНА


Енгізілген күні 2018-ХХ-ХХ

1ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1.1 Осы құрылыс нормалары астықты сақтау мен өңдеуге арналған кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үшін аумақ пен жер теліміне, көлемдік-жоспарлық шешімдеріне, инженерлік жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Осы құрылыс нормаларының талаптары элеваторлардың, астық қоймаларының, диірмендердің, құрама жем зауыттарының және басқа да кәсіпорындардың жаңа ғимараттарын жобалауға және қолданыстағы ғимараттарын техникалық қайта жабдықтауға таратылады.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы құрылыс нормасын қолдану үшін төмендегідей нормативтік құжаттар қажет:


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы №456 қаулысымен бекітілген «Халыққа арналған ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті.

2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 қаулысымен бекітілген «Тағам өнімдерін өндіретін объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату ережесі.


Ресми басылым
Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚН 1.01-01-2011 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер» бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар төмендегідей терминдер қолданылады:

3.1 Сүрлем: Цемент, құм, астық, құрама жем, түйіршіктер және т.б. сияқты сусымалы материалдарды сақтауға арналған ыдыс.

3.2 Сүрлем корпусы: Сүрлем жүйесінен тұратын, астықты тасымалдау механизмдерімен жабдықталған элеватордың бір бөлігі, құрылыс.

3.3 Рампа: Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған құрылыс. Рампаның бір жағы қойма қабырғасына жапсарлас, ал екіншісі теміржолды (теміржол рампасы) немесе автомобильдер кіретін жерлерге (автомобиль рампасына) бойлай орналасады. Рампа қойманың ішінде орналасуы мүмкін. Рампаның еден деңгейінен биіктігі көлік түрімен анықталады.

3.4 Платформа: Мақсаты рампаға ұқсас құрылыс. Рампаға қарағанда екі жақты етіп жобаланады: бір жағы теміржолды бойлай, ал қарама-қарсы жағы автомобильдер кіретін жерді бойлай орналасады.

3.5 Элеватор: Астық сақтауға арналған құрылыс.

3.6 Тамбур-шлюз: Бір үй-жайдан екіншісіне оттың, газдың, шаңның, будың және басқа да зиянда заттардың өтіп кету ықтималдығын жоятын, сонымен қатар үй-жайлардағы ауа ортасының белгілі параметрлерін ұстауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған тамбур.

3.7 Зенит шамы: Жоғарғы жарық шамы, жабын конструкциясына кіріктірме жарық өткізетін материалдан жасалған құрылғы.

3.8 Жарылу қауіпсіздігі: Жарылу ықтималдығы жойылатын немесе ол туындаған жағдайда, одан туындайтын қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуінің алдын алатын және материалдардың құндылықтарды сақтау қамтамасыз етілетін өндірістік процесс күйі.

3.9 Жарылысты разрядтағыштар: Жарылысты разрядтайтын және сақтандыратын мембраналары немесе айқара ашылатын клапандарды бар жарылысты разрядтайтын құрылғылардан, бұратын құбырлардан, қажет болған кезде оттан қорғайтын құрылғыдан тұратын арнайы техникалық құрылғылар.

3.10 Шаң-ауа қоспасы: Ауа ортасынан және осы ортадағы қалқымалы күйдегі шаңнан тұратын жүйе.

3.11 Галерея: Инженерлік және технологиялық коммуникацияларға, сонымен қатар адамдардың өтуіне арналған жер бетіндегі, жер астындағы немесе жер үстіндегі, толығымен немесе жартылай жабылған, горизонталь немесе көлбеу тар және ұзын конвейерлі көлік құрылысы.

3.12 Өздігінен жану: Жану ошағының туындауына алып келетін заттағы экзотермиялық процестер жылдамдығының күрт ұлғаюы.

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР





4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптардың мақсаты - астық сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар ғимараттары мен құрылыстарының қауіпсіздігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, энергиялық тиімділікті және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету, технологиялық және айрықша ерекшеліктерді есепке ала отырып, еңбекке қажетті жағдайларды жасау мақсатында барлық сатыларда және өмірлік айналымда көтергіш конструкциялардың орнықтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Астықты сақтау мен өңдеу бойынша кәсіпорындарда, ғимараттар мен құрылыстарда аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитарлық-гигиеналық талаптарды есепке ала отырып, ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды, еңбек етуді, астық сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

4.2.2 Кәсіпорын ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш конструкцияларының орнықтылығы мен механикалық беріктігі қамтамасыз етілетіндей тәсілмен жобалануы және салынуы тиіс.

4.2.3 Өрттің таралуының алдын алуға, өрт ошағын шектеуге, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауға бағытталған өртке қарсы шараларды есепке ала отырып, кәсіпорындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

4.2.4 Кәсіпорындар адамдардың өмірі мен денсаулығын ауадағы зиянды шаңды заттардан, шудан және ғимарат дірілінен қорғау қауіпсіздігін есепке ала отырып жобалануы тиіс.

4.2.5 Кәсіпорындарды жабдықтар мен құрылыстарды пайдалануға байланысты адамға төнетін қауіптердің алдын алуды есепке ала отырып жобалау және салу керек.

4.2.6 Кәсіпорын құрылысы кезінде қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға бағытталған шаралар есепке алынуы тиіс.

4.2.7 Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарында, сонымен қатар аумақпен жүру және жұмыс орындарына бару кезінде мүмкіндігі шектеулі топтарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек.

4.2.8 Кәсіпорындар балама энергия көздерін қолдануға, табиғи ресурстарды тиімді қолдануға және электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге бейімделуі тиіс.

4.2.9 Ғимараттарды ауамен жылыту және желдету жүйелері үй-жайдың қажетті гидротермиялық режимін, сонымен қатар объектінің жарылу қауіпіне және оның салдарына жол бермеуді қамтамасыз етуі тиіс.

4.2.10 Ғимараттарда астықты үй-жайларға тасу және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.

4.2.11 Барлық өндірістік ғимараттар мен құрылыстар кіретін кәсіпорын аумағы объектілердің мақсатына сәйкес олардың қауіпсіздігі мен орналасу функционалдығы талаптарын сақтай отырып, жобалануы және орналастырылуы тиіс.

4.2.12 Кәсіпорын аумағын адамдар мен көліктер үшін қауіпсіздік пен қолжетімділікті есепке ала отырып көріктендіру және көгалдандыру қажет.
5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Жалпы талаптар
5.1.1 Астықты сақтау және өңдеу бойынша кәсіпорындарды жобалау және техникалық қайта жабдықтау кезінде «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және «Тағам өнімдерін өндіретін объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің талаптарын сақтау қажет.

5.1.2 Ғимараттардың сәулеттік шешімдерін қала құрылысы, құрылыс ауданының табиғи-климаттық жағдайларын, сонымен қатар қоршаған ортадағы құрылыстардың сипатын есепке ала отырып қабылдау керек.

5.1.3 Кәсіпорынның орналасуы шикізат пен дайын өнімді тасымалдаудың ең аз қашықтығы, оның ішінде астық қоймаларының астық өндіретін жерлерге жақындығы қамтамасыз етілуі тиіс.

5.1.4 Негізгі ғимараттар мен құрылыстарға диірмен-жарма және құрама жем кәсіпорындарының өндірістік корпустарын, элеваторлардың жұмыс ғимараттарын, бөлек тұрған сүрлемдер мен сүрлем корпустарын қоса алғанда, тасымалдайтын галереялары бар астық, шикізат және дайын өнім сақтауға арналған корпустарды жатқызу керек.

5.1.5 Астық сақтауға арналған кәсіпорындардың ғимараттарын жобалау және салу кезінде:

- конструкцияның сенімділігін қамтамасыз ету;

- құрылысқа зиянкестердің, паразиттердің және ылғалдың өтуіне жол бермеу;



- астықтың қойма шашылып қалу ықтималдығын болдырмау;

- құрылыстың орналасқан орны мен қоршаған климатты назарға алу;

- құрылысқа арналған материалдарды қолдану кезінде астықты ең аз ластау ықтималдығын қамтамасыз ету;



- ағын судың үй-жайларға өту ықтималдығын жою керек.

5.1.6 Элеваторларды кәсіпорынның негізгі ғимараттарына, тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға тығыз, сонымен қатар жер бедерінен төмен орналастыруға болмайды.

5.1.7 Кәсіпорындарды жобалаған және салған кезде сэндвич-панельдерден және т.б. жасалған қоршауларды қолдану арқылы металл сүрлемдер, қаңқалар элекваторларының заманауи типтерін, сондай-ақ астықты сақтау мен өңдеу саласындағы жетістіктерді ескере отырып, жаңа қондырғыларды пайдалануға жол беріледі.

5.1.8 Кәсіпорынды сейсмикалық қауіпті аймақтарда жобалау кезінде сейсмикалық аудандардағы құрылыс жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау керек.

5.1.9 Астық қоймаларында азық-түлік және жем астықтары үшін қамбалар мен бункерлер сыртқы қабырғаларға жапсарлас болуы тиіс, тұқым астығы үшін қабырғалар мен қамбалар арасында өтетін жер қалдыру немесе жылу оқшаулауды орнату керек.



5.1.10 Қалдықтар мен шаңға арналған бункерлер олардың астарына өтетін жол орналастыру арқылы жобалануы тиіс.

5.1.11 Сепараторларға, тазалау және жуу машиналарына қызмет көрсету мүмкіндігін жасау үшін оларды топтастырып орнатуға болмайды.

5.1.12 Сепараторлар арасындағы өткелдер аппаратураның қызмет көрсетуі мен үздіксіз жұмысын қиындатпауы тиіс.

5.1.13 Өткелдер енін олар конвейерлерде болған кезде түсіру арбаларының көлемін ескере отырып ұлғайту керек.

5.1.14 Трассаның қажет жерлерінде түсіру арбалары болмаған кезде, конвейерлер арқылы өтетін көпірлер орналастыру керек.

5.1.15 Еден жабындарының типін өндіріс технологиясының талаптарын ескере отырып белгілеу керек.

5.1.16 Есіктердің, қақпалардың және терезелердің ойықтарын толтыруды фальцтарда тығыздағыш аралық қабаттармен қарастыру керек.
5.2 Конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар
5.2.1 Ғимараттардың конструктивтік шешімдері болжамдық қызмет ету мерзімі ішінде осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.2.2 Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа конструктивтік жүйелерін, сонымен қатар құрылыста жаппай қолданғанға дейін жаңа материалдар мен конструкцияларды қолдану сараптамалық негізді болуы тиіс. Ғимараттар мен құрылыстар, сонымен қатар құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.2.3 ЖЛК сыртқы қоршаулардың ауданы бойынша біркелкі таралуы тиіс. ЖЛК-ға армирленген шыны жатпайды.

5.2.4 Қабатаралық жабындар немесе галереялар қондырғыларына белгіленетін массадан ондағы өнімдерге түсетін динамика коэффициентін ескере отырып, жүктемелер әрекетіне тексерілуі тиіс.

5.2.5 Жекелеген үй-жайлардың көтергіш конструкцияларын, цехтарды есептеген және жобалаған кезде жергілікті ықтимал қосымша жүктемелер әсері ескерілуі тиіс.

5.2.6 Жарылыс разрядты құбырлар үй-жайдан тыс шығарылуы тиіс. Құбырлар конструкциясының бүтіндігі мен беріктігін қамтамасыз ету керек.

5.2.7 Механикалық беріктігі мен конструктивтік шешім бойынша кәсіпорынның өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының көтергіш конструкциялары бетон және темірбетон конструкцияларды және болат конструкциялар мен негіздердің сенімділігі бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұл жағдайда жүктемелер және олардың үйлесімдігін, сусымалы материалдан түсетін жүктемелерді, жабдықтар мен жиналатын материалдардан түсетін жүктемелерді, сондай-ақ қондырғылар конструкциясына динамикалық әсерді ескеру қажет.

5.2.8 Құрама-монолитті жабындарды есептеген кезде құрылыс пен пайдалану барысында және монолиттеуден кейін конструкциядағы жұмыс жағдайларына сай келетін жүктемелер мен есептік схемалардың өзгеруін есепке алу керек.

5.2.9 Астық сақтауға және қайта өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар конструкциялары пайдалану барысында жүктемелердің, апаттық әсерлердің және т.б. ұлғаюын қоса алғанда, жүктемелер мен әсерлердің барлық түріне есептелуі тиіс.

5.2.10 Сүрлемгеауа немесе газ жіберу кезінде пневматикалық шығару жүйелерінің жұмысы, қозғалмайтын сусымалы материалдарды белсенді желдету және газдандыру кезінде (қайнап жатқан қабат түзбей) сусымалы материалдар қысымымен қатар сүрлем қабырғасындағы және түбіндегі ауаның немесе газдың артық қысымы есепке алынуы тиіс.

5.2.11 Ауаның артық қысымының мәні мен таралуы жоба деректері бойынша қабылдау керек.

5.2.12 Сүрлемдер қабырғаларын есептеу кезінде жүктемелер мен әсерлердің негізгі үйлесімділігі ескерілуі тиіс.

5.2.13 Түрлі сусымалы материалдарды сақтауға болатын сүрлемдер қабырғаларын осы сусымалы материалдардан туындайтын ең жоғарғы қысымға есептеу керек.

5.2.14 Темірбетон сүрлем қабырғаларындағы сусымалы материалдардың қысымынан болған күшті сүрлем қабырғалары конструкциясының кеңістіктік жұмысын есепке ала отырып анықтау керек.

Сүрлемдердің құрама элементтерін оларды тасымалдау және монтаждау кезінде туындайтын жүктемелер мен әсерлерге қосымша тексеру керек.

5.2.15 Сүрлем қабырғаларының конструкциясын есептеген кезде олардың бірлескен жұмысын ескере отырып, қабырғаның плитасының түбіне, арқалыққа немесе іргетас плитасына тіреу жапсарында пайда болатын күшті ескеру керек.

5.2.16 Сүрлемнің болат қабықтарының пішімі немесе қалыңдығы өзгерген жерлер, жекелегенде цилиндр бөлігінің конус бөлікпен немесе жазық түппен жанасқан жерлер, сонымен қатар жүктемелер күрт өзгерген жерлер болат конструкциялардың қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес қосымша жергілікті кернеуге (жиек әсері) тексерілуі тиіс.

5.2.17 Болат дәнекерленген конструкцияларды құрастыру кезінде тиісті конструктивтік шешімдер (кіру бұрыштары, қиманың бірден ауысуы және басқа да кернеу концентраторлары жоқ элементтер мен бөлшектерді кернеуді барынша біркелкі таратылған) мен технологиялық шараларды (құрастыру және дәнекерлеу тәртібі, алдын ала ию, сүргілеу, кесу, абразивтік шеңбермен тазалау және т.б. көмегімен тиісті аймақтарды механикалық өңдеу) қарастыра отырып, дәнекерленгендерді қоса алғанда, қалдық деформациялар мен кернеулер, сонымен қатар кернеу шоғырланымы қолайсыз әсерінің ықтималдығын жою керек.

5.2.18 Сүрлемдердің конус тәрізді воронкаларын есептеуді көлденең сақиналы созылуға және түзушіні бойлай әсер ететін осьтік созылуға жүргізу керек.

5.2.19 Түптің арқалықтарын сүрлем қабырғалары және түптері (немесе воронкалар) арқылы берілетін жүктемелерге есептеу керек.

5.2.20 Сүрлем асты қабатының ұстындарын сүрлем түбіне нақты бекітуді есепке ала отырып, іргетасқа кіріктірме тіректер схемасы бойынша есептеу керек.

5.2.21 Сүрлем асты қабатының ұстындарын оларға сүрлемдерді жүктеудің (сүрлем корпустарын толығымен немесе ішінара жүктеу кезінде) түрлі схемалары кезінде берілетін ең жоғарғы күшке есептеу керек.

5.2.22 Астықты сақтау мен өңдеу кәсіпорындарының негіздері мен іргетастарын жобалауды ғимараттар мен құрылыстардың негіздері мен іргетастарын жобалау және орналастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттар және ҚР ҚН 5.01-06-2013 «Динамикалық жүктемелері бар машиналардың іргетастары» сәйкес, сонымен қатар осы бөлім талаптарын есепке ала отырып, жүзеге асыру керек.

5.2.23 Сүрлем корпустарының монолитті плиталарын есептеген кезде бетон класын түскен жүктемелердің (статикалық, динамикалық) сипаты мен түрін және пайдалану шартын ескере отырып, плитаның жобалық көтергіш қабілетінің нәтижесінде белгілеу керек.

5.2.24 Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері мен іргетастарын жобалау және орналастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда көрсетілген орташа шөгінділер мен крендердің шекті мәндері тиісті негіздемелер кезінде ұлғайтылуы мүмкін.

5.2.25 Астық өнімдерінің қысымы берілетін астық қоймаларының көтергіш тас қабырғалары мен іргетастарын тірек қабырғалары ретінде есептеу керек.

5.2.26 Қақпаларға жапсарлас астық қоймалары қабырғаларының учаскелерін қақпалардың ойықтарына уақытша салынған қалқандар арқылы берілетін астық өнімдерінің қысымына есептеу қажет.

5.2.27 Ыдыстағы жүк қоймалары жабындарының плиталарын аккумулятор тиегіштері дөңгелектерінен түсетін күшке тексеру қажет.



5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
5.3.1 Объектілердің өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары есепке алынуы тиіс.

5.3.2 Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарын және үй-жайлары үшін автоматты өрт сөндіру мен сигнализацияны «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қарастыру керек.

5.3.3 Жылытылмайтын ғимаратта орналасқан жылытылатын өндірістік үй-жайларды өртке қарсы су құбырымен жабдықтау қажет. Кәсіпорындардың сыртқы өрт сөндіруге арналған суының есептік шығынын өрт қауіпсіздігі өндірісінің категориясына, ғимараттың немесе құрылыстың көлеміне және олардың отқа төзімділігіне байланысты ҚР ҚН 4.01-02-2013 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер» сәйкес анықтау қажет.

5.3.4 Шаруашылық-ауыз су және өндірістік су құбырларымен біріктіруге


ҚР ҚН 4.01-01-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және канализациясы» бойынша рұқсат етілмеген кезде кәсіпорындарда жеке өртке қарсы су құбырын орнатуға жол беріледі.

5.3.5 Астықты сақтау мен өңдеу бойынша жылытылмайын ғимараттарда өрт өшірген кезде құрғақ құбырды, егер өртті өшіру сорғы станциясынан жүзеге асырылса, сыртқы өртке қарсы-шаруашылық су құбырымен қосу қажет.

5.3.6 Өнеркәсіптік алаң аумағында сақиналы желісі бар шаруашылық-өртке қарсы су құбыры жүйесін, қажет жағдайда - су қоры бар резервуар мен сорғы станциясын қарастыру керек.

5.3.7 Су құбыры желісінен су жинау үшін өрт гидранттарын орналастыру керек.

5.3.8 Элеваторларға, астық кептіргіштерге, астық мен құрама жем қоймаларына ішкі өртке қарсы су құбырын жүргізуге жол берілмейді.

5.3.9 Өрт қауіпсіздігі мақсатында түрлі өнімдерді бір сүрлемге немесе бункерге біріктіруге жол берілмейді.

5.3.10 Шикізаттың (өнімнің) тиісті түрі үшін көрсетілген өсімдік шикізатын, оны қайта өңдеу өнімдерін және құрама жем шикізатын сақтаудың тағайындалған нормасынан асып кеткен жағдайда:

- белсенді желдетуді қолдану;

- шикізатты (өнімді) бір сүрлемненн (бункерден) екіншісіне, алаңнан алаңға айдауды жүргізу керек.

Осы мақсатта бос ыдыс (алаң) қарастыру қажет.

5.3.11 Сүрлем қондырғыларына (оның ішінде металл конструкциялардан жасалған) дымқыл және шикі астықты сақтауға жол берілмейді.

5.3.12 Өндіріс қалдықтарын ашық ленталы конвейерлерде тасымалдауға жол берілмейді.

5.3.13 В категориялы өрт қауіпі бар үй-жайларда өндіріс қалдықтарын ыдыстарға салуға тыйым салынады.

5.3.14 Желдету жүйесі тұтану кезінде автоматты түрде сөнуі тиіс.

5.3.15 Өздігінен ағатын құбырларды, аспирациядық ауа өткізгіштерді тартуға, сондай-ақ электр кабельдерін төсеуге арналған шахталарда норияларды орналастыруға тыйым салынады.

5.3.16 Аспирацияның ауа енгізгіштерін, ауамен жылытқыштарды, материал сымдарын, өздігінен ағызатын құбырларды, норияларды және конвейерлерді тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар, басқару пульті үй-жайлары, электр тарату құрылғылары және желдету камералары арқылы, баспалдақ торлары және тамбур-шлюздер арқылы өткізуге болмайды.

5.3.17 Үй-жайға шаңның өтіп кетуіне кедергі келтіру үшін силостар мен бункерлерге арналған люктер, сонымен қатар өздігінен ағызатын құбырлардың, аспирациялық ауа енгізгіштердің және қораптардың люктері тығыз қосылыстарға ие болуы тиіс.

5.3.18 Өртке қарсы қабырғалар немесе жабындар қиылысқан жерлердегі ауа енгізгіштерге отты ұстап қалатын клапандар орналастыру керек.

5.3.19 Терезелер мен шамдарды шынымен қаптау үшін жеңіл лақтырылатын конструкцияларды (бұдан былай - ЖЛК) қолдану керек.

5.1.20 Б категориялы өндіріске ие үй-жайлардың сыртқы қоршау конструкциялардың, сондай-ақ элеваторлардың, диірмендердің астық тазалайтын бөліктерін, сүрлем корпустарының сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы қабаттарын ЖЛК есепке ала отырып жобалау керек. Аудан ғимараттың негізгі көтергіш конструкцияларының беріктігіне байланысты есептеледі.

5.3.21 Үш ауысыммен жұмыс жасайтын жарылу-өртену қауіпі бар өндірістік үй-жайларда ауамен жылытуды ағынды желдету жүйесімен біріктіреді, ал қалған өндірістік және қосалқы үй-жайларда сумен жылыту қарастырылады.

5.3.22 А және Б категориялы үй-жайларды жертөлерге және төменгі қабаттарға орналастыруға тыйым салынады.

5.3.23 Б категориялы үй-жайларды өзара және басқа категория үй-жайларымен байланыстырып тұратын жер асты галереяларын немесе тоннельдерді жобаларды технологиялық негіздеу қажет, бұл ретте оттан қорғайтын клапандар мен тамбур-шлюздерді орнатуды қарастыру керек.

5.3.24 А және Б категориялы үй-жайлардың (кез келген кластың жарылу қауіпі бар аймақтары) үстіне және (немесе) астына электр үй-жайларын (тарату қосалқы станцияларын, трансформаторлардың қосалқы станцияларын, тарату құрылғыларын) орнатуға жол берілмейді.

5.3.25 Аккумулятор батареяларын отқа төзімді үй-жайларға орналастыру қажет.

5.3.26 Зарядық станцияларды жертөлелік үй-жайларда орнатуға жол берілмейді.

5.3.27 Ішінде қызмет көрсетуші персоналдары тұрақты болатын үй-жайларда газ жабдығы жұмысындағы ақаулар және газдану туралы сигнал беруді қарастыру қажет.

5.3.28 Шаң-ауа қоспасының тұтыну көзі туындауы ықтимал жабдықтардан өндірістік үй-жайларға жанғыш заттардың өтуіне жол бермеу керек.

5.3.29 Кәсіпорынның жарылыс қауіпсіздігі үшін өсімдік текті шаң-ауа қоспасының жарылу ықтималдығының алдын алу және астықтың, сонымен қатар оны қайта өңдеу өнімдерінің және құрама жем шикізатының өздігінен жану (өздігінен қызу) ошақтарының туындауын ескертуді қарастыру керек.

5.3.30 Жарылатын өнім жарылысты разрядтайтын құбырлардан аққан кезде оларды қызметкерлерге зақым келтірмейтіндей бағыттау керек.

5.3.31 Нориялар мен жабық конвейерлерді барлық ұзындығына жарылысты разрядтағыштарды орнату арқылы қорғау керек.

5.3.32 Конвейерлерді өткізуге арналған ойықтар автоматты өртке қарсы клапандармен немесе қалқандармен қорғалуы тиіс.

5.3.33 Өрт-жарылыс қаупі бар заттар (қоспалар) құбырларын тарату құрылғылары, трансформаторлық және түрлендіргіш қосалқы станциялар арқылы жүргізуге тыйым салынады.

5.3.34 Аспирациялық отностарды, шаң мен шаң тәрізді өнімдерді сақтау үшін бункерлерді өрт-жарылыс қауіпті ғимараттар мен құрылыстарда орналастыруға тыйым салынады.

5.3.35 Шырақтардың ғимарат сыртындағы жел әсерінен шайқалу ықтималдығын болдырмау керек.

5.3.36 Жарылысты разрядтауды сүрлемдердің жоғарғы бөліктерінде қарастыру керек.

5.3.37 Бункерлер мен сүрлемдерде қайталама жарылыстардың туындау ықтималдығын болдырмау, дамудың бастапқы сатысында жарылысты анықтау (ол оперативті ыдыста, технологиялық аспирациялық немесе тасымалдау жабдығында туындаған кезде), өздігінен ағатын құбыр және ауа құбырлары арқылы жарыла отырып жанатын жоғары температуралы өнімдердің туындауына, өршуіне және таралуына жол бермеу үшін объекттердегі жарылыстарды оқшаулау жүйелерін жабық конвейерлермен және басқа да коммуникациялармен қарастыру қажет.

5.3.38 Отқа кедергі жасайтын құрылғыларды және қысымның белгілі бір шекті деңгейіне жеткен кезде жарылыстың бастапқы сатысын анықтауға арналған басқарушы датчиктерді тарату жерлерін органикалық шаңның (шаң-ауа қоспасының) өрт-жарылыс қаупінің техникалық сипаттамаларын есепке ала отырып, анықтау және негіздеу керек.

5.3.39 Жарылысты оқшаулау жүйесін қолмен басқаруды және техникалық қызмет көрсету және жұмыс жасау қабілетін тексеру ықтималдығы үшін автоматты басқаруды уақытша сөндіру мүмкіндігін қарастыру керек.

5.3.40 Қызметкерлерді үй-жайдан эвакуациялау жолдары арқылы қауіпсіз эвакуациялау жүйесін қамтамасыз ету керек.

5.3.41 Эвакуациялық шығатын жерлерді А және Б категориялы үй-жайлар арқылы орналастыруға жол берілмейді.

5.3.42 Көп қабатты өндірістік ғимараттардың баспалдақ клеткаларын Б категориялы үй-жайлармен бірге орналастыру кезінде оларды бір бірінен оқшаулау керек.

5.3.43 Өндірістік ғимараттардағы баспалдақтарды эвакуациялау жолдары мен жолаушылар лифтісі конструкцияларының отқа төзімділігі талап етілетін шегін қамтамасыз ететін материалдардан қарастыру керек. Баспалдақ торлары түтіндемеуі тиіс.

5.3.44 Баспалдақтар өлшемдерін өндірістік ғимараттарды жобалау нормалары бойынша қабылдау керек.

5.3.45 Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында және сүрлем корпустарында баспалдақ клеткалары болмаған кезде, сүрлем корпустарында сүрлем астындағы қабаттың қақпағына дейін жетуі тиіс сыртқы эвакуациялық ашық болат баспалдақтарды қарастыру керек.


5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.4.1 Аумаққа және учаскеге қойылатын талаптар
5.4.1.1 Кәсіпорын аумағында келесі аймақтарды қарастыру керек:

- өндірістік емес сипаттағы (әкімшілік, қызмет көрсету мақсатындағы және т.б. ғимараттар);

- өндірістік;

- қойма және қосалқы.

5.4.1.2 Қалалар мен ауылдарда салынып жатқан кәсіпорындардың бас жоспарларын ҚР ҚН 3.01-03-2011 «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары» талаптарына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес әзірлеу керек.

5.4.1.3 Автомобиль жолдарын қоспағанда, шикізат пен өнімдердің үлкен жүк айналымына ие кәсіпорындар үшін теміржол кіре беріс жолдарын жобалау керек. Тиеу-түсіру аумағы шегіндегі теміржолдарға тиеу-түсіру алаңдары ретінде қарастырылатын құрылыс алаңдарын қосу керек.

Сондай-ақ құрылыс алаңына автомобиль жолдарының қабылдау-жіберу құрылыстарының тиеу-түсіру алаңдары кіруі тиіс (жапсарлас алаңдары бар астық түсіруге арналған қабылдау құрылыстарының пандустары, дайын өнім қоймаларындағы рампалар және т.б.).

5.4.1.4 Автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдары теміржолдармен қиылысқан кезде төсемдер ұйымдастыру керек.

5.4.1.5 Объект аумағында объектілерге еркін мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жолдар жобалау қажет.

5.4.1.6 Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарына өрт автомобильдерінің өтуін қамтамасыз ету қажет.

5.4.1.7 Кәсіпорын аумағындағы асфальтталған жабындардың алаңы ең төмен болуы және бекітілген талаптармен анықталуы тиіс. Аумақтың қалған бөлігі көріктендірілуі және көгалдандырылуы тиіс.

5.4.1.8 Сүрлем корпусы мен жұмыс ғимараты арасындағы үзіліс аз болуы тиіс.


5.4.2 Көлемдік-жоспарлық шешімдерге қойылатын талаптар
5.4.2.1 Өндірістік ғимараттар
5.4.2.1.1 Жобаланатын ғимараттар (диірмендер, жарма зауыттары, құрама жем зауыттары, элеваторлар жұмыс ғимараттары) ұстындарының торы мен қабаттарының биіктігі өндіріс технологиясымен анықталады.

5.4.2.1.2 Өндірістік ғимараттар едендері, жабындары, қабырғалары және арақабырғалары қуыссыз жобалануы керек.



Бункерлер мен сүрлемдер қабырғаларының, түптерінің және воронкаларының көлбеулігі технологиялық жобалау нормалары бойынша қабылданады.

5.4.2.1.3 Жабындардың жабдықтарды орналастыру үшін қабылданатын белгілерін таза еден деңгейінде белгілеу керек.

5.4.2.1.4 Тұрмыстық үй-жайлар мен адамдар көп жүретін үй-жайларды (жиналысқа арналған бөлмелер, тамақтануға арналған бөлмелер) өндірістік үй-жайларға орналастыруға жол берілмейді.

5.4.2.1.5 Білік кесетін шеберхананы оқшаулап орналастыру қажет.

5.4.2.1.6 Өндірістік немесе қосалқы үй-жайлардан теміржолға шығатын жерлер болған кезде ғимараттан шығатын жерге теміржолды қоршап тұратын қоршаулар орнатылуы тиіс.
5.4.2.2 Сүрлемдер және сүрлем корпустары
5.4.2.2.1 Түрлі өлшемді сүрлемдердің оңтайлы қатынасы олардың сыйымдылығын толығымен қолдану талабынан қабылдануы тиіс, бұл ретте диаметрі үлкен сүрлемдерді қолдану ең жоғары болуы тиіс.

5.4.2.2.2 Сүрлемдер мен сүрлем корпустарының жобалары сүрлемдерді бастапқы және пайдалану тиеу және түсіру режимдері жөніндегі, осы құрылыстардың шөгуін бақылау жөніндегі нұсқаулардан тұруы, сонымен қатар шөгінді маркалары мен реперлерін қарастыруы тиіс.

5.4.2.2.3 Жобалық құжаттарда сүрлем қабырғалары құрама элементтерінің жіктерін атмосфералық жауын-шашындардан қорғау қарастырылуы тиіс.

5.4.2.2.4 Сүрлемдер ішкі қабырғаларының беттерін әрлеу сусымалы материалдың жақсы ағуына септігін тигізуі тиіс.

5.4.2.2.5 Сүрлем қабырғаларының сыртқы бояуы ақшыл реңкті болуы тиіс. Бояуға арналған материалдар темірбетон сүрлемдер үшін сыртқы ортаның агрессивті әсерін есепке ала отырып, гидрофобты қоспаларды қолданып таңдалуы тиіс.

5.4.2.2.6 Екі жоғарғы қабатты қоспағанда, құрылыс үстіндегі болат ұстындар мен жабындарда, сонымен қатар сүрлем астындағы көтергіш конструкцияларда (сүрлем қабырғасы астындағы ұстындар мен арқалықтарда) оттан қорғау қарастырылуы тиіс.

5.4.2.2.7 Сүрлемдерді жобалаған кезде астық өнімдерін шығару кезінде олардың көлденең қысымын азайту бойынша құрылғыларды қарастыру, сонымен қатар тиеу мен түсіруді жеңілдету үшін квадрат силостарды топтарға біріктіру керек. Сүрлемдерді біріктіру кезінде олардың ішкі көлемін қолдану барынша жоғары болуы тиіс.

5.4.2.2.8 Өткізу саңылауларымен біріктірілген сүрлемдер ішіне орналастырылатын электротермометрлерге арналған аспаларды жобалау кезінде, сонымен қатар сүрлемде бірнеше аспа болған кезде, аспаның төменгі ұшын көлденең ығысудан бекітуді қарастыру керек.

Сүрлем асты жабындарының барлық плиталары сүрлем қабырғаларымен тығыз жанасып тұруы тиіс.

5.4.2.2.9 Тұтас аражабындар астықтарға, оны қайта өңдеу өнімдеріне және құрама жем шикізатына арналған сүрлемдер мен бункерлерді, олардың орналасу орнына қарамастан жауып тұруы тиіс.

5.4.2.2.10 Төбе конструкциясын сүрлем өлшеміне (цилиндр бөлігінің диаметріне) және құрылыс аймағына байланысты анықтау керек.

5.4.2.2.11 Сүрлемдердің төбесі атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды қамтамасыз етуі және жүктемелердің келесі түрлеріне төзімді болуы тиіс:

- қар және жел;

- көлік көпірі тарабынан болған жүктеме;

- термоаспалар салмағы;

- конструктивтік элементтер (баспалдақтар, люктер, ауа дефлекторлары және т.б.) салмағы.

5.4.2.2.12 Ұн сақтауға арналған бункерлер мен сүрлемдер арасына өткізу терезелерін орнатуға жол берілмейді.

5.4.2.2.13 Сепаратор астындағы бункерлердің және қалдықтарға арналған бункердің қабатының биіктігін сепаратор астындағы бункер қабатының биіктігіне тең етіп қабылдау керек.

5.4.2.2.14 Бункердің конус бөлігін таразы қабатына орнату кезінде таразы астындағы бункер қабатының биіктігін конус бөлігінің биіктігіне азайту қажет.

5.4.2.2.15 Жұмыс ғимараты мен сүрлем корпусы арасындағы үзілу шамасын есептеу үшін олардың тереңдігін және элеватордың жұмыс ғимаратындағы сүрлем астындағы конвейерді көтерудің қажетті биіктігін назарға алу керек.

5.4.2.2.16 Сүрлем асты қабатының биіктігін есептеуді түсіру арбалары бар сүрлем асты конвейерлеріне қатысты орындау қажет.

5.4.2.2.17 Жұмыс ғимаратының үй-жайындағы элеваторды жобалауды заманауи қондырғылардың технологиялық шешімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру қажет.


5.4.2.3 Астық қоймалары

 

5.4.2.3.1 Астық қоймаларын мынадай типтерге бөлу керек:

- қамбалық - астықты жекелеген бөліктерде (қамбаларда) сақтау үшін;

- едендік - астықты көлденең немесе көлбеу еденде үйіп сақтайды, ал тұқым дәндері - көлденең еденде ыдыста;

- дәндердің силостық қоймалары.

5.4.2.3.2 Астық қоймаларының ғимараттарын жобалау кезінде құрастырылатын және монолитті темірбетон, металл және ағаш конструкцияларды, сонымен қатар жергілікті құрылыс материалдарын қолдану керек.

5.4.2.3.3 Өртке қарсы қабырғалар арасындағы астық қоймасы ғимараттарының ауданын ҚР ҚН 3.02-27-2013 «Өндірістік ғимараттар» талаптарына сәйкес қабылдау керек.

5.4.2.3.4 Астық қоймасының қабырғалары, жабындары мен едендері қуыссыз болуы тиіс. Астық қоймаларының ішкі беттері тегіс (дөңестері, ойықтары, көлденең қабырғалары, саңылаулары болмауы керек), тазалау және дезинсекциялау үшін қолжетімді болуы тиіс. Ғимараттардың құрылыс конструкцияларының материалдары, сонымен қатар конструкцияларды әрлеу және көгеру мен жанудан қорғау үшін қолданылатын заттар мен қоспалар сақталатын астық немеме тұқым үшін зиянсыз болуы тиіс.

5.4.2.3.5 Зарядтау станциясы қалған қойма үй-жайларынан өртке қарсы торлармен және жабындармен бөлінуі және оқшауланған шыға беріске ие болуы тиіс.

5.4.2.3.6 Ыдыстағы жүк қоймаларының көп қабатты ғимараттарының ішінде шығатын жерлерге тамбур-шлюздер орната отырып, жүк лифті қарастырылуы керек (технологиялық талаптар болған кезде).

5.4.2.3.7 Тік ұстындары немесе пирамида тәрізді торлары жоқ механикаландырылған астық қоймаларын қолдануға болмайды.

5.4.2.3.8 Құрама жемді, жармаларды, қауыздарды, ұнды, шротты және күнжараны жазық едені және төменгі (өтетін немесе өтуге болмайтын) галереялары бар механикаландырылған қоймаларда еденде сақтаған кезде, өнімді төменгі конвейерге өздігінен ағып кетудің алдын алу керек.

5.4.2.3.9 Ыдыстағы жүк қоймаларының бірінші қабатының еденінің деңгейін
ҚР ҚН 3.02.29-2012 «Қоймалық ғимараттар» сәйкес жобалау қажет тиеу платформалары (рампалары) деңгейінде қабылдау керек.

5.4.2.3.10 Едені көлбеу астық қоймаларын жұмысшылардың астықты қоймадан тиеу кезінде оның үйіндісінің үстіне шығу ықтималдығын болдырмайтындай тәсілмен жобалау керек.

5.4.2.3.11 Астық қоймасының және шикізат пен дайын өнімді еденде сақтайтын басқа да қоймалар еденінің деңгейі құрылыс учаскесіндегі топырақ суын қауіпті капиллярлық көтеру деңгейінен жоғары болуы тиіс.

5.4.2.3.12 Механикаландырылмаған қоймалардың едендерін көлденең етіп жобалау керек.

5.4.2.3.13 Механикаландырылған қоймаларды көлденең не болмаса көлбеу едендермен және жоғарғы және төмен тасымалдағыштармен салу қажет.

5.4.2.3.14 Едені көлбеу механикаландырылған қоймаларды топырақ суының деңгейі төмен аудандарда салу керек.


5.4.2.4 Басқа да ғимараттар мен құрылыстар

 

5.4.2.4.1 Тасымалдау галереялары мен тоннельдерінің және олардан шығатын жерлердің өлшемдері қолданыстағы нормалар мен өндіріс технологиясының талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

5.4.2.4.2 Тоннельдер басқа ғимараттармен және құрылыстармен тікелей байланыспауы тиіс.

5.4.2.4.3 Галереялар мен алаңдар үшін кіре берістер мен шыға берістерді ұйымдастыру керек.

5.4.2.4.4 Қауіпсіз монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу үшін өндірістік ғимараттарда, галереяларда, тоннельдерде және эстакадаларда конвейерлердің трассаларын бойлай өтетін жерлер ұйымдастыру керек.

5.4.2.4.5 Ленталы конвейерлердің жол берілетін көлбеулігін орнату керек.

5.4.2.4.6 Пирамидалық воронкалар қырын қысымнан болатын жергілікті июде (қырдың жазықтығы бойынша) есептеу керек.

5.4.2.4.7 Топырақ суының ғимараттың жертөлелік қабаттары мен жерасты галереяларға (тоннельдерге) ағуын болдырмау керек.

5.4.2.4.8 Санитарлық тораптарды диірмендер, құрама дем зауыттары мен ұн қоймаларының өндірістік корпустарына орналастыруға (бірінші қабатты қоспағанда) жол берілмейді.

5.4.2.4.9 Ойықтардың қолжетімділігі үшін стационарлық баспалдақ орнату керек.




5.5 Инженерлік қондырғылар
5.5.1 Сумен қамтамасыз ету және канализация
5.5.1.1 Кәсіпорынның сумен қамтамасыз етілуін және ішкі су құбырларын жобалауды сумен қамту жөніндегі қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттарға және ҚР ҚН 4.01-01-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және канализациясы» сәйкес және осы бөлім талаптарын есепке ала отырып жүзеге асыру керек.

5.5.1.2 Астық өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктеріне арналған су сапасы «Халыққа арналған ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.5.1.3 Ұн-жарма және құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қажеттіліктеріне су шығынын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қабылдау керек.

5.5.1.4 Кәсіпорындарда ҚР ҚН 4.01-03-2013 «Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары» және ҚР ҚН 4.01-02-2013 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер» сәйкес тұрмыстық және өндірістік канализация қарастыру керек.

5.5.1.5 Астық өңдеуші кәсіпорын ғимараттарындағы желілік ішкі тұрмыстық және өндірістік канализацияларды біріктіруге жол берілмейді.

5.5.1.6 Ұн, жарма және құрама жем өндіруге және сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық канализацияның көлденең құбырларын жүргізуге жол берілмейді.

5.5.1.7 Кәсіпорындардағы жауын-шашын канализациясын ҚР ҚН 4.01-01-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және канализациясы» және ҚР ҚН 4.01-03-2013 «Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары» сәйкес қарастыру керек.

5.5.1.8 Жобалау кезінде объекті канализациясының жүйелерін кооперациялау мақсаттылығын олардың ведомстволық тистілігіне қарамастан қарастыру, сонымен қатар қолданыстағы құрылыстардың техникалық, экономикалық және санитарлық бағалануын есепке алу, оларды қолдану ықтималдығын және олардың жұмыс жасауын күшейтуді қарастыру қажет.

5.5.1.9 Объекті канализациясының жобаларын су тұтыну және ағын суды бұру балансын міндетті түрде талдай отырып, сумен қамту жобаларымен бір уақытта әзірлеу қажет. Бұл жағдайда өндірістік сумен қамту және сулау үшін тазартылған ағын суды және жауын-шашын суын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.

5.5.1.10 Жауын-шашын канализациясы жүйесінде жауын-шашын, қару еру және жол жабындарын жуу кезеңінде түзілетін беттік ағынның ең көп ластанатын бөлігін тазалау қамтамасыз етілуі тиіс.

5.5.1.11 Өндірістік және жауын-шашын кәрізінің тазалау құрылыстарын өнеркәсіптік кәсіпорын аумақтарына орналастыру керек.

5.5.1.12 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың канализация желілерін көшенің немесе квартал елді мекеннің квартал ішілік желісіне жалғау кезінде кәсіпорыннан тыс орналастырылатын бақылау құдықтары бар шығарылымдарды қарастыру керек.


5.5.2 Жылыту және желдету
5.5.2.1 Кәсіпорындардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының ауасын жылытуды, желдетуді және баптауды, желдету ауасын атмосфераға лақтыруды жобалауды ҚР ҚН 4.02-01-2011 «Жылыту, желдету және ауа баптау» сәйкес және осы бөлім талаптарын есепке ала отырып жүргізу керек.

5.5.2.2 Үш қабаттан аз Б категориялы өндірістік үй-жайлар үшін жалпы желдету және ауаны жылыту жүйелерін қабылдау керек.

5.5.2.3 Жылыту аспаптарына еркін мүмкіндікті қамтамасыз ету керек. Жылыту аспаптарын қуыстарға орналастыруға тыйым салынады.

5.5.2.4 Кәсіпорын үй-жайларындағы ауаның есептік параметрлерін технологиялық жобалау нормалары мен басқа да нормативтік құжаттарды есепке ала отырып қабылдау керек.

5.5.2.5 Желдету жүйелерінің барлық металл ауа енгізгіштері мен жабдықтары электр қондырғыларды орнату жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жерге қосылуы тиіс.

5.5.2.6 Едені жазық қоймалардың өтетін галереяларын орналастыру кезінде оларды соратын мәжбүрлі желдетумен немесе табиғи желдетумен жабдықтау қажет.

5.5.2.7 Астықты сақтау мен өңдеу бойынша кәсіпорындардың шаң түзетін қондырғылары аспирация жүйесімен жабдықталады.

5.5.2.8 Жергілікті желдеткішті зиянды заттар бөлетін жерлерде орналастыру керек.

5.5.2.9 Сыртқы ағын ауаны шаңнан тазалауды астық тазалау, ұнтақтау, жинау (қаптау), қауызын алу цехтарының (бөлімдерінің) және құрама жем цехтарының үй-жайларында қарастыру керек (технология талаптарына сәйкес).

5.5.2.10 Электр қалқандардың үй-жайлары мен диспетчер бөлмесіне жіберілетін ағын ауа ауа сүзгілерінде тазартылуы тиіс. Желдету камералары саңылаусыз болуы және сүзгілерге қызмет көрсету үшін қол жетімді болуы тиіс.

5.5.2.11 Конденсат жылуын технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктерге су дайындау үшін будың технологиялық тұтынушыларынан пайдалануды қарастыру қажет.

5.5.2.12 Ауа енгізгіштердің көлденең учаскелері ең қысқа ұзындыққа ие болуы тиіс.

5.5.2.13 Транзиттік ауа енгізгіштерді шикізат және дайын өнім үй-жайларын бойлай, сонымен қатар түрлі категориялы үй-жайлар арқылы өткізбеу керек.

5.5.2.14 Элеваторлардың жұмыс ғимараттарына жеке тұрған астық кептіргіштердің желдеткіштері мен шаң ұстағыштарды орнатуға тыйым салынады.

5.5.2.15 Аспирациялық қондырғылардың ауа енгізгіштерінің жылыту жүйесінің құбырларына жапсарлас орналастыруға жол берілмейді.

5.5.2.16 Аспирациялық қондырғыларды технологиялық және көлік жабдықтарымен оқшаулауды қамтамасыз ету қажет.

5.5.2.17 Шаң жинауға және сақтауға арналған ыдыстарға және оперативтік ыдыстарға аспирация орналастыру кезінде оны технологиялық және көлік жабдығының аспирациясымен біріктірудің алдын алу керек.
5.5.3 Электрмен қамтамасыз ету және электр техникалық құрылғылар
5.5.3.1 Ғимараттар мен құрылыстардың электрлік қондырғыларын қоршаған орта жағдайларын және үй-жайлар мен электр қондырғылардың жарылу қауіптілігі, өртену қауіптілігі және адамдардың электр тоғынан зақым алу қауіптілігі бойынша жіктеуші есепке ала отырып, Электр қондырғыларды орнату ережелерінің талаптарына сәйкес жобалау керек.

5.5.3.2 Сорғы станциялары бар объектілерді электрмен қамту категориясы олардың сенімділігінің категориясынан төмен болмауы тиіс, бұл жағдайда қуаты тек сорғы станциясының ғана қажеттіліктерін қанағаттандыратын екі тәуелсіз өзара резервтелетін қуаттандыру қуатын қарастыру ұсынылады.

5.5.3.3 Ғимараттар мен құрылыстарды жасанды жобалау кезінде ҚР ҚН 2.04-01-2011 «Табиғи және жасанды жарық» басшылыққа алу керек.

5.5.3.4 Жұмыстар жүргізілетін баспалдақ марштары, сүрлем астындағы және сүрлем үстіндегі қабаттар және басқа да жерлер сияқты жұмыс жүргізілетін жерлерде кешкісін және түнде апаттық жарықтандыру орнату керек.

5.5.3.5 Желілердің жарықтандыру элементтерін шаң өтуден конструктивтік жайластыру керек.

5.5.3.6 Тамбур-шлюздерді апаттық жарықтандырумен қамтамасыз ету керек.

5.5.3.7 Электр үй-жайлар үшін жарылыс қаупі бар аймақтарға байланысты артық жылу шығаруға арналған механикалық тарту-сору желдеткішімен жабдықтау керек.

5.5.3.8 Статикалық электрден қорғау үшін электромагнитті сепараторлардың қоршауларын орнату керек.

5.5.3.9 Электр қондырғыларды орнату жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жалпы мақсаттағы электр жабдықтары (жарылыстан қорғау құралдарынсыз) тарату құрылғыларына (бұдан былай - ТҚ), трансформатор, жиынтықтағы трансформаторлық және түрлендіргіш қосалқы станцияларға (бұдан әрі - тиісінше ТС, КТС және ТС) арналған талаптарды қабылдау керек.

5.5.3.10 Арматура орнатылған құбырлардағы немесе кронштейндердегі сымдарды жалғауға тыйым салынады.

5.5.3.11 ТҚ, ТС және КТС үй-жайларында жанбайтын кабель каналдары мен едендерді орнату керек.

5.5.3.12 Майлы трансформаторлары бар ТС және КТС үй-жайларының есігінің немесе шығыс желдету саңылауларының үстінде орналасқан терезелер үшін жанбайтын күнқағар орнату керек.

5.5.3.13 Қышқылдық және сілтілік аккумулятор батареялары бар үй-жайларды бөлу керек.
5.6 Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобының қолжетімділігі бойынша талаптар
5.6.1 Мүгедектерге арналған жұмыс орындары ұйымдастырылған, сонымен қатар мүгедек қызметкерлер қызмет көрсететін ғимараттар мен үй-жайлардың қолжетімді болуын қамтамасыз етуді ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың мүмкіндігі шектеулі топтар үшін қолжетімділігі» талаптарына сәйкес орындау керек.

5.6.2 Астықты сақтау мен өңдеу бойынша кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына жататын тұлғалардың еш кедергісіз әрі қауіпсіз қолдануы үшін жобалануы, жабдықталуы және қолжетімді болуы тиіс.

5.6.3 Мүмкіндігі шектеулі келушілердің жүру жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс жолдарындағы барлық бойлық көлбеу жерлерді қолжетімді көлбеумен орнату керек.

5.6.4 Жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жиектеме пандустар жүретін бөлікке шығатын жерлерсіз, толығымен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ шегінде орналасуы тиіс.

5.6.5 Жаяу жүргінші жолдарының жүретін бөлікпен қиылысқан жерлеріндегі түйіскен учаскелерін басқа жаяу жүргінші учаскелерінен ерекшеленетін жабынның фактуралы бетімен жасау керек.
5.7 Қоршаған ортаны қорғау
5.7.1 Қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіпорынды жобалау кезінде төмендегідей шараларды қабылдау керек:

- атмосфераны қорғау;

- геологиялық және су ортасын қорғау;

- қалдықтарды азайту және жою жөніндегі шаралар.

5.7.2 Атмосфераның ластануын азайту және энергия шығынын төмендету үшін жаңа технологияларды, жаңа қондырғылар мен келешегі бар шешімдерді енгізу керек.

5.7.3 Атмосфераның ластанатын жерлерін оқшаулау үшін жабындар, қалқалар, арақабырғалар орнату керек.

5.7.4 Өндірістік процесте ауаны шаңнан тазалау үшін тиімділігі жоғары шаң тазалайтын жабдықты қолдану міндетті.

5.7.5 Кәсіпорынды жобалаған кезде жауын-шашын суын тазалауды және жауын-шашын канализациясының желілері арқылы үстіңгі еріген суды бұруды қамтамасыз етуді қарастыру қажет.

5.7.6 Аумақты көріктендіру мен көгалдандыру оны жоспарлау кезінде міндетті сипатқа ие болуы тиіс.

5.7.7 Өндірістік қалдықтарды азайту бойынша шараларды есепке алу қажет.


5.8 Пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
5.8.1 Объектілер ғимараттары мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлаған кезде қауіп көздерін, апат қаупі факторларын, апаттардың туындау жағдайларын және олардың сценарийлерін, өндірістік қызметкерлер саны мен орналасуын назарға алу керек.

5.8.2 Қорғаныстық жерге тұйықтау статикалық электрдің қауіпсіз пайда болуы кезінде қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Жабдық оның жұмыс органдары, тораптары және электр өткізетін материалдардан тұратын конструкция элементтері сияқты бекітілген тәртіппен жерге қосылуы тиіс.

5.8.3 Статикалық зарядтарды бұру үшін мыс сымды қолдану, ол мата сүзгілерге тігіледі, бұл жағдайда оның сүзу қабілеті бұзылмауы тиіс және жерге қосу жүйесіне жалғануы керек.

5.8.4 Жабдықты және құрылғыны статикалық электр зарядтарын үздіксіз және толығымен жоюға бағытталған не болмаса оның ұшқынды разрядтары қаупінің алдын алатын қорғау құрылғылары болмаған кезде, жұмысы статикалық электр зарядтары мен ұшқынды разрядтардың жиналуын білдіретін өндірістік үй-жайларда қолдануға болмайды.

5.8.5 Найзағайдан қорғауды ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құрылғысы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес орындау керек.

5.8.6 Өндірістік үй-жайлардағы электрлік желілердің барлық түрлерін қысқаша тұйықталу мен шамадан тыс жүктеуден қорғауды қарастыру керек.

5.8.7 Соққыдар әсер ететін машиналардың алдына (білікті станоктар, уатқыштар, саусақты және штифті ұсақтағыштар, детошерлер, энтолейторлар, соққылы, бастыратын, қауызын ашатын-тегістейтін және жиектейтін машиналар, тегістеу станоктары, түйіршіктегіштер және басқалары) магнитті қорғанысты және бөгде заттарды іріктеу құрылғысын орнату керек.

5.8.8 Шикізатты көліктен қабылдау кезінде тиімді магнитті қорғанысты қарастыру қажет.

5.8.9 Қауіп көзі болып табылатын элементтерді қоршап тастаған жөн (өндірістік жабдықтардың жылжымалы бөліктері, біліктердің шығыңқы ұштары, ашық берілістер (шивтер, баулар), конвейерлердің кермелі бұратын барабандары және басқалары).

5.8.10 Өндірістік жабдықтардың қыздырылатын бөліктерін қоршауға арналған қорғау конструкцияларын қарастыру қажет.

5.8.11 Шынжырлы және бұрамалы конвейерлерде қораптың өніммен шектен тыс толып кетуінен сақтандыратын сақтандыру құрылғылары орнатылуы тиіс (бункерлер мен сүрлемдердегі жоғарғы деңгей датчиктерімен жабдықталған өздігінен ағызғыштар; ұшынды ажыратқыштары бар сақтандыру клапандары; деңгейді көтеру датчиктері және басқа да құрылғылар).

5.8.12 Бункерлердің, сүрлемдер мен шаң-ауа жарылыстың ішкі қалдық қысымындағы және бункер мен сүрлемдегі сусымалы өнімдердің сыртқы қысымындағы шахталар ішінен өтетін нория құбырын (минералдық шикізат нориясынан басқа) есептеу керек.



6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
6.1 Энергия тұтынуды үнемдеу
6.1.1 Ғимарат энергияны тиімді қолдану бойынша талаптарды есепке ала отырып жобалануы және салынуы тиіс.

6.1.2 Жобалау процесінде қолданыстағы құжаттарға сәйкес объектінің энергиялық тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдер мен шаралар кешенін қарастыру қажет.

6.1.3 Энергия ресурстарының шығындарын оңтайландыру үшін технологиялық процестер параметрлерін автоматты реттеуді қолдану керек.

6.1.4 Ғимараттарды жобалаған кезде жарық жақтары бойынша дұрыс бағытты белгілеу қажет, бұл қыс мезгілінде жылуды табиғи сақтап қалуға және жаз мезгілінде салқындатуға септігін тигізеді, сонымен қатар үй-жайды инсоляциялауды қамтамасыз етеді.

6.1.5 Үй-жайдың жылуын сақтау үшін қоршау конструкциялары үшін энергия үнемдейтін материалдарды қолдануға жол беріледі.

6.1.6 Жылыту және желдеткіш параметрлерін автоматты реттеу жүйесін жұмыстан тыс уақытта жылытудың кезекші жүйесімен, аспаптардың термостатикалық клапандарымен жабдықтау керек.

6.1.7 Ғимараттар мен құрылыстарда техникалық, технологиялық, экологиялық және экономикалық тараптан тиімділігі жоғары балама жүйелерді орнату мүмкіндігін қарастыру талап етіледі.
6.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
6.2.1 Ресурстар шығынын оңтайландыру үшін кептіргіштер мен қазандарда табиғи газды сұйылту процесінің автоматты регуляциясын қолдану керек.

6.2.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін астық кептірудің табиғи тәсілінің қондырғыларын қолдану қажет.

6.2.3 Кәсіпорындар ресурстарын үнемдеу үшін балама энергия көздерін қолдану қажет.

6.2.4 Кәсіпорын аумағында технологиялық қажеттіліктер үшін нөсер, жаңбыр ағындарын жинау мен өңдеуді қарастыру керек.



6.2.5 Кәсіпорын аумағын жел мен шу оқшаулаудан қорғау үшін жасыл көшеттер отырғызуға жол беріледі.

ӘОЖ 727.14 МСЖ 91.040.20
Түйінді сөздер: аумақ, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер, өндірістік ғимараттар, сүрлемдер, сүрлем корпустары, воронкалар, сүрлем түптері, астық сақтау, өңдеуге, элеваторлар.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет