«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру»



жүктеу 2.77 Mb.
бет6/11
Дата07.05.2019
өлшемі2.77 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі


Жер салығын есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауы кезінде заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдерді есептеуге арналған жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін жасау тәртібін айқындайды. 701.01 – нысанын салық төлеуші әрбір жер теліміне жасайды.

Есепті жасау кезінде :

Қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана толтырады.

Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. +, /, %, Z белгілері пайдаланылмайды.

“Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:


  1. салық төлеушінің тіркеу нөмірі

  2. есп берілетін салық кезеңі

  3. құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе салық төлеушінің аты жөні

  4. есеп түрі

егер есеп берілсе алғаш рет – “бастапқа” тор көз белгіленеді, қалған жағдайларда – “кезекті” тор көз белгіленеді.

“Алғашқа төлемдерді есептеу” бөлімінде



  1. 701.01.001 жолынжа жер салығының салық салу объектісі болып табылатын жер телімінің атуы, орналасқан жері көрсетіледі

  2. 701.01.002 жолында растаушы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының ережелеріне сәйкес жер теліміне құқық туындау күні көрсетіледі. (тұрақты жер пайдалану құқығы жер теліміне меншік құқығының актісін беру күні, уақытша тегін жер пайдалану туралы шартты жасау күні, жер телімін сатып алу – сату шартын уәкілетті органда тіркеу күні жер телімін бөлу туралы жергілікті атқарушы органы шешім күні және т. б).

  3. 701.01.003 жолында растаушы қүұжаттар негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасы ережелеріне сәйкес жер теліміне құқықты тоқтату күні көрсетіледі (уақытша тегін жер пайдалану туралы шарт мерзімінің аяқталу күні, жер телімін сатып алу – шартын уәкілетті органды тіркеу күні және т. б).

  4. 701.01.004 жолында есепті салық кезеңіндегі жер телімін иелену немес пайдалану айларының саны көрсетіледі.

  5. 701.01.005 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасы ережелеріне сәйкес жер санаттары көрсетіледі. Бұл ретте, мынадай шартты белгілер пайдаланылады:

АМЖ – 1 – ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы жерлер – кәдімгі және оңтүстік, қара – каштан мен каштан топырақтар мен бірге далалық және жазықтық құрғақ даналық аймақ жерлері, сондай-ақ тау алды қара (сұрғылт-қоңыр), каштан және қара жерлердің сұрғылт жерлерімен тау алды аумақтары.

АМЖ – 2 ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы жерлер – ашық-каштан, қоңыр, сұрғылт-қоңыр, ашық срғылт жерлер және кәдімгідей мен жартылай шөлді, шөлді және тау алды шөлді аумақтарының жерлері, сондай-ақ тау – жазықтық, тау – жайылым – даналық және таулық альпілік және субальпілік топырақтарымен бірге таулы аумақтар.

ЕМПЖ – ҮҚ – үй қорындағы елді мекен пункттерінің жерлері, оның ішінде оның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен.

ЕМПЖ - үй қорындағы жерлерден басқа елді мекен пункттері, оның ішіндеоның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен.

ЕМПЖ – ҮЖЖУ – елді мекн пункттері жерлері – үй жанындағы жер учаскелері.

ӨЖ – елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері.

ӨЖ-ЕМ – елді мекендер аумағындағы орналасқан өнеркәсіп жерлері.

ЕҚТАЖ-АУМ-1 немесе ЕҚТАЖ-АУМ-2 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорлары жерлері.

ОҚЖ – ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын орман қорының жерлері.

СҚЖ – АУМ-1 немесе СҚЖ-АУМ-2 - ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорлары жерлері.

СҚЖ - ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын су қорының жерлері.


  1. 701.01.006 жолында жер телімі топырағы бонитет баллы көрсетілінеді.

  2. 701.01.007 жолында жер ьеліміне куәләндыратын құжаттарға сәйкес жер телімінің жалпы көлемі көрсетілінеді.

  3. 701.01.008 жолында “Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы заңына сәйкес қолданылатын “салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті туралы” Қазақстан Республикасы заңының 123-бабының 2-тармағының 5) – тармақшасына сәйкес жер салығы салынбайтын жер төлемінің көлемі көрсетілінеді.

  4. 701.01.009 жолында 701.01.007 және 701.01.008 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын жер салығы мен салық салынатын жер телімінің көлемі көрсетілінеді.

  5. 701.01.010 жолында жер салығының базалық ставкасы көрсетілінеді.

  6. 701.01.0101 жолында есепті салық кезеңіне жергілікті өкілетті органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын төмендету немесе көтеру мөлшері көрсетілінеді.

  7. 701.01.013 жолында тиісті салық төлеушілер үшін белгіленген коэффициент көрсетілінеді.

  8. 701.01.014 жолында 701.01.011, 701.01.012 және 701.01.013 жолдарында көзделген базалық салық ставкасын түзетумен ескеріп жер салығының ставкасы көрсетілінеді.

  9. 701.01.015 жолында есепті салық кезеңі үшін төлеуге немесе кемуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетілінеді.

  10. 701.01.016 жолында белгіленген мерзімдер бойынша төлеуге немесе кемуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетілінеді.

Мүлік салығы

Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы.

Салық субъектісі

Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

1.Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар.

2.Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

3.Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады.

4.Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Мыналар салық төлеушілер болып табылмайды:

1.ҚР Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтік шегінде салық салу объектілері бойынша біріңғай жер салығын төлеушілер.

2.Салық салу объектілері боййынша біріңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді.

3.Салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзігі асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар.

4.Мемлекеттік мекемелер.

5.Діни бірлестіктер.

Салық объектісі

1.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер салық салу объектісі болып табылады.

ҚР бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептлік туралы заңнамасында, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу стандарттарында сәйкес бухгалтерлік еспке алуда айқындалған материалдық және материалдық емес объектілер негізгі құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.

Мыналар салық салу объектілері болып табылмайды:

1.Жер салығының объектісі болып табылатын жер.

2.Көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары.

3.ҚР Үкіметінің шешімі бойынша концервацияда тұрған негізгі құралдар.

4.Жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары.

-бұрылу белдері,жолдардың конструкциялық элементтері, жол жағдайы мен оны абаттандыру, көпірлер, өткерме жолдар, виадутар, жол тарамдары, тоннельдер, қорғаныш галереялары, жол қозғалысын қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, суды бұрып жіберетін және су өткізгіш құрылыстар, жол бойындағы орман алаптары,

5.Инвестициялықжоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілетін негізгі құралдар

6.Қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түріндегі аяқталмаған құрылысобъетілері, сондай-ақ көрсетілген объектілерде монтаждауды талап ететін жабдықтар.

Салық базасы

1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады. 

      2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады. 

      3. Заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.

Салық ставкалары

      1. Заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.

      1-1. Жеке кәсiпкерлер мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейдi. 

      2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi: 

      1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, белгiленген заңды тұлғалар; 

      2) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 

      3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар; 

      4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар; 

      5) мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар. 

      2-1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.

      3. заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын (1-тармағында белгiленген) салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.

      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi. 

 Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi. 

      2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртiбi

      3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi. 

      4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. 

      5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 

      6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. 

      Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

      Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн көзделген мерзiмдерде төлейдi.  

      7. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

      Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.

      Салық кезеңiнiң iшiнде мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелер өзгерген кезде мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi мүлiк салығы төленетiн алдағы мерзiмдер бойынша тең үлестермен салық мiндеттемелерiнiң өзгерген сомасына түзетiледi.  

      8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.  

Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша салықты жеке кәсiпкер осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді. 

Салық кезеңi

      1. Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi сәйкес белгiленедi. 

      2. Заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн белгiленедi.  

Салық есептілігi

      1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi. 

      Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi

      Аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен табыс етедi.  

      2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. 

      Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi. 

      Аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi. 

      3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi. 

      4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

  Салық төлеушiлер

      1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. 

      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды: 

      1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде; 

      2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;  

      3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.  

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi  анықтау

      1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн. 

      Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады. 

      2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады. 

      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

      Салық салу объектiсi

      Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер: 

      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын ұй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, ұй-жайлар; 

      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады. 

Салық базасы

      1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады. 

      Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық тґлеуші бір жеке тўлға болған жағдайда, салық базасы јр объект бойынша жеке есептеледі.

      Салық ставкалары

      Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледi:


1) 1 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда



Салық салу объектілері құнының

0,05 проценті;



2) 1 000 000 теңгеден жоғары

- 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда



500 теңге + 1 000 000 теңгеден

асатын сомадан 0,08 процентi



3) 2 000 000-нан теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,1

процентi;


3)2 000 000-нан теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,1

процентi;


4)3 000 000 теңгеден жоғары

- 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда



2 300 теңге + 3 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,15

процентi;


5) 4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 процентi;

6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,25 процентi;



7) 6 000 000 теңгеден жоғары

- 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда




8 300 теңге + 6 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,30 процентi;



8) 7 000 000 теңгеден жоғары

- 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда


9) 8 000 000 теңгеден жоғары

- 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда



11 300 теңге + 7 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,35 процентi;

14 800 теңге + 8 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,4 процентi;



10) 9 000 000 теңгеден жоғары

- 10 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда


18 800 теңге + 9 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,45

процентi;


11) 10 000 000 теңгеден жоғары


23 300 теңге + 10 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,5

процентi;

Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiің 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

      1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік қүұқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі. 

      2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi. 

      3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi. 

      4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi. 

      5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi. 

      6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi. 

      7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. 

      8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. 

      Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi. 

      Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi. 

      9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдынғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.

      Салық кезеңi

      1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi айқындалады.

      2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.

Есептеу әдісі.

1. Мысалы жеке тұлғалардың мүлкінің құны 900 000 тг. Салық ставкасы 0,05% мүлік салығын есептеу керек

1. МС=1000000*0,05=500 тг.

2. Мысал жеке тұлғалардың мүлкінің құны 1 000 000 тг. Салық ставкасы 0,08% мүлік салығын есептеу керек

2. МС=500+(1200000*0,08)=500+160=660 тг

Көлік құралдары салығы

Салық субъектілері



  1. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар занңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салаған төлеушілері болып табылады.

    1. лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығы төлеуші болып табылады.

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;  

      1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді; 

      2) мемлекеттік мекемелер;  

      3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокґлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар; 

      4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер; 

      5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған кґп балалы аналар; 

      6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.  

      2. Мыналар:

      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;

      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Салық ставкалары


  1. Салықты есептеу айлық есептік кґрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жїргізіледі:




Салық салу объектiсi

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

Двигатель көлемi мынадай жеңiл  автомобильдер (текше см.):




1100-ге дейiн қоса алғанда                           

4,0

1100-ден жоғары 1500-ді қоса   

6,0

1500-ден жоғары 2000-ды қоса                         

7,0

2000-нан жоғары 2500-ді қоса                         

12,0

2500-ден жоғары 3000-ды қоса                         

17,0

3000-нан жоғары 4000-ды қоса                         

22,0

4000-нан жоғары  

117,0

2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):




1 тоннаға дейiн қоса алғанда                         

6,0

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса                 

9,0

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса                 

12,0

5 тоннадан жоғары                 

15,0

3. Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн

машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер


3,0



4. Автобустар:




12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда                 ,

90

12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса 

14,0

25 отыратын орыннан жоғары

20,0

5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемi 

Шағын кемелер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан артық емес)  



1,0

Мотоциклдер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан жоғары)  

10,0

6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең)




160-қа дейін қоса алғанда

6,0

160-тан жоғары 500-ді қоса

18,0

500-ден жоғары 1000-ды қоса

32,0

1000-нан жоғары

55,0

7. Ұшу аппараттары

әрбір киловат қуатта айлық есептік көрсеткіштің 4,0 пайызы

   2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, он екi айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк їшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.

      3. Егер өзгеше белгiленбесе, салық төлеудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

      ТМД елдерiнде шығарылтан автокөлiк құралдары үшiн:

      6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;

      15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;

      25 жылдан жоғары - 0,1;

      двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:

      3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;

      3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;

      4000-нан жоғары - 1,0.

      Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңiл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшiн түзету коэффициентi - 0.  

      4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

      7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;

      14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;

      20 жылдан жоғары - 0,1.

      5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

      1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:

      пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;

      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;

      1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына: 

      пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;

      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.

      6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.

      7. Көлік құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:  

      5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;

      5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;

      10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;

      20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;

      30 жылдан жоғары - 0,1.

Салықты есептеу тәртiбi  

      1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiң, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.

      Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

      2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

      1) беретiн тарап үшiн:

      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.

      3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

      1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;

      2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.

Салық төлеу мерзiмдерi 

  1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.  

      2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.

      3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.  

      4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеудi белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.

      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

 60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

Салық кезеңi

      1. Күнтiзбелiк жыл көлік құралы салығы үшiн салық кезеңi болып табылады. 

      2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады. 

      Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады. 

      3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеi болып табылады. 

Салық есептiлiгi 

      Төлеушi - заңды тұлғалар (бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ  декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнi тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.  

Есептеу әдісі

Мысал. Жеке немесе заңды тұлғаның меншігінде 1998 жылы шыққан MERCEDES BENZ G 320 маркалы автокөлігі бар. Оның двигателінің көлемі (ДК) текше см, яғни кестеде келтірілген двигательдің дөңгелектері 3000-4000 текше см ерекшеленеді.

Есептеу әдісі

Мұндағы


  • салық ставкасы (АЕК-пен) -22

  • 1030-2006 жылға белгеленген АЕК (теңгемен)

  • 199-двигательдің көлемінің (ДК) кестеде көрсетілген 3000 текше см двигатель көлемінен асуы

  • 7-асудың әрбір бірлігі үшін салық ставкасы теңгемен

  • 0,7 – пайдалану мерзімі 6 жылдан асатын шетелдік өндірістің

[(22*1030)+(199*7)*0.7]= 24053*0.7=16837 теңге
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1 ҚР Салық кодексі.

2 «ҚР кеден ісі туралы»

3 «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

4 «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

5 «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

6 «ҚР Жер туралы» заң

Қосымша әдебиеттер

Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.

7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002

8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с

9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.

10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет

11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.

12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.


Семинар сабағының жоспары:

Тақырып № 4. Резидент және резидент еместердің меншігіне салынатын салықтар

1 Қаралатын сұрақтар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет