Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



жүктеу 404.63 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі404.63 Kb.

ҚР ҚН 3.02-19-2014

СН РК 3.02-19-2014


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ ҚАЗАҚСТАН

АШЫҚ СПОРТ ИМАРАТТАРЫН ЖОБАЛАУ

ПРОЕКТИРОВАНИЕ ОТКРЫТЫХ СПОРТИВНЫХ СООРУЖЕНИЙ


Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары ашық спорт құрылыстарын орналастыруға, көлемдік-жоспарлық шешіміне және инженерлік қондырғыларына қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Құрылыс нормаларының талаптары жаңа ашық спорт құрылыстарын, оның ішінде жалпы білім беру мектептерінің алаңын жобалауға және салуға, сондай-ақ қолданыстағы ашық спорт құрылыстарын кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтауға таратылады.

1.3 Осы құрылыс нормаларында ұлттық спорт түрлеріне арналған құрылыстарды жобалау мәселелері қамтылған.

1.4 Қолданыстағы спорт құрылыстарының немесе жекелеген үй-жайлардың функционалдық мақсаты өзгерген кезде оларға осы құрылыстардың немесе үй-жайдың жаңа мақатына сәйкес қолданыстағы мемлекеттік нормативтер қолданылуы тиіс.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптардың» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген «Тұрғын және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі объектілерге жатқызу ережесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату ережелері.

ҚР ҚН 1.02-02-2013 Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық шағын аймақтандыру. Жалпы ережелер.

ҚР ҚН 2.01-01-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау.

ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.

ҚР ҚН 2.03-01-2011 Аймақтарда және отырмалы топырақтарда орналасқан ғимараттар мен имараттар.

ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

ҚР ҚН 2.04-03-2011 Ғимараттың жылу қорғанысы.

ҚР ҚН 3.01-01-2013 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу.

ҚР ҚН 3.02-18-2013 Жабық спорт залдары.

ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі.

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.

ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету жэне кондиционерлеу.

ҚР ҚН 4.04-07-2013 Электр-техникалық құрылғылар.

ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.

ҚР ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер
Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, тиісті анықтамалары бар төмендегідей терминдер қолданылады:

3.1 Арена: Трибуналар бар спорт құрылысы.

3.2 Қауіпсіздік аймағы (жүгіру): Жаттығушыларға қауіпті кедергілер немесе заттар болмайтын қауіпсіздік аймағы.

3.3 Люк: Трибуна (немесе пандуспен) арқылы өтетін көлденең орналасқан өткел; жабық құрылыстарда фойе немесе вестибюль жақтан кіретін есік болады.

3.4 Ойын алаңы: Сыртқы белгі сызықтар жүргізіліп шектелген, қандай да бір спорт ойнына арналған алаң бөлігі.

3.5 Спорт ядросы: Айналып жүгіруге арналған жеңіл атлетика жолымен, ядро итеретін, жеңіл атлетикалық секіру, диск, тоқпақ, найза лақтыру орындарымен қоршалған, футбол алаңынан тұратын жазық спорт құрылысы.

3.6 Спорт аренасы: Көрермендерге арналған трибунасы бар, спорт сайыстарын өткізуге арналған ашық аспан астындағы немесе үй-жайдағы алаң.

3.7 Мәре жармасы: Мәре сызығымен және бойымен өтетін тігінен орналасқан жазықтық.

3.8 Ашық тир: Оқ ату аймағы оқ қабылданатын және жан-жақтағы біліктермен қоршалған, ал сыртында қауіпсіздік аймағы («оқ ату алаңы») қарастырылатын
тир.

3.9 Денсаулық соқпақ жолы: Жалпы дамыту жаттығуларына арналған снарядтар орналасқан еркін конфигурациядағы тұйық жиегі бар, сауығып жүгіруге және жүруге арналған жол.

3.10 Эллинг: Қайықтар, ескектер және қайықтар жарақтары сақталатын ғимарат
(үй-жай).
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптардың мақсаты – сабақтар, жаттығулар, жарыстар, сондай-ақ жергілікті командаларға, сондай-ақ өрт, санитарлық-гигиеналық, эргономикалық талаптарды, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің қолайсыз тәуекелдіктердің туындауына жол бермейтін конструкциялардың сенімділігі мен орнықтылығын ескере отырып, чемпионаттар өткізуге арналған ашық спорт құрылыстарын жобалау және салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Спорт құрылыстары механикалық бүлінусіз ықтимал әсерге төзімді болуы және қажетті сенімділікпен құрылыс барысында және жобалық мерзім бойында талап етілетін пайдалану көрсеткіштерін сақтауы тиіс.

4.2.2 Ашық спорт құрылыстары адамдардың эвакуациялануын, адамдардың өрт жайлы уақытында хабардар етілуін, қауіпсіз жолдар мен шығатын есіктерді, сонымен қатар өрттің барынша аз уақыттың ішінде ауыздықтауды қамтамасыз етуі тиіс.



4.2.3 Құрылыстар спортшыларға, келушілерге, көрермендерге арналған аймақтарға бөлінетін кеңістіктің, спорт командалары ойын көрсететін алаңдар, әртүрлі техникалық үй-жайлар мен кеңселер блогының функционалдық мақсаттылығын ескере отырып салынуы тиіс.

4.2.4 Ашық спорт құрылыстары қала құрылысы талаптарын, көлік қоятын орындарды жасау, құрылыс маңайының аумағын көріктендіру, ыңғайлы кірме жолдарды ескере отырып жобалануы және салынуы тиіс.

4.2.5 Ашық спорт құрылысы жаттығулар алаңын, жабындарды әрлеу, спорт ассоциациясының барлық талаптарына сәйкес қоршау конструкцияларды қауіпсіз шынылау мен безендіру үшін әртүрлі заманауи материалдарды қолдану арқылы жобалануы және салынуы тиіс.

4.2.6 Сумен жабдықтау жүйелері мен су құбырының ішкі жүйелері судың үзбей әрі талап етілетін мөлшерде берілуін қамтамасыз ету және судың ағылуы мен ластануына жол бермеу тиіс.

4.2.7 Құрылыс үй-жайларының жасанды жарықтандырылуы мен табиғи инсоляциясы қалыпты жағдайда жаттығуына және адамның денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуіне жағдай жасауы қажет.

4.2.8 Спортшылар мен келушілердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құрылыс аумағында жүріп-тұруы үшін баспалдақтардың, ойықтардың, көлбеу беткейлердің (пандустардың) болуын және олардың әртүрлі биіктікте болуын, аласа орналасқан элементтердің болуын, сондай-ақ көлік қозғалысын ескере отырып ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс.

4.2.9 Спорт құрылыстарының құрылысы экологиялық талаптарды сақтауды, сондай-ақ табиғи ландшафты барынша сақтауды, аумақты кешенді көгалдандыру мен көріктендіруді ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

4.2.10 Құрылыстар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, атап айтқанда құрылыс конструкцияларын, материалдарды және бөлшектерді екінші рет қолдануды, экологиялық үйлесімді және қайталама материалдарды пайдалануды ескере отырып жобалануы тиіс.


5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Ашық спорт құрылыстарын «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне, «Тұрғын және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне және жобалауға, құрылысқа және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау қажет.

5.1.2 Спорт құрылыстарын салған кезде өнімдер қауіпсіздігін айғақтайтын сәйкестік сертификаттары бар материалдар мен қондырғылар пайдаланылуы тиіс.

5.1.3 Ашық спорт құрылыстарының және жауапкершілік деңгейі бойынша алаңдардың жіктемесін салынатын объектінің қуаттылығына байланысты және Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес қабылдау қажет.

5.1.4 Ашық спорт құрылыстарына мыналарды жатқызу керек:

а) жазғы спорт түрлері бойынша:

- спорттық сабақтарға арналған жазық пен алаң: бадминтон, баскетбол, волейбол, городки, регби, теннис, үстел теннисі, футбол, шөптегі хоккей;

- сауықтыру сабақтарына арналған жазық пен алаң: кегли (бір жол), крокет, шағын бейсбол, шағын - баскетбол, шағын - волейбол, шағын - гольф, шағын - футбол;

- спорттық сабақтарға арналған жолдар мен тасжолдар: шаңғы роллері, кросстар;

- дене шынықтыру – сауықтыру сабақтарына арналған жолдар мен тасжолдар: велосипед, денсаулық, сауықтырушылық жүгіру мен жүру;

б) қысқы спорт түрлері бойынша:

- спорттық сабақтарға арналған жазық пен алаң: конькимен мәнерлеп сырғанау, хоккей, допты хоккей;

- дене шынықтыру – сауықтыру сабақтарына арналған жазық пен алаң: керлинг, конькимен бұқаралық сырғанау, сырғанауды жаңадан бастағандар, конькимен мәнерлеп сырғанау;

- спорттық сабақтарға арналған жолдар мен тасжолдар: шаңғы спорты, конькимен жылдамдыққа жүгіру:

- дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарына арналған жолдар: денсаулық, сауықтыру жүгіруі және жүру, шаңғымен сырғанау.

5.1.5 Жазғы спорт түріне арналған ашық спорт құрылыстарында шардероб үй-жайы, әйелдер мен ерлерге арналған жеке киім ілетін бөлме, дәретхана, әкімшілік-шаруашылық үй-жай (нұсқаушы, дәрігер және т. б. бөлмесі), қажет жағдайда көрермендерге арналған орын болуы тиіс. Елді мекендердегі ашық алаңдарда бұқаралық дене шынықтыру шараларын өткізген кезде биодәретханаларды пайдалану қажет.

5.1.6 Ашық спорт құрылыстарының арнайы жабыны тегіс, үстіңгі беті сырғанақ емес, шаңдамайтын және жарақаттануға алып келуі мүмкін бөгде механикалық қоспалар құрамынсыз болуы тиіс. Футбол алаңына арналған шөп жамылғысы орнықты болуы, тұрақты қырқылуы, суарылуы және жиналуы тиіс.

Ашық спорт құрылыстары алаңының жабынын жобаланатын алаңның пайдалану мақсаты мен сипатының ерекшелігін ескере отырып, спорт түрлері бойынша ережеге сәйкес орнату керек.

5.1.7 Спорт құрылыстары инженерлік жүйелерге қойылатын орындалуы міндетті талаптарды белгілейтін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес орталықтандырылған суық, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жылыту, табиғи және механикалық ауа тарту-жіберу желдеткіші, табиғи және жасанды жарықтандыру жүйелерімен жабдықталуы қажет.

5.1.8 Спорт құрылыстарында жақсы көрінушілікті жасау мақсатында табиғи және жасанды жарық беру жүйелерін ҚР ҚН 2.04-01 талаптарына сәйкес жобалау керек.

5.1.9 Электр қуатының берілуінде үзілістерді болдырмау үшін стадион бір-біріне байланысты әртүрлі жарық көздерімен жабдықталуы қажет.

5.1.10 Тәуелсіз энергия көздерінің екеуі де істен шыққан жағдайда, апатты жағдайда электр қуатымен қамтамасыз ету үшін апаттық генератор қарастыру қажет.

5.1.11 Негізі үй-жай топтарын (келушілерге арналған, әкімшілік, қойма, қызметтік-тұрмыстық) олардың қызметтік мақсатына сәйкес орналастыру қажет.

5.1.12 Ашық спорт құрылыстары (жаппай қатысу) жер телімінің шекарасы шегінде объектіге кіру нүктесінің алдында күзет жүйесінің, бейнекамераның, жарықтың және әрбір нақты жағдайда белгіленген басқа қауіпсіздік құралдарының көмегімен қаруды, жарылғыш заттарды және оқ-дәрілерді анықтау үшін кеңістік мониторингі мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

5.1.13 Ашық спорт құрылыстарының лаңкестікке қарсы қорғалуы құрылыстың барлық жұмыс істеу кезеңінде қамтамасыз етілуі тиіс.


5.2 Құрылыстың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.2.1 Құрылыстарды жобалау кезінде олардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келтірілетін жүктеменің барлық ықтимал түрлері мен олардың үйлесімі ескерілуі керек.

5.2.2 Болжамдық қызмет ету мерзіміне қарағанда, қызмет ету мерзімі аз спорт құрылыстарының элементтері, бөлшектері мен қондырғылары жобада белгіленген жөндеу аралық кезеңге сәйкес ауыстыруы тиіс. Жөндеу аралық кезеңді тиісті ұлғайту немесе азайту кезінде барынша аз немесе көп мерзімді элементтерлі, материалдарды немесе қондырғыларды қолдану туралы шешім техника-экономикалық есептермен белгіленеді.

5.2.3 Талап етілетін ұзақ мерзімділікті қамтамасыз ету үшін спорт құрылыстарын жобалаған кезде төмендегілерді ескеру қажет:

а) мақсаты бойынша пайдалану шартын;

б) қоршаған ортаға есептік әсерін;

в) қолданылатын материалдардың қасиетін, оларды ортаның кері әсерінен қорғаудың ықтимал құралдарын, сондай-ақ олардың қасиетінің төмендеу мүмкіндігін.

5.2.4 Ашық спорт құрылыстарын, тау шаңғысы жолын және ылдиларды, оның ішінде сейсмикалық аудандарда жобалау және салу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес сенімділік пен орнықтылық бойынша талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

5.2.5 Құрылыстар мен ашық алаңдарды күрделі, сондай-ақ өңдеуге, отыруға және аяздан ісінуді қоса алғанда, топырақтың басқа да жылжуына ұшыраған қолайсыз геологиялық жағдайдағы аудандарда салған және орнатқан кезде, негіздің ықтимал деформациясын өтеу қажеттілігі мақсатында ҚР ҚН 2.03-01 талаптарын орындау керек.

5.2.6 Конструкциялар мен бөлшектер ҚР ҚН 2.01-01 сәйкес ылғалдың, төмен температураның, агрессивті ортаның, биологиялық және басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал әсеріне төзімді материалдардан орындалуы керек.

5.2.7 Ашық спорт құрылыстарының талап етілетін ұзақ мерзімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін жобалау кезінде:

- мақсаты бойынша пайдалану шарттарын;

- қоршаған ортаның есептелген ықпалын;

- қолданылатын материалдардың қасиеттерін, оларды ортаның кері әсерінен қорғайтын ықтимал құралдарды, сондай-ақ қасиеттерінің азаю мүмкіншілігін ескеру керек.

5.2.8 Құрылыстың қызметтік мақсаты мен конструктивтік шешіміне сәйкес келетін жүктеме түрлерімен қатар климаттық, ал қажет болған жағдайда технологиялық әсерлер, сондай-ақ құрылыс конструкциялары мен негіздің деформациялануынан болатын күшті ескеру керек.



5.2.9 Құрылыстарды жобалау кезінде уақыт циклына қарай өзгеретін кернеу мен деформацияның ұзақ әсерінен материалдың механикалық және физикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкелетін факторлар ескерілуі керек.

5.2.10 Құрама элементтердің түйісетін бірігулері мен көп қабатты конструкциялар негіздер біркелкі шөкпегенде және басқа да пайдалану әсерлері кезінде болатын температуралық деформация мен күштің қабылдауына есептелуі тиіс.

Түйіспелерде қолданылатын нығыздайтын және герметиктейтін материалдар теріс әсері бар температуралар кезінде және су тигенде нығыздық және адгезиялық қасиеттерін сақтау және ультракүлгін сәулелерге төзімді болу қажет. Герметиктейтін материалдар беттескен тұстарда конструкциялардың қорғайтын және қорғайтын-сәндік жабындардың материалдарына үйлесімді болуы керек.
5.3 Өртке қарсы талаптар
5.3.1 Ашық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарын жобалаған кезде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптардың» техникалық регламентінің, ҚР ҚН 2.02-02 және осы құрылыс нормаларының талаптарын сақтау қажет.

5.3.2 Құрылыстан шығатын эвакуациялық жолдар үй-жайдағы және аумақтағы барлық адамдардың қауіпсіз шығуын қамтамасыз етуі тиіс.

5.3.3 Арнайы эвакуа­циялау жолақтары мен алаңдарының анық көрінетін контрастты белгілеулері, дабыстық сигнализациясы және кешкі уақытта жарықтандырылып отыратын ақпараттық белгілер мен стендтер болуы керек.

5.3.4 Ашық спорт құрылыстарын жобалаған уақытта спорт жабдықтарының қолданылуының ескерілуімен жаттығушылар мен көрермендердің, трибуналар мен көрермендердің, құрылыс конструкциялары мен материалдардың өрт қауіпсіздігін, сонымен қатар қосалқы үй-жайлардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін қамтамасыз етуі керек.

5.3.5 Ашық спорт құрылыстары трибуналарының астында орналасатын үй-жайлар мен трибуналардың арасы трибуна асты үй-жайларынан трибуналарға немесе залға шығуға (кіруге) арналған өздігінен жабылатын есік жабындарымен жарақталған ойықтары (есіктері немесе люктары) бар өртке қарсы арақабырғалармен бөлінуі тиіс.

5.3.6 Құрылыстардың функционалдық өрт қаупі және отқа төзімділік дәрежесі бойынша әр басқа бөліктерінің арасы отқа төзімділік шектерімен және конструктивтік өрт шығу қаупі кластарымен нормаланатын қоршайтын конструкциялармен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлінуі керек.

5.3.7 Функционалдық өрт қаупі әртүрлі өрт бөліктері жеке эвакуациялық шығу есіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

5.3.8 Қару, оқ-дәрі сақталатын қоймалар мен қару шеберханасы өзге үй-жайлардан жанбайтын материалдардан жасалған қабырғалармен бөлінуі тиіс.

5.3.9 Оқ ату тирларын трибуна астындағы кеңістікке орналастырған уақытта оқ-дәрі сақталатын қоймалар трибуна астындағы осы кеңістік аумағынан шығуы тиіс.

5.3.10 Ашық спорт алаңдарындағы көрермендерге арналған орындар блоктарға бөлінуі керек.

5.3.11 Эвакуациялау жолдарындағы (дәліздердегі, холдардағы, вестибюльдердегі, фойедегі) қабырғалардың, төбелер мен жабындардың жанбайтын материалдармен әрленуін қарастыру қажет.

5.3.12 Үй-жайлардың, сыртқы қоршаулардың, қондырғылар мен коммуникациялардың жылу және дыбыс оқшаулауын жанбайтын материалдардан болуын қарастыру қажет.

5.3.13 Көрермендерді эвакуациялау жолдарындағы жабындардың беті жаңбыр мен қардың әсерінен тайғақ болмауы керек.

5.3.14 Ашық құрылыстарда люктер арқылы эвакуациялау жолы көлденең болуы немесе пандус арқылы өтуі тиіс.

5.3.15 Эвакуациялау үшін сыртқа шығатын есіктер, басқыш шабағы мен сыртқа шығатын есіктер эвакуациялау кезінде адамдардың қозғалыс бағыты бойынша ашылып, өрт кезінде жабылу үшін автоматты құрылғылармен, есіктің шығыңқы жерлеріндегі нығыздаулармен жабдықталуы керек.

5.3.16 Су құбыры желісіндегі қысымды арттыру үшін сорғы станциясын және қажет болған жағдайда, өртке қарсы су қоры сақталатын резервуарларды қарастыру қажет.

Қосылатын жерлерде кері бұрау клапандары мен өзге де бекіту-реттеу арматурасын орнату керек.

5.3.17 Сорғылардың түрі мен жұмыс агрегаттарының санын өрт сөндіру жағдайларын ескере отырып жүргізілген есептер негізінде таңдау қажет.


5.4 Инженерлік іздестірулер
5.4.1 Ашық спорт құрылыстарын жобалау үшін инженерлік іздестіру жүргізген кезде іздестіру жүргізу жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.

5.4.2 Құрылыстың іргетасы мен негізі ҚР ҚН 5.01-02 талаптарына сәйкес көтергіш және қоршау конструкциялардың өз салмағынан болатын тұрақты жүктемелерді қабылдауға есептелуі тиіс.

5.4.3 Ашық спорт құрылыстарын сейсмикалық аймақта жобалағанда
ҚР ҚН 1.02-02 талаптарын орындау міндетті.

5.4.4 Инженерлік іздестірудің құрамы мен көлемі жобалау сатысына, табиғат жағдайларына және жобаланып отырған объектінің сипатына сай іздестіру бағдарламасымен белгіленуі керек.

5.4.5 Инженерлік іздестірулер инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық материалдар мен ашық спорт құрылыстарын жобалауға арналған жобалау алды және жұмыс құжаттамасын әзірлеуге қажетті әрі жеткілікті деректердің алынуын қамтамасыз ету қажет.

5.4.6 Іздестіру бағдарламасы іздестіру барысында қоршаған ортаның ластануына жол бермей, инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрометеорологиялық ізденістермен бірге жобаланып отырған құрылыстың құрылысын салу және оны пайдалану әсерінен табиғат ортасының өзгеруіне болжам жасау үшін қажетті деректер мен ақпараттың алыну мүмкіншілігін, сондай-ақ табиғат ортасын қорғау шараларының белгіленуін және осы фактордың ескерілуін, құрылыс бағасының анықталуын қамтамасыз ету керек.


5.5 Құрылыстарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.5.1 Орналастыруға, учаскеге және аумаққа қойылатын талаптар
5.5.1.1 Ашық спорт құрылыстарын ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына және осы құрылыс нормаларына сай келетін құрылысқа қолайлы және оқшау жер телімдеріне орналастыру қажет.

5.5.1.2 Құрылыстарды орналастыру кәсіпорындардың санитарлық-қорғаныс аймақтарын, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер ету объектілері болып табылатын өзге де ғимараттарды ұйымдастыруға талаптар белгілейтін нормативтік құжаттарға сай келуі тиіс.

5.5.1.3 Дене шынықтыру-спорт құрылыстарының жер телімінің аумағы көгалдандырылуы, жарықтандырылуы және тазалықта ұсталуы тиіс.

5.5.1.4 Ашық спорт құрылыстары бас жоспарларының композициясы сол жердің жер бедерінің, қала құрылысы талаптарының, құрылыстың мақсатына қатысты талаптардың және нақты жергілікті жағдайларды ескере отырып, аумақты функционалдық аймақтарға бөлу негізінде шешілуі керек.

5.5.1.5 Ашық спорт құрылыстарының аумағы ішкі коммуникациялар жүйесімен біріктірілген дене шынықтырумен және спортпен айналысатын негізгі аймақтарға, қызмет көрсету және демалу аймақтарына бөлінуі керек.

5.5.1.6 Ашық жазық дене шынықтыру-спорт және дене шынықтыру-рекреациялық құрылыстардың (ойын алаңдары, ойын алаңқайлары, спорт жарыстары өтетін орындар) қала құрылысы параметрлері спорттың тиісті түрлерінің ережелеріне сәйкес белгіленеді және жобалау кезінде міндетті болып табылады.

5.5.1.7 Ашық спорт құрылыстары бас жоспарының шешімі, негізгі, қосалқы және шаруашылық кіру есіктерінің және ішкі коммуникациялардың орналасуы елді мекеннің айналадағы аумағының көше және көлік желісінің жоспарламасымен байланысты болуы тиіс.

5.5.1.8 Еркін құрастырманы пайдалану кезінде инженерлік желілердің, жаяу жүргіншілер мен көлік коммуникацияларының ұзақтығын, жасанды жабындар ауданын ұлғайту және құрылыс үшін бөлінген учаскелерді игеруге байланысты басқа да шығындар есебінен құрылыстың қымбаттауына жол бермей, қабылданған шешімдердің техника-экономикалық бағасын ескеру қажет.

5.5.1.9 Ашық спорт құрылыстарына жер бедерінің еңісі барынша аз учаскелерде жазықты спорт құрылыстарын, табиғи суқоймаларында су станцияларын, ал трибуналарды табиғи дөңдерге орнатуға мүмкіндік беретін жақсы көгалдандырылған аумақтарды пайдалану қажет.

5.5.1.10 Табиғи жер бедері, жасыл желектер және жасанды құрылыстардың қабылданған өзара орналасуы дене шынықтырушылар мен көрермендерді көзге шағылысатын күннен, күшті желден және айналадағы аумақтарға қоқыстың әкелінуінен қорғауы тиіс.

5.5.1.11 Трибуналарды орналастыру үшін аймақтың табиғи еңісті жерлерін пайдалана отырып, төменде орналасқан негізгі жазық спорт құрылыстарына ағуы мүмкін беткі суларды бұру қажеттілігіне байланысты шараларды қарастыру керек.

5.5.1.12 Спорт алаңдарының спорт түріне байланысты белгілі бір қорғаныш қоршауы болуы керек.

5.5.1.13 Спорт алаңдарын (алаңқайларын) топтастырған уақытта олардың спорт түрлері бойынша біріктіру керек.

5.5.1.14 Ашық спорт құрылыстарының аумағындағы ғимараттар мен құрылыстар тиісті нормалармен реттелетін қажетті санитарлық және өртке қарсы аралықтардың сақталуы арқылы бір-біріне сай орналастырылады.

5.5.1.15 Орналастыруға қойылатын арнайы талабы бар спорт кешендері (автодромдар, вело және мототректер, жылқы спорты клубтары, салт атпен жүру манеждері, ипподромдар, яхт-клубтар, шаңғы, ескек есу базалары және т. б.) жергілікті жағдайды ескере отырып, тиісті нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сай жобаланады.

5.5.1.16 Біріктірілген ашық жазық дене шынықтыру-спорт құрылыстарын жалпы білім беру мектептерінің учаскелерінде жобалаған уақытта сынып бөлмелері жақтан ашық құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.

5.5.1.17 Біржолғы өткізу қабілеті ең жоғары спорт алаңдары (немесе алаңдар тобы), сондай-ақ қыс мезгілінде көпшілікке арналған сырғанақ жасауға арналған алаңдар (алаңқайлар) қызмет көрсету үй-жайларына (киім ілетін орындарға және т. б.) барынша жақын орналастырылуы қажет.

5.5.1.18 Қызмет көрсету аймағы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын негізгі аймақтармен және қаланың қосымша магистральдарына шығатын қызметтік кіреберіс жермен (немесе көліктердің кірулерімен) ыңғайлы байланысты болуы керек.

5.5.1.19 Көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының спорт кешенінің жер телімінде орналасқан барлық құрылыстарда болуын қарастыру керек.

5.5.1.20 Көлік жүретін жолдардың жаңартылған, жеңілдетілген немесе күрделі жабыны болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер жолдарының жабын түрі нормаланбайды.

5.5.1.21 Ашық жазық құрылыстарды жобалаған уақытта беткі су бұруды қамтамасыз ету үшін және дренаждау жағдайларын жақсарту үшін құрылыс аумағынан тыс жерде жауын сулары жиналатын (жер бедерімен, су бұру лотоктарына немесе дренажды шұңқырларға) нормативтік еңістер қарастырылуы керек.

5.5.1.22 Спортшылардың және демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи кедергілер арқылы (автокөлік жолдары, теміржолдар), сондай-ақ қатпайтын немесе қатты қатпайтын өзен-көлдер мен бұталар мен ағаштар қалың өсіп тұрған учаскелер арқылы трассалар жүргізуге жол берілмейді.

5.5.1.23 Жарыстар өткізуге арналған шаңғымен жылдамдықпен түсу және слалом-гигант базаларында, шаңғымен қару және биатлон трассаларында старт пен мәре орындарының, сондай-ақ аралық бақылау пункттерінің, медицина және тауда құтқару қызметінің кезекші қызметкерлері отыратын үй-жайлардың, жаттықтырушы трибуналарының және төрешілер отыратын орынның арасында техникалық байланыс құралдары қарастырылуы керек.

5.5.1.24 Ипподром құрылыстарының арасындағы қашықтықты, егер технологиялық, ветеринарлық және жоспарлау талаптарына байланысты оларды ұлғайту қажеттігі туындамаса, өртке қарсы бос аралықтарға тең қабылдау керек.
5.5.2 Ашық спорт құрылыстарының көлемдік-жоспарлық шешімдеріне қойылатын талаптар
5.5.2.1.1 Шаңғы базаларына арналған учаскені таңдаған уақытта спорт трассалары (тау шаңғысы, шаңғы жарысына биатлонға арналған) бір-бірімен қиылыспайтындай болуы керек, сондай-ақ көпшіліктің сырғанауына және туристік сырғанаққа арналған трассалар болуы керек.

5.5.2.1.2 Шаңғы жарысы мен атып жарысуға (биатлон) арналған трассалар қиылысқан жермен төселу және олардың жарыс ережелеріне сай келетін ауысатын биіктіктері, жоғары көтерілетін тұстары, тегіс учаскелері мен төмен қарай түсетін жерлері болуы тиіс.

5.5.2.1.3 Тау шаңғысы трассаларының старттарына көлденең орналасқан старт алаңдары орнатылуы қажет.

5.5.2.1.4 Тау шаңғысы трассаларының мәресінен кейін тегіс, кедергілер жоқ тоқтау алаңдарын орнату керек.

5.5.2.1.5 Тау шаңғысы трассалары мен көпшіліктің таудан сырғанап түсуіне арналған учаскелер қар көшкіні болу қауіпі жоқ және тау шаңғышыларына қауіп төндіретін кедергілер болмауы керек.

5.5.2.1.6 Трамплин жасау үшін таңдалатын дөң бүйір жақтан соғатын жел мен күртік қардан қорғалған болуы тиіс.

5.5.2.1.7 Толықтай эстакада орналасқан трамплиндерді жобалауға жол берілмейді.

5.5.2.1.8 Слалом-гигант трассалары мен жылдамдықпен түсу трассасының бойына қосымша медицина және тауда құтқару қызметінің кезекші қызметкерлері отыратын үй-жайлардың (лашықтың) салынуын қарастыру қажет; мұндай үй-жайлардың саны трассадағы барлық қатысушылардың көріну жағдайларының және оларға жақындайтын жолдардың қамтамасыз етілуіне қарай трассаның конфигурациясына қарай айқындалады.

5.5.2.1.9 Тау шаңғысы трассалары мен трамплиндерде көтергіш құрылғылардың болуы қарастырылуы керек.

5.5.2.1.10 Шаңғы базасының ғимаратында құрылыстардың есептік өткізу қабілетіне қарай қосалқы үй-жайлар (соның ішінде спорт құрал-аспаптарын прокатқа беру орындары, киім сақтайтын бөлмелер, буфеттер, душтар, дәретханалар және т. б.) орналастыру қажет.

5.5.2.1.11 Тир түрінің (ашық, жартылай ашық, жабық) таңдалуы, сондай-ақ ату орындарының саны сыйымдылығына қарай белгіленеді.

5.5.2.1.12 Ату орындарының алдындағы оқ атылатын аймақтың ені ату галереясының енінен, ал нысаналар тұрған жақта нысана сызығының бойынан кем болмауы керек.

5.5.2.1.13 Нысана сызығы ату сызығына қатар, ал нысаналар әрбір ату орнына қарама-қарсы орналастырылуы керек.

5.5.2.1.14 Оқ қармауыштар «жүгіріп бара жатқан қабанды» және бұрылатын пішінді нысаналардың үстінен жылдамдықпен атуға арналған тирлардағы ату аймағының бүкіл еніне немесе қара шеңбері бар нысаналардың үстінен ату тирларындағы әр нысана қалқанның артына орнатылады.

5.5.2.1.15 Нысана сызықтары мен оқ қармауыштар арасында нысандардың артында біркелкі ашық түстес фон жасап тұратын оңай жарып өтілетін материалдардан жасалған экран қарастыру қажет.

5.5.2.1.16 Ашық тирлерде ату галереясы жауын-шашын мен күннен қорғалу үшін төбесі жабық болып, қабырғалармен (қалқандармен) қоршалуы керек.

5.5.2.1.17 Конст­рукцияның, сондай-ақ қармауыштың ату аймағының ішіне қарай кіріп тұратындардың барлығы (егер рикошеттерге әкелетін материалдардан жасалған болса) ату орындарына қараған беткі жағынан рикошетке қарсы таспен қапталуы керек.

5.5.2.1.18 Ашық және жартылай ашық тирларда блиндаждар «терезелерінің» жоғарғы жағында («жүгіріп бара жатқан қабан» нысанасын ату тирларында – «терезенің» бойымен траншеяның жоғарғы жағында) блиндажды (орды) жауын-шашыннан қорғайтын алынбалы немесе жылжымалы құрылғыларды қарастыру қажет.

5.5.2.1.19  Биатлонға арналған тирлар ашық болып жобалануы керек. Ату алаңы (тир), старт, мәре және айып шеңбері тұтас кешен болуы тиіс.

5.5.2.1.20 Ескек есу спортының түрі (түрлері) бойынша мақсатына байланысты базаларды академиялық есу үшін немесе байдаркалар мен каноэде есу үшін немесе халықтық не әмбебап (есудің бірнеше түріне арналған) есу үшін жобалау қажет.

5.5.2.1.21 Академиялық есуге арналған спорт құрылғысы құрлық пен суда жыл бойы оқу-жаттығу процессін және академиялық есу бойынша арнаулы дене шынықтыру-спорт шараларын өткізуге мүмкіндік беретін арнайы конструкцияланған, салынған және жабдықталған құрылыстардың тұтас композициялық кешені болуы тиіс.

5.5.2.1.22 Есу базаларындағы жер бұру көлемі барлық инфрақұрылымдардың жұмысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.

5.5.2.1.23 Жыл бойы жұмыс істейтін есу базаларында академиялық есу және (немесе) байдаркалар мен каноэде есу үшін есу бассейндері залдарының болуын қарастыру қажет.

Есу бассейндері залдары қоршау кон­струк­цияларының ішкі беті ылғалға төзімді, ал еденінің беті тайғақ болмауы керек.

5.5.2.1.24 Төрешілер отыратын мұнара мәре жармасында орналасу керек. База республикалық және одан жоғары дәрежедегі жарыстарға арналған жағдайда мұнара стационарлық болуы тиіс, оның құрамында төрешілерге арналған орындардан басқа, қосымша ақпараттандырушыға (дикторға) арналған орын (кабина) және фотомәре немесе бейнемагнитофон аппа­ратурасы мен оған қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған үй-жай қарастырылуы тиіс.

5.5.2.1.25 Эллингтер бөлек құрылыс болады немесе спорттың есу түрлеріне арналған спорт құрылысына кіреді.

5.5.2.1.26 Жобалау кезінде қайықтарды уақытша орналастыруға арналған қатты жабынды ашық алаңқайдың орналастырылуын қарастыру қажет.

5.5.2.1.27 Ашық жазық құрылыстарының құрамына: кешенді алаң, кедергілерден өту жолағы, «денсаулық жолағы» кіруі керек.

5.5.2.1.28 Көрермендерге арналған орындар аренадан (жүгіруді, қауіпсіздік аймағы мен төрешілерге арналған орындарды қоса алғанда) және көрермендер отыратын орын қатарларының бойымен эвакуациялау өткелінен қашық орналасуы қажет.

Жабық спорт құрылыстарында көрермендердің отыруына арналған уақытша орындар олардың төңкерілуіне немесе жылжып кетуіне жол бермеуі керек.

Трибуна қатарлары өткелдерінің бойымен жасалатын қоршаулар көруге кедергі келтірмеуі керек, ал бассейндерде (бірінші қатардың бойы) саңылаусыз болу қажет.

5.5.2.1.29 Спорт нысандары мен кешендерде қоғамдық дәретханалар кресло-арбалардағы мүгедектерді қоса алғанда, келушілер оңай әрі емін-еркін жете алатын аумақтарда орналасу қажет.

5.5.2.1.30 Негізгі ойын алаңы жаттығушыларға қауіпті кедергілер немесе заттар жоқ қауіпсіздік аймақтармен (жарыс) қоршалуы тиіс.

5.5.2.1.31 Теннис, қалашықтар алаңдарының және волейбол алаңдарының допты ұстап қалау үшін тормен қоршалуын қарастыру қажет.

5.5.2.1.32 Техникалық және қосалқы үй-жайлар құрамы құрылысты инженерлік жабдықтауға байланысты анықталады, ал олардың ауданы ҚР ҚН 3.02-18 және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес есеп бойынша қабылданады.

5.5.2.1.33 Киім ауыстыратын бөлмелер бөлек болу, жүзу бассейні мен қалыпқа келтіру орталығының қасында орналасуы тиіс. Жеке орындардың ауданы мен саны спорт құрылысының қызметтерін қатар пайдаланатын ескекшілердің санына байланысты.

5.5.2.1.34  Спорт және дене шынықтыру құрылыстарында буфеттер қарастырылуы керек. Жаттығушыларға арналған буфеттерді тамақ жылытуға мүмкіндік жасалған стационарлық, көрермендер үшін стационарлық және жылжымалы (сырттан әкелінетін) етіп жобалау қажет.

5.5.2.1.35 Көрермендерге арналған буфеттер тек стационарлы трибуналар болған жағдайда ғана қарастырылып, жылжымалы болып жасалады.

5.5.2.1.36 Жыл бойы жұмыс істейтін ашық құрылыстарда көрермендерге арналған буфеттердің қосалқы үй-жайлары жылытылатын үй-жайларда орналасуы керек.

5.5.2.1.37 Тамақтануға арналған үй-жайлар көлемі құрылыстың жалпы өткізу қабілетіне байланысты болады.

5.5.2.1.38 Шаңғыларды алуға және өткізуге арналған үй-жай шаңғы сақталатын үй-жаймен жапсарлас орналастырылуы, орталарында саңылаулар болуы керек.

5.5.2.1.39 Қару мен оқ-дәрі сақталатын қоймалардың терезелері болмауы керек, ал қару шеберханасының терезелеріне тор қойылып, ішінен бекітілетін терезе қақпақтары болуы керек.

5.5.2.1.40 Тирлардың қосалқы үй-жайларын ату павильонына орналастыру қажет.

5.5.2.1.41 Ату галереялары мен блиндаждардың құралдары мен жабдықтарын сақтауға арналған қоймалардан басқа, ату кешенінің қосалқы үй-жайларын, сондай-ақ блиндаждар жанындағы нәтижелерді анықтау комиссиясының үй-жайларын бөлек тұрған ғимаратқа орналастыру қажет.

5.5.2.1.42 Эллингтен басқа, есу базаларының қосалқы үй-жайлары бөлек тұрған ғимаратта орналасуы керек.

5.5.2.1.43Үй-жайлардың көлемі есу базасының жалпы өткізу қабілетіне сәйкес келуі тиіс.

5.5.2.1.44 Жарыс өткізуге арналған базаларда эллингтің маңына үсті қатты, қайықтарды уақытша орналастыруға арналған ашық алаңқайдың жасалуын қарастыру қажет.

5.5.2.1.45 Эллингтердің іші мен айналасында спортшылар мен бапкерлер жауын-шашыннан қорғала алатын жабық үй-жайлар қарастырылуы тиіс.

5.5.2.1.46 Эллингтердің қайықтарды тасымалдауға арналған трейлерді оңай әрі ыңғайлы тиеуге, түсіруге, еркін қозғалуына арналған орны болу тиіс.

5.5.2.1.47 Командалардың көлік құралдарына арналған тұрақ эллингтер аймағының тура қасында ұйымдастырылуы тиіс.

5.5.2.1.48 Ықшам ауданға орналастырылатын дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына арналған ашық жазық құрылыстар болғанда, жаттығушыларға арналған санитарлық тораптар мен жақын маңдағы ғимараттарға орналастырылатын тасымалды құрылғылар мен аспаптар сақталатын қоймаларда ғана қарастыруға жол беріледі.

5.5.2.1.49 Көпшілікке арналған ашық жазық және жабық құрылыстарда қосымша төрешілерге арналған үй-жайды, ал олар республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге арналған жағдайда, баспасөзге арналған үй-жайларды (баспасөз орталығы) да қарастыру қажет. Төрешілер мен баспасөзге арналған үй-жайлардың құрамы мен ауданы құрылыстың мақсатына қарай анықталады.

5.5.2.1.50 Төрешілерге арналған орындарды (төрешілер ложасы) трибуналарға, жеңіл атлетикадан өтетін жарыстарда – барлық жүгіру қашықтығының мәре жармасының маңына орналастыру қажет. Төрешілер ложасының жанында фотомәре аппаратурасына, көрсету таблосын басқаруға, ақпарат таратушы төрешілерге, хатшыларға арналған үй-жайлар қарастырылуы тиіс.

Мұндай үй-жайлар тобының көлемінің арақатынасы стадионның мақсатына байланысты.

5.5.2.1.51 Көрермендерге арналған трибуналары бар спорт аренасы стадионның негізгі құрылысы болу тиіс.

5.5.2.1.52 Үлкен стадиондар мен көлемі орташа стадиондарды көлік тұрақтары мен көлік магистральдарының айналасында оқшау орналастыру қажет.

5.5.2.1.53 Футбол-жеңіл атлетика стадиондары сопақша пішінде жобалануы қажет. Тек қана футболға арналған стадио­ндар тікбұрыш пішінде жобалануы қажет.

5.5.2.1.54 Стационарлық трибуналардан басқа пневматикалық тәсілмен ауыстырылатын трибуналарды қарастыру қажет.

5.5.2.1.55 Көрермен аренаға жақын болу үшін көп ярусты трибуналарды конструкциялау қажет.

5.5.2.1.56 Көрермендерді күн мен атмо­сфералық жауын-шашыннан қорғау үшін трибуналарды күнқағармен (қалқамен) жабдықтау керек.

5.5.2.1.57 Трибуна астындағы кеңістіктегі қосалқы үй-жайларды жасаудың орындылығы мен олардың номенклатурасы әрбір нақты жекелеген жағдайда айқындалады.

5.5.2.1.58 Көрермендерге қызмет көрсету үй-жайларының тобына міндеттілерден басқа, мейрамханаларды, кафелерді, барларды, сауда дүңгіршектерін, конференция өткізуге арналған залдарды енгізу керек.

5.5.2.1.59 Спорт ядросының құрамына айналмалы және тік жеңіл атлетика жолдарын, ядро итеруге, секіруге және снаряд лақтыруға арналған секторларды, ойын алаңы мен су толтырылған шұңқырлармен жабдықталған кедергілерден жүгіру жолдарын енгізу керек.

5.5.2.1.60 Спорт ареналарындағы трибуналардың пішіні оңтайлы көріну жағдайларына қарай анықтау қажет.

5.5.2.1.61 Ұлттық спорт түрлеріне арналған алаңдардың жобалануын әрбір жекелеген жағдайда және спорт түрлері бойынша ережеге сәйкес қарастыру қажет.

5.5.2.1.62 Ат спортының жарыстары ипподромдарда өткізілуі керек.

5.5.2.1.63 Ат шабатын алаңның айналасына міндетті. Кейін кіру және шығу қақпаларына арналған ашық орындар қалдырылған трибуналармен айнала қоршалады.

5.5.2.1.64 Көкпарды коман­далар арасында бірдей бөлінген арнайы алаңда өткізу қажет.

5.5.2.1.65  «Саят» ойынын өткізу үшін құстар ұшырылатын алаң бөлінуі тиіс.
5.6 Инженерлік желілер мен жүйелер
5.6.1 Сумен қамту және канализация
5.6.1.1 Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстары ҚР ҚН 4.01-01 талаптарының сақталуымен елді мекеннің сыртқы желісіне қосылатын шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы су құбыры мен канализация жүйелерімен жабдықталуы керек.

5.6.1.2 Елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталмаған жағдайда, қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сай келетін жергілікті су көздерін пайдалану қажет.

Канализация жоқ аймақтарда құрамы мен тазалау дәрежесі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілуі тиіс жергілікті тазалау құрылғыларын қарастыру керек.

5.6.1.3 Спорт және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарының шаруашылық-ауыз су және технологиялық қажеттіліктеріне арналған су қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы қажет.

5.6.1.4 Ыстық сумен жабдықтауды спорт құрылыстарының шаруашылық-тұрмыстық және технологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарастыру қажет.

5.6.1.5 Ыстық судың душтарға, дәрігер бөлмесіне, медбике бөлмесіне және алғашқы медициналық жәрдем көрсетілетін бөлмелерге, сондай-ақ массаж жасау бөлмесіне, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайға, жаттығушыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелерге, нұсқаушы мен жаттықтырушылар құрамының бөлмелеріне, бассейндер ванналарындағы судың талдамасын жасау зертханаларына, жинау-тазалау құралдары сақталатын үй-жайларға, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сай басқа да үй-жайларға тартылуын қарастыру қажет.

5.6.1.6 Қыста маусымдық сырғанақтар жасау үшін пайдаланылатын ашық жазық құрылыстарға, сондай-ақ жасанды мұзды ашық сырғанақтарға өрт сөндіру гидранттарын орнату арқылы қатпайтын су құбыры желісінің тартылуы қарастырылуы керек.

5.6.1.7 Ашық жазық спорт құрылыстарының бетінен және трибуналардан аққан судың жаңбыр канализациясының желісіне бұрылуын қарастыру қажет.

5.6.1.8 Спорт ядросының су құбыры жүйесінде беткі суағарлардың, дренаждардың және тұйықталған жүгіру жолының ішкі периметрі бойынша орналасқан су бұратын
айналмалы лотоктардың немесе құбырлардың орнатылуын қарастыру керек.

5.6.1.9 Ашық жазық құрылыс кешендеріне канализациялық құдықтар мен суару су құбырының орналасқан жері оларға көпшілік шараларға қатысушылары мен көрермендерге арналған қосымша санитарлық тораптардың жалғану мүмкіндігін қарастыру қажет.

5.6.1.10 Жаттығушылар мен көрермендерге арналған санитарлық тораптарға унитаздар немесе су шаятын краны бар еден шұңғылшаларын орнату керек.
5.6.2 Жылыту және желдету
5.6.2.1 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері микроклимат пен үй-жайдағы ауа ортасының тиісті гигиеналық нормативтік параметрлерін қамтамасыз етуі керек.

Жылытылатын барлық үй-жайлар бөлмені пайдалану барысында ауа температурасын бақылап отыру үшін термометрлермен жабдықталуы қажет.

5.6.2.2 Ашық спорт құрылыстарының үй-жайын жылыту мен желдетуді
ҚР ҚН 4.02-01, ҚР ҚН 2.04-03 және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын сақтай отырып жобалау қажет.

5.6.2.3 Ауа тарту-жіберу арқылы желдетудің дербес жүйелерін төменде көрсетілген үй-жайларда қарастыру қажет:

- әкімшілік және инженерлік-техникалық қызметкерлерге, нұсқаушылар-жаттықтырушылар құрамына арналған қызметтік үй-жайларда, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайларда;

- хлораторлар мен хлор сақталатын қоймаларда;

- техникалық үй-жайларда.
5.6.3 Электрмен қамту және электр техникалық құрылғылар
5.6.3.1 Спорт құрылыстарында ҚР ҚН 2.04-01 талаптарының ескерілуімен жарықтандыру жүйелерінің орнатылуы қарастырылуы қажет.

5.6.3.2 Алаңды айнала орнатылатын жарықтандыру құрылғысының орнатылу биіктігі көздің көруіне кедергі жасау әсеріне жол бермейтін таңдау қажет.

5.6.3.3 Спорт құрылыстарының жасанды жарықтандырылуы ойындардың, жаттығулардың немесе жарыстардың барлық ұсақ заттарын спортшылар да, көрермендер де анық көруін қамтамасыз ету тиіс.

5.6.3.4 Жасанды жарықтандыруды орнатқан кезде жарықтың түсу параметрлерін, көздің көруіне кедергі жасау әрекетінің рейтингін, өтетін түс спектрінің температурасын, жарықтың берілу дәрежесін, шамдардың көтерілу бұрышы, спорт алаңдары мен алаңқайларының жарықтандырылу нормаларын ескеру қажет.

5.6.3.5 Спорт құрылыстарындағы жарық беру жүйелерін телевизиялық немесе телевизиялық емес жарыстарды ұйымдастырушылар қажеттілігіне қарай класына байланысты орнату қажет.

5.6.3.6 Электр қуатымен жарақтау жүйелері мен құрылғылары ҚР ҚН 4.04-07, Электр қондырғыларды орнату ережелері талаптарын және басқа да қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын сақтау арқылы жобалануы тиіс.

5.6.3.7 Спорт құрылысын жарықтандыру жүйесі:

- спортшылардың, төрешілердің, қызмет көрсететін қызметкерлердің, трибуналардағы көрермендердің және телекөрермендердің спорт алаңын, ойын құрылғыларын, маңайдағы кеңістікті, айналадағы ойын аймағын жақсы көруін:

- көздің көруіне кедергі келтіретін әсердің болмауын;

- апатты жағдайларда өткелдер мен шығу жолдарының жарықтандырылуын;

- ойыншылар үшін де, көрермендер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

5.6.3.8 Жасанды жарықтандыруды жылдамдықпен жүгіруге және конькимен мәнерлеп сырғанауға, хоккейге, допты хоккейге және конькимен көпшіліктің сырғанауына арналған ашық сырғанақтарда, сонымен қатар барлық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстары аумағының адамдардың өтуіне және көлік қозғалысына арналған учаскелері мен барлық үй-жайларында қарастыру қажет.

Өзге ашық құрылыстарда жасанды жарықтандыруды трибуналар болған жағдайда қарастыру қажет.

5.6.3.9 Жарық беру қондырғылары спорт құрылыстарының қажетті деңгейде жарықтандырылуын қамтамасыз ету тиіс.

5.6.3.10 Ашық спорт құрылыстарының аумағына жарыс өткізуге арналған электртехникалық құрылғылардың орнатылуы қарастырылу қажет.

5.6.3.11 Түрлі түсті телевизияны тарату үшін талап етілетін жарықты қамтамасыз ету үшін қажетті жарық беру қондырғылары стационарлы болып жобалануы тиіс.

5.6.3.12 Спорт ойындарына арналған (қалашықтардан басқа) жарықтандырылатын ашық жазық құрылыстарда жоғарғы және бүйір жақты жарықтандырудың орнатылуын қарастыру қажет.

5.6.3.13 Спорт құрылыстарынан радио- және телевизиялық таратылымды жүзеге асыратын құрылғыларды жобалау құрылыстың бейініне қарай жүргізілуі керек.

5.6.3.14 Стационарлық трибуналар бар спорт құрылыстарында қосымша мыналарды қарастыру қажет ақпараттың дыбыстық таратылымын және музыканы трибунадағы көрермендерге, жекелеген үй-жайлар мен құрылыстарға таратылуын, сонымен қатар ашық жазық спорт құрылғылары кешендерінің, шаңғы және есу базалары мен ату орындаорының жекелеген аумақтарына (оның ішінде құрылыс аумағына кіретін негізгі есіктің алдында) естілуін.

5.6.3.15 Республикалық және одан жоғары ауқымдағы жарыстарды өткізуге арналған шаңғы базаларында, қосымша спорт пен мәре арасында, сондай-ақ шаңғы жарысы мен биатлон трассаларындағы аралық бақылау пункттері; жылдамдықпен түсу және гигант слалом трассаларындағы медициналық және таудағы құтқару қызметінің кезекші қызметкерлерінің үй-жайлары және осы трассалардың мәресі; бапкерлерге арналған трибуна мен трамплиндер жанындағы төрешілер мұнарасының арасында радиобайланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдардың орнатылуын, сондай-ақ тау шаңғысы трассаларының старттары мен мәрелерінде электрхроно­метраждың стационарлық емес аппаратурасын орнатуды қарастыру қажет.

5.6.3.16 Қару мен оқ-дәрі сақталатын қоймалардың үй-жайларында күзет сигнализациясын қарастыру қажет.

5.6.3.17 Есу базаларын жобалау кезінде старт орындарының арасында байланыс орнату керек.


5.7 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.7.1 Тірек-қимыл жүйесінің бұзушылығы бар мүгедектерге есептелген ашық спорт құрылыстары ҚР ҚН 3.06-01 талаптарының ескерілуімен жобаланады.

Мүгедектерге қолжетімді дене шынықтыру-спорт құрылыстары мүгедектер мен қалған халық та пайдалана алатындай болуы тиіс.

5.7.2 Спорт объектілері мен кешендері аумағының жоспарлау шешімі, жабдықталуы және көркейтілуі халықтың мүмкіндігі шектеулі тобын құрайтын барлық келушілердің, оның ішінде кресло-арбалардағы келушілердің қауіпсіз әрі кедергісіз жүріп-тұруын және олардың барлық құрылыстарға және ашық спорт алаңдарына емін-еркін кіруін қамтамасыз ету қажет.

5.7.3 Ортақ пайдаланылатын құрылыстардың құрамында мамандандырылған залдар болған жағдайда, қатар жүру жолдары мен мүгедектерге қызмет көрсету орындары орналастырылған шешімдерді қарастыру қажет.

5.7.4 Трибуналарда міндетті түрде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған орындарды, баспасөз өкілдеріне арналған орындарды және төрешілер отыратын орынды қарастыру қажет.

5.7.5 Ашық жазық құрылыстарды жобалаған уақытта әртүрлі кедергілерден босатылған қауіпсіздік аймағын қарастыру керек. Қауіпсіздік аймақтарына төселген жабын спорт алаңының жабынымен бірдей болу қажет.

5.7.6 Бөлек алаңқалар мен ашық жүзу бассейндері бұтақтармен (тікенекті және улы бұтақтардан басқа) айнала қоршалуы керек. Жасыл желектердің орналасымы, түсі және көлемі көзі нашар көретін мүгедектердің қосымша ақпарат алуларына септігін тигізу керек.

5.7.7 Спорт құрылыстарының барлық негізгі және қосымша элементтері мүмкіндігі шектеулі келушілер үшін қолжетімді болуы тиіс.

5.7.8 Құрылыстарды мүгедектердің де пайдалатындығын ескере отырып, жобалаған кезде ғимараттардың сәулет-жоспарлау шешімдерінің келесі негізгі принциптерін сақтау қажет:  

- бір белгіде орналасатын негізгі және қосалқы үй-жайлардың ең көп ықтимал орналасуы;

- үй-жайлар әртүрлі деңгейде орналасқан жағдайда лифттер, пандустар, арнайы жабдықталған баспалдақ марштары арқылы ыңғайлы тік байланысты, мүгедектер жол-бағытты еркін таба алу үшін барынша қарапайым әрі құрылымы жинақы жоспарды қамтамасыз ету.

5.7.9 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүруі үшін, сондай-ақ кресло-арбамен өту немесе әрекеттер жасау үшін нормаланатын кеңістік шығыңқы элементтермен және ғимарат бөліктерімен, сондай-ақ мекеменің қабырғаларына немесе жекелеген конструкцияларға орналастырылатын құрылғылар мен құралдардың есебінен кішірейтілмеуі тиіс.

5.7.10 Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі көрермендердің, спорттық және басқа да ойын-сауық шараларына қатысушыларының есептік саны спорт кешенінің немесе құрылыстың типіне, олардың мүгедектердің кедергісіз келуі үшін жабдықталу дәрежесіне байланысты қабылданады.
5.8 Қоршаған ортаны қорғау
5.8.1 Құрылыс, реконструкция, консервация, демонтаж жобаларын әзірлеген уақытта және ғимаратты құлатқан кезде қоршаған ортаға келтірілетін рұқсат етілетін антропогендік жүктеме нормативтері ескеріліп, қоршаған ортаның ластануын алдын алу, жою шаралары, сонымен қатар қалдықтарды жою тәсілдері қарастырылып, қол жетімді үздік техникалық әдістер, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіруге септігін тигізетін ресурс үнемдейтін, аз қалдықты, қалдықсыз технологиялар, қолданылу қажет.

5.8.2 Жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау нормативтері ескеріліп, зиянды қалдықтардың зиянсыздандырылуы мен кәдеге жаратылуы, қоршаған ортаның ластануының алдын алудың тиімді шаралары қарастырылуы тиіс.



5.8.3 Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жобалау кезінде:

а)  экологиялық қауіпсіздікті және халық денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ету;

б) табиғатты қорғау шараларын қарастыру;

в) қоршаған ортаны сауықтандыру бойынша қойылатын талаптарды орындау қажет.

5.8.4 Құрылыс аумағында атмосфералық ауаның, судың, топырақтың сапасын, сондай-ақ шудың, дірілдің, электрмагниттік сәулеленудің, радиацияның жол берілетін деңгейін және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да факторларды айқындайтын нормативтік талаптарға қол жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.

5.8.5 Ашық спорт құрылысының құрылысын жүргізу барысында мыналарды есепке алу қажет:

а) тікелей әсерлерді – құрылыс орналасатын ауданда жоспарланып отырған қызметтің негізгі және ілеспелі түрлері тікелей әсерін тигізеді;

б) жанама әсерлерді – құрылысты пайдалану нәтижесінде туындайтын қайталама факторлардан қоршаған ортаға тигізіледі;

в) кумулятивті әсерлерді – құрылыстың пайдаланылуы барысында өткен, қазіргі немесе негізді түрде болжанатын әрекеттер салдарынан туындаған үнемі үдеп отыратын өзгерістердің нәтижесінде тигізіледі.

5.8.6 Құрылыстарды жобалау кезінде ластанған сарқынды судың тасталуына жол бермейтін және жер асты суы мен беткі судың тікелей ластануына кедергі келтіретін іс-шаралар қарастырылуы керек.

5.8.7 Ғимараттарды жобалау және құрылысын салу кезінде құрылыс жүргізілетін учаскедегі родон қаупінің дәрежесін, техногендік радиоактивті ластануды және құрылыс конструкцияларының радиоактивтілігін ескеру керек.

Бұл жағдайда қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес радиациялық қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.


6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
6.1  Энергия тұтынуды азайту бойынша талаптар
6.1.1 Ашық спорт құрылыстарын энергетикалық ресурстарды қысқарту, жылу шығынын азайту үшін жобалау талаптары энергетикалық ресурстардың тиімді пайдалану мен үнемдеу бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуы тиіс.

6.1.2 Құрылыстар жүйелерге және ғимараттар бөліктеріне арналған энергияның тиімді пайдаланылуы бойынша талаптарды ескере отырып жобалануы және салынуы керек.

6.1.3 Ашық спорт құрылыстарын жобалаған уақытта пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуі керек. Энергия қуатын үнемдейтін конструкциялар және оларды дайындау кезінде ресурстардың пайдаланылуын азайту да жаңа технологияларды қолданудың арқасында экологиялық қауіпсіз болуы тиіс.

6.1.4 Ғимараттың инженерлік жүйелерінде ауа температурасы автоматты түрде немесе қолмен реттелуі тиіс. Ғимаратты жылыту жүйелері жұмыс уақытынан тыс уақытта талап етілетін жылуды азайтатын аспаптармен жарақталуы керек. Суық және ыстық сумен, электр энергиямен және жылумен қамту орталықтандырылған жағдайда, энергияның, судың, газдың және т. б. шығынын есептейтін аспаптар орнатылуы тиіс.

6.1.5 Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ашық спорт құрылыстарының энерготиімділігін арттыру шешімдері мен шараларды қолдануды қарастыру қажет.

6.1.6 Құрылыстардың қоршау конструкциялары энергия үнемдейтін материалдардың пайдалану арқылы құрылуы тиіс. Мұнымен қоса инженерлік жүйелерде энергия үнемдеу шараларын қарастыру қажет.

6.1.7 Ашық спорт құрылыстарының энергетикалық тиімділігін жетілдіру кезінде назарға климаттық және жергілікті жағдайлар, сондай-ақ үй-жай ішіндегі микроклимат және экономикалық тиімділік ескерілуі қажет. Бұл шаралар ғимараттардың өзге техникалық талаптарына, сондай-ақ олардың жалпы қолжетімділігіне, қауіпсіздігіне және мақсатты пайдаланылуына әсер етпеуі керек.
6.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
6.2.1 Ашық спорт құрылыстарын жобалаған уақытта материалдар мен энергия тасымалдушыларды үнемді пайдалануды, ресурстарды қайталама пайдалануды және қалдықтардың кәдеге асыруды қамтамасыз ететін технологияларды пайдалану қажет.

6.2.2 Ресурстарды тиімді пайдалану үшін жобалау кезінде Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану саласындағы нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету керек.

6.2.3 Ландшафтық жоспарлар су, топырақ, биологиялық алуандылық, энергетикалық ресурстар, ауа сапасы сияқты ресурстардың және басқа да табиғи ресурстардың қоғам мүддесіне сай сақталуын қамту керек.

6.2.4 Ағаштарды отырғызған кезде:

а) ауа-райы жағдайын;

б) топырақ түрін;

в) жауын-шашын мөлшерін;

г) жел бағытын;

д) өсімдіктерді күтуді ескеру қажет.

6.2.5 Жобалау кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша төмендегі шараларды ескеру қажет:

а) су тұтынуды азайту;

б) айналмалы және алма-кезекті пайдалану жүйелерінде судың пайдаланылуын арттыру;



в) ағын суды тазалау және т. б.

6.2.6 Құрылыс материалдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында кәдеге жаратылатын материалдарды қайта өңдеу қажет.

6.2.7 Қайталама шикізаттарды және бұрын қолданылған құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар энергиясын алу мақсатында құрылыстарды, олардың инженерлік жүйелері мен конструкцияларын бөлшектеу, бұзу, тасымалдау, сақтау, қалау, өңдеу, қалпына келтіру, кәдеге жарату бойынша жұмыстар, сондай-ақ құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату мен қалдықтарды өңдеуге байланысты жұмыстар (қайтарымды ресурстарды қалпына келтіру) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс.

6.2.8 Құрылыста екінші рет пайдалануға арналған құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар қалпына келтірілгеннен (түзетілгеннен) кейін құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

а) өрт қауіпсіздігі;

б) жарылыс қауіпсіздігі;

в) химиялық қауіпсіздік;

г) радиациялық қауіпсіздік;

д) биологиялық қауіпсіздік;

е) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік.
БЕЛГІҮШІН

ӘОЖ 796/799 МСЖ 91.040.10
Түйінді сөздер: спорт құрылысы, тау шаңғысы трассалары, оқ ату тирлары, есу базалары, алаңдар мен алаңқайлар, кешенді алаң, кедергілерден өту жолағы, спорт аренасы, футбол-жеңіл атлетика стадиондары.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет