«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру»


«Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру» дәрістер желісі



жүктеу 2.77 Mb.
бет3/11
Дата07.05.2019
өлшемі2.77 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру» дәрістер желісі
Тақырып № 1 Салықтың мәні, салық салу механизмі

Қаралатын сұрақтар:

1 Салық механизімігің құрамындағы элементтер

2 Салықтың негізгі қағидалары

3 Салықтың жіктелуі
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады.

Салық салу элементері мыналар:



  • субъект;

  • объект;

  • салық көзі;

  • салық ставкасы;

  • салық өлшем бірлігі;

  • салық оклады;

  • салық жеңілдіктері;

  • салық төлеу мерзімі мен тәртібі;

  • салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері;

  • салық төлеуін бақылау;

  • салықтық жазалау шаралары.

Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Салық төлеуші (субъект) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

Қазақстанда салық төлеушілер:


  • резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.

Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген тауарлық-материалдық игіліктер.

Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.

Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.

Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.

Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.

Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі.

Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.

Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.

Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Салық төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

Салық төлеу тәртібі белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеушілердің құқығы:


  • қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу;

  • салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;

  • салық бақылауы нәтижелерін алу;

  • салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;

  • жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы көшірме алу;

  • Салық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;

  • салық құпиясының сақталуын талап ету;

  • салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.

Салық төлеушінің міндеттері:

  • салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;

  • салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамау;

  • нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;

  • салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс ету;

  • сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу.

Салықтың жіктелуі



Белгісі

Салық түрі

Қысқаша сипаттамасы

Салықтарды пайдалану сипаттамасына байланысты

Жалпы

Салықтардың бюджеттің басқа кірістерімен араласып жұмсалуы

Мақсатты

Нақты шараларды пайдалану үшін қолданылады

Салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы бойынша

Тікелей

Салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады

Жанама

Тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді

Салықтарды өндіріп алу органдарына байланысты

Республикалық

Мемлекет табысы болып саналатын салықтар

Жергілікті

Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салықтар

Салықтарды төлеу формасына байланысты



Ақшалай

Ақшалай формада төленетін салықтар

Натуралды

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінде белгіленген, кен өнімдерінің үлесі ретіндегі салықтар

Субъекті бойынша



Заңды тұлғалар

Субъектісі болып заңды тұлғалар, резидент және резидент емес, тұрақты мекемелердің корпорациялық салығы

Жеке тұлғалар

Жеке тұлғалармен төленетін жеке салықтар

Объектілердің экономикалық белгілері бойынша

Табысқа салынатын

Кез-келген салық субъектісінің табысынан алынатын салықтар

Тұтынуға салынатын

Тауарлар мен қызметтерді тұтынғаны төленетін шығын салықтары

Бюджеттік реттеу құралы ретінде



Бекітілген

Бюджеттің белгілі түрінің табыс көзі ретінде заңға сәйкес бекітілген салықтар

Реттеуші

Жыл сайынғы бекітетін бюджет процессінде жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке оны теңестіру мақсатында берілетін салықтар

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты


Кадастрлік


Салықтарды есептеу және өндіріп алу салық объектілерінің тізімдемесі негізінде, олардың нақты табыстарын есепке алмай, көрсетілген табыс нормасымен жүзеге асырылады.





Декларация бойынша


Салық төлеуші табыс көлемін, қажетті жеңілдіктері мен шегерімдерін көрсетеді және салық сомасын есептейді.





Табысты алу көзінде


Табысты алған жерде салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтерімен сол жерде есептеліп, төленеді.




Патент негізінде

Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі қызмет түріне патент енгізуінде.

Салықты төлеуді бақылау – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақтылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.

Салық қызметі органдарының міндеттері:



  • салық төлеушінің құқықтарын сақтау;

  • мемлекет мүддесін қорғау;

  • салық төлеушілердің міндеттемелерін дұрыс орындауын және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын толық әрі уақытылы аударуын бақылау;

  • салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін жүргізу;

  • салық тексерулерін нұсқама бойынша жүргізу;

  • салық құпиясын сақтау;

  • салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану;

  • мемлекет меншігіне айналған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, өткізу және оны өткізуден түскен түсімнің бюджетке толық әрі уақытылы түсуін бақылау.

Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.

Салық қызметі органдарының негізгі құқықтары:



  • Салық Кодексіне сәйкес кесімдік-құқықтық актілерді жасау және бекіту;

  • өз уәкілеттігі ауқымында салық міндеттемелерінің туындауы, атқарылуы және тоқтатылуына байланысты түсініктеме беру;

  • салықтық бақылау жүргізу;

  • ҚР Заңнамасында бекітілген талаптарды сабақтай отырып салық төлеушінің салық міндеттемесімен байланысты ақша қаражаттарының құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарды, есептерді, сметаларды, қолма-қол ақшаны, бағалы қағаздарды, есеп айырысуларды, декларацияларды және өзге де құжаттарды тексеру;

  • Салықтық тексеру барысында салық заңдылықтарын бұзушылықтарды растайтын құжаттарды тәркілеу;

  • ҚР үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық төлеушіден электрондық құжаттарды алу;

банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан салық төлеушінің банк шоттарының нөмірін, ондағы ақша қозғалысы мен қалдық туралы мәліметтер алу, т.б.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1 ҚР Салық кодексі.

2 «ҚР кеден ісі туралы»

3 «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

4 «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

5 «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

6 «ҚР Жер туралы» заң

Қосымша әдебиеттер

Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.

7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002

8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с

9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.

10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет

11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.

12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.


Семинар сабағының жоспары:

Тақырып № 1 Салықтың мәні, салық салу механизмі

1 Қаралатын сұрақтар:

1 Салық механизімігің құрамындағы элементтер

2 Салықтың негізгі қағидалары

3 Салықтың жіктелуі


2 Тест сұрақтары:

1Салық төлеуші

А) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, ақшалай операциялар, т.б.

Б) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің иесі

В) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі мемлекет

Г) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі комитет

Д) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды және жеке тұлға


2Салық объектісі

А) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, ақшалай операциялар, т.б.

Б) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды тұлға

В) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болмайтын табыс, мүлік, ақшалай операциялар, т.б.

Г) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын дотациялар т.б.

Д) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын несиелер, мүлік, ақшалай операциялар



3Салық көзі

А) салық салынатын мүлік Б) салық салынатын табыс В) салық салынатын бағалы қағаз

Г) салық салынатын жер құны Д) салық салынатын айырбас құралы

4Салық ставкасы

А) жалпы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері

Б) жеке өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері

В) ) бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері

Г) арнайы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері

Д) есептелген өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері



5Салық ставкасының берілу түрлері

А) тұрақты немесе пайыздық, сапалық Б) тұрақты немесе пайыздық, сандық

В) тұрақты немесе пайыздық, мөлшерлік Г) тұрақты немесе пайыздық, көлемдік Д) тұрақты немесе пайыздық

6Пайыздық салық ставкасының түрлері

А) прогрессивтік, пропорционалдық, регресивтік Б) тұрақты немесе пайыздық

В) бір және екі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері Г) прогрессивтік, тұрақты Д) тұрақты пропорционалдық, регресивтік

7Прогресивтік салық ставкасы

А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады

Б) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады

В) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес салық ставкасының төмендеуі

Г) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Д) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты тағайындалады



8Пропорционалды салық ставкасы

А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады

Б) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес салық ставкасының төмендеуі

В) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Г) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады

9Регрессивті салық ставкасы

А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады Б) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты тағайындалады

В) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Г) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады

Д) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес салық ставкасының төмендеуі

10Тұрақты салық ставкасы

А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады Б) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес салық ставкасының төмендеуі

В) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Г) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады

Д) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі

11Салық өлшем бірлігі

А) салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы

Б) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты

В) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Г) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі

Д) заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату



12Салық оклады

А) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Б) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты

В) заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату

Г) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі

Д) салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы



13Салық жеңілдіктері

А) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Б) заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату

В) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты

Г) мүлікті тексеруге жол беруге

Д) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі



14Салық төлеу мерзімі

А) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді

Б) салық міндеттемелерін дер кезінде орындауы

В) заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату

Г) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі

Д) Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты



15Салық төлеушінің құқығы

А) салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс етуге

Б) салық міндеттемелерін дер кезінде орындауға

В) салық қызметкерінің заңды қызметіне кедергі жасамауға

Г) салық бақылауы нәтижелерін алуға, салық құпиясының сақталуын талап етуге

Д) мүлікті тексеруге жол беруге


Тақырып № 2 Салық жүйесі, даму кезеңдері

Қаралатын сұрақтар:

1 Салық жүйесі және оның даму кезеңдері

2 Қабылданған салық кодексіне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлері
Салық жүйесін мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығын құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шараларды толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.



  • 1 кезең (1992-1995 ж.ж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;

  • 2 кезең (1996-1998 ж.ж) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды анықтау;

  • 3 кезең (1998-2000 ж.ж) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру;

  • 4 кезең (2001-2002 ж.ж) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды;

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған ҚР Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізінде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.

Осы Заң бойынша алғаш рет ҚРда 42 салықтың түрі қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:

- жалпы мемлекеттік салықтар - 10;

- міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар - 11;

- жергілікті салықтар мен алымдардың түрлері – 18 түрі.

Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылғын құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.

Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі, т.б. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады. Қазақстан үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады.

Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып ҚР Президентінің 24.04.95 ж. қабылдаған «Салық және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы табылады. Ол 1995 ж. 1-шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілінше жақындатылды.

1999 жылы салық жүйесі 5 рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап ҚРда 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде ҚРда қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.

Қазірде ҚРда мынадай салықтар мен міндетті төлемдер қызмет атқарады:



  • корпарациялық табыс салығы;

  • жеке табыс салығы;

  • қосылған құн салығы;

  • акциздер;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;

  • әлеуметтік салық;

  • жер салығы;

  • көлік құралдары салығы;

  • мүлік салығы;

Алымдар:


  • заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • жеке кәсіпкерлерді тіркегені үшін алым;

  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиеліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • кемені немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

  • автокөлік құралдарының ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алым;

  • аукциондардан алынатын алым;

  • жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымы;

  • телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;

  • жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды үшін төлемақы;

  • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

  • қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы;

  • мемлекеттік баж;

  • консульдік алым;

  • кеден төлемдері;

ҚР салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі.

Салық қызметі органы ҚР Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.

Қаржы Министрлігінің салық комитеті салықтар және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін және салық қызметі органдарын басқаратын орталық атқарушы орган болып табылады. Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органдарына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.


Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1 ҚР Салық кодексі.

2 «ҚР кеден ісі туралы»

3 «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

4 «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

5 «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

6 «ҚР Жер туралы» заң

Қосымша әдебиеттер

Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.

7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002

8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с

9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.

10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет

11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.

12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет