Қазақстан республикасының ТӘуелсіздігіне 20 жыл қазақстан



жүктеу 89.62 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі89.62 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ



Қазақстан

Еліміз бар,жеріміз бар,

Жер астында кеніміз бар.

Халқымыз да, көп ұлтты,

Бүгін де олар бақытты.
Күн өткен сайын көркейіп,

Гүлдене бер, Қазақстан.

Осындай елде туған біз,

Ең бақытты баламыз.


Елтаңба,Туымыз бар,

Әнұран үніміз бар.

Егеменді Қазақстан,

Әлем сені таныған.



Азим Қасымбаев,

2 «а» сынып оқушысы

Туған жер

Туған жерім – елдігім,

Туған жерім тірегім.

Тәуелсіздік - ерлігім

Сен деп соғар жүрегім .
Сүйемін өз елімді,

Туып өскен жерімді.

Отанды мен қорғайтын

Азамат болам сенімді.



Омар СҮЛЕЙМЕНОВ,

4 «в» сынып оқушысы



Мен және Туелсіздік.

Менің Отаным Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл. Мен Қазақстанда Павлодар қаласында туып өстім. Ол әдемі қала. Қазақстан өте әдемі ел. Біздің Қазақстан өркендеп, әртүрлі мешіттер, ғимараттар салынып жатыр. Қазақстанда 2011 жылы Азиада болды. Әртүрлі спорттық сайыстар тамаша ұйымдастырылды.

Мен 5 жастан мәнерлеп сырғанаумен айналысамын. Менде медальдар және грамоталар көп. Біз Адриенко Оксана Анатольевна – біздің жаттықтырушымызбен Қазақстан қалалары мен Ресей бойынша барамыз. Біз Астанада , Алматыда , Суздалде, Мәскеулерде болдық. Мен мамырда 2010 жылы «Хрусталь жұлдызшалары» атты мәнерлеп сырғанау бойынша ашық біріншілікте үшінші орын алып, Ресейдегі Владимир қаласына бардым. Мен болашақта олимпиадаға қатысып, жүлдегер болуды армандаймын. Мен Алматы қаласында 2011 жылы мамыр айында өткен жарыста үшінші орын алдым. Павлодарда қараша айында өткен жарыста бірінші орын алдым.

Осы жетістіктерімді Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаймын.



Альбина УМАШЕВА, 2 «а» сынып оқушысы.

Туған жер

Туған жер өз үйімізден басталады.Әр адам өз туған жерін құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер оның Отаны болып саналмайды. Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны түсінде де көреді.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды дана халқымыз жайдан жай айтпаған болар.

Айбота МҰХАМЕТЖАНОВА, 7 «а» сынып оқушысы.

Тәуелсіздік шежіресі.

Қала бойынша ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шыңы - 20 жұлдызды күн» атты шараға мектебіміз оқушылары да қатысып, өз үлесімізді қостық. Сыныпта «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағатын өткіздік. Сынып сағатында интербелсенлі тақтаны пайдаланып «Тарихынды таны» атты бірінші бөлімінде елімізідң 20 жылда жеткен жетістіктерін слаид арқылы көріп, оқушылар тақпақтар оқыды. Екінші бөлімінде сынып сағатына қатысқан қонақтардан «Келешекте Қазақстанымыз қандай болады?», «Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұл-қыздары қандай болады деп ойлайсыз?»деген сұрақтарға жауап алып, пікір алмастық. Осы бөлімде әр оқушының өз қолдарымен жасаған заттардан көрме ұйымдастырып, қонақтарға көрсеттік. Құркүйектен бастап осы мерекеге арнап жинаған материалдарымызбен таныстырып, әр оқушы өзінің Тәуелсіздікке арналған өлең тақпақтарын әңгімелерін оқып, ребус, сөзжұмбақтар шешіп, өз білімімізді көрсеттік. Сынып сағаты өте мазмұнды, қызықты өтті. Сынып сағатынан алған әсерімізбен бөлістік, қонақтар бізге ақ ниеттерін білдіріп, алғыстарын айтты.



Қайдар МЕРЕЙ, 2 «г» сынып оқушысы.

Ұстаз

Дана нағыз мұғалім

Айтқан сөзін ұғамын

Ақылдысың мұғалім

Өзіңді үлгі тұтамын
Сырымды менің білесің

Қамқоршы боп жүресің

Мұңайсақ сен де мұңайып

Қуансақ бірге күлесің


Құрметтеймін өзіңді

Әрбір айтқан сөзіңді

Шәкірт сүйген ұстаздай

Болсам деймін төзімді



Мадина ҚАЙЫРБАЕВА , 5 «а» сынып оқушысы
Ұстаз ұлағаты

Әр адам өсіп, есі кіре бастағаннан кейін дүниені танып білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы бұл дүниеден хабарсыз туған, оқи алмайтын, жаза алмайтын сәбиден ертеңінде, есейе келе оқымысты, ақылды, әлемді аузына қаратқан дана, ойшыл, ғалым да шығады. Осынау ақыл толықтырып, білімін шыңдау жолында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді.Ол- өмірінің тең жартысын білім беруге жұмсаған ұстаз. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірін азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры, әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін ұстаз. Ұстаз – озық ойлы тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Адамды білімге, адамгершілікке, адамдыққа үйрететін адам – ұстаз. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым сондай бір тебіреніспен еске алған. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын Аристотельді, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім Абайды, Бердақ Күнқожаны, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Мен де өз ұстаздарымнан білім алам, өмірдегі жақсы,жаманды айырып,сабақ аламын.Мен оларды барынша құрметтеймін. сыйлаймын, барлығына рахметімді айтамын. Олар бізге таза ниетпен білім береді. Жаман қылықтарымызға қарамай барынша білім алуымызға, адам болуымызға көмектеседі.Ұстаздарымның үмітін ақтауға тырысамын.



Совет ДАМИР, 8 «Б» сынып оқушысы.

Театрынан қазақтың танып өмір бесігін,

Рухани байлықтың аштық біздер есігін...

Салтанат: -Біз сыныппен желтоқсанның 14-жұлдызында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ драма театрында болатын қойылымға сынып жетекшіміз Қаламқас Байдуллақызымен бірге бардық. Біз «Оян қазақ» қойылымын тамашаладық. Елі үшін, жері үшін жанын салып, барын берген ұлы тұлғаларымызбен таныстық

Гүлзада: - Қойылым өте қызхықты болды.Залдағы адамдар болса дыбыстарын шығармастан, қызықтап көріп отырды. Көріністегі Міржақып Дулатов бейнесі өте жаксы сомдалды.

Нұрислам: - Міржақып Дулатовтың сүйікті жары Ғаникамал жақсы ән сала білетінін білдік.

Меруерт: - Барлық кейіпкерлер өз рөлдерін жақсы сомдады. Сонда да маған Ғаникамал бейнесі қатты ұнады. Өйткені ол әдемі,мейірімді және қарапайым жан екен. Ол өзінің әнімен келетін адамдарды жігерлеп тұратын сияқты.

Айжан: - Ахмет Байтұрсынов өз көзімібен көргендей болдық. Оның шебер сөйлеуінен нағыз өз ұлтының жанкүері екендігі байқалды. Тағы ақынның жолдасы өзге ұлт өкілі болса да, қазақша жақсы сөйлейтінін аңғардық

Даяна: - Галачекиннің ел басқарудағы саясатының өте озбыр болғанын байқадық. Ел арасындағы жағымпазданып жүрген кейбір жандайшаптардың мінезін де көрдік. Оған кәдімгідей ренжідік.

Рахат: - Еліміздің маңдай алды азаматтары бостан босқа тұтқындалып, жазықсыздан жазықсыз атылып кеткені менің жаныма қатты батты.

Елнара: - Сондай бір сәтте қатты ашуланған Міржақып қолындағы қаламын ашумен лақтырып жібергенде, ол қалам Жәнияның дәл алдына келіп түсті. Біз оны Қаламқас Байдуллақызына бердік. Қаламды мектеп мұражайына қоямыз шештік.

Дилара: - Маған әсіресе Міржақып Дулатовтың «Ит жоқ болса, шошқа үреді» -деген мақалы ұнады. Себебі ол дәл иесіне арналып айтылған еді.

Алдияр: - Ахмет ағамен сөйлесіп отырғанда, Міржақып Дулатовты ұстап алып кісенге байлады. Кісеннен әкетіп болғанда оны ұрып тастады.

Олжас: - Міржақып Дулатов есін жимай, оның жанына бір адам келді де оған су шашып жіберді.



Ерлан: - Су шашып жіберген соң Міржақып Дулатов есін жинады. Біз алдында отырғандықтан бетімізге су тигенде, селк ете қалдық. өзімізде сол арпалыстың ішінде жүргендей болдық.

Лаура: -Оян қазақ ,оян, көзіңді аш ,ертең кеш болар! –деді ол жан даусымен. Осылайша қойылым аяқталды. Барлығы қол шапалақтады.

Жәния: - Бізге қойылым өте ұнады. Біз бүгінгі бейбіт өмірдің, тәтті балалық шақтың жайдан жай келмегеніне тағы да бір рет көз жеткіздік.

Іннәл: - Бір сөзбен айтқанда қойылым мазмұнды болды.Соңында келген қонақтар, көрермендер өздеріне ұнаған кейіпкерлеріне гүл шоқтарын сыйлады. Ал, Айгерім М\іржақып Дулатовтың рөлін ойнаған әртіске қызыл раушан гүлін сыйлады.

Айгерім: - Мен өзім сынып атынан тарту еткен гүлді табыстап жатқанда, ел қаһарманымен кездескендей болдым.

Театрдан рухани азық аласың деген сөздің мағынасын біз осы жолы жүрегімізбен түсіндік деп ойлаймын.



Айбота: - Театрды сүю үшін оған жиі келіп тұру керек екен. Бір қойылымды тамашалай отырып, бір кітапты оқып, еліміздің тарихына көз салғандай болдық. Бәрі аяталған соң әдемі көңіл-күймен өз үйлерімізге қайттық.

5 «б» сынып оқушысы.
Тыртық

(әңгіменің жалғасы)

Сол ауылда болып емдеген кезден бастап ел құлынды «Тыртық» атап кеткен. Осы ел атаған ат үшеуіне ұнамағанымен айдардай тағылып қалды.

Тыртық құнанында ауыздануға шаққан екі бөлтірікті (едәуір ересек ) таптап өлтіргенін көрген жылқышылар «мұндайды көрмегенбіз, неткен жүрек» деп елді бір дүрліктіріп ауылдың әр жиынында айтылатын әңгімеге айналған болатын. Үйірге салғаннан соң жайылымды жақсы таңдай білетіндігі тағы бір әңгіме.

Тыртық әбден толып жетіліп арқыраған айғыр болып толған кезі болатын. Біздің таныс үшеуіміз де қарулы қайратты жігіт болып жетті. Күз түсе суыр жатқалы «жаман ауыздар» ұсақ малға тиісті деген ұзын құлақтан естіліе бастады. Қалада оқуда жүрген үшеуі де биылғы «қансонар біздікі» деп бірін –бірі қолпаштап, қамданып дайындалумен болды. Әділет пен Әділ «Жайдархан» мен «Маңғазды» аталарына тапсырып жараттырып жатыр, Даулет үйірден алып «Тыртықты» салмақ.

Қансонар күні үшеуі далада таң асқан аттарын ерттеп алдыңғы айылын бос тартып, қос айылды бек тартып жатқан кезде, жандарына Ғалымрашид аталары келіп:

- Әділет, Әділ, мына сендер мінгелі тұрған аттарынды көңілдеріңді қалдырмайын деп жаратқан едім. Айтарым: жүйрік жылқыны аңға салса, бағы таяды дегенді естігенмін сол ырымға салып келесі жылғы үлкен дүбірлі жарыста бақтары ашылмай қалмасын. Атам қазақ айтады ғой: «Ат, бап, бақ қоса шапса –бәйгеден келерсің » -деп. Қолдарыңды қақпаймын, жолдарың болсын, қанжығаларың майлансын», - деп батасын беріп, үйге қарай жүріп кетті.

Онда жай серуендеп, аттың бауырын жазып қайтайық, жолымыз болса, Даулеттің олжасын бөлісерміз, - деп Әділет Жайдарханды аңға салмайтын сынай танытып қалжындай сөйледі. Әділінде үлкен додаға қатыспақ ойы барын білдіріп, атасынын ақылын «жөн» деп білген.

Үшеуі өзеннен жоғары өткел арқылы өтіп, шығысқа қарай бет алды Әділдің айтуынша, кеше бір көкжалды Қамаш қорасының маңынан көрген. Көрген жігіттің айтуынша өте ірі, әлді. Бұлардың жоспар жобалары бойынша таң ата сол көкжалдың ізіне түсу және түс ауа онымен бір арбасып көре алмаған болса, түнде атты демалдырып ертеңінде аш қасқырды әлсіретіп, жан-жақтан қақ байлап Қарадоңғалға қарай шығарып алу қажет. Бірақ «Былқылдақ» өзенінің суы әлі қайтқан жоқ. Хайуан судан өтпей өзен маңындағы шілік талды аралап алдырмай кетуі мүмкін.

Қаманшы қажы фермасына жақындағанда таң бозарып, алаң-елең бола бастаған. Иттер шуылдап үріп, жолаушыларды қарсы алды, арттынша қыстақ иесі де көрінді. Амандасып , сәлемдескеннен соң жолаушылардың аңшы екенін білген үй иесі қуанып қалды да мынаны айтты:

-Кеше судын оң жағалауындағы «өлең шөпте»жайылып жүрген торпақтарға «жаман ауыз» тиіп біреуін жарып жеп кеткенін , енді бүгін жемтікке оралуы мүмкін.

Сол арада тынышталып әр жерде шоқайып отырған иттер, өзен жаққа қарай елендеп , тың тыңдап мұрындарын төсеп үрейлене қыңсылап әупілдей үрді. Қыстақ иесі:

-Ал жігіттер, жолдарың болды. «Әлгі» келді, енді шілікке кіргізіп алмай жазыққа қарай қайырып салыңдар, сапарларың оң болсын ,- деді.

-Әли болсын!- деп аңшылар ақылдасып суыт кетті де өткелге бұрылмастан, осы жерден тура салып өзеннің арғы бетінен бірақ шыққанда, алыстан қарандаған отты көздері шалып үлгерді. Енді Әділлет пен Әділ аттарына ерік беріп, айналаны дүбірлете шапты. Тау бөктеріндегі биік дөнеске көтерілгенде аттарын теңеп, егер тауға қарай жөнелсе, жолын кесеміз деп дауыстай сөйлесті. Дәулет егер Қара доңғалға шығарып алс,а бүгін түске дейін соғып алуға да болады деп тұжырамдады. Ол кезде Даулет өз жоспарын құрып, ақырын шоқалақ тартып:

- Асықпа еті қызсын, бүгін біздің күн! Сені тыртық қылған жауыздың жанын мұрнынын шығарамыз. Ауыздықпен алыспа, күшімізді тек жұмсамайық. Төрт не бес сағат шабысқа күшімізді дұрыс бөліп пайдалануымыз қажет, қазір бір жақындап қарсыласымызды сынап көрейік , шешімде сонңан соң шығарамыз, - деді.

- Әуп, биссимиллә, шу жануар! Аллау акбар, - деп Дәулет Тыртықтын басын босатып қоя берді де, тақымдап қалды, сол сәтте қасқырда жазыққа қарай тартты, себебі тау бөктеріндегі екеуінің астындағы аттары өтте әлді және жылдам екенін дала тағысы бірден аңғарған сондықтан да тауға қарай барудан (бас тартқан) именген.



Енді Тыртық қолтығын жазып кесіле шапты, әп- сәтте ара қашықтық жақындай берді. Жақындап келіп қуғыншы қашқынын арлан екенін, жас мөлшері бес алты басқанын шамалады. Жотасы биік, жоны бір қарыс, әбден күшіне енген шағы. Айқассақ, айқассайық мен дайын! Сен екеуіңе әлім де , айлам да жетеді дегендей. Баланың тағы да аңғарғаны оның тамаққа жақын арада тойып алғаны. Аттың басын теңеп: осы қарқынмен қуып жетіп бір-ақ алсам...

(жалғасы келесі санда)

Ажар Аманжолова, 6 «а» сынып оқушысы




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет