Ќазаќстан Республикасыныѕ Су Кодексі



жүктеу 1.49 Mb.
бет1/9
Дата27.12.2017
өлшемі1.49 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Су Кодексі

(2003 ж. 9 шілде № 481-ІІ)

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен    (бұр. ред. қара); 2009.10.07  № 180-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұн өзгертілді



1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

5-бап. Су объектiлерi

6-бап. Су ресурстары

7-бап. Су қорының жерлерi

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар

 

2-тарау. Су қатынастары объектілері



11-бап. Су қатынастары объектiлерi

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

13-бап. Жер асты су объектiлерi

14-бап. Теңiз сулары

15-бап. Трансшекаралық сулар

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

 

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы.Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар



3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

23-бап. Су сервитуты

 

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар



24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

 

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу



5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi

 

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен  қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті



36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

37-бап Уәкiлеттi органның құзыретi

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

 

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы  бассейндік басқару



40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы

42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер

43-бап. Бассейндiк кеңес

 

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы  мемлекеттік жоспарлау



44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi

45-бап. Су шаруашылығы баланстары

46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

 

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама



48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

49-1-бап. алып тасталды

49-2-бап. алып тасталды

49-3-бап. алып тасталды

50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк сараптама

 

10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның  жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар



55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөнiндегi талаптар

57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу

 

11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің



мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды , сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу

59-бап. Мемлекеттiк су кадастры

60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi

61-бап.Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

 

12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық бірлестіктердің қызметі



62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi

 

4-Бөлім. Су пайдалану



13-тарау. Су пайдалану құқығы

64-бап. Су пайдалану түрлерi, су пайдалану құқығының туындауы

65-бап. Ортақ су пайдалану

66-бап. Арнайы су пайдалану

67-бап. Оқшау су пайдалану

68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi

73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу

75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату

76-бап. алып тасталды

 

5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру



14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары

77-бап. Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдары

78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары

79-бап. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдары

80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар

 

15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау



81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау

82-бап. Су пайдалану лимиттерi

83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету

84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi

85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау

86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптар

87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар

88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу

89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану

 

Ерекше бөлік



 

6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану

16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық  сумен жабдықтау

90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану

91-бап. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау

92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау

 

17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және  рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану



93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану

94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

 

18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын  ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану



95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау

96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум

97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату

98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу

99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары

100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi

101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi

102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару

 

19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы  құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика  үшін пайдалану



103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану

104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

 

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке  қарсы мұқтаждар үшін пайдалану



105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану

106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

 

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы  құрылыстарын балық және аңшылық  шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану



107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану

 

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану



109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану

110-бап. Су қоймаларын пайдалану

111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

 

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың  зиянды әсеріне қарсы күресу



23-тарау. Су қорғау қызметі

112-бап. Су объектiлерiн қорғау

113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау

114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау

115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау

116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi

117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары

118-бап. Су объектiлерiндегi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары

119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаске­лерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау ай­мақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау

120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

 

24-тарау. Шағын су объектілері және  оларды қорғау ерекшеліктері



121-бап. Шағын су объектiлерi

122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

 

25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою



123-бап. Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттерi

124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi

 

26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен  белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі



125-бап. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындарды, объектiлердi және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру шарттары

126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

 

8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су  объектілеріндегі шаруашылық қызметті  құқықтық реттеу ерекшеліктері



27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы  бар су объектілері

127-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi

128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

129-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар

130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

131-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы

 

9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің  экономикалық тетігі



28-тарау. Су пайдалануды реттеудің  экономикалық әдістері

132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi

133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

135-бап. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi инвестициялық саясаттың принциптерi

136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру

 

10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының  Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық



29-тарау. Су дауларын шешу

137-бап. Су даулары

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару

 

30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық



139-бап алып тасталды

140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

 

11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық



31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану  және қорғау

141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары

142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi

144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi

145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу

 

32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер



145-1-бап. Өтпелі ережелер

146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

бүкіл мәтін бойынша:

"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның" , "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен" , "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға"  деген сөздер тиісінше  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға"

 деген сөздермен ауыстырылды;

"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиісінше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға"  2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  деген сөздермен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)

 

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган» , «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның» , «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға»  «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда»  деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган» , «уәкілетті органмен» , « уәкілетті органның» , « уәкілетті органға»  « уәкілетті органда»  деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)



 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2007.19.12. № 11-IV ҚР Заңымен  1-бап өзгертілді; 2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07  № 180-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ағын су – ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;

2) акватория – табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;

3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері – су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;

4) басқарудың бассейндік принципі – өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;

5) гидромелиорациялық жүйе – жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;

6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар – ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

7) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;

8) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;

9) жағалау жиегі – су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;

10) жер асты суларының бассейні – жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;

11) жер асты суларының көздері мен учаскелері – шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;

12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары – өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;

13) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

14) қайтарымды сулар – суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;

15) құбырлы сүзгіш құдық – су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;

16) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;

17) минералды жерасты сулары – өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;

18) өзендерге теңестірілген каналдар – суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;

19) өндірістік-техникалық жерасты сулары – өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;

20) санитарлық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;

21) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;

22) суару каналы – суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;

23) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

24) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;

25) су бөлу орны – су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;

26) су жинау алаңы – шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;

27) су жіберу – ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгілдеп беру;

28) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;

29) су қорғау белдеуі – шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр аумақ;

30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

31) су қорының жерлері:

су объектілері (өзендер және соларға теңесті­ріл­ген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздық­тар, батпақтар) және су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер;

су объектілерінің су қорғау белдеулеріне бөлініп берілген жерлер;

ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;

32) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

33) сулардың зиянды әсері – су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатеріне негіз болған сулардың өзге де теріс әсер етуі;

34) сулы-батпақты алқап – батпақты, фенді, шымтезекті пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;

35) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері – басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Yкіметі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері;

37) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

38) cу объектілерін қорғау – су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;

39) су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;

40) су объектісінің бассейні – гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;

41) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;

42) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

43) су режимі – су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;

44) су сервитуты – су объектісін шектеулі пайдалану құқығы;

45) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

46) су торабы – бір тұстамада орналасқан әртүрлі мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы;

47) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

48) су үнемдеу – су ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

49) су шаруашылығы – су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;

50) су шаруашылығы жүйесі – өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;

51) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі – су шаруашылығы жүйелері, құрылыстары элементтерінің адамдардың өмірін, денсаулығын және заңды мүдделерін, қоршаған табиғи орта мен шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері;

52) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары авариялары туындауының алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

53) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдері – су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары аварияларының туындау қатерінің жол берілетін деңгейіне сәйкес келетін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жай-күйінің техникалық көрсеткіштерінің және оларды пайдалану шарттарының шекті мәні;

54) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;

55) су шаруашылығы ұйымдары – қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

56) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектері мен кешендері – тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;

57) трансшекаралық әсер – табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немесе ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар;

58) тұстама – су торабының құрылыстары орналасқан өзен учаскесі;

59) шахта құдығы – сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;

60) шегендеу құрылысы – табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары



1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi



2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен   2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 

2) су қатынастарын  , сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;



2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың , сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;



2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  5) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;



2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  тармақ 6) тармақшамен толықтырылды

6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;



2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  тармақ 7) тармақшамен толықтырылды

7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры



Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

 

5-бап. Су объектiлерi



Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

 

6-бап. Су ресурстары



Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.

 

7-бап. Су қорының жерлерi



2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара)

1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.

2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.

4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.

 

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы



1. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.

2. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

3. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi



Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:

1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;

2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;

4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;

5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;

6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;

9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.

 

2009.12.02  № 132-IV ҚР Заңымен  10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет