Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес инфляция 2005 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда ұлғайып, 0,9 болды



жүктеу 9.6 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі9.6 Kb.

Инфляция. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес инфляция 2005 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда ұлғайып, 0,9 % болды (2005 жылғы қарашада – 0,6%). Азық-түлік тауарлары 1,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%, ақылы қызмет көрсету 0,3% қымбаттады.

2005 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының ішінде бағалардың ең көп өсуі жұмыртқаға – 5,5% тіркелді. Сонымен бірге жеміс пен көкөніс – 4,7%, сүт және сүт өнімдері – 2,6%, балық және теңіз өнімдері – 1,6%, ет және ет өнімдері – 0,7% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензинге – 0,9% бағалардың төмендеуі тіркелді. Сонымен бірге киім – 1,1%, аяқ киім – 0,9%, тұрмыстық заттар - 0,9%, жеке гигиена тауарлары – 0,6%, маталар – 0,4%, жиһаз және үйге керекті заттар – 0,3% қымбаттады.

Газбен жабдықтаудың 0,8% және тұрғын үйді ұстаудың 0,2% бағалардың өсуі нәтижесінде 2005 жылғы желтоқсанда тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет көрсету бағасы 0,2% қымбаттады. Сондай-ақ бағалардың өсуі мәдениет мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,7%, денсаулық сақтау қызметі 0,4%, көлік қызмет көрсетуі 0,3%, білім беру мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,2% белгіленді.



2005 жылғы желтоқсанда инфляция жылдық көрсетуде 7,5% (2004 жылғы желтоқсанда – 6,7%) болды, азық-түлік тауарлары – 8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызмет көрсету 8,0% қымбаттады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет