?аза?стан Республикасыны?



жүктеу 226.85 Kb.
Дата08.02.2018
өлшемі226.85 Kb.


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 20-шы наурызда №9264 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2014 жылғы 3 ақпан
Алматы қаласы




№ 11

город Алматы






Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы




Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 3 ақпандағы

№ 11 қаулысына қосымша
Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 2-1және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Екінші деңгейдегі банктер жүргізуін орталық депозитарий жүзеге асыратын ұйымдастырылмаған нарықта жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №238 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінің және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге ақпарат береді. Ақпарат ақпарат беру күнінде қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен барлық мәмілелер, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша беріледі.

2-2. Осы қаулының 2-1-тармағында көрсетілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі жағдайында екінші деңгейдегі банктер орталық депозитарийге түзетілген ақпаратты және тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірме береді.»;

3-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген) белгіленген ең төменгі рейтингісі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:

1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.»;

5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Резервтік көшірмелерді сақтау резерв орталығында не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясын иеленген ұйымда ақпараттың сыртқы тасымалдағыштарында жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

«5. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдері жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет

28. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдері (бұдан әрі - тізілім) жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет екінші деңгейдегі банктер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - субъектілер) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша берген ақпаратты қабылдаудан, жүргізуден және сақтаудан тұрады.

29. Орталық депозитарийдің тізілімді жүргізу тәртібі, сондай-ақ субъектілер беретін ақпарат форматына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленеді.

30. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады және осы Қағидалардың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес ақпаратты қамтиды.

31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орталық депозитарийдің тізілім жүргізу шеңберінде қалыптастырылатын деректер базасына кіруге рұқсаты бар.

32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ақпаратты уақытылы ұсынбау не ұсынбау туралы хабардар ету мақсатында Орталық депозитарий бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті ақпарат жібереді.

33. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпаратты сақтау мерзімі шарттың қолданылу мерзімі тоқтаған күннен бастап 5 жылды құрайды.»;


Осы Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-қосымшамен толықтырылсын;

Осы Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын;

Осы Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын;

Осы Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-қосымшамен толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мынадай операцияларды:

жеке шотты ашуды;

тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтердің өзгеруін;

эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюды;

тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды);

эмитенттің орналастырылған акциялары саны өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялардың саны ұлғайғаны (эмитент сатып алған акцияларын есептемегенде) жөніндегі жазбаны енгізуді;

эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;

эмитенттің бір түрде орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;

бағалы қағаздардың ауыртпалығы және ауыртпалықты алып тастауды;

бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастауды;

сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізуді және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жоюды;

жеке шотты жабуды;

белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмені, жүргізілген операциялар туралы есепті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша есептерді, хабарламалар мен анықтамаларды жасау және беруді жүргізуді;»;

6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) мемлекеттік бағалы қағаздарды алғаш орналастырғанда оларды екінші деңгейдегі банктердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен брокерлік қызметті көрсету не мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған клиенттерінің активтері есебінен емес берілетін өтінімдерді сатып алуға өтінімдерді автоматты түрде шеттетуді қамтамасыз етуі тиіс.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) орталық депозитарий үшін ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін жүргізу.».

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

актілерінің тізбесіне

1-қосымша
«Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесіне

1-қосымша


______________ - _____________ аралығындағы кезеңге

(екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының атауы)



туынды қаржы құралдарымен (фьючерс) мәмілелер туралы

ақпарат

  1. Шарт жасалған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

3. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

4. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

5. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

6. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

7. Номиналды сома (клиенттердің қаражаты есебінен).

Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.



  1. Базалық активті жеткізу күні.

Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында жеткізу күнін көрсету қажет.

  1. Базалық активті жеткізу кезеңі.

Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ. КК.АА. дейінгі нысанында жеткізу кезеңін көрсету қажет.

  1. Шарт бойынша есеп айырысу күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есеп айырысу күнін көрсету қажет.

  1. Шарт бойынша ақы төлеу мерзімі.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында шарт бойынша ақы төлеу мерзімін көрсету қажет.

  1. Есептеу әдісінің коды.

Осы тармақта мына кодтауға сәйкес есептеу әдісін көрсету қажет:

D – жеткізу;

C – есептеу;

DC –жеткізу-есептеу.



  1. Шарттың фьючерстік бағасы: ашу бағасы.

Осы тармақта шарттың сауда мерзімі басталған кезде қалыптасқан бағасын көрсету қажет.

  1. Шарттың фьючерстік бағасы: спот бағасы.

Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасын көрсету қажет.».

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

актілерінің тізбесіне

2-қосымша
«Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесіне

2-қосымша


______________ - _____________ аралығындағы кезеңге
Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпарат

(опцион)
(екінші деңгейдегі банктердің, брокердің және (немесе) дилердің,

инвестициялық портфельді басқарушының атауы)




  1. Шарттың жасалған күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарт жасау күнін көрсету қажет.

  1. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі басталған күнді көрсету қажет.

  1. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

  1. Осы тармақтағы туынды қаржы құралдарын жіктеу коды мыналарды көрсету қажет:

1) Опционның түрі:

сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатуға немесе базалық (базистік) активті сатушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Пут опционы);

сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатып алуға немесе базалық (базистік) активті сатып алушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатып алушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Колл опционы).


  1. Опционның типі:

Америкалық опцион – опционды сатып алушы опционның орындау құқығын жүзеге асыру мерзімі ішінде оны кез келген күні орындалуын талап етуге құқылы;

Еуропалық опцион - опционды сатып алушы опцион орындалуының шартта көзделген күні ғана орындалуын талап етуге құқылы;

Бермудтық опцион - опционды сатып алушы шартта белгіленген күні оның орындалуын талап етуге құқылы.


  1. Базалық (базистік) актив бойынша атрибут:

үлестік құралдар (акциялар, пайлар, акцияларға депозитарлық қолхаттар);

борыштық қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық ставкалар);

тауарлар;

валюта;


шарт;

индекс;


активтер тобы;

басқалар.



  1. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

егер валюта базистік актив болып табылса, валютаның коды көрсетіледі, оның бірлігіне қатысты орындау бағасы белгіленеді;

егер бағалы қағаз туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, ISIN (бағалы қағаздарды сәйкестендіруге арналған халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) коды мұндай активтің коды болып табылады;

егер пайыздық ставка туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, мұндай активке орталық депозитарий белгілеген тәртіпте код беріледі.

Бағалы қағазда ISIN (ҰСН) коды болмаған кезде тиісті код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі; - егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.


  1. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.



  1. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

  2. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

  3. Шарттың номиналды сомасы.

Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

  1. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлемені көрсету қажет.

  1. Баға белгілеу күні және уақыты.

Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

  1. Белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды.

Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

  1. Құбылмалы мөлшерлеме коды.

Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

  1. Құбылмалы мөлшерлеменің (амортизация) ұлғаю коды.

Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

  1. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін көрсету қажет.

  1. Ең төменгі мөлшерлеме.

Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін көрсету қажет.

  1. Базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды.

Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің кодын көрсету қажет. Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделеді.

  1. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

Осы тармақта базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің сандық мәнін көрсету қажет.

  1. Опцион бағасы (сыйлықақысы).

Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютадағы сандық мәнін көрсету қажет.

  1. Опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валюта коды.

Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютада кодын көрсету қажет.

  1. Базалық активті жеткізу күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

  1. Базалық активті жеткізу кезеңі.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.».

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

актілерінің тізбесіне

3-қосымша
«Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесіне

3-қосымша



Туынды қаржы құралдарымен (форвард)

мәмілелер туралы ақпарат
(екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

______________ - _____________ аралығындағы кезең




  1. Шарт жасалған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

  1. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

  1. Туынды қаржы құралының жіктеу коды.

Осы тармақта базалық (базистік) активтердің түрлерін көрсету қажет;

- үлестік құралдар (акциялар, пайлар);

- үлестік қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық ставкалар);

- тауарлар;

- валюта;

- шарт;


- индекс;

- аралас инвестициялық портфель;

- өзге.


  1. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

егер базистік актив валюта болып табылса орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендірудің халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) болып табылады;

егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық ставка болып табылса осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

Бағалы қағазда ISIN (ҰСН) болмаған кезде орталық депозитарийде айқындалған тәртіпте белгіленеді тиісті коды беріледі; - егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, онда осындай активке орталық депозитарий белгіленген тәртіпте код беріледі.

5. Шарт бойынша міндеттемелер жай-күйінің коды.

Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.



  1. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

  2. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

  3. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

  1. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

  1. Базалық активті жеткізу күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

  1. Базалық активті жеткізу кезеңі.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі аралығындағы нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.

  1. Баға белгілеу күні және уақыты.

Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

  1. Шарт бойынша есептеу күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есептеу күнін көрсету қажет.

  1. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша ақы төлеу

кезеңін көрсету қажет



  1. Есептеу әдісінің коды.

Осы тармақта есептеу әдісін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

D – жеткізу;

C – есептік;

DC - жеткізу-есептік



  1. Форвард бағасы берілген валюта коды.

Осы тармақта форвард бағасы берілген валюта кодын көрсету қажет.

  1. Форвард бағасы төленетін валюта коды.

Осы тармақта форвард бағасы төленетін валюта кодын көрсету қажет.

  1. Шарттың форвард бағасы: ашылу бағасы.

Осы тармақта сауда кезеңі басталған кезде болған шарттың бағасын көрсету қажет.

  1. Шарттың форвард бағасы: спот бағасы.

Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасын көрсету қажет.».

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

актілерінің тізбесіне

4-қосымша
«Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесіне

4-қосымша


______________ - _____________ аралығындағы кезеңге

(екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің, инвестициялық портфельді басқарушының атауы)



туынды қаржы құралдарымен (своп) мәмілелер туралы ақпарат


  1. Шарт жасалған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

  1. Шарттың қолданылу мерзім басталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі басталған күнді көрсету қажет.

Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

3. Туынды қаржы құралын жіктеу коды.

Осы тармақта активтердің базалық (базистік) түрлері бойынша своптық әртүрлілігін былайша көрсету қажет:

валюталық своп;

пайыздық;

валюталық-пайыздық своп;

тауарлық своп;

бағалы қағаздардың немесе индекстің свопы;

өзге активтер немесе аралас активтер свопы.


4.Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды.

Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

егер базистік актив валюта болып табылса, орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса, осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендірудің халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болып табылады. Бағалы қағазда ISIN/ҰСН коды болмаған кезде, тиісті код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

5. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігі жағдайларына байланысты бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылған;

D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

6. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

8. Номиналды сома (өз қаражаты есебінен).

Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттер қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

9. Номиналды сома (клиенттер қаражаты есебінен).

Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттердің өз қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

10. Номиналды сома көрсетілген валюта коды.

Осы тармақта номиналды сома көрсетілген валюта кодын көрсету қажет.

11. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлемені көрсету қажет.

12. Белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) коды.

Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

13. Құбылмалы мөлшерлеме коды.

Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

14. Құбылмалы мөлшерлеме амортизациясының/ұлғаю коды.

Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме амортизациясының/ұлғаю кодын көрсету қажет.

15. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін көрсету қажет.

16. Ең төменгі мөлшерлеме.

Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін көрсету қажет.

17. Базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды.

Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің кодын көрсету қажет. Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделуі мүмкін.

18. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

Осы тармақта базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің сандық мәнін көрсету қажет.

19. Базалық активті жеткізу күні.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

20. Базалық активті жеткізу кезеңі.

Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.».







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет