«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру»



жүктеу 2.77 Mb.
бет9/11
Дата07.05.2019
өлшемі2.77 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Семинар сабағының жоспары: Тақырып № 6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін бюджетке аударуды ұйымдастыру

1 Қаралатын сұрақтар:

1 Жер қойнауын пайдалану құқығы

2 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері

3. Арнайы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері4. Өнімді бөлу туралы келісім-шарт


2 Тест сұрақтары:

1Үстеме пайда салығын төлеушілер

А)пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жеке кәсіпкерлер

Б)пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалар

В)қызметін тұрақты мекеме арқылы емес жүзеге асыратын резидент еместер

Г)қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер

Д)жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші үлгісі бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар



2 Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарты бойынша қызмет көрсеткен кездегі залалы мынадай мерзімдерге ауыстырылады

А) 5жыл Б) 7 жыл В) 3жыл Г) 2 жыл Д) 1 жыл


Тақырып № 7. Ойын бизнесі салығын бюджетке аударуды ұйымдастыру
Қаралатын сұрақтар:

1 Ойын бизнесі салығын төлеушілер

2 Ойын бизнесі салығының ставкалары
Ойын бизнесі салығы (Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 220 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

           Төлеушілер       



  1. казино;

  2. ойын автоматтары залы;

  3. тотализатор;

  4. букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектілері

      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:


      1) ойын үстелі;

      2) ойын автоматы;

      3) тотализатор кассасы;

      4) букмекер кеңсесінің кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.       

      Салық ставкалары

      Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесі салығын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

      ойын үстелі - тоқсанына 2 500 айлық есептік көрсеткіш;

      ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептік көрсеткіш;

      тотализатор кассасы - тоқсанына 375 айлық есептік көрсеткіш;

      букмекер кеңсесінің кассасы - тоқсанына 225 айлық есептік көрсеткіш.

Салық кезеңі

      Ойын бизнесі салығын есептеуге және төлеуге арналған салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Салықты төлеу тәртібі мен мерзімі

      1. Салық кезеңі ішінде төленуге тиісті ойын бизнесі салығы Кодекстің 367-2-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.

      2. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиіс.

      Салық есептілігін табыс ету

      Салық төлеушілер салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша салық органдарына ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

      1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледі.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі кірістің шекті мөлшері:
      казино қызметінен - 135 000 айлық есептік көрсеткішті;

      ойын автоматтары залы қызметінен - 25 000 айлық есептік көрсеткішті;

      тотализатор қызметінен - 2 500 айлық есептік көрсеткішті;

      букмекер кеңсесі қызметінен - 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

      1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен сомасына отыз процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей төленуге тиіс.

      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.


  1. Әдебиеттер және оқу құралдары

  2. Негізгі және қосымша әдебиет

  3. Қазақстан Республикаларының Конституциялары

  4. ҚР азаматтық кодексі

  5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)

  6. «ҚР кеден ісі туралы»

  7. «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

  8. «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

  9. «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

  10. «ҚР Жер туралы» заң

  11. 07.07.1997ж. «ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың басымдығы мен аймақтық бағдарламалары туралы» Президент жарлығы

  12. ҚР ормандық кодексі

  13. ҚР су кодексі

  14. 2001 жылдың 1 қыркүйек айындағы №1306 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп пен декларацияларды құрастыру ережелері

  15. «Қаржы» оқулығы, Мельников В.Д., Алматы 2001ж.




  1. Оқу және анықтамалық әдебиеттер

  2. «Салық салу негіздері» оқу құралы (екі тілде), автор А.С. Бекболсынова

  3. «Салық салу» оқу құралы. Ермекбаева Б.Ж. Алматы 2001 ж.


Семинар сабағының жоспары:

Тақырып №7. Ойын бизнесі салығын бюджетке аударуды ұйымдастыру

Қаралатын сұрақтар:

1 Ойын бизнесі салығын төлеушілер

2 Ойын бизнесі салығының ставкалары

2 Тест сұрақтары:


  1. Ойын бизнесі салығын төлеушілер       

а)казино қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

б) ойын автоматтары залы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

в) тотализатор қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

г) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

д) барлық жауап дұрыс.
3 Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмыстарының тақырыптары:

СӨОЖ N1 Табу керек: Ойын бизнесі салығы соммасын:

Кәсіпкерде 5 ойын үстелі мен 3 ойын автоматы болған жағдайда.

СӨОЖ N2 Табу керек: Ойын бизнесі салығы соммасын:

Кәсіпкердің табысы 135 000 айлық есептік көрсеткішті 20000 теңге асқан жайдайда.
Тақырып № 8 Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығын бюджетке аударуды ұйымдастыру

Қаралатын сұрақтар:

1 Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығын объектілері мен субъектілері

2. Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығы ставкалары


Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.

      Салық салу объектiсi

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.

 Есептеу тәртiбi және салық ставкалары

      Есептеу тәртiбi

      1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.
      Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:
      а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiне ақы төлеу;
      б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;
      в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.
      2. Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.
      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
                 рента салығының ставкалары

      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:


____________________________________________________________________
          Нарықтық бағасы                         |    Ставкасы
__________________________________________________|_________________
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем                0 процент
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн        1 процент
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн        4 процент
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн        7 процент
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн       10 процент
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн       12 процент
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн       14 процент
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн       16 процент
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн       17 процент
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн       19 процент
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн       21 процент
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн       22 процент
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн       23 процент
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн       25 процент
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн       26 процент
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн       28 процент
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн       29 процент
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн       30 процент
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн       31 процент
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам             33 процент
__________________________________________________________________
Салық кезеңi, төлеу мерзiмдерi және салық декларациясы

       Салық кезеңi

      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

      Төлеу мерзiмдерi

      Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

       Салық декларациясы

      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей берiледі.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1 ҚР Салық кодексі.

2 «ҚР кеден ісі туралы»

3 «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

4 «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

5 «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

6 «ҚР Жер туралы» заң

Қосымша әдебиеттер

Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.

7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002

8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с

9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.

10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет

11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.

12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.


Семинар сабағының жоспары:

Тақырып № 8 Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығын бюджетке аударуды ұйымдастыру


Қаралатын сұрақтар:

1 Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығын объектілері мен субъектілері

2. Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығы ставкалары


2 Тест сұрақтарына жауап беру:

1 Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсаты салық салу объектiсi:

А) Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi

В) Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатыны С) төлеушілер D)ЖТС төлеушілер Е) КТС төлеушілер





Тақырып № 9 Мемлекеттік бажды бюджетке аударуды ұйымдастыру

Қаралатын сұрақтар:

1 Мемлекеттік баж объектілері мен субъектілері

2. Мемлекеттік баж ставкалары

3 Мемлекеттік бажды төлеу мерзімі

4 Консульдық алым
Мемлекеттік баж обьектілері

Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;

3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;

4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;

5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;

8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін;

14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік баж ставкалары

Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:

1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi;

2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;

3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;

4) салық тексеруi актiлерi бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:

жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы соманың 0,1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы соманың 1 процентi;

5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.

6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан;

7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;

8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;

8-1) аралық соттар шешiмдерiн, төрелiктiң шешiмдерiн жою туралы өтiнiштерден:

жеке тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 1 процентi;

заңды тұлғалар үшiн - талап арыз сомасының 3 процентi;

9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;

9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;

10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;

11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;

12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.

Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;

құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент;

басқа адамдарға - 300 процент;

құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;

басқа адамдарға - 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;

2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;

басқа адамдарға - 70 процент;

3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;

басқа адамдарға - 500 процент;

4) жалға беру, қарыз (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiм-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;

4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;

5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;

6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр куәлiкке 100 процент;

7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;

8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;

9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;

10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;

11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;

13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;

14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):

жеке тұлғаларға - 5 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 3 процент;

заңды тұлғаларға - 10 процент;

16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;

17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;

18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;

19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):

жеке тұлғаларға - 10 процент;

заңды тұлғаларға - 50 процент;

20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;

21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;

22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;

23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;

24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.

Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;

3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;

сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;

4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;

осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;

5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;

6) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;

7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.

Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:

1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:

Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;

2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;

6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн мемлекеттiк баж алынады.

Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:

1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;

2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;

3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;

4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1500 процент;

5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.

 Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:

1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;

2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;

2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;

3) мыналарды бергенi үшiн:

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі- 400 процент;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;

4) мыналарды бергенi үшiн:

заңды тұлғаларға:

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;

жеке тұлғаларға:

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;

5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;

6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент;

7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;

8) мыналар үшін:

жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;

көлік құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;

автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;

мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттiк тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;

көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент;

9) мыналарды бергенi үшiн:

тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;

тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;

тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттік баж төлеуден босату

Соттарда:

1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;

2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;

3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;

4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;

7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;

8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;

9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөнiндегi талап қоюлар бойынша;

10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;

11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;

13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;

14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:

іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;

шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;

шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы;

талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;

жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;

апелляциялық шағымға қосылу туралы;

сондай-ақ:

сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;

соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;

соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;

15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;

16) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;

17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;

18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;

19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;

20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;

21) ерiксiз таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - берешектi өндiрiп алу туралы және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша;

22) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:

бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;

мүлікті өндіріп алу туралы;

борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы;

23) конкурстық басқарушы - банкроттық туралы заңда көзделген өз құзыретiнің шегiнде конкурстық iс жүргiзу мүддесiмен талап қоюды беру кезiнде талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:

1) жеке тұлғалар - өздерiнің, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;

2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

3) жеке адамдар - оларға мұраға құқық туралы куәлiктер берiлгенi үшін:

Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;

егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайы;

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi, мемлекеттiк заемдардың облигациялары, еңбекке төленетiн ақы, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары;

ақталған азаматтардың мүлкi;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтардағы мүгедектер - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

5) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш берген кезiнде;

6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;

7) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

8) заңдарда белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

9) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариалдық iс-әрекет бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтардағы мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайталап берілгенi үшін;

2) жеке адамдар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер бергенi үшiн;

3) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктер қайталап немесе алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке адамдар - бала асырап алу мен әкелiктi анықтауға байланысты актiлер жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мыналар:

жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;

оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

Қазақстан Республикасынан кету жөнiндегi iстер бойынша мыналар:

1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасына келу жөнiндегi iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;

3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;

4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерімен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

 Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:

1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;

3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;

4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мыналардан:

3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс ету кезiнде;

4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;

5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі

Мемлекеттiк баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.

Мемлекеттiк баж:

1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;

2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;

3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;

4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін;

6-1) жүргізуші куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық көлік құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;

7) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

8) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін;

12) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның алдын ала патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

Мемлекеттiк баж соған уәкiлеттік берілген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.

Төленген мемлекеттiк баж:

1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.

Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.

Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.

Консулдық алым

Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттiк баж түрi.

Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:

1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;

2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;

4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;

5) құжаттарды талап ету;

6) құжаттарды заңдастыру;

7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;

8) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.

Консулдық алым:

1) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;

2) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.

Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.

Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.

Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртiбiн, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.

Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.


  1. Әдебиеттер және оқу құралдары

  2. Негізгі және қосымша әдебиет

  3. Қазақстан Республикаларының Конституциялары

  4. ҚР азаматтық кодексі

  5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)

  6. «ҚР кеден ісі туралы»

  7. «ҚР бюджеттік жүйе туралы»

  8. «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң

  9. «ҚР Ұлттық банк туралы» заң

  10. «ҚР Жер туралы» заң

  11. 07.07.1997ж. «ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың басымдығы мен аймақтық бағдарламалары туралы» Президент жарлығы

  12. ҚР ормандық кодексі

  13. ҚР су кодексі

  14. 2001 жылдың 1 қыркүйек айындағы №1306 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп пен декларацияларды құрастыру ережелері

  15. «Қаржы» оқулығы, Мельников В.Д., Алматы 2001ж.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет