?аза?стан Республикасыны?



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата27.04.2019
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 20-шы наурызда №9249 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2014 жылғы 3 ақпан
Алматы қаласы




№ 9

город Алматы






Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы





«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 3 ақпандағы

№ 9 қаулысымен

бекітілген 



Бағалы қағаздар нарығында

брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру

қағидалары
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.
      

1. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;

3) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.

3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерінің бірін иелене алады:

1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен);

2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).

      4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингілік бағаларынан өзге сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын таниды.

6. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.

Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізген кезде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.

       7. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер үлестес тұлғалардың есебін жүргізеді.

        8. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-1-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.

9. Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер ғана мына критерийлерге сәйкес келген кезде жасайды:

1) кемінде үш жылда бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін жүзеге асыруы;

2) тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №214 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі;

3) қатарынан алдағы үш ай ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айдың қорытындысы бойынша мәмілелер жасаған кейінгі айдың ішкі әдістемесіне сәйкес айқындалатын қор биржасы мүшелерінің белсенділік рэнкингі бойынша алғашқы жеті компаниялар тізімінде болу және қаржы құралдармен кемінде үш жүз мәмілелер жасау (талаптары мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелерді қоспағанда);

4) эмитенттерге кем дегенде сегіз қаржы құралдар бойынша, олардың бестен көп емесі қор биржаның өкілдік индексіне кіретін қор биржаның ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкер ретінде баға белгілеуді жариялау және ұстау бойынша қызмет көрсету;

5) андеррайтер ретінде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету, қатарынан соңғы күнтізбелік үш жыл ішінде кем дегенде үш эмитентке;

6) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерге консультациялық қызмет көрсету.    

10. Егер банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 9-тармағында белгіленген бір және (немесе) бірнеше критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, онда осындай сәйкес келмеген күннен бастап Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасамайды. Бұл ретте осы брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 48 және 49-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезінде жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша клиенттері мен қарсы серіктестер алдында міндеттемелерді орындау бойынша іс-әрекеттер жасайды.

Брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеу фактісі басталған кезде брокер және (немесе) дилер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) сәйкес келмеуі анықталған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күн ішінде осы факті туралы хабарлама жібереді.

2. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық

құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі
      11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:

1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);

2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);

3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.

       12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.

13. Екінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы олар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына  және осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындалады.    

14. Брокер және (немесе) дилер өз клиенттерінің алдында олар үшін осы брокер және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға кіру жөніндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөніндегі ниеттер бөлігіндегі елеулі мәні бар ақпаратты Қағидалардың 16, 17, 18, 19, 20-тармақтарында белгіленген тәртіппен ашады.

15. Инвестициялық портфельді басқару қызметімен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті бірлесіп атқаратын брокер және (немесе) дилер «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде, активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомасы, оның ішінде, «репо» операцияларын ашу аясында пайда болған сома туралы ақпаратты, кредиторлар, дебиторлар және «репо» операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қоса алғанда жібереді.

16. Брокер және (немесе) дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайының клиенттер үшін қол жетімді мынадай орындарында орналастырылады:

      1) осы брокерге және (немесе) дилерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген нотариат куәландырған лицензияларының көшірмелері;

      2) брокер және (немесе) дилер клиенттің бастапқы талап етуі бойынша оған Қағидалардың 17-тармағына сәйкес танысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі.

      Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.

17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бастапқы талап етуі бойынша клиенттің талап етуін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған танысу үшін мыналарды береді:

      1) соңғы есепті кезеңдегі өз қаржылық есептілігін еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікті);

      2) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22-тамыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген) сәйкес осы брокердің және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтерді сақтау деңгейі туралы мәліметтерді;

      3) қатарынан соңғы жиырма күнтізбелік ай ішінде осы брокерге және (немесе) дилерге уәкілетті орган қолданған әкімшілік тәртіптік жазаны қоспағандағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы мәліметтер. Әкімшілік тәртіптік жаза түріндегі санкциялар бойынша осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап қатарынан соңғы жиырма күнтізбелік ай үшін әкімшілік тәртіптік жаза қолдану туралы мәліметтерді;

      4) осы брокерге және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты қатарынан соңғы жиырма күнтізбелік ай аралығында өзін-өзі реттеуші ұйымның және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының қабылдаған шешімі;

   5) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеудің талаптары мен тәртібі, брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттары;

      6) брокердің және (немесе) дилердің бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) қол қойған және осы Қағидалардың 48 және 49- тармақтарымен көзделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасау кезінде Қағидалардың 9-тармағымен белгіленген критерийлерге осы брокердің және (немесе) дилердің сәйкестігі туралы брокердің және (немесе) дилердің мөрінің бедерімен расталған жазбаша растауы.

Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.

       18. Брокер және (немесе) дилер клиентке Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар көшірмелерін ұсынудан бас тарта алмайды. Брокер және (немесе) дилер көшірмелер жасағаны үшін клиенттен оларды әзірлеуге кететін шығындар шегінен аспайтын мөлшерде ақы ұстап қала алады.

      19. Брокер және (немесе) дилер клиентті осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы хабардар етеді.

      Осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы клиентке хабардар ету жазбаша түрде ресімделуі, брокердің және (немесе) дилердің шығыс құжаттама журналдарында тіркелуі және почтамен және (немесе) қолма-қол, және (немесе) электрондық почтамен, және (немесе) факсимильдік, және (немесе) телекстік, және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе өзге мүмкіндігі бар байланыс түрлерімен осындай хабарламаны жіберу негіздемесі туындаған күні жіберілуі керек.

Егер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 5-тармағымен белгіленген клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын мәмілелер талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 196 қаулысымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5476 тіркелген) бекітілген Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану, қор биржасы директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі комитетін құру және оның жұмыс істеу Қағидаларына, сондай-ақ, оның сандық құрамын бекiту туралы талаптарға сәйкес келетін болса, брокер және (немесе) дилер бір мезгілде Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жібере отырып, уәкілетті органға осы хабарламаның көшірмесін жолдайды.

Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.

 20. Брокердің және (немесе) дилердің жарнамалық ақпаратты таратуы «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

21.   Брокер және (немесе) дилер бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзгеше жағдаймен қаржы құралдарымен мәмілелердің параметрлері (бағалар, ауқымдар және басқа да болуы мүмкін параметрлер) туралы шынайы емес немесе қателікке ұрындыратын мәліметтерді жариялай алмайды және тарата алмайды.

22. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге жағдаймен өз қызметі туралы хабарландыру жариялаған кезде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні мен нөмірін көрсетеді.

     


  1. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт.

Клиенттік тапсырыс
      23. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі - брокерлік шарт) жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

      24. Брокерлік шартта бір мезгілде бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің қызмет көрсету туралы талаптары мен тәртібі болуы мүмкін.

    25. Брокерлік шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі белгілеген шарттың тапсырмалары немесе комиссиялары қолданылады.

      Тапсырма шартының нормалары номиналды ұстау қызметін көрсету бөлігіне қолданылады, ал комиссия шарты нормалары – бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында брокерлік қызмет көрсету бөлігіне қолданылады. Қағидалардың 50-тармағымен белгіленген жағдайлардағы бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығындағы брокерлік қызмет көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма немесе комиссия шарты негізінде көрсетіледі.

26. Клиент брокерлік шарт жасау кезінде брокерге және (немесе) дилерге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін:

жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

  2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері):

жарғы көшірмесі;

      анықтаманың немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің көшірмесі;

      бизнес – сәйкестендіру нөмірі;

қойылған қолдардың үлгілері бар нотариатта куәландырылған құжат (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар заңды тұлғалар өкілдері) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінің 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізетін заңды тұлғалар мөрлерінің бедерлері;

3) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері):

     жарғы көшірмесі;

     резидент еместің мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растаушы құжат көшірмесі;

      қойылған қолдардың үлгілері бар құжат (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар заңды тұлғалар өкілдері) және заңды тұлғаның мөрлерінің бедері;

      брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыратын заңды тұлға өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен көзделген өзге де құжаттар.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды клиент Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес заңдастырылған немесе апостилирлеген ретінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне, нотариат куәландыра отырып аударып, ұсынады.

     27. Брокерлік шарт қаржы құралдарымен өзара қарым-қатынастағы бір немесе бірнеше мәмілелерді жасау мақсатында немесе брокерлік шарт белгілеген мерзім аралығында клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасалуы мүмкін.

      Қаржы құралдарымен өзара қарым-қатынастағы бір немесе бірнеше мәмілелерді жасау мақсатында жасалған брокерлік шартта Қағидалардың 36-тармағымен белгіленген ережелер болуы тиіс клиенттік тапсырыстың күші болады.

      Белгілі бір мерзімге жасалған брокерлік шарт негізінде жүзеге асатын қаржы құралдарымен мәмілелер жекелеген клиенттік тапсырыстар негізінде жүзеге асады. Брокерлік шартта Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарынан басқа брокерге және (немесе) дилерге клиенттік тапсырыстарды ұсыну тәсілдерін көрсету, брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауды растау тәртібі және брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды орындау жөніндегі есептерін клиентке ұсыну тәртібі, сондай-ақ Қағидалардың 19, 29, 32, 42 және 43-тармақтарымен көзделген жағдайларда клиентке хабарламалар жіберу тәртібі мен мерзімдері болуы тиіс.

       28. Брокерлік шартпен брокердің және (немесе) дилердің осы брокерлік шартқа сәйкес жасаған бағалы қағаздармен мәмілесі туралы уәкілетті органның берген хабарламасына және Қазақстан Республикасы заңнамасымен шектеулер белгілеген және осы мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қойылатын айырықша талаптарға қатысты міндеті көзделеді.

29. Брокерлiк шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентіне:

1) оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлау фактiлерi мен себептерi, брокер және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтердi сақтамауы туралы;

2) қатарынан соңғы он екi күнтізбелік ай iшiнде осы брокер және (немесе) дилерге уәкiлеттi орган қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялары туралы. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айға осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтердi ұсынады;

3) брокер және (немесе) дилердiң лауазымды тұлғаларына салынған әкiмшiлiк айыппұлдар туралы;

4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым қолданған ықпал ету шаралары және қор биржасының осы брокер және (немесе) дилерге қатысты салған айыппұлдары туралы;

5) қаржы құралдарымен брокерлік шартқа сәйкес жасалуға тиiстi (жасалған) мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен ерекше шарттар туралы;

6) егер ол бұрын осындай критерийлерге сәйкес келген жағдайда және Қағидалардың 48 және 49-тармақтарына сәйкес мәмілелер жасаса осы брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмегені туралы хабарлайды.

30. Қағидалардың  29-тармағында көзделген хабарлар жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай хабарламаны жіберуге негіз туындаған күннен бастап өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсында орналастырылады.
     31. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер клиентке мынадай қызметтер:

1) инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін клиентке қажетті ақпарат береді;

2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы клиентке ұсынымдар береді;

3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді.

32. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты жасау және орындау кезінде клиентке мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабарлайды.

Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығы туындауына әкеп соқтыратын болса, брокер және (немесе) дилер клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды ұсынбайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда брокер және (немесе) дилер клиентке осындай бұзушылықтар салдарынан оған келтірілген шығынды және брокерлік шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.

33. Мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттің өз мүдделерінің басымдығына қарай жасайды.

34. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 3-тармағында белгіленбеген жағдайларды қоспағанда, өзінің клиенті туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәліметтің конфиденциалдылығын сақтайды.

35. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттік тапсырыстардың негізінде жасайды.

36. Клиенттік тапсырыста мынадай деректемелер болады:

1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрін көрсету;

2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:

жеке тұлға үшін:

тегі, аты, бар болса әкесінің аты;

жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі және құжатты берген органның атауы;

заңды тұлға үшін:

атауы;


заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні мен нөмірі, мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары эмитентінің атауы;

4) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті  қаржы құралдары туралы мәліметтер: түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі (шетелдік бағалы қағаздарға қатысты – халықаралық бірегейлендіру нөмірі (ISIN), қолданылу мерзімі өткен және оларды өтеу бойынша міндеттемелерді эмитент орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттері бойынша талап ету құқықтарына қатысты – талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші), сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы, сондай-ақ мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті мәліметтер;

5) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:

лимиттік тапсырыс - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

нарықтық тапсырыс - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

буферлік тапсырыс - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстар;

6) клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі туралы мәлімет;

7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және нақты уақыты;

8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты;

9) брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәмілені жасау туралы ұсынымдарының бар екендігі туралы мәліметтер;

10) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәміленің мақсатын көрсету;

11) брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленген деректемелер.

37. Клиенттің брокер және (немесе) дилерге беретін клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыстың даналарының саны брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды, егер клиент заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.

Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған тұлғаның өкілеттілігін тексереді, сонымен қатар клиенттік тапсырыстардағы (қағаз тасымалдағыш) қолтаңбалардың және мөр бедерлерінің заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілерімен (соның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері) және мөр бедері бар нотариат куәландырған құжаттағы немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатындағы қолтаңбаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Егер, бұл брокерлік құжатпен көзделген жағдайда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат айналымының жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде клиенттік тапсырысты жасауға және беруге жол беріледі.

38. Бұл брокерлік шартпен көзделген жағдайда, клиенттік тапсырысты Қағидалардың 37 және 38-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін клиенттің тапсырыстың түпнұсқасын кейіннен беру арқылы телефон байланысы құралдарымен беруге жол берiледi. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкiлеттi өкiлi сөйлесудің жазбасын жазады (бұдан әрі - телефон жазбасы).

Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәлiметтердi қамтуы тиiс.

Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентiнiң iс-әрекеттерi клиенттік тапсырыстың түпнұсқасының телефон жазбасына сәйкес келмеген жағдайда брокерлік шартпен анықталады.

39. Егер брокерлік шартта жекелеген клиенттердің клиенттік тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырыстар оларды қабылдауына қарай хронологиялық тәртіппен орындалады.

40. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:

1) клиенттік тапсырыс мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;

2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;

3) брокер және (немесе) дилер клиентінің өзі қойған қолтаңбасына ұқсас механикалық немесе өзге көшірме көмегімен факсимильдік қолтаңба құралдарын клиенттік тапсырыста пайдаланған кезде;

4) егер клиенттік тапсырысқа брокер және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз тасымалдағыштағы) қолтаңба үлгісі және (немесе) мөр бедері заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілері (оның ішінде заңды тұлғалардың өкілдерінің клиенттік тапсырысқа қол қою құқығы бар) және мөр бедері бар нотариатпен куәландырылған құжатында немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға және (немесе) мөр бедеріне көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде қабылдамайды.

Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай орындалуы ұйғарылған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін 2 000 айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.

41. Брокерлік шартта оның қолданылуын тоқтатудың негіздері, сондай-ақ брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған жағдайда тараптардың әрекет ету тәртібі көзделеді.

Егер брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған сәтке брокер және (немесе) дилердің шоттарында және кассасында тиісті клиентке тиесілі қаржы құралдары мен ақша (бірінші санатты брокер-дилердің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған болса, олар осы клиентке брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. Брокерлік шартта клиенттің қаржы құралдары мен ақшасын қайтарудың бұдан да қысқа мерзімі белгіленеді.

42. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкiлеттi органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл жөнінде:

1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиiстi хабарландыруларды клиенттерге қол жетімді орындарда (осы брокердің және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында, сондай-ақ интернет-ресурсында (бар болса) орналастыру арқылы;

2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.

43. Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:

1) лицензиясынан айыру себебінен брокерлік қызметті көрсету жөніндегі шартты бұзғаны туралы өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу арқылы;

2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.

Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде клиенттің бұйрығы негізінде активтерді тіркеушіге немесе жасасқан шарт бар болса жаңа брокер және (немесе) дилерге өткізеді және тиісті хабарландыруды клиенттерге қол жетімді орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет